1.Тақырып №9: ІСБ және оның маңызы. Гипоталамо-гипофизарлық
жүйе. Қалқанша безі. Қалқанша маңы безі.
2.Оқу сағаттарының саны- 2 сағат
3.Тақырыптың маңыздылығы:
Ішкі секреция туралы ілім-эндокринология физиологияның тамаша жетістіктерінің бірі. Ішкі секреция деп бездің секретінің тікелей ішкі ортаға-қанға, лимфаға жұлын сұйықтықтарына түсуін айтады.
Сабақтың мақсаты:
- студенттерге гормондардың әсерін үйрету.
Студент білуі тиіс:
ішкі сөлініс бездерінің гистологиялық ерекшеліктері;
ішкі сөлініс бездері бөліп шығатын гормондар мен олардың жіктелуін;
гормондардың ағзаларға әсер ету жолдары мен механизмдерін;
ішкі сөлініс бездерінің жүйке-гуморальдық қызметінің реттелу механизмін;
Студент жасай білуі тиіс:
ішкі сөлініс бездерінің топографиясын анықтау;
адреналиннің бақа көзінің қарашығына әсерін;
адреналиннің бақа жүрегіне тигізетін әсерін;
адреналиннің қан айналысының үлкен шеңберіндегі қан тамырларына тигізетін әсерін.
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
- негізгі білім бойынша
1. эндокринология жөніндегі ілім және оның даму сатылары.
2. Ішкі сөлініс бездеріне қандай бездер жатады?
3. Гормондар туралы ұғым.
4. Гипоталамустық эндокриндік жүйе деген не?
а) либериндер;
б) статиндер;
5. Аденогипофиздің гормондарының қызметі.
6. Бүйрекүсті бездерінің морфофункцианальдық ерекшеліктері.
7. Ұлпалық гормондар.
Негізгі сабақ бойынша сұрақтар:
1. Ішкі сөлініс бездерінің зерттеу әдістері.
2. Гипоталамус – гипофиздік жүйе. Гипоталамустың нейропептидтері. Либелиндер мен статиндер.
3. Шеткі ішкі сөлініс бездері қызметінің орталық механизмдер арқылы реттелуі.
4. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары, оның әсері.
5. Нейрогипофиз гормондарының ағзаға әсері.
6. Қалқанша безінің ағзаға физиологиялық әсері және оның қызметінің реттелуі.
7. Қалқан серік бездері.
8. Ұйқы безінің эндокриндік қызметі.
9. Бүйрекүсті бездері. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты бөлетін гормондарының зат алмасу мен ағза қызметтерін реттеудегі мәні.
10. Бүйрек үсті бездерінің милы қабаты гормондарының физиологиялық әсері.
11. Гипоталамус – гипофиздік-бүйрекүсті бездер жүйесі.
12. Асқазанның гастроинтестинальдық гормондары.
13. Жас ерекшеліктеріне байланысты ішкі сөлініс бездерінің өзгерулері.
6.Ақпараттық- дидактикалық блок:
Ағзаның өсуі, дамуы, зат алмасуы процесстері гормон арқылы реттеледі.
Гомондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпаларға, ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:
1. Метаболитикалық ұлпалардың өсуіне өзгеріске (метаморфозға) әсері;
2. Морфогенетикалық ұлпалардың өсуіне өзгеріске (метаморфозға) әсері;
3. Кинетикалық орындаушы ағзалардың активтілігіне немесе тежеуші әсері;
4. Ұлпалар мен ағзалардың қызмет қарқынын өзгертуге әсері;
Гормондар химиялық құрылымына биологиялық қасиеттеріне байланысты 3 класқа бөлінеді.
1. белоктық – пептидті қосылымдар (инсулин, глюкоген, соматотропин т.б.);
2. Стереоидтар (бүйрекүсті безі қабығының және жыныс безі гормондары);
3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер – адреналин, норадреналин). Гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады, олар вегетативтік жүйке жүйесінің тамырларымен торланған. Кейбір ішкі секреция бездері баланың эмбриондық дамуы кезінде қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың эмбриондық дамуы кезінде қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың дамып, жетіліуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әр түрлі болады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне байланысты болады. Ішкі секреция бездерінің дамуында ең ертедифференциацияланып, қызмет атқара бастайтын бездер – эпифиз, Лангерганс аралшалары және бүйрек үсті бездерінің кейбір жері. Ал, балалық шақта және жыныстың жетілу кезеңінде қалқанша безінің қызметі күшейеді.
Бүйрек үсті бездерінің қызметі екі рет күшейеді;
- біреуі ұрықтың шақта;
Екіншісі жыныстың жетілу мерзімінде;
Гипофиздің соматотропин гормонының белсенділігі жыныстың жетілгенге дейін күшті. Ішкі секрециялық бездерінің ішінде ең кеш дамитыны жыныс бездері. Олардың дамуы алдында гипофиздің гонадотроптың гормондарының қызметі артады. Сонымен, нейрогормональдық реттеу алдымен өсуді, бала денесінің дамуын және сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді де, кейінірек ұрпақ жалғастыру қызметін дамытады. өсіп келе жатқан ағзада ішкі сөліністік бездердің қызметі өзгермелі келеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.
2. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ.
Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.
3. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.
4. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.
5. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.
6. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.
7. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.
8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.
9. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.
Тестер :
~ Қалқанша маңы бездерiнiң гормонына...жатады.
| паратгормон+
| тирокальцитонин
| инсулин
| глюкагон
| альдестерон
~ Паратгормонның қанға бөлiнуi ...тудырады.
| кальцийдiң жоғарылауын+
| кальций төмендеуiн
| амин қышқылдарының жоғарылауын
| амин қышқылдарынын төмендеуiн
| фосфордың жоғарылауын
~ Бүйрек үстi бездерiнiң қыртыс қабатын алып тастағанда...байқалады.
| су-тұз алмасуының бұзылуы+
| ақуыз алмасуының бұзылуы
| май алмасудың бұзылуы
| көмiрсулар алмасуының бұзылуы
| витаминдер алмасуының бұзылуы
~ Ас қорыту жүйенiң гормондарына ...жатады.
| вилликинин, бомбезин, секретин, мотилин+
| гастрин, секретин, АКТГ, ФСГ
| вилликинин, бомбезин, тироксин, мелатонин
| АКТГ, бомбезин, ФСГ, секретин
| мотилин, адреналин, тироксин, гастрин
~ Iшкi секреция бездерiн зерттеу әдiстерiне... жатады.
| клиникалық-анатомиялық-морфологиялық, биохимиялық, транслантациялық, шартты рефлекстiк+
| фистуламен, экстирпациямен, белгiленген атомдармен, биохимиялық
| изотоптық, биохимиялық, полифистулалық сәулелендiру арқылы
| изотоптық, биохимиялық вивидиффузиялық, кесу арқылы
| парабиоздық, трансплатациялық, вивидиффузиялық, сәулелендiру арқылы
~ Альдостерон әсерiне...жатады.
| нефрон түтiкшелерiндегi Na реабсорбциясын күшейту және суды ұстау+
| шумақтық фильтрацияны күшейту және нефрон түтiкшелерiндегi К- реабсорбциясын күшейту
| нефрон тутiкшелерiндегi Na реабсорбциясын тежеу және суды ұстау
| шумақтық фильтрацияны тежеу және нефрон тутңкшелерiндегi Na реабсорбциясын тежеу
| судын реабсорбциясын кушейту және нефрон тутiкшелерiндегi Na тежеу
| реабсорбциясын тежеу
~ Менструалды циклды бақылайтын гормондарға ...жатады.
| ФСГ, эстрогендер, ЛСГ, прогестрон+
| меланотропин, андрогендер, ЛСГ, прогестрон
| СТГ, ФСГ, прогестрон, эстроген
| ФСГ, глюкагон, СТГ, паратгормон
| ФСГ, инсулин, прогестрон
~ Әйелдердiң жыныстық гормондарына... жатады.
| эстрон, экстрол, эстрадиол+
| паратгормон, серотонин, тирокальцитонин
| серотонин, экстриол, брадикинин
| тироксин, экстрон, тестотерон
| тестотерон, тироксин, серотонин
~ Инсулин...
| гипогликемия тудырады, клеткалармен глюкозана пайдалануын жоғарлатады, гликогеннiң бауырда, бұлшықетте глюкозадан синтезiн тудырады.+
| жасуша мембранасында глюкоза өткiзгiштiгiн жоғарлатады, гипергликемия тудырады, бауыр жасушаларында гликогенолиз тудырады, гликонеогенездi тежейдi.
| амин қышқылдары мен глюкоза өтуiн төмендетедi, глюкоза гликогенге айналуын тежейдi, гипергликемия тудырады.
| гликогенездi күшейтедi, глюкоза тотығуын күшейтедi, кетондық денелердiң түзiлуiн азайтады.
| ақуыздардың катаболизмін азайтады, гипергликемия тудырады, глюкоза мен амин қышқылдарына жасуша мембранасының өткiзгiштiгiн жоғарлатады.
~ Қалқанша бездiң гормондық қызметiн …күшейтедi.
| симпатикалық жүйкелер, тиротропин, адреналин+
| кезеген жүйке, тиротропин, йод иондары, адреналин
| кортикостероидтар, вагус, норадреналин
| адреналин, сомастатин, кезеген жүйкелер
| норадреналин, гонадотропиндер, глюкагон
Достарыңызбен бөлісу: |