Отоларингология және офтальмологиядағы хирургиялық аурулар курсы бойынша экзамен сұрақтарына жауап


Қабақтың ішке айналып кетуі. Қабақтың сыртқа қайрылуы.Емі



бет4/28
Дата18.06.2024
өлшемі80.65 Kb.
#502669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Отоларингология және офтальмологиядағы хирургиялық аурулар курсы бойынша симуляциялық сабақтардың тақырыптық жоспары (копия) (копия)

Қабақтың ішке айналып кетуі. Қабақтың сыртқа қайрылуы.Емі.

  • *7сұрақ*

  • *Қабақтың ішке айналып кетуі. Қабақтың сыртқа қайрылуы.Емі.*

  • Жауабы:

  • Қабақтың ішке айналып кетуі- кірпік қырының көз алмасына қарай айналып кетуі. Соның салдарынан көздің қасаң қабығы тітіркеніп қабынуы.


  • Емі. Көз ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілерді қолдану нәтиже бермейді немесе емді тоқтатса қайта өршиді. Негізгі емі оперативтік. Бұл операция ауылшаруашылық малдарында көбіне жылқыға, ал ұсақ үй жануарларында итке жасалады.




  • Операция техникасы: Ірі малдар (жылқы) станокқа ал ит - мысықтар операция столына бекітіледі. Жалпы ауырсындырмау нейролептиктермен (аминазин, рампун, рометар) және қабақ терісінің ішіне 2% новокаин егіліп, жергілікті ауырсындырмау жасалады. Операция алаңының жүні, кірпіктері қырқылып, 5% иодпен немесе монклавит -1 мен өңделеді. Операция техникасы қарапайым болғанымен, сәл ауытқу қабақтың қайта қалпына келтіруге келмейтін кемістігіне әкелуі мүмкін. Жоғарғы қабақ ішке айналғанда қабақтың үстінен 0,75 – 1 см қашықтықтан қабақ үсті терісі хирургиялық қысқышпен ұсталып көтеріледі. Оның биіктігі қабақтың қалыпқа келуімен анықталады. Жылқыда орташа 0,5 – 1,0 см. Содан соң осы артық тері қатпары тері асты борпылдақ ұлпасымен қоса қайшымен кесіп алынады. Пайда болған тері жарақатының жиектері бір – біріне жақындастырылып, ара қашықтықтары 1,0 см - ден бірнеше жерден түйін тігіспен тігіледі. Астыңғы қабақ ішке айналғанда жасалатын операция техникасы осындай, айырмашылығы операция төменгі қабаққа жасалады. Кейде көздің астынғы және үстінгі қабақтары қоса айналуы да мүмкін. Онда операция екі қабаққа да бірдей жасалады. Егер қабақтың айналуы көздің сыртқы немесе ішкі бұрыштарында болса операция сол көз бұрыштарына қарсы теріге жасалады. Мұндай жағдайда көздің сыртқы немесе ішкі бұрышынан үшбұрышты терісі кесіліп алынады (тағаны қабаққа қараған жебе ұшы тәрізді үшбұрыш). Үшбұрыштың төбесі мен көз бұрышынан қашықтығы 1,5 – 2,0 см. Пайда болған тері жарақаты ортасынан бастап екі жағына қарай түйін тігіспен тігіледі.



  • Қабақтың сыртқа айналуы (қабақьың сыртқа түйілуі) – (ectropium palpebrae) бұл кемістікте қабақ жиегі толық немесе жартылай сыртқа қарай қайрылып, қасаң қабықтан ажырап, көз саңылауын жаппайды. Оның себептері:




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет