Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


  Жасушаныңқұрылысы мен атқаратың қызметі



Pdf көрінісі
бет42/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

 
5.2  Жасушаныңқұрылысы мен атқаратың қызметі 
 
Жасуша негізінен үш бөлімнен тұрады: 
 жарғақшасы, жасушаны қаптап сыртқыортадан бөліп тұратын;  
-  судан,  әртүрлі  тұздар  және  органикалық  қосылыстар  мен 
органоидтардан тұратын цитоплазма; 
-  жасуша  ядросы  (бактерияларда  нуклеаралық  аймақ  немесе 
нуклеотид).  Онда  жасушанын  генетикалық  ақпараты  -  ДНҚ  және 
онымен байланысқан заттар болады. 
Жасуша  қабықшасының  құрылысы.  Электрондык  микроскоп 
арқылы жасуша қабықшасын қарап тексергенде: 
-  сыртқы қабаттан және оның астыңғы жағында орналасқан


42 
 
-  плазма жарғақшасынан тұратыңдығы анықталды.  
Өсімдіктер мен жануарлар жасушалары құрылысы жөнінен ұқсас 
болғанымен,  айтарлықтай  айырмашылықтары  да  бар.Ол  айырмашы-
лықты  сыртқы  қабықшасының  құрылысынан  байқауға  болады. 
Өсімдіктер  жасушаларынын  қабықшасы  таза  жасунықтан  (клетчат-
кадан)  тұрады.  Оның  қабықшасын  қаншалықты  бүктесе  де,  біраздан 
соң  бұрынғы  қалпына  қайта  келеді,  мұны  серпімділік  қасиеті  дейді. 
Мысалы, осы талшықтардан жасалған маталарды бүктегенде, үтікте-
генде бұрыңғы қалпына қайта келеді. Ендеше, өсімдіктердің жасуша 
қабықшасының физикалық қасиетіне оның серпімділігі, жұмсақтығы, 
қаттылығы, майысқақтығы және т.б. жатады. Жануарлар жасушасын 
жарықтың  көмегімен  көрсететін  микроскоппен  көре  алмаймыз. 
Электрондық  микроскоптың  шығуына  байланысты  жануарлар  жасу-
шасы қабықшасының құрылысы толық зерттелді.  Осы зерттеулердің 
нәтижелерінде  жасуша  жарғақшасының  үш  қабаттан  тұратындығы 
анықталды. Ішкі және сыртқы қабаттары ақуыз молекулаларынан, ал 
ортаңғы  қабаты  екі  қатар  фосфолипид  молекулаларынан  тұратын-
дығын  көруге  болады.  Жануарлар  жасушаларының  сыртқы  қабаты 
өте жұмсақ, созылғыш келеді, осы қабатты гликокаликс деп атайды. 
Қызметі. Өсімдіктердің жасуша қабықшасымен салыстырғаңда 
жануарлар  жасуша  қабықшасының  диаметрі  өте  жұқа-  1  мкм,  сон-
дықтан  да  тірек  қызметін  атқара  алмайды.  Жасушаның  қабықшасы 
ұсақ  («А»-ангстрем  өлшемімен  өлшенетін)  шұрықтардан  (поралар-
дан) тұрады. Осы шұрықтар арқылы жасушамен оны қоршаған айна-
ладағы ортанын арасында үздіксіз зат айналым әрекеті жүреді. Зат ай-
налым әрекетін реттеуде гликокаликс қабатының атқаратын рөлі зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет