Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас аудыны, Тұраркент ауылының



Дата29.02.2016
өлшемі23.82 Kb.
#33334




Оңтүстік Қазақстан облысы,

Түлкібас аудыны,

Тұраркент ауылының

Құралай атындағы жалпы орта мектебінің

10 сынып оқушысы

Оспан Әсел Оспанқызы

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 65 ЖЫЛ!
Біздің ел төрт жылдық фашисттерге қарсы қасіретті соғыстың аяқталуына және 1945 жылдың 9-мамыр жеңіс күнінен бері алпыс бес жыл өткендігін тойлау барысында.

Ия, көптеген біздің аталарымыз осы жазылмайтын жараның орнын толтыруда. Миллиондаған отбасылар өздерінің жақын жандарын жоғалтып жатты. Мыңдаған балалар әкелерінен, ал аналарымыз болса ұлдарынан айрылды. Қаншама жас жұбайлардың шаңырақтары шайқалды.

Осынау қиын-қыстау замандар біздердің отанға деген махабаттымыз ешқашанда өшпейтінін айқындады. Әрбір соғыста болған ардагерлеріміздің, тылда жұмыс істеген аталарымыз бен апаларымыздың еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес.

Соғыс жылдары қазақстандықтар майданда ғана емес, сонымен қатар тылда да еңбек еткен. Қазақстанға көптеген жоғарғы оқу орындары, институттар, зауыттар, театрлар, кітапханалар көшіріліп, және де олармен бірге ғалымдар, суретшілер, әртістер, инженерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер қоныс аударып жатты. Қазақ елі майданға оқ-дәрілерді, тамақ, киім және көптеген заттармен қамтамасыз етіп келді.

Неміс-фашист басқыншылары мыңдаған қалалар мен ауылдарды, миллиондаған үйлерді, теміржол тораптарын және пошта мекемелерін толығымен қиратып тастады. Көптеген ауруханалар мен мектептерді, кітапханаларды жойып жіберді. Бұл қасіретті соғыс адамзат баласына не алып келді? Қайғы, зардап, адамдардың жақындарын жоғалтуы, басқа еш нәрсе жоқ.

Қазақ халқының батырлық ерліктері мен еңбектері әрқайсымыздың санамызда өшпейтіні анық. Қазақтардан шыққан батыр ұл-қыздарымыздың көрсеткен ұлы жетістіктері мәңгілік ойымыздан кетпейді. Мысалы, батыр Сұлтан Баймағамбетов, Ленинградты азат ету барысында Матросовтың ерлігін қайталап, атқылап жатқан жау амбразурасын кеудесімен жапқан. Екі бірдей қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова да соңғы гитлер әскерін жою кезінде Кеңес Одағының Батыры деген атқа ие болды. Ұлы Отан соғысында болған өзімнің Әбікен ата мен Мәткәрім ата және Мырзабек аталарымның жасаған ерліктерін мәңгілік еске алып, үлгі тұтып жүремін. Барлық батырларымыздың жас ұрпақтарға көрсеткен ерліктері алтын әріптермен жазылуы тиіс.

Осынын барлығын ескере отырып, біздің жас жеткіншектердің тәрбие барысында отанды сүюі, патриоттық сезімдерінің оянуын байқалады. Шындық пен алдаудың айырмашылығын танып, өзіне дұрыс бағытты тандайды. Ол дегеніміз – Отанды бағалау, барынша оған адал болу.
Мырзабек атамның соғыстан келген хаты!
«Биссмилла» - деп сөз бастайын жалғыз хаттан,

Пәледен көрмей жігіт бұрын сақтан

Жаратқан құдіретті күшті құдай,

Пендесін аларында ығын тапқан.

***

Азырақ болған істі баяндайын,



Іштегі бар сырымды аянбайын

Бойымдағы күш қуатты жиып алып,

Сіздермен өтірік айтып етпей, мақтанбайын.

***


Бірінде қыркүйектің Шудан кеттім,

Бесінде барар жерге (Ферғанаға) әрен жеттім

Тар жолда бір шелпекті қойныма сап,

Алтысында солдат болып жерді тептім.

***

Қолдай көр Есім баба жақсы жайдан,



Тиюші еді қысылғанда талай пайдан

Болса да қырық жыл қырғын ажал да өледі,



Сақта деп үміткермін бір құдайдан.

***

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет