Өсімдіктер систематикасы ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы


Тәжірибелік сабақтардың мазмұны олардың сағат санындағы көлемі



бет4/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#137370
1   2   3   4   5

7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны олардың сағат санындағы көлемі


Тақырып 2. Ядроға дейінгі ағзалар – Procariota. Нағыз бактериялар.Цианобактериялар.Вирустар

Бактериялар рокариоттарға жататын клеткалы ағзаларға жатады. Олар жай, ұсақ және кең таралған ағзалар, олар жер бетінде 2млрд жылдан артық тіршілік етеді, бірақ әрдайым дамуда. Бактериялар басқа тірі ағзалардан қатты ерекшеленетіндіктен, оларды бөлек Monera патшалығына жатқызады. Жер бетінде, бактериялар жоқ жерлер аз. Олар суда, топырақта, ауада, өсаімдіктер мен жануарлардың ішінде және сыртында тіршілік етеді. Бактерия клеткалары өте ұсақ-ұзындығы 1-10 µ, ені 0,2-1 µ. Бактериялардың кшіі көлеміне байланысты, олардың классификациясының негізінде морфологиялық көрсеткіштер емес, физиолгиялық және биохимимялық қасиеттері ескеріледі



Тақырып 3. Балдырлар. Балдырлар-көбінесе суда тіршілік ететін төменгі сатыл өсімдіктердің үлкен тобы. Кейбіреулері су түбене немесе су түбіндегі әр түрлі заттарға бекіп фитобентосты құрайды; көбі су қабатында ілулі түрде немесе су бетінде фитопланктонды құрап қалқып жүреді. Бір бөлігі топырақта, топырақ пен ағаш діңдерін мекендейді. Өздерінің дамуы барысында, олардың бір клеткалылардан, колониальді және жоғары ұйымдасқан бірнеше мертге дейін жететін гигант (қызыл балдырлар), жоғары сатылы өсімдіктерлің мүшелеріне ұқсас дифференциаланған мүшері бар түрлері кездеседі. Балдырлар клеткаларының формасы мен көлемі әр түрлі. Көбінде хлорофилл бар және олар автотрофты қоректенеді, бірақ олардың жасыл пигменттері басқа пименттермен тығылып тұрады

Тақырып 4. Саңырауқұлақтар.Қыналар. Саңырауқұлақтардың мыңнана астам түрі белгілі. Олар ұйымдасуы жағынан бір клеткалы балдырларға ұқсас. Көбінде мицелий деп аталатын, тарамдалған жіпшелерден, гифтерден тұратын көп клеткалы денесі бар. Төменгі саңырауқұларқтардың гифтері бір-бірінен оқшауланбаған, сондықтан, бір үлкен клетка тәрізді. Жоғары өкілдерінде гифтер көлденең перделермен бөлінген. Саңырауқұлақтың сыртқы қабығы пектин заттарынан (целлюлозаға жақын көмірсулар), және жәндіктердің хитиндеріне ұқсас азотты заттардан тұрады. Олардың негізгі ерекшелігі пластидтерінің жоқтығы. Ядролары өте ұсақ, бір -, екі немесе көп ядролы. Қор заттар гликоген, май түрінде сақталады, крахмал түзілмейді. Вегетативті және жыныссыз көбеюі ерекше. Вегетативті көбеюі: мицелийдің бөлігі арқылы; оидилері – жұқа қабықшалы оқшауланған мицелий гифтері ыдырағанда түзілетін буындар; бүршіктену арқылы, яғни клеткаларда олардан бөлініп кететін домалақ өсінідлердің түзілуі. Жыныссыз көбеюі арнайы мүшелерде дамитын, әрі қарай мицелийге айналатын, әр түрлі споралардың көмегімен өтеді. Кейбір түрлерінде даму циклінде жыныссыз көбеюдің бірнеше формалары өтеді.

Тақырып 5. Жоғары сатыдағы спора түзетін өсімдіктер. Мүктәрізділер. Плаунтәрізділер. Қырықбуынтәрізділер. Папоротниктәрізділер. Жоғары сатыдағы өсімдіктер. (Ұрықтылар- Embryobionta). Алғашқы жер беті өсімідіктері палеозой дәуірінің силур кезеңінде пайда болған. Ботаниктердің көбі оларды, жойылып кеткен жасыл балдырлармен байланыстырады. Жер бетінде, яғни екі ортада (ауа мен топырақта) тіршілік ету, сумен қамтаамасыз ететін, жыныс мүшелерін құрғап кетуден қорғайтын, жыныс процесін қорғау механизмдерінің түзілеуімен қатар жүреді

Тақырып 6. Тұқымды өсімдіктер. Ашықтұқымдылар. Жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктер. Қос жарнақты өсімдіктер класы. Дара жарнақты өсімдіктер класы. Тұқымды өсімдіктер екі бөлімнен тұрады: қарағайтәрізділер (немесе ашық тұқымдылар) және гүлділер (немесе жабық тұқымдылар). Олар әр түрлі споралылы, яғни оларда споралардың екі типі: микро- және мегаспоралар түзіледі. Микроспоралар аталық гаметофитке бастама береді, ал мегаспоралар-аналыққа, мегаспоралар спорангийде орналасады. Аналық гаметофиттің дамуы мен ұрықтану аналық спорангийдің ішінде өтеді. Таралу мен көбею мүшесі спора емес, тұқым, ол спораға қарағанда тиімдірек: споралы өсімдіктердің споралары нашар қорғалған бір клетка; қор заттары жоқ, қолайлы жағдайда топырақта гаметофитке айналады; тұқым-көп клеткалы, қор заттарымен қорғаныш қабықшасы бар, аналық өсімдікте дамиды.

Зертханалық сабақтарының мазмұны

Зертханалық жұмыс № 2

Тақырыбы: Нағыз бактериялар.

Керекті құрал-жабдықтар:

1.Иогурт, айран. 2.заттық және жабын шыны ; 3.пинцет; 4.препаровалдық ине; 5. фильтірлік қағаздың қиығы,

6. стакан.

Жұмыс барысы:

Заттық шыныға бір тамшы су тамызып, йогурт және айраннан аздап алып жағып, бетін жабын шынымен жабамыз. Содан соң микроскоппен көреміз. Стрептококкалар мен стафилококка сияқты бактерияларды тауып, анықтаулары керек. Микроскоптан көрген бактерияларын, сурет салатын альбомға суретке салу.



Қорытынды: Сұрақтарға жауап беру.

1.Бактериялардың түрлерін тауып, жіктеу.

2.Бактериялардың пайдасын білу..

3. Осы анықталған бактерияларды жіктеу барысында, қазақша,латынша,орысша, атауларын білу.



Зертханалық жұмыс № 3

Тақырыбы: Балдырлар.

Керекті құрал-жабдықтар:

1. әртүрлі балдырлардың түрлері.. 2.заттық және жабын шыны ; 3.пинцет; 4.препаровалдық ине; 5. фильтірлік қағаздың қиығы, 6. стакан.



Жұмыс барысы:

Әртүрлі балдырларды алып, микроскоппен қарап, түрлерін анықтағыштар арқылы анықтау. Сурет салатын альбомға суреттерін салу.



Қорытынды: Сұрақтарға жауап беру.

  1. Балдырларды түрлеріне қарай жіктеу.

  2. Олардың қазақша, орысша, латынша аттарын жаттау.

Зертханалық жұмыс № 4

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар.Қыналар.

Керекті құрал-жабдықтар:

1.Көгерген нан, ауру қоздырғыш саңырауқұлақтары бар өсімдіктердің гербарилер. 2.заттық және жабын шыны ; 3.пинцет; 4.препаровалдық ине; 5. фильтірлік қағаздың қиығы, 6. стакан



Жұмыс барысы:

Көгерген нандағы,ауру қоздырғыш саңырауқұлақтары бар гербарилардан аздап кесінділер алып, заттық шыныға су тамызып, микроскоппен қараймыз, көрінген саңырауқұлақтардың түрлерін анықтағыштармен анықтап, сурет салатын альбомға салып,түрлерге жіктейміз.



Қорытынды:

1.Саңырауқұлақтардың түрлерін анықтау.

2. Облигатты саңырауқұлақтарды анықтау әдістемесі.
8.Өздік жұмыстардың тапсырмалары

Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

Тақырып 1. Кіріспе. Систематика биологиялық ғылым ретінде. Эволюциялық ілім негіздері.

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

1.Систематикалық бірліктерді латынша, қазақша жаттап келу.



Әдебиеттер (1,2,3,4)

Тақырып 2. Ядроға дейінгі ағзалар – Procariota. Нағыз бактериялар.Цианобактериялар.Вирустар

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

1.Нағыз бактериялардың цианобактериялардан айрмашылығы. Сурет салып, кроссворд құрастыру.



Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6)

Тақырып 3. Балдырлар.

Осы тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

1.Біржасушалы балдырлар мен көпжасушалы балдырларды салыстырып кесте құрастыр.



Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6,7,8)

Тақырып 4. Саңырауқұлақтар.Қыналар.

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

1.Микрориза мен симбиозды түсіндір.



Әдебиеттер (1,2,3,4)

Тақырып 5. Жоғары сатыдағы спора түзетін өсімдіктер. Мүктәрізділер. Плаунтәрізділер. Қырықбуынтәрізділер. Папоротниктәрізділер.

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

1.Спорафиттік фазаны түсіндір.



Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6)

Тақырып 6. Тұқымды өсімдіктер. Ашықтұқымдылар. Жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктер. Қос жарнақты өсімдіктер класы. Дара жарнақты өсімдіктер класы.

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

1.Гаметофиттік фазаны түсіндір.



Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6,7)

Тақырып 7. Өсімдіктер экологиясы элементтері.

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

1.Өсімдіктерді экологиялық топтарға бөліп,кесте жаса.



Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6,7,8)

Тақырып 8. Геобатаника элементтері

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

1.Геобатаника бөлімдерін жаз.



Әдебиеттер (1,2,3,4,5)

Тақырып 9. Фитогеография элементтері

Осы тақырыптарға сәйкес сұрақтар құрастыру.



Үйге тапсырма.

1.Фитогеографияның негізгі түсініктері. Дәптерге жазып,ауызша тапсыру.



Әдебиеттер (1,2,3,4,5,6,7,8)
Әрбір тақырыпқа арналған СӨЖ жұмыстары

Реферат жазу

Рефератты жазуға арналған әдістемелік нұсқау

Рефератты орындау үшін материалдар ұсынылған әдебиеттерден алынады. Орындауға 1-2 апта уақыт беріледі. Реферат көлемі қолмен жазылса 10-15; компьютерде 10-12 бет болады. Компьютерде жазғанда текстің беттегі иллюстрациялар, таблицалар А-4 өлшемді бетте жазылуы тиіс. Тексті тергенде сол жақ 30 мм, оң-10, жоғары 20, төмен 20 мм-ден кем емес; шрифт көлемі 14, болуы керек, нөмерлеу оң жақ жоғары бүрышында нүктесіз қойылады.



Рефераттың аттестациясы.

Баға қою үшін рефератқа қойылатын талаптар:

1. Тақырыпты құрастыру дәрежесі

2. Ғылым әдебиетті қамту



3. Рефератты жазудың теориялық дәрежесі

4. Ғылыми негізде дұрыс қорытынды жасау



10. СӨЖМ консультация графигі (СӨЖМ СӨЖ-ден 25% құрайды)

Барлық сұрақтарға консультациялар ағымды семестрге СӨЖМ графигі бойынша.



11. Оқитын студенттердің білімін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік қатынасу (семинарлық, зертханалық, жеке, студийлық) 0-100 балмен бағаланады



Студенттің өздік жұмыстрының мазмұны

СӨЖ түрлерінің тізімі

р/н

СӨЖ түрі

Есеп беру түрі


Бақылау түрі

Сағат көлемі.

11

Дәріс сабақтарға дайындық




Сабаққа қатысу

10

22

Тәжірибелік жұмыстарға дайындық

конспект

ТЖ-ға жіберу

20

33

Зертханалық сабақтар

Жұмыс жасау

Қорытынды жазу

20

44

Бақылау шараларына

дайындалу



тест

МБ1,МБ2

20

55

Аудиториялық сабақтарға кірмейтін тақырыпты дайындау

Конспект

Ауызша

20

Барлығы

90


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет