«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» әкімдіктің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 578 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
|
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 62-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабы 1-тармағының 1-5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына және «Қостанай облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 357 шешімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының (төртінші шақырылымның кезектен тыс сессиясы) 2011 жылғы 20 қазандағы № 432 шешіміне сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекiту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 578 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Стратегиялық жоспарда:
«Бюджеттік бағдарламалар» 7-бөлімінде:
«Бюджеттік бағдарламалар» 7.1-бөлімшесінде:
«Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» 003 бюджеттік бағдарламасында (кіші бағдарламасында):
«Тиімділік көрсеткіштері. Жобаларды әзірлеу мен техникалық-экономикалық негіздеме сараптамасын өткізуге арналған болжамды шығындар» және «Бюджеттік шығыстардың көлемі» жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
»;
«Бюджеттік шығыстардың жиыны» 7.2-бөлімшесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі С. Кулагин
Достарыңызбен бөлісу: |