Жарық тітіргендіргішінің әсерінен жануарлар дүниесінде арнаулы көру ағзасы – organum visus пайда болды, оның басты бөлігі барлық жануарларда эктодермадан пайда болатын арнаулы сезімтал жасушалар болып табылады. Олардың көбі пигментпен қоршалған. Пигменттің маңызы жарықты белгілі бір бағытта өткізіп, артық жарық сәулелерін ұстап қалуда.
Иіс сезу ағзасы - organum olfactus - өзінің негізгі бөлігінде эктодерманың ішкі жоқ ойысы болып табылатын иіс сезу шұңқырын астарлап жататын сезімтал (нейросенсорлық) иіс сезу жасушаларынан тұрады.
Бұл сезімтал элементтер, иіс сезу нейросенсорлық жасушалары мұрынның шырышты қабығында, жоғарғы мұрын қалқаны мен мұрын қалқасының қарсы жатқан бөлігінде орналасқан иіс сезу жолының бірінші нейрондарын түзеді, олардың аксондары nn.olfactorii құрамында торлы сүйектің lamina cribrosa – дағы тесіктері арқылы bulbus olfactorius – қа өтіп, сол жерде иіс сезу шумақтарында glomeruli olfactorii - аяқталады. Осы жерде екінші нейрондар (митралды жасушалар) басталады, олардың аксондары иіс
сезу жолы құрамында жүріп, иіс сезу жолы сұр затының жасушалары trigonum olfactorium, anterior subsantia perforate және бозғылт қалқада аяқталады.
Торлы қабықтың нерв элементтері үш нейрондар тізбегінен құралады. І-ші звеносы торлы қабықтың жарық сезгіш клеткаларынан (таяқша және сауыша) көру анализаторының рецепторларынан құралады. 2-ші звеносы - биполярлы нейроциттер және үшінші ганглиоздық нейроциттердің өсінділері көру нервтерінің нерв талшықтарына жалғасады.
Сыртқы құлақ auris externa, құлақ қалқаны мен сыртқы есту өтесінен тұрады. Құлақ қалқаны әдетте құлақ деп аталады, ол терімен қапталған серпінді шеміршектен түзілген. Құлақ қалқанының сыртқы пішіні мен шығыңқы жерлері шеміршекке байланысты бос қайрылғанжиегі құлақ шиыршығы- helix және оған паралель қарсы шиыршық antihelix, сондай-ақ алдыңғы томпақ құлақ бүртігі tragus және соның артында жатқан құлаққа қарсы бүртік antitragus деп аталады.
Ортаңғы құлақ, auris media дабыл қуысы мен есту түтігінен тұрады. Ол дабыл қуысын жұтқыншақтық мұрындық бөлігімен жалғастырады. Ол дабыл қуысы мен есту түтігінен тұрады. Ол дабыл қуысын жұтқыншақтық мұрындық бөлігімен жалғастырады.
Дабыл қуысы cavitas tumpanica, самай сүйегі пирамидасының негізінде сыртқы есту өтісі мен ішкі құлақ (лабиринт) арасында жайғасқан.
Есту түтігі (tuba anditiva) немесе Евстахий түтігі (Eustachii, осыдан түтіктің қабынуы - евстахиит), ауаның жұтқыншақтың дабыл қуысына келуіне арналған, осы арқылы қуыс іші мен сыртқы атмосфера қысымы арасындағы тепе-теңдік сақталады. Бұл лабиринтке дабыл жарғағы тербелістерін дұрыс өткізу үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |