Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу Жұмыс мақсаты



бет1/11
Дата13.03.2024
өлшемі189.15 Kb.
#495307
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Зертхана


8 сынып Зертханалық жұмыстар жинағы
Жұмысты орындаған биология пәнінің мұғалімі: Бесембай Жансұлу Рымбекқызы
№ 1 Зертханалық жұмыс
Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу
Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап, өсімдік ұлпаларының құрылысымен танысу.
Құрал- жабдықтар: микроскоп, өсімдік жасушалары мен ұлпаларының дайын препараттары.
Жұмыс барысы
1. Өсімдіктің 6 түрлі ұлпасының әрқайсысының құрылысын дайын микропрепаратын жарық микроскобына салып қарадық.
2. Ұлпалардың әртүрлі типтерінің құрылысының мынадай қырына назар аудардық:

  1. Жасушалар бір типті ме? Олардың пішіндері қандай?

  2. Жасушалар тығыз орналасқан ба, әлде бос орналасқан ба? Жасушааралық қуыстары ірі ме, әлде жасушалар бір-біріне тығыз орналасқан ба?

  3. Вакуольдің құрылысы қандай? Олар көріне ме?

  4. Пластидтері көріне ме? Егер көрінетін болса, түсі қандай?

  5. Көрген ұлпалардың суретін салдық. Олардың атауларын жазыңдық.

  6. Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама берілді.

Сипаттамасы
белгісі

Өсімдік ұлпасының типтері

жабын

түзуші

негізгі

тірек

өткізгіш

бөлуші

Орналасқан жері

Өсімдіктердің сыртын қаптап жатады.

Сабақтың тамырдың, ұштарында, жапырақ негізінде

Өсімдік сабағы, жапырағы, жемістердің жұмсағы

Сабағы, жапырағы

Сабағы, жапырақ

Сабағы, жапырақ

Ұлпа тип тармағы

-

-

-

механикалық

-

-

Жасуша пішіні

Мөлдір қабырғалары қалың

Жасушалары ұсақ

Ірі, домалақ пішінді

Пішіні әртүрлі

Пішіні әртүрлі

Пішіні әртүрлі

Жасуша типтері

Жасушалары тірі

Жас жасушалар ұдайы бөлінеді, тірі

Қабықшасы жұқа.Фотосинтездеуші, қор жинаушы.

Жасушалары тірі, жұқа

Жасушалары өлі

Жасушалар тірі

Жасушалар қалай орналасқан?

Тығыз жанасқан

Тығыз орналасқан

Жасушааралық кеңістіктері кең

Жасушалары тірі, тығыз

Жасушалар тірі, жұқа

Жасушалары жұқа, жұқа күйінде сақталады.

Вакуолінің болуы

-

-

-

-

-

-

Ерекшеліктері

-

Хлоропласт болмайды

Бағаналы, борпылдақ

Беріктік қасиет береді

Хлоропласт болмайды

Жәндіктерді еліктіреді


А Б
А Түзуші ұлпа Б Ағаш қабығындағы жабын ұлпасы
Қорытынды.Ұлпа – құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ұқсас жасушалар тобы. Олардың әрбір типі белгілі бір тарихи кезеңде қалыптасты. Жоғарыда кестеде біз өсімдік ұлпасының 6 типін: түзуші, негізгі, жабын, механикалық (тірек), өткізгішжәне бөліпшығарушыболатындығын қарастырдық. Әр өсімдік ұлпасы өзіне тән қызметті атқарады. Өсімдіктің тіршілігі үшін маңызды қызмет атқаратындығын байқадық.
№ 2 Зертханалық жұмыс
Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу
Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап, өсімдік ұлпаларының құрылысымен танысу.
Құрал- жабдықтар: микроскоп, жануар ұлпасының дайын микропрепараттары.
Жұмыс барысы
1. Жабын, дәнекер, бұлшық ет, жүйке ұлпаларының микропре- параттарын жарық микроскобына салып қарадық. Олардың құрылысындағы ұқсастықтары 
мен айырмашылықтары туралы баяндап талдадық.
2. Микропрепараттарды оқулықтағы суреттермен салыстырып шықтық. Тұрақты микропрепараттардың боялуында ерекшеліктер бар. Яғни препараттар қанық түске боялған. Ал оқулықтағы суреттерден масштабы бойынша ерекшеленеді.
3 Қарастырған ұлпалардың суреттерін дәптерге салдық, олардың атауларын жазып шықтық.
4. Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама берілді. Кестені дәптерге сызып алып алдық. Кесте


Сипаттама белгісі



Жануар ұлпаларының типтері

эпителий

бұлшық ет

жүйке

дәнекер

Орналасқан жері

Жабынды эпителии: терінің үстіңгі қабаты, асқазан қуысы т.б
Безді эпителий: барлық бездер түзілген.
Кірпікшелі эпителий: тыныс жолдарында орналасқан.

Бұлшықетте орналасқан

Ми, жұлында орналасқан.

Қанда, сүйекте, шеміршекте.

Ұлпа тип тармағы

-

--

-

-

Жасуша пішіні

Көпқабатты

Жасуша пішіні әрқилы.

Пішіні жұлдызша тәрізді тармақталған

Қанда-сұйық, сүйекте-қатты, шеміршекте-серпімді.

Негізгі және қосымша ұлпалар

Жабынды эпителии, безді эпителий, кірпікшелі эпителий.

Көлденең жолақты, бірыңғай салалы

Нейрондар

Борпылдақ, тығыз дәнекер ұлпасы.

Жасуша қалай орналасқан?

Тығыз жанасып

Жасушалары көбеюге қабілетті бірігіп орналасқан.

Жасушалары тармақталып орналасқан.

Жасушалары тығыз орналасқан.

Жасуша бояуының ерекшеліктері

Жасуша бояуы қанық

Жасуша бояуы миоциттерге және Fe байл-ы

Жасуша бояуы қанық

Жасуша бояуы қанық



А Безді эпителий Б Сүйекті дәнекер ұлпасы
Қорытынды. Әрбір ұлпа, дамуы кезінде, белгілі бір ұрықтық бастамадан дамыған. Жануарлар ағзасының ұлпалары негізгі төрт топқа біріктірілген — эпителий ұлпасы, дәнекер ұлпасы, бұлшық ет және жүйке ұлпалары. Әр ұлпаның өзіне тән қасиеті мен қызметі, ерекшелігі бар. Бұл ұлпалар бір-бірімен тығыз байланыста. Ұлпалардың микропрепараттарын бір-бірімен салыстырып, қарап шықтық. Суретін салып, белгіліеп шықтық.
№ 3 Зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет