ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
А.Д. Оразымбетова
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Демократиялық, құқықтық мемлекетіміздегі ең басты құндылық – бұл адамзат және оның өмірі, қауіпсіздігі мен бостандығы болып саналады.
Отбасы адамзаттың қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге, адамның отбасы аясында да, одан тыс жерде де өзін-өзі жетілдіруге, өзін таныта білуіне де мүмкіндіктер туғызады, оның әлеуметтік, өндірістік және шығармашылық белсенділігіне жағдай жасап, ынталандырып отырады, адамның физикалық және психологиялық жай-күйін сақтауға және нығайтуға жағдай тудырып, оның өзіне тән ерекше қасиеттерінің ашылуына мүмкіндік жасайды.
Мемлекетіміздің қазіргі таңда алдына қойып отырған басты міндеті – отбасы, ондағы бала тәрбиесі мәселесі, бала құқының қорғалуы. Бұл біздің мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл халықаралық ауқымды қамтып отырған міндет.
Зерттеу мәселеміз бойынша талдау жұмыстары қазіргі кезде отбасы және балаларға әлеуметтік қызмет көрсету саласының кеңінен дамып келе жатқандығын көрсетеді.
Отбасын әлеуметтік қолдау: отбасы және жеке тұлғаның тіршілік әрекетінің әлеуметтік-экономикалық психологиялық жағдайларына көмектесетін экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, ақпараттық шаралар жүйесі. Ол өзінің мазмұны жағынан тиімді, кешенді болып келеді және қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салаларындағы мемлекет пен отбасы арақатынастарының айқын көрінісі болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс отбасындағы клиенттердің категорияларына: мүгедектер, зейнеткерлер, әскери қызметтегілер, қашқындар және т.б. байланысты атқарылады және соған сәйкес әлеуметтік жұмыстың әр түрлі технологиялары қолданылады. Мақсатты қолдауды қажет ететін отбасын әлеуметтік институт ретінде сақтау болып есептелетін әлеуметтік көмектің түрі мен формаларын: тез арада көмек ету, отбасының тұрақтылығына қолдау көрсету, отбасының және оның мүшелерінің әлеуметтік дамуына көмек көрсету деп бөліп қарастырамыз.
Отбасының ішкі қатыгездігіне тез арада көмек беруді талдайтын болсақ, мұндай қарым – қатынасты әдетте айналадағылардан жасырады. Бірақ бұл мәселені объективті зерттеушілер қазіргі кезде көптеп кездестіретінін дәлелдейді. Біздің елімізде бұл мәселені ғылыми зерттеуге енді көңіл қойылып жүр, бірақ жекелеген мәліметтер мысалы: тұрмыста жасалған өлім, тіркелген қылмыс, дәрігерлер мен педагогтардың, әлеуметтік қызметкерлердің және құқық қорғау органдарының дәлелдеуі бойынша оның өсіп келе жатқандығын айтады.
Қатыгездіктің формасы тек денесіне күш көрсету ғана емес, бұл отбасы мүшелерінің кез-келген тұлғасына оның физикалық және психологиялық қабілеттерін жүзеге асыру құқығын күштеп тежеу. Мысалы: көршілермен және достармен қарым-қатынас жасауға, білім алуға біліктілігін жетілдіруге тиым салу, қорлау, күлкі ету, балағаттау, негізсіз сынау, намысына тию т.с.с. Мұндай мінез-құлық актілері және психологиялық атмосфера отбасы мүшелерінің психосоматикалық саулығына әсер етеді.
Дене жағдайына және жыныстық зорлық-зомбылық отбасында тұлғаға, оның денсаулығына, өміріне қауіп төндіреді.
Денеге зорлық-зомбылық көрсетуге ұру, тұншықтыру, жаралау, әдейілеп күйдіру, тістеу және жоспарлы уландыру немесе психотроптық заттар (наркотик, дәрі-дәрмек т.с.с.).
Жыныстық зорлық-зомбылық күштеп жыныстық қатынасқа бару, балаға порнофильмдерді көрсету т.б. Көбіне балаларды мұндай әрекетке әкелу күш көрсету арқылы жүзеге аады. Бірақ көп жағдайда тастанда балалар, эмоционалдық шеттетілген баллар өздерінің жыныстық күйін үлкендерді өзіне қарату немесе қорғату мақсатында пайдаланады. Ал мұндай сексуалдық мінез-құлық ерекшелігі қиындықпен түзетіледі.
Дене және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар ұзақ депрессиялық жағдайда, қорқыныш, шеттетуді сезіну және өте төмен өзіндік бағалау жағдайында жүреді.
Отбасының ең әлсіз мүшесін, бірініші орында балаларды қорғау, отбасындағы қатыгездіктен қорғау әлеуметтік қызметкердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл үшін отбасындағы балалармен қатыгездік қарым-қатынастың тура және жанама белгілерін білу керек (агресссивтілік, ашуланшақтық, мейірімсіздік, шамадан тыс қорғанушылық, тартыншақтық, ұйқының тынышсыздығы, тамақтанудың дұрыс еместігі) балалармен үлкендердің қарым-қатынасының құпиялылығы, балалардың отбасының белгілі бір мүшесінен қорқуы, онымен оңаша қалмауға тырысуы да болуы мүмкін. Кейде ата-аналар балаларын мектепке барудан тияды немесе барса қоғаммен араласуына, белсенді болуына қарсы болуы, оның достарының аз болуына, достарынан артта қалып нашар оқуына себепші болады және көп жағдайда өзіне-өзі қол жұмсауға, болмаса үйден қашуға әкеп тірейді. Бұл отбасындағы қатыгездіктің куәсі болуы мұмкін.
Мұндай белгілер отбасындағы жағдайларды зерттеудің белгілі себептері болады. Зерттеуде: психолог, әлеуметтік қызметкер, дәрігер, құқық қорғау орган қызметкерлері баланың өміріндегі қатыгездікті жоюға көмектеседі. Ереже бойынша мұндай жағдайда балаларды отбасынан алып, әлеуметтік оңалту орталықтарына орналастыру қажет. Бұл жергілікті қорғаншылық орындарының меншігіндегі дүние. Отбасылық қатыгездік жағдайында қолданылатын технологияларға балалар мен әйелдерді, отбасылық тоқырау жағдайында қауіпсіз жерде ұстайтын әлеуметтік приюттерді ұйымдастыруды айтуға болады. Бірақ, жалғыз бұл жолмен шектелуге болмайды. Себебі, уақыт өткен сайын отбасындағы кикілжің қиындай түсуі мүмкін. Сондықтан тез арада жүзеге асатын отбасының тұрақтылығына, оның қызметтік байланыстарын қайта қалпына келтіруге жұбайлар арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, отбасының барлық мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасын қалпына келтіруге бағытталған бағдарламалы көмектерге жүгіну керек.
Тәрбиесі қиын балалармен ,жеткіншектермен жұмыста отбасының және мектептің жағдайына диагностика жасау, баланың әлеуметтік ортасына, оның медициналық-әлеуметтік және интелектуалдық-психологиялық деңгейіне міндетті түрде талдау жасау қажет. Алынған ақпараттар негізінде балалардың отбасымен жұмыста: оның мектептегі проблемаларын шешу, оны қайырымды әлеуметтік орта жағдайына тарту жұмыстары бойынша бағдарламалар құралады. Мұндай бағдарлама мамандардың командалық іс-әрекеті негізінде әлеуметтік қызметкер, психолог, әлеуметтік педагог, заң қызмеркерлері, құқық қорғау органдарының, дене шынықтыру орталықтарының өкілдерін тартумен орындалады.
Осындай жұмыстармен қатар отбасындағы өзара түсініспеушілікті жою үшін әлеуметтік психолог-педагог кеңес беруді атқарады. Мұндай іс-әрекет көбіне әлеуметтік компоненттердің өзін, мысалы: ата-аналарды жұмысқа орналастыруға көмектесу, тұрғын жайларын жақсарту т.с.с қамтиды.
Ішімдікке салынған отбасыларымен жұмыста диагностика жасау жұмысында ішімдікті қолданудың себептері және сол кезеңдегі жағдайлардың негізгі себебін анықтау жатады. Бұл үшін отбасының барлық мүшелерінің тұлғасын және әлеуметтік биографияларын зерттеу қажетті болып есептеледі.
Ішімдікке салынудың себебі: тұлғалық деңгейдің кейбір ерекшеліктері (тұлғалық тұрақсыздық, тәуелділік), отбасының немесе әлеуметтік ортасының дәстүрі болуы мүмкін, кейбір проблемалардан қашу немесе ұмыту жағдайлары болуы мүмкін. Кей кездері отбасының конфликтілік жағдайына ішімдікке салыну емес, отбасындағы дау-дамай да апаратын кездері болады. Әлеуметтік көмек көрсетудің бұдан әрі жұмысы емдік шаралары, кеңес беру, психотерапия және психокоррекция, кей кездері әлеуметтік еңбектік оңалту жұмыстары бойынша бағдарлама жүзеге асырылады. Бұл жағдайда медициналық оңалту осы күнге дейін аз нәтиже беріп келе жатыр, көп жағдайда обьект емнен кейін сол ортасына қайта келіп жатады немесе отбасы ерікті немесе еріксіз күйде бұрынғы қалпына түсетін жағдайлар болады. Егер адамның ішкі тұлғалық ерік-жігері мықты болмаса оған төтеп беру қиынға соғады.
Сондықтан мұндай отбасымен жұмыста: алғашқы қадам
-
клиентті немесе отбасын ішімдіксіз өмір кешуге және өзара қарым-қатынастың басқа жүйесін құруға мотивін немес себебін қалыптастыруға жүргізіледі;
-
өз өмірінің қожайыны өзі болуға тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстар;
-
клиентті ішімдіксіз өмір кешетіндер клубына немесе ұйымына мүше ету, немесе осындай ұйымдар құру әрекеттері орындалады. Алайда ең тиімді технология болып ішімдікке салынушыларды ұзақ уақыт айықтыратын қозғалыс жұмыстары (мысалы: «Жасырын ішімдікке салынушылар», «Ішімдікке салынушылардың жасырын балалары», «Жасырын наркомандар» т.б.), жағымды орта құру жұмыстары есептеледі.
Конфликтілі отбасымен немесе эмоционалдық климаты қанағаттанарлықсыз болып келетін отбасылармен жұмыста әлеуметтік қызметкер алдымен отбасылардың проблемаларын, жұбайлардың тұлғасын және олардың некелік-отбасылық ұстанымдарын қалтқысыз зерттеуден бастайды. Себеп, аталған кез-келген мәселелерден болуы мүмкін. Отбасының ішкі қиындықтары-материалдық -экономикалық шектеулік, ертеңгі күнге деген сенімсіздік, жұмыссыздық т.б тек отбасындағы даудың нақты себебі болады және оны қиындата түседі. Бұл жағдайдағы тұлғаның жағымсыз әрекеттеріне: ашуға булығу, шамадан тыс ашуланшақтық т.б. жағдайлар болуы мүмкін.
Некелік-отбасылық ұстанымның екі түрлілігі бала тәрбиесіндегі көзқарасқа, эмоционалдық, тұрмыстық, финанстық және т.б өзара қатынастар ұзақ уақытқа ашылмайтын, бірақ отбасының маңызды мәселесі болып есептеледі. Отбасылық терапия оның мәдени маңызды саласында жиналып қалған әлеуметтік-психологиялық қалпын түзету, конфликтісіз қарым-қатынас дағдыларына үйрету арқылы келісімділікті қамтиды. Мұндай жұмыс сұрақ жауап, жеке дара әңгімелесу сұрақ жауап алу, топтық психотерапия немесе ойын терапиясын өткізу арқылы жүргізіледі.
Белсенді қолданылатын әдіс болып есептелетін – терапия-аутодиагностикалық – психокоррекциялықлық әдістеме. Мұнда конфликтіге жиі келетін жұбайлар өздерінің жағымсыз эмоционалды-психикалық өзара қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Мұның барысында жұбайларға түрлі, жан-жақты қарастырылған сұрақтарға «я» немесе «жоқ» деп жауап беру ұсынылады. Нәтижесінде жұбайлар өздерінің жағымды және жағымсыз жауаптарының балансы негізінде бір-біріне деген қарым-қатынастарындағы шын иетін анықтап, жұбайлық өмірлерін жақсартуға немесе ажырасуды қалайтынын анықтауға болады.
Тағы бір диагностикалық әдістеме. Отбасы мүшелері кішігірім топ құрып өзінің ойындағы отбасылық қарым–қатынасты елестетеді, оны талдауға отбасының әрбір мүшесінің орнын анықтауға шын көзқарасын білдіреді. Шын отбасылық мәселені меңгеруде анықталған және мойындалған қиындықтарды қайта қарау үшін те диагностикалық емес терапиялық жұмыстар да маңызды.
Бірден-бір көп жақты әдістеме отбасының генограммасын құру: отбасының ата –бабаларының, ата-аналарының өзара қарым –қатынасын көрсететін нақты ережемен құрылған отбасы тарихының кестесін құру. Бұл процесс өте қызықты себебі гендік ағашын құру әрбір адамның қажеттілігі болып есептеледі. Мұнымен қоса отбасы генограммасын құруда отбасы терапевтімен біріге жұмыста, ұзақ уақыт бойы бір –бірімен қарым-қатынасқа келмеген отбасы мүшелері бірігіп ауызбіршілікпен әрекет етуі әбден мүмкін. Әдістеменің қорытындысы отбасының тарихынан мысалы: жесірлердің немесе отбасы тармақтарында ажырасу жағдайының шамадан тыс көп болуы жайлы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Бұл отбасының жағымсыз биологиялық қалпын немесе тұлғалық мәселенің тұқымқуалаушылық сипатын анық көруге жағдай жасайды.
Диагностикалық іс-әрекет клиенттерге олардың отбасылық өзара қарым-қатынасын өзгерту қажеттілігін мойынсұнуға және мойындауға, өзін-өзі өзгертуге бағытталған өзіндік жағымсыз кейпін жоюға көмектеседі.
Отбасылық келісім әдістемесі мұндай мәселеде ең дұрыс шешім болып табылады. Оны жүзеге асыру, жұбайлардың бір-біріне қоятын талаптарын немесе бір-біріне тағатын мыс: «оның отбасына ешқашан уақыты жоқ», «ол ешқашан ештеңеге қанағаттанбайды» деген сияқты күнәларын анықтаудан басталады. Нәтижесінде екі жақты өзара келісілген өзгеруге тиісті міндеттер тізімі пайда болады. Бұл тізім екі жақты жұбайлардың екеуімен қол қойылған келісім болады. Бұл құжаттың құқықтық күші болмайды моралдық-әлеуметтік әсерін бағаламау мүмкін емес. Жұбайлардың алған міндеттемелері нақты және тексеруге мүмкін боларлықтай болуы тиіс.
Келісім уақыты біткеннен кейін жұбайлар әлеуметтік терапевтпен бірге оның орындалуын талқылайды қажеттілігіне қарай жаңа мазмұнды талаптар көрсетілген келісім жасауға болады. Уақыт өте келе жұбайлар бұл әдіске өз бетімен бағыну дағдыларын игереді де, әлеуметтік қызмеркердің қатысын қажет етпейтін жағдайлар болады.
Қорыта келе, отбасылық қарым-қатынасты түзету технологиялары көп жақты. Оны таңдау нақты әлеуметтік жағдайларда клиенттің мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып және отбасы терапевтінің жеке тұлғалық сапаларына оның таңдауына және есептеулеріне байланысты анықталады.
Әлеуметтік қызметкер жағдайды қанша қиын болса да үмітсіз деп есептемеу керек, бірақ отбасылардың проблемаларын шешу өте жауапты және отбасы мүшелерінің еркін таңдауын, жауапкершілікті қарауын қажет ететінін есте сақтау керек. Сонымен бірге есте ұстайтын жағдай отбасы мүшелерінің ерік, күш-жігерінсіз ешқандай әлеуметтік технология табыс әкелмейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Холостова Е.И. Социальная работа с семьей.-М., Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2011. -244 с.
2.Холостова Е.И. Социальная работа. –М., Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2012. -612 с.
Достарыңызбен бөлісу: |