Оңтүстік Қазахстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық санитарлық жәрдем кафедрасы
Төтенше медицина курсымен жедел және шұғыл медициналық көмек циклынан
ДӘРІС КОМПЛЕКСТЕРІ
Мамандығы: 011105 - Мейірбике ісі
Сағат көлемі: (II кредит) 90 сағат
Семестр: III курс V семестр
Шымкент – 2013
Кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент __________ Югай Н.В.
Хаттама №_________ «_______» __________ 2012 ж.
Тақырыбы № 1. Жедел жәрдем қызметінің жұмысын, құрылымын,
құрал-жабдықтарын ұйымдастыру.
Мақсаты:
Жедел жәрдем қызметінің жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптерін үйрету. Құрылымы мен құрал-жабдықтарымен таныстыру. Ауруханаға дейінгі кезеңде жедел медициналық жәрдем көрсету тактикаларын үйрету.
Дәріс тезистері:
Жедел жәрдем беру медицинаның әр түрлі салаларындағы фундаментальді білімді қажет ететін, дәрігерлік тәжірибенің шыңы болып табылады.
Жедел жәрдем дәрігері жан-жақты мамандықты игеруі тиіс. Оған міндетті түрде жедел терапия, хирургия бойынша, акушерлі іс, босануды дұрыс жүргізу, токсикология негіздері, травмотология, педиатрия бойынша білім қажет.
Жедел медициналық жәрдем ұйымдастыру және құрылымы біздің республикамызда едәуір мөлшерде, денсаулық сақтаудың жалпы даму деңгейін анықтайды. Әр бір адамның активті өмірін сақтау және бекіту, ұзарту қажетті қызмет болып табылады.
Негізгі мақсаттары шақырған жерге мерзімінде жету, диагностикалаудың жоғары сапасын өткізу болып табылады, және шұғыл емдік шараларды толық орындау, және күрделі емдік тактикалық сұрақтарды шешу.
Олар ауруханаға дейінгі этапта шұғыл көмектің барлық түрлерімен қамтамасыз етеді, зақымдалуына немесе ауруына сәйкес мамандандырылған кезекші стационарға зақым шеккен және науқастарды жеткізу, т. б болып табылады.
Медициналық жедел жәрдем станциялары - бұл ересек тұрғындарға және сондай-ақ жасөспірімдер, балалар өміріне қауіпті жағдай туғанда, оқыс жағдайларда, жедел ауыр кеселдерде оқиға болған жерде және жол бойындағы апаттарға көрсетілетін тәулік бойы ақысыз қызмет атқаратын медициналық ұжым.
Негізгі шарттары:
халыққа толық тиімді;
уақтылы ұйымдасқан түрде көмек көрсету;
көлемі аумақты және жоғары дәрежелі;
тиісті мед.ұжымдарға кедергісіз госпитализация жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Медициналық "шұғыл" – көмек көрсету деген түсінік барлық шұғыл, кезек күттірмейтін, патологиялық жағдайларды, кенет дамыған, ішкі және сыртқы факторлар әсерінен болатын ауырлық дәрежесіне қарамастан тез арада диагностикалық және емдік жұмыстарды талап ететін жағдайларды білдіреді.
"Кенет жағдай" деген түсініктің мағынасы – өмірге қауіпті кенеттен болатын, денсаулықтың күрт нашарлауына алып келетін адам организмінде болып жатқан патологиялық өзгерістерді білдіреді және емдеу барысында кезек күттірмейтін шұғыл бірлескен емдік шараларды талап ететін жай.
Бригадалардың шығу уақытының тәртібі:
жедел жәрдем бойынша – 4 мин. дейін.
шұғыл тасымалдау бойынша – 30 мин. дейін.
жоспарлы тасымалдау бойынша – 90 мин. дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |