Көмірсулардың құрылымы. Көмірсулар құрамына көміртегі,
сутегі және оттегі атомдары кіреді. Жасушалар құрамында күрделі
органикалыққосылыстар 1% мөлшерінде болады.
Көмірсулардың қарапайымы- моносахаридтер. Моносахарид-
терге жүзім қанты– глюкоза, жеміс шырыныңда және балда көп
мөлшерде кездесетін фруктоза, нуклеин қышқылдары мен АТФ-ның
құрамына кіретін рибоза мен дезоксирибоза, т. б. жатады.
Моносахаридтер - суда жақсы еритін жағымды, тәтті дәмі бар түссіз
заттар.Моносахаридтердің екі молекуласының байланысуынан
дисахарид түзіледі. Мысалы ретінде кызылша қанты- сахарозаның
глюкоза мен фруктозанын қосылысынан тұрады .
Бірнеше моносахарид молекулаларынан полисахарид (грекше.
«поли»-көп) түзіледі. Ендеше, подисахаридтер полимер қатарына
жатады, олардын мономерлері - моносахаридтер. Бұлар -суда ерімей-
тін, дәмсіз органикалық қосылыстар. Ең кең таралған полисахарид-
терге крахмал, жасунық және гликогенжатады. Жануарлар ағзасын-
дағы полисахаридтер гликоген түріңде бауыр және бұлшықет жасу-
шаларында 5% мөлшердежиналады. Ал ағзаға энергия қоры-глюкоза
қажет болса, олар қайтадан мономерлерге, яғни глюкозаға ыдырайды.
Өсімдік жасушаларында крахмал мен жасунық, кездеседі. Крахмал
гликоген сияқты көп мөлшерде картоп түйінінің, т. б. өсімдік
жасушаларында корға жиналады, оның мөлшері 70%-ке дейін
болады. Өсімдіктерге беріктік, тірек қасиет беретін талшықтар, (ағаш
сүрегі) т. б. жасунықтан тұрады. Жасунықтын құрамында глюкоза-
ның 150—200 молекуласы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |