Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Рибосомалардың негізгі қызметтері



Pdf көрінісі
бет49/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Рибосомалардың негізгі қызметтері
1.  Ядро  ішіңдегі  рибосомалар  ядродағы  ақуызды  синтездеуге 
қатысады.  
2.  Эндоплазмалық  тордың  жарғақшасындағы  рибосомалардың 
бірнешеуі  бірігіп  полирибосома  құрайды.  Олар  жасуша  тіршілігіне 
қажетті ақуызды синтездейді.  
3.  Митохондриялар  мен  хлоропластағы  рибосомалар  олардың 
құрылыс қызметін атқаратын ақуызды синтездейді.  
4.  Рибосомадағы  ферменттер,  магний  (Mg
2+
)  мен  кальцийдің 
(Са
2+
)  тұздары  зат  айналым  өзгерістеріне  қатысады.  Рибосомада 
минералдық  элементтерден  азот,  фосфор,  темір  және  мыс  кездеседі. 
Эндоплазмалықторда және оның жасушаларында орналасқан рибосо-
малар  биосинтез  бен  ақуызды  тасымалдайтын  бірыңғай  жүйе  болып 
саналады. 
Информасомалар.  Информасомалар  (лат.  Informatіo  -  баяндау 
және  сома-дене)  -  ақпарат  РНҚ  мен  ақуыздан  тұратын  эукариот 
жасушаларындағы рибонуклеакқуыз. Информасомалардың өлшемі әр 
түрлі  және  Сведберг  өлшемі  бойынша  15  S-тен  110  S-ке  дейін 
болады.   Оның үш түрі бар:  
1) ядрода болатын информасомалар;  
2) цитоплазмада еркін орналасқан информасомалар;  
3) полирибосомамен байланысқан түрі. 
Ядрода  синтезделетін  ізашар  а-РНҚ  ерекше  ақуызбен  қаптала-
тындығы дәлелденді, бұл информасома ядродағы а-РНҚ-ны фермент-
тердің  кесіп  тастауынан  корғайды  екен  (ақуыз  синтезі  тақырыбын 


47 
 
қара). Информасоманың  негізгі қызметінің бірі,  а-РНҚ-ны  цитоплаз-
мада  ұазақ  уақыт  сақтайтын  “қойма”  болып  табылатыңдығыңда. 
Трансляция  кезіңде  информасома  ақуызы  өзгереді  де,  РНҚ-да  ақуыз 
синтезделгеннен  кейін  ыдырап  кететін  жасушаның  тұрақсыз 
органоиды болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет