Тақырып. Отын-энергетикалық кешенінде энергияны үнемдеу. Өнеркәсіптің салаларында энергияны үнемдеу.
Дәріс сабақтың мазмұны
1. Отын-энергетикалық кешен
2. Өнеркәсіпте энергтикалық ресурстарды қолдану тиімділігі.
3. Түсті металургиядағы маңызды энергия үнемдеудің бағыттары
4. Өнеркәсіптің салаларында энергияны үнемдеу
ОЭК қатарындағы өнеркәсіп ірі энергоресурс тұтынушысы болып табылады және оның үлесіне барлық энергия тұтынудың 50%-ы сәйкес келеді. Кейінгі жылдары өнімді өндірудегі отынның, электрэнергияның және жылудың кететін шығынын төмендетуге қол жеткізеді. Бірақ өнеркәсіптегі энергоресурстардың пайдалы қолданысының орташа коэффициенті 30%-ды құрайды, ал кейбір салаларда бірнеше есе аз.
Сурет-6. Өндірістік кәсіпорын жүйесі
Егер өндірістік кәсіпорынды жүйе реінде қарастыратын болсақ, бір жағынан энергия, шикі зат және еңбектің шығыны бар, ал екінші жағынан - өнімнің, екіншілік энергоресурстар мен материалдардың шығындалуы болады. Максималды пайда алу үшін өндіріс шығындарын төмендету қажет. Үнемі энергия бағасының өсуіне байланысты энергетикалық жұмсалған шығынға үлкен мән беру қажет.
Энергияны үнемдеулің екіншілік энергоресурстарды энергиялық утилизациялау және сондай-ақ екіншілік материалдарды қайтадан пайдалану ппроцестері арқылы жақсатуға болады. Мұндай технологиялық қолданудыңмүмкіндіктері жоғары, өйткені бұл энергияны үнемдеу процесінде үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Бірақ мүкін үнемдеу ауданын табу үшін мыналар қажет:
а) энергия үнемдеудің потенциалы қандай және неден тұратынын білу;
в) энергия үнемдеу шамасының тиімділігін және үнемділігін анықтау.
Зеттеулер көрсеткендей өндірістік кәсіпорындарға энергия үнемдеу шамаларын енгізу нәтижесінде энергияның үнемделуі 30%-ға жеткен.
Өнеркәсіпте энергтикалық ресурстарды қолдану тиімділігін арттыру мақсатындағы технологиялық процестерді жақсатудың негізгі бағыттары:
–ЕЭР-ды утилизациялау деңгейінің өсуі;
–ұйымдасқан – техникалық іс – шара кешенін жүзеге асыру өндірістің барлық деңгейіндегі энергоресурстардың шығынын есептеу және бақылау;
–қолданылып жүрген қөондырғыларды дамыту, жаңа энергия үнемдейтін технологияларды, құрылғыларды, энергосыйымдылығы аз конструкционды және құрылдыстық материалдарды құрастыру және қолданысқөа енгізу;
–жұмыс жасап тұрған технологиялық процестерді жақсарту, энерготехникалық мінездемесін жақсарту кезіндегі негізгі фондты модернизациялау және қайта құрастыру.
Кесте-10. Әлемдегі қолайлы энергетикалық көрсеткіштер
Өнім, технология
|
Минималды қажетті энергия шығыны
|
ή, %
|
ГДж/т
|
кВтсағ/т
|
Төмендегі технологиялармен қорытылған болат:
шойын қорытпасы + болат қорытпасы
метал сынықтарының электрқорытпасы
темірді тура қалпына келтіру
|
14,4
2,6
3,0
|
4003
723
834
|
59,2
88,1
77,1
|
Алюминий (гиноземадағы)
|
40,6
|
11286
|
87,1
|
Мыс (пирометалургиялық процесс)
|
28,0
|
7784
|
12,6
|
Қорғасын (шахталық қорытпа)
|
6,0
|
1668
|
25,7
|
Мырыш:
пирометалургиялық әдіс
гидрометалургиялық әдіс
|
20,2
37,3
|
5615
10342
|
34,6
53,2
|
Титан (магний – термиялық әдіс)
|
52,5
|
14595
|
61,6
|
Өнімнің шығарылуы:
мұнай
газ
|
0,36
0,18
|
100
50
|
-
-
|
Қара металлургияның ең отын сыйымды өндіріс саласына прокатты және құбырлық (10%), агломерационды (6%), доменді өндіріс жатады. Электрсыйымдылық өндіріс саласына темір қорытпасы (электр энергия шығыны 17%-ға дейін), таукен (кенді шығару және байыту 14,6%), прокатты (12%), электр балқыма (4,4%), оттегі өндірісі (7%) жатады. Жылу энергиясының азғантай мөлшері коксхимилық (18,4%), прокатты (7,6%), доменді (4,4%).
Қара металлургияның энергия үнемдуінің негізгі бағыты мыналар:
–агломерациялық өндірісіне және рекуперационды жылуы бар окатыш өндірісіне дамушы дамушы тенологияны енгізу;
–коксхимия өндірісінде термиялық дайындық шихтасын қолданады; шихтаның темір кенді бөлігінің құрамындағы темірді ұлғайту; шихтадағы кескіндік материалдардың үлесін жоғарлату; орташа температураны және құрама үрлеудегі қолданысын жоғарлату;
–отыны шаң көмірлі домен пешін үрлеу; домен газын қышқылданудан тазартып, рецеркуляциялау; мүліксіз комрпессор агрегатын қолданысқа енгізу.
Қара металлургияны дамыту үшін кешенді іс – шараны жүзеге асыру керек:
–эксплуатациялауды ауыстыру және жаңа жылу утилизациялық қондырғыны қолданысқа енгізу;
–коксты құрғақ өшіру технологиялық қолданысын кеңейту;
–пештің жұмыс кеңістігіндегі қысымды жоғарлату;
–домен пештерін ірілендіру;
–үрлеу температурасын жоғарлату; оттегі берілетін газ тәрізді, сұйық және қатты қалпына келгішті үрлейтін құрама үрлегішті қолдану;
–болатты үздіксіз құю үлесін жоғарлату;
–өндірістегі мартен әдісін оттек – конверторлы және электроболат қорытпасымен ауыстыру;
–прокаттау поцесіндегі термиялық сорттық реттеу және беттік прокат технологиясын құрастыру және меңгеру;
–металды қыздыру циклының санын қысқарту мақсатында технологиялық прокат өндірісін жасау;
–қышқылданудан тазалағышы бар табиғи газдан конверция әдісі арқылы алынатын домна ыстық қалыпына келетін газды үрлеу;
–агломерант және окатыш өндірісінің технологиялық процесін жақсарту;
–газды утилизациялау компрессоры жоқ турбинаның қолданысын кеңейту;
–отын ретінде конвертор газын толықтай қолданысқа енгізу;
–отын режимінде темір қорытпа газын утилизациялау мақсатында ашық пешті жабық пешпен ауыстырып, темір қорытпа өндірісін реконструкциялау;
–шихтаның сапасын көтеру есебінен электроболат қорытпасы өндірісінің энергетикалық тиімділігін жоғарлату.
Қара металлургиядағы ЭР-тың тиімді қоланысы үздіксіз болат құю қондырғысымен (ҮБҚҚ) жүзеге асады. Бұл қондырғылар зауыттағы қайталау арқылы болатты құю немесе блюминга мен кесегінде сығу сияқты процестердің сатылы өндірісін алып тастауға мүкіндік береді.Болат қорытпа цехында процестерді толық автоматтандыру үшін болат қорытпасы және прокат цехындағы металлдың үздіксіз ағынын бір кешенге жинақтау арқылы негізін құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |