143
қалыптасуын зерттейтін антропология (грекше. “антро- пос”-"адам")
ғылымында көптеген ғылыми құнды мәліметтер жинақталды.
Адам мен жануарлар құрылысындағы ортақ белгілер. Адам
сүтқоректілер класына жататындықтан, олардың құрылысында бір-
біріне ұқсас белгілер көптеп кездеседі. Мысалы, құлақ қалқанының
болуы, көкет, сүт бездері, тістерінің құрылыс ерекшелігіне сәйкес
күректіс, сойдақтіс, азутіс деп жіктелуі және ортаңғы құлақта үш
дыбыс сүйектерінің (төс, үзеңгі, балға) болуы, т. б. адам тәнтаным
құрылысының сүтқоректілерге өте ұқсас екенін дәлелдейді. Адамда
кейде өзінің бұрынғы ата тегіне тән белгілер де кездесіп қалады.
Мысалы, адам ағзасындағы рудиментті (латынша - қалдық) және
атавизмді (латынша - арғы ата тек) мүшелердің болуы. Сүтқоректі
жануарлардың көпшілігінде болатын соқыр ішек негізінен асқоры-
туға қатысады, ал ол адам ағзасы үшін қорғаныштық қызмет атқаруға
көшкен.
Атавизмге мысал ретінде кейде адамда құйрықтың болуын,
денені қалың түк басуын косымша емшектері болып туатын
жағдайларды атауға болады. Рудименттіжәне атавизмді мүшелердің
адам ағзасыңда кездесуі оның арғы ата тегінің жануарлардан
шыққандығына нақтылы ғылыми дәлел болады.
Достарыңызбен бөлісу: