Оңтүстік Қазақстан облысының
2015 жылғы қаңтар-шілде айларындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
Өнеркәсіп. 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 341 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2014 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 103,5% құрады.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 26,6% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 35,6% артып, 90,9 млрд. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 62,7%) өнімінің нақты көлем индексі – 96,3%, немесе өнім көлемі 213,6 млрд. теңгені құрады.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 30,6 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 77,8% құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 5,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,2% құрады.
Аса маңызды өнімдердің ішінде сүт өндіру – 7,8%, (10,9 мың тонна), мақта иірімжібі – 32,3% (6372 тонна), мақта маталары – 3,1% (12,3 млн. шаршы метр), цемент – 2 есеге (1139,9 мың тонна), артқан.
Сонымен қатар, ұн – 9,9% (өндірілгені – 426,9 мың тонна), мақта талшығы – 26,2% (16,4 мың тонна), бензин – 25,9% (469,6 мың тонна), керосин – 30,3% (120,6 мың тонна), мазут – 31,5% (432,1 мың тонна), кеміген.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 118,3 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 105,0% құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығында – 91,6 млрд. теңгеге (103,7%), егін шаруашылығында – 26,4 млрд. теңгеге (109,9%) өнім өндірілді.
Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 111,5 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 435,8 мың тонна – сүт, 173,1 млн. дана – жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 105,2%, 100,8% және 106,8% құрады.
2015 жылдың 1 тамызына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 899,6 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 102,3%, қой – 4032,5 мың бас, немесе 104,1%, ешкі – 362,1 мың бас, немесе 97,0%, жылқы – 228,1 мың бас, немесе 108,3%, түйе – 24,2 мың бас, немесе 106,6%, шошқа – 30,5 мың бас, немесе 126,3%, құс саны – 2417,9 мың бас, немесе 98,9% құрады.
Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 80,7 млн. тонна жүк және 1312,1 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне тиісінше, 106,2% және 104,3% құрады.
Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 10,8%-ға, жолаушылар тасымалдау – 1,5%-ға, артты, тиісінше, 563 тонна жүк және 688,2 мың жолаушы тасымалданды.
Байланыс кәсіпорындары 6277,4 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7% артық. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 61,9%-ды құрады.
Жалпы табыс көлемінде басым үлесі – жергілікті телефон байланысына – 27,0%, халықаралық және қалааралық телефон байланысына – 7,1%, интернет – 41,9%.
Шағын кәсіпкерлік. Белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерінің саны 2015 жылғы 1 тамызға 187,1 мың бірлікті немесе 2014 жылғы тиісті кезеңге 100,9% құрады.
ШОК жұмыспен белсенді қамтылғандар саны 2015 жылғы 1 сәуірге 261360 адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 2,2% кеміді.
2015 жылғы қаңтар-наурыздағы шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 98,1 млрд. теңгені немесе 2014 жылғы қаңтар-наурызға 102,9% құрады.
Инвестиция саласы. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 177,6 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 89,5% құрады.
Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 124,3 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6% артты.
Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 32,3%, немесе 57,4 млрд. теңге, меншікті қаражаттары – 49,9% немесе 88,6 млрд.теңге, қарыз қаражаты – 17,8%, немесе 31,6 млрд.теңге.
Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 34,9% және 25,0% құрады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде тұрғын үй құрылысына 11 млрд. теңге инвестиция бағытталған, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 89,1% құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 197,3 мың шаршы метрді құрады, және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,5% құрады.
Сыртқы сауда. 2015 жылғы қаңтар-маусымда облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 1600,5 млн. АҚШ долларын немесе 2014 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 74,1% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 817,1 млн. АҚШ долларын немесе 71,8%, импорт – 783,4 млн. АҚШ долларын немесе 76,6% құрады.
Экспорт Евразиялық Экономикалық Одақ елдерімен 248,7 млн. АҚШ долларын (немесе 116,4%), импорт – 184,7 млн. АҚШ долларын (немесе 83%) құрады.
Салықтық-бюджеттік сала. 2015 жылдың 1 тамызына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 111,5 млрд. теңгені, немесе жоспарға –107,1%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 99,9% құрады.
Республикалық бюджет 58,4 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 52,4%), немесе, жоспарға – 108%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 85,6% құрады.
Жергілікті бюджетке 53,1 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 106% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 122,4% құрады.
Ақша-несие саясаты. 2015 жылғы 1 шілдеге екінші деңгейлі банктермен 105,2 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9% кеміді, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 2,3 млрд. теңге несие берілді, немесе 21,3% кеміді.
Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 19,5 млрд.теңгені құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 89,1% құрады.
Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 57,8%, өнеркәсіп – 19,8%, сауда – 15,8%, ауыл шаруашылығы – 0,2%, құрылыс – 4,4%, көлік салаларына – 2,0% берілген.
Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 133,3 млрд. теңгені, немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 16,4% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (55,5%) шетел валютасында.
Бағалар. 2015 жылдың шілдесінде облыста тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың желтоқсанына 101,2% құрады. Азық-түлік тауарлары – 0,1%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 0,7%, ақылы қызметтер – 2,8%-ға жоғарылады.
Азық-түлік тауарлары нарығында баға шұжыққа – 2,2%, жұмыртқаға – 7,6 %-ға баға өсімі байқалды.
Азық-түлік емес тауарларынан маталар – 1,3% жиһаз үй керек жарақтары – 0,8% қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсету саласында тұрмыс құралдарын жөндеу бойынша қызметтер – 2,1%, әуе көлігі – 1,3%-ға жоғарылады.
Халықты әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 1 тамызына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1625 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады.
2102 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2179 адамға кем.
18 жасқа дейінгі 300,9 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 41,4 мың балаға артты.
Тұрғын үй көмегі 6121 отбасыға көрсетілді, немесе 241 отбасыға кеміді.
Демография. 2015 жылдың 1 шілдесіне облыс халқының саны 2813,6 мың адамды құрады (2014 жылдың 1 шілдесіне – 2761,3 мың адам), оның 1262,0 мыңы қала халқы (44,9%), 1551,6 мыңы – ауыл халқы (55,1%).
Жұмыспен қамту. 2015 жылдың IІ тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1233,4 мың адамды, жұмыссыздар саны – 65,9 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3% құрады.
Ағымдағы жылғы 1 тамызға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 33911 жұмыссыздың – 23878-і, немесе 70,4% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 35009 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 18651 тұрақты жұмыс орны ашылды.
Халықтың табысы. 2015 жылдың I-тоқсанында облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 37304 теңгені құрап, 2014 жылдың I-тоқсанымен салыстырғанда 7,7-%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 101,2% құрады.
Денсаулық сақтау. 26 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстарына бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінді.
2015 жылы облыстық бюджеттен 17 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 1138,6 млн. теңге қарастырылған.
Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, жергілікті бюджеттен – 1345,6 млн. теңге қарастырылған.
Сала желісі 860 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 101 – аурухана, 243 – амбулаторлы-емханалық мекеме, 229 – медициналық пункт, 270 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 17– басқалар.
Білім беру. Облыста 157,8 мың тәрбиеленушісі бар 1454 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 902-і балабақша, 552-і шағын орталықтар.
Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 45,6%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 78,3% құрады.
2014-2015 оқу жылында жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 1022, ондағы оқушылар саны – 573,1 мың адам.
Жалпы орта білім беретін 1022 мектептің ішінен байланыс жүйелеріне – 1017 қосылған, интернет жүйелеріне - 1016 қосылған. Мектептер 36,0 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 16 оқушыдан келеді (2014 жылы - 11 оқушы).
262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 592 мектепке 1390 интерактивті тақталар орнатылған.
Орта білімді мамандар даярлаумен 97 колледж (оның ішінде 42 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 77,1 мың оқушыны (мемлекеттік – 40,6 мың оқушы) құрады.
Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 11 жоғарғы оқу орны (оның ішінде 3 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 74,6 мың студенттер, оның ішінде 21,8 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.
Мәдениет. Облыста 752 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 427 - кiтапхана, 25 – мұражай (оның 11 филиал), 266 – клубтық мекеме, 8 – театр, 11 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.
Спорт. Облыста 5042 – спорт нысандары, оның ішінде 22 – стадион, 3656 – жазық-алаңшалық ғимараттар, халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 586,7 мың адамды немесе облыс халқының 21,0% құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |