Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Ертедегі  және  осы  заманғы  адамдар



Pdf көрінісі
бет159/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

 
Ертедегі  және  осы  заманғы  адамдар.  Ертедегі  адамдар.  Оны 
ғылыми  тілде  палеонтроптар,  кейде  неандертальдықтар  деп 
атайды.  Олар  қазіргі  адамдардың  тікелей  арғы  тегі  болып  саналады. 
Жалпы алғанда олардың тіршілік әрекеті, ақыл-ойы және әлеуметтік 
өмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас. Олардың сүйектерінің 
қалдығы  1848  жылы  Еуропада  табылды.  Ал  1856  жылы  Батыс 
Алмания жеріңдегі Неавдер өзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың 
қаңқа  қалдықтары  табылды.  Кейіннен  олардың  қоныс-жайлары 
Ресейдің  көптеген  аймақтарынан  табылып  зерттелді.  Ресейдің 
көрнекті  антрополог  ғалымы  М.  М.  Герасимов  ертедегі  адамдардың 
бассүйегінің  құрылыс  ерекшелігіне  қарап,  сол  кезде  өмір  сүрген 
адамның кейпін қалпына келтірді. Олардың бұдан 100 - 40 мың жыл 
бұрын  өмір  сүргендігі  аңықталды.  Оның  бойының  ұзындығы  155  - 
165  см,  ал  миының  көлемі  1400  текше  см,  архантроптармен 
салыстырғанда  көп  белгілері  едәуір  жетілген,  әсіресе  сөйлеуге 
байланысты  үлкен  ми  сыңарларының  самай  бөлігі  жақсы  дамыған 
және  астыңғы  жақсүйегі  кішірейген.  Олардың  қоныстарынан  табыл-
ған  құралдардың  жасалуы  да  күрделенген,  олар  тіпті  жануарлардың 
терісін өңдейтін құралдар жасай білген. Ірі жануарлардың (зіл, т. б.) 


156 
 
сүйектерін  жинап,  өздеріне  баспана  да  жасаған.  Олардың  ойлау 
қабілеті  дарлыған.  Бұл  кезде  түрлі  қол  өнер  салалары  да  пайда 
болған.  Қоғамдық  сана  қалыптасып,  түрліше  наным-сенімдер,  тасқа, 
сүйекке  ойып  сурет  салу  және  өлген  адамды  жерлеу  салты  болған. 
Мысалы,  осы  дәуірде  көне  түркілер  мен  монғолдарда  көкбөріні 
(қасқыр)  пір  тұтып,  оған  киелі  деп  сенген.  Олар  көкбөріні  “біздің 
арғы  бабамыз”  деп  қадір  тұтқан.  Аңыздардың  айтуы  бойынша  бұл 
хайуанат  шын  мәнінде  ежелгі  тайпалардың  кездейсоқ  жұртта  қалып 
қойған  сәбиін  тауып,  өз  емшегін  тосып,  емізіп  оны  ажал  аузынан 
алып  қалған.  Мұндай  жағдай,  яғни  қасқырдың  жас  баланы  емшек 
сүтімен  асырап,  ұзақ  уақыт  оны  өз  үйірінде  өсіргені  тіпті  ертедегі 
заман емес, қазіргі уақытта да мәлім болып отыр. 
 
Ертедегі  адамдар  ауа  райы  қолайсыз  ауыр  жағдайларда 
үңгірлерде  тұрып,  үнемі  отты  пайдаланған.  Олар  топтасып  аң  аула-
ған. Жер шарының көп аймақтарында қоныстанған. Африканың сол-
түстік өңірінен табылған ертедегі адамның сүйектерінің қалдықтары 
Еуропадан  табылған  қаңқа  қалдықтарына  өте  ұқсас,  сондықтан  да 
олар бір мезгілде өмір сүрген деген пікірлер бар. 1938 жылы атақты 
ғалым  А.П.  Окладников  Өзбекстандағы  Тесіктас  үңгірінен  осы 
кезеңдерде  өмір  сүрген  адамның  сүйек  қалдықтарын  тапты,  бұл 
ғылымда дүниежүзілік мәні бар үлкен жаңалық болды. 
 
 Бұл  кезеңде  өмір  сүрген  ертедегі  адамдардың  мекен-жайлары, 
олар  пайдаланған  тас  құралдар  және  күнделікті  аулап  жеген 
жануарлардың  көптеген  сүйек  қалдықтары  Қазақстан  жерінен  де 
көптеп  табылды.  Қазақстандық  археолог  ғалым  X.  А.  Алпысбаев 
1958-1962  жылдары  Оңтүстік  Қазақстандағы  Қаратау  өңірінен  осы 
дәуірде өмір сүрген адамдардың қоныстарын тауып зерттеп ғылымға 
үлкен  үлес  қосты.  Ертедегі  адамдардың  пайдаланған  тас  құралдары 
Орталық  Қазақстан,  Бетпақдала  өңірінен  де  табылды.  Көрнекті 
ғұлама  ғалым  Ә.  X.  Марғұланның  бұл  салада  сіңірген  еңбегі  орасан 
зор. Ғылымда бұл дәуірді тас кезеңі (немесе ғасыры) деп атайды.Тас 
ғасырының  асыл  мұралары  Шығыс  Қазақстан  (Алтай  өңірі),  Семей 
маңынан, Арал аймағынан, Сарыарқа жерінен, Маңғыстау алқабынан 
да табылған. 
 
Ертедегі  адамдар  50-100  адамнан  топтасып  өмір  сүрген.  Ер 
адамдар бірігіп аң ауласа, әйелдер жемістер, т. б. өсімдіктердің жеуге 
жарайтын бөліктерін жинаған, ал тәжірибесі мол қарт адамдар құрал-
саймаңдар  жасап  беретін  болған.  Олар  алғаш  рет  өздері  аулаған 


157 
 
жануарлардың  терілерін  өңдеп,  киім  жасап  киген.  Бұл  кезде  оқтын-
оқтын  болып  тұратын  мұз  басу  жағдайлары  ертедегі  адамдардың 
өміріне  көп  қауіп-қатер  туғызып  отырған.  Табиғи  сұрып-талудың 
нәтижесінде  өте  төзімді,  батыл  әрі  ептілері  ғана  тірі  қалып,  ұрпақ 
жалғастырған.  Бұл  кезде  әлеуметтік  жағдайлар:  ұжымдасып  еңбек 
ету,  тіршілік  үшін  бірлесе  отырып  күресу  және  ақылға  салып  ойлау 
елеулі орын алған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет