Мақта егілетін аймақтарда ауыспалы егістерді енгізу мен сақтауды бақылау арқылы жүзеге асырылады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құдіреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Мақта шаруашылығындағы мемлекеттік саясатты, мақта рыногының даму стратегиясын әзірлейді және іске асырады.
Мақта шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағдарламасын бекітеді;
-
Мақта рыногы саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады;
-
Мақта рыногы саласындағы үкіметті органды айқындайды
-
Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді.
-
Сақтау бұқаралық шартының және қайта өңдеу бұқаралық шартының үлгі нысандарын бекітеді.
-
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының қызмет етуі және таратылуы ережесін; мақтаны қайта өңдеу кәсіпорындарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесін; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының кепілдік алуы ережесін; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының міндеттерін жоюы ережесін, сондай-ақ мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларында мемлекеттің қатысу нысаны мен тәртібін бекітеді.
8. 41-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі.
Осы Заң 2006 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Өндірісті дамытудағы және мақта өңдеудегі маңызды қадам-құқықтық база құру болып табылады. “Мақта саласын дамыту туралы” Заңның жобасы әзірленіп, ол қолданысқа енгізілді. Мақта нарығындағы қатынастарды реттейтін болады. Әрі мақта өндірушілерді қолдау саясатынының құралына айналады. Бұл заң жобасының негізін құраушы сәттер –шаруалардың мүддесін қорғау, шаруалар мен мақта зауыттары арасында ойын тәртібін айқын және әділ белгілеу болып табылады.
Үкімет Қазақстанның Оңтүстік өңірінің экономикалық өркендеуіне бағытталған белгіленген жоспарларды мүлтіксіз іске асыратын болады.
Тағы бір айта кететін мәселе былтырғы және алдыңғы жылғы мақтаның бағасы көптеген диқандардың ұнжырғасын түсіргені жасырын емес.
2003 жылы шитті мақтаның бағасы 90 теңдеген болды. Ал кейінгі жылдары шитті мақтаның бағасы күрт төмендеп 40теңгеден аспай тұрды. Әрине, бұл ауыл шараушылығындағы диқандар үшін, ауыр тиіп отыр. Бағаның төмендеуінің нәтижесінде көптеген диқандар егістік көлемін азайта түсті. Мысалы, 2004 жылы облыс бойынша 219,1 мың гектер жерге мақта егілсе, 2005 жылы егістік көлемі 20,3 мың гектарға азайған. Соған сәйкес жиналуы тиіс шитті мақта көлемі де 17230 тонна кем жиналған болатын.
Жалпы алғанда мақта шаруашылығының қазіргі жағдайының басты мақсаты тығырықтан шығып кету, яғни кластерлік жүйе арқылы өзіміздің шикізатымызды өңдеп, шет елдерге шикізат ретінде емес, тауар ретінде экспортқа шығару көзделіп отыр.
3.2 Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының дамуындағы мақта шаруашылығының ролі.
Қазақстанның мақта шаруашылығын өркендетуге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта көптеген жеңілдіктер беріп, өз үлесін қосып отыр. Мақта шаруашылығы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының бірден – бір көзі болып отыр. Республикамыздың экономикасы шапшаң дамуда. Қазақстан келешектегі үш жыл ішінде экономикалық бағыты өте жоғары 8 – 8,5 пайызға көтеріледі – деп болжауда. Яғни бұл еліміздің болашақтағы экономикасы үшін жақсы көрсеткіш. Қазақстанның экономикасын одан әрі жандандыру үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылдың 6 шілдесінен бастап заңды түрде Оңтүстікте «Арнайы экономикалық аймақты» ашты. Бұл құрылған арнайы экономикалық аймақ тек Оңтүстік Қазақстан облысы ғана емес, республика экономикасына да өзінің оң ықпалын тигізеді деген үміт мол.
Арнайы экономикалық аймақтың негізгі мақсаты мақта өңдейтін жоғары технологиялық өндірісті, өнеркәсіптің тоқыма және тігін саласын кешенді дамытуды, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне белсенді түрде кіруін көздейді. Арнайы экономикалық аймаққа кіретін мекемелер толық істеген жағдайда нақты болжамдарға сүйенетін болсақ, облыста жыл сайын орта есеппен 1 млрд. АҚШ долларының өнімі өндірілетін болады. Оңтүстік өңіріндегі істер, жарқын көріністер елімізде ауыл шаруашылығына қатысты ұсталынып отырған саясаттың дұрыстығын, әрі өміршеңдігін тағы да дәлелдей түседі.
Құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймаққа Сайрам өлкесінен 200 га жер бөлініп, жоғары технологиялық 15 мақта тоқыма өндіріс орындарын ашып, 6000 – ға жуық адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Сонымен қатар 500,0 млн. доллар көлемінде инвестиция тартып, әлемнің алдыңғы қатарлы өндірістік құрал – жабдықтармен жасақталу қарастырылуда. Арнайы экономикалық аймақта істейтін тоқыма кәсіпорындары қосымша құн салығынан, коорпоративтік, жер және мүліктік салықтан толық босатылады. Арнайы экономикалық аймақтың негізгі міндеті облыста өндірілетін 150,0 мың тонна мақта талшығының кемінде 100,0 мың таннасын қайта өңдеп, дайын өнімге дейін жеткізу.
Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен « Оңтүстік » арнайы экономикалық аймағын құруға және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз етуге 821,4 млн. теңге қаражат бөлініп отыр.
«Оңтүcтік» арнайы экономикалық аймағы туралы бірнеше төмендегідей ережелер бар.
1. Осы ережеге қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес « Оңтүстік » арнайы экономикалық аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының аумағында орналасқан. Арнайы экономикалық аймағының аумағы 200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
2. Арнайы экономикалық аймағы: тоқыма өнеркәсібін, атап айтқанда , дайын бұйымдар өндірісін дамыту. Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру : дайын тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркерлерін өндірушілерді тарту: жоғары технологиялық өндірістерді құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту мен түр – түрін көбейту мақсатында құралады.
3. Арнайы экономикалық аймағының қызметі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 1996 жылы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңымен, осы ережемен және Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасында көрсетілгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережесі қолданады.
4. Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
5. Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы негізгі қызмет түрлері мыналар болып табылады.
1) Мақта – мата жіптерін және тоқыманың барлық түрін дайындау;
2) Тоқыма өндірісі;
3) Әрлеу – бояу өндірісі;
4) Дайын тоқыма бұйымдар өндіру;
5) Трикотаж және шұлық – ұйық бұйымдарын өндіру;
6) Трикотаж пуловер, кардиган және соған ұқсас бұйымдарды өндіру;
7) Арнайы киім шығару;
8) Сырт киім шығару;
9) Іш киім шығару;
10) Өзге де киімдер мен керек – жарақтар шығару;
11) Бизнес – жоспарды жобалау – сметалық құжаттаманы әзірлеуді құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізуді, арнайы экономикалық аймағының аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды қамтитын арнайы экономикалық аймағының қазіргі заманғы инфра құрылымын қалыптастыру.
Осы Оңтүстік Қазақстанда “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймақты дамыту бойынша инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі одан арғы шаралар.
- 2006 жылға арналған инвестициялық мүмкіндіктерді таныстыру жөніндегі ақпараттық жұмыстар жоспарын әзірлеу.
- Ірі әлеуметтік инвесторлармен тұсау кесерлер мен таныстыру жұмыстарын жүргізу.
- 2006 жылдың бірінші жартысында әлеуметті шетелдік және отандық инвестордың қатысуымен Оңтүстік Қазақтсан облысында 2- ші халықаралық конференция өткізу.
- Қазақстанның халықаралық мақта қауымдастығына кіруі жөніндегі мәселені пысықтау.
- Әлеуетті инвестормен олардың негіздемелік келісімдерге қол қоя отырып, АЭА – ға нақты қатысуы мәселесін пысықтау.
- АЭА дирекциясының инвестициялық компанияларымен бірлескен іс – қимыл жоспарын дайындау.
- Әлеуетті инвестордың қызметін ескере отырып, “Оңтүстік” АЭА – ны дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасын дайындау.
Осы “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағын дамытуға 500 млн. АҚШ долларына жуық жеке инвесторлар тарту күтіліп отыр. Арнайы экономикалық аймақ аумағында жіп иіру, тоқыма және тігін кәсіпорындарын салуға қатысуға бірқатар ірі отандық және шетелдік компаниялар ниет білдіріп отыр. Арнайы эконгмикалық аймақ құру және мақта – тоқыма кластерін қалыптастыру мынадай мүмкіндіктерді береді.
- қосымша 5000 – нан астам жұмыс орнын қамтамасыз ету;
- кластерге қатысушылардың іс - әрекетіне қызмет көрсету үшін қосалқы өндірістерді дамыту;
- Мақта талшығынан түпкілікті бұйымдар жасау кезінде қосалқы құнды ұлғайту есебінен жалақы деңгейін көтеру;
- Қазақстандық мақтаны өңдеу үлесін дайын бұйымдарда арттыру;
- Жаңа өндірістер құру есебінен бюджеттік түсімдерді ұлғайту.
Осы мүмкіндіктердің нәтижесінде облыстың бар мақтасы бүгінге дейін 150-170 млн. доллар табыс әкелсе, мақта – мата кластерін дамытуға арналған арнайы экономикалық аймақ негізінде 1 млрд. долларға дейін табыс таба алады. Сонда, осы салада жұмыс істейтін 1 млн-ға жуық адамның еңбегі ақталмақ. Бұл диқан жағдайын жақсартуға арналған кезекті бір шара. Мемлекеттің бағдарламасы бойынша жердің соры шайылып, дренаждар жүргізіліп жатыр. Үкімет басшылары келешекте “Оңтүстік ауылшаруашылық секторы Қазақстандағы ірі қозғаушы күшке айналады” , деп отыр. Өткен 2005 ж қыркүйек айында Алматы қаласында өткен халықаралық “Текстиль – Экспо” көрмесінде “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағының тұсау кесуін өткізген болатын. Сондай – ақ қазан айында Сингапурде өтетін әлемдегі ең үлкен ІТМА көрмесінде қатысуға келді. Бүгінгі күнде отандық және шетелдік инвесторлардан ұсыныстар түсуде. Олар - әлемге белгілі Риттер, Пиканоль, Санко, Холдинг, тағы да сол сияқты компаниялар.
Жаңа экономикалық аймақтың құрылуы - Оңтүстік Қазақстан өңірінің тарихындағы бұдан бұрын болмаған жағдай.
Негізгі мақсат – Елбасының сенімін ақтау. Жастар көп олардың ұмтылысы мықты. Бұл іске белсене араласқан жаңа толқын өкілдері тарихтың осы бетін ашуға атсалысқандарын мақтан тұтады. Құрылған арнайы экономикалық аймақ тек Оңтүстік Қазақстан облысына ғана емес, Республика экономикасына да өзінің оң ықпалын тигізеді деген үміт мол.
Жалпы алғанда мақта – еліміздің экономикасын өркендету ісінде зор маңызы бар өте бағалы дақыл. Сондықтан үкімет басшылары елімізде шитті мақта өндірісін одан әрі ұлғайтуға ерекше мән береді.
3.3 Облыс территориясында жеңіл өнеркәсіп салаларын орналастыру
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысы ірі индустриялы –аграрлы облыстардың бірі, республикадағы интенсивті суармалы егіншілік пен мал шарушылығы аймағы.
Топырақ- климат жағдайлары мақта, өзекті алқа, жүзім т.б. сияқты жылы жерде өнетін өсімдіктерді өсіруге қолайлы. Облыс ауыл шаруашылығының басты сапасы мақта шаруашылығы. Мақта егісі жыл сайын жалпы суармалы жерлердің 1-4 бөлігін алып жатады.
Қазақстан жыл сайын мақта өнімінің 90 %-тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, мүмкіндігін толық пайдаланып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы-кластерлік жүйе.
Дәл қазіргі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мақта шаруашылығын дамытуда ерекше көңіл бөлуде. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы дәстүрлі жолдауында “Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыру бастадық. Бұл болашақтың бағдарламасы. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндірумен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын. Жекеменшік сектордың назарын нақ осыған аудару керек, сондай-ақ, кредиттерді, атап айтқанда, агро-индустриялық саясат арнасын да осында тарту керек”,-деп атап көрсеткен болатын.
Президент ұсынған Қазақстанның мақта кластарі сөзсіз Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шарушылығына ғылыми жетістіктерді, интенсивтік технологияларды ендірудің арқасында дақылдың өнімділігін көтеру, мақта талшығының сапасын арттыру, мақта шикізатын өндірушілердің экономикалық жағдайын жақсарту бағытында үлкен табыстарға қол жеткізеді.
Жалпы “кластер” термині (ағылшынша “cluster”-шоғырлану мағынасында) бір үлгідегі нысандардың шоғырлануын білдіреді. Экономикада кластер деп экономиканың белгілі бір саласына қарасты және салыстырмалы түрде бір-біріне жақын орналасқан кәсіпорындардың, ғылыми орталықтардың, институттардың, университеттердің және басқа да, ұйымдардың топтарын айтады. Сонымен бірге кәсіпорындар мен ұйымдар бір-бірімен тығыз байланыста болуы тиіс.
Оңтүстік Қазақстан облысының 8 ауданында өсірілетін мақта дақылының мүмкіндігін толық пайдалану мақсатында кластерлік жүйе қолға алына бастады. Оңтүстік өңірде өсетін мақтаның қызығын шет елдер көріп келе жатқаны жасырын емес. Өйткені мақта шикізат күйінде өзге елдерге сатылуда. Өндірілген өнімнің өңделіп, жіп, мата, киім түрінде өз елімізде шығарылуына енді мүмкіндіктер жасала бастады. Облыс орталығында іске қосылғанына көп уақыт өте қоймаған “Қазақ-орыс тоқыма альянсы” ЖШС кластерлік жүйенің негізгі тармағының бірі ашылып отыр. Болашақта бізге тоқыма өндіріснің жаңа технологиясы мен жұмыс істейтін он завод салуын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жоспарлап отыр.
Облысымыздағы ашылған “Қазақ-орыс тоқыма Альянсы” кәсіпорны бүгінде тек Оңтүстік Қазақстан облысындағы ғана емес, бүкіл республикадағы, тіпті ТМД елдеріндегі мақта талшығынан сұр кенеп шығарытын ірі өндіріске айналып отыр. Тоқыма өндірісі жабдығын шығаратын әлемдік жетекші өндірісшілердің жоғары технологиялық жабдықтары негізінде шығарылып жатқан бөз және шыт маталар сұрабына сұраныс білдіріп отырған елдер қазірдің өзінде аз емес. Кәсіпорын бұл орайда Ресеймен, Прибалтикамен келісім-шарт жасасқан. Германия, Испания мемлекеттері де Шымкенттік кәсіпорынмен өндірістік байланысты орнатуды көздеді. Жылына 7129 тонна жіп, 12918 мың метр сұр кенеп шығарып, кәсіпорында тоқыма өнеркәсібі жүргізіліп жатыр.
Бұл орайда құрылып жатқан арнайы экономикалық аймаққа отандық, шетелдік инвесторларды тартып, жұмысты жеделдетіп жолға қоюдың мыңызы зор. Мемлекет тарапынан бұл саланы өркендетуге бар мүмкіндікті қарастырып отыр. Арнайы экономикалық аймақтағы кәсіпорындардан 10 жылға дейін ешқандай салық алмайды.
Жалпы былтыр ауыл шаруашылығын дамытуға 2005ж 78 млдр теңге, ал биылғы жылға 72 млрд. теңге бөлініп отыр.
Қазіргі таңда мақта дақылына байланысты барлық қаржыландыру мәселелері шешілді. 2005-2006 жылдары мақта –тоқыма кластерін дамытуға республикалық бюджеттен 13,4 млрд-тан астам теңге қаралды. Оның ішінде 2006 жылы 9,4 млрд. теңге егер ретімен айтар болсақ өсімдіктер қарауға және минералдық тыңайтқыштарға 583 млн теңге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін материалдық-техникалық құндылықтарды субсидиялауға 830млн. теңге тұқым шаруашылығын және суармалы егін шаруашылығын дамытуға 615,7млн. теңге бөлініп отыр.
Еліміздегі “қазақ-орыс тоқыма альянсы” кәсіпорнының жұмысы толық атқарылып жатыр. 2004 жылы басталған құрылыс, 2005 жылдың екінші жартысында аяқталды. Жобаның құны 25 млн. еуро екендігінен-ақ қандай істер атқарылатындығы көрінеді. Мәселен, мұнда тоқылған матаның ені 3 метр 80 см болады. Салыстырмалы түрде алып қарасаңыз, орталық азиядағы мақта-мата комбинаттары негізінен ені 1 метр мата шығаруға маманданған. Жылына 7129 тонна жіп, 12918 мың құла метр мата дайындауға қабілетті серіктестікте әзірге 184 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы-31600 теңге болып отыр. Мұндағы мақта талшығын жіп етіп иіруге мамандаған “Ютекс” кәсіпорнының технологиялық қондырғысы Германияның “Ritep” фирмасынан алынған. Жылына 6050 тонна мақта-мата жібін өндіріске бере алады. Бұл кәіспорында 340 адам жұмыс істейді. Орташа айлық жалақасы 17 мың теңге. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 34,2 млн. теңгенің тауарын өндірді. Дәл қазіргі таңда Шымкентте жіп орау және мата шығарумен айналысатын, әлемдегі ең озық технологиямен жасақталған “Ютекс” және “Қазақ-Орыс тоқыма альянс” фабрикалары толық қанды жұмыс істеп отыр.
Шитті мақта өндіру Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік –экономикалық дамуында өте маңызды орын алады. Мақта өсірумен айналысатын аудандарда 1 млн-ға жуық адам тұрады немесе облыс тұрғындарының 50% құрайды. Мақта өндірісі мен оның қайта өңдеу кәсіпорындарының дамуы облыстың аграрлық секторындағы маңызды стратегиялық міндеттердің ең негізгілерінің бірі. Облысымызда арнайы экономикалық аймақ құрылып, мақта кластарін дамыту мәселелері қолға алынуда.
Қорытынды
Қорыта келгенде, Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шаруашылығымен біздің эрамызға дейінгі 4-3 ғасырларда Сырдария, Келес, Арыс өзендерінің бойында мекендеген халықтар айналысқан. Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстан даласындағы мақта өсіру ХІІ-ХІҮ ғасырлардан басталады. Осымен қатар белгілі ғалым, профессор В.И. Юферов өзінің еңбегінде қазіргі Жамбыл қаласының тұрғындары ҮІІ ғасырда мақтадан тоқылған киім кигендерін жазса,академик В.В. Бартольд Х ғасырда Шымкент қаласынан сыртқы саудаға арналып мақта шығарылғандығын баяндаған. Кейіннен, 1888 жылдан бастап облыс территориясының халқы мақта шаруашылығымен айналысқандығы айқын. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шаруашылығымен айналысу көне заманнан ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұра. Ата-бабаларымыз Оңтүстікте орналасқан Мырзашөл аймағында да мақта өсірумен айналысқан. Бұл мақта өсімдігі мәдени өсімдіктің бірі болып саналады және тарихы ұзақ уақыттан бері жалғасып келуде.
ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдарында Америкадағы азамат соғысы нәтижесінде мақта жөнінде болған дүниежүзілік дағдарыстың арқасында Орта Азияның Ресейге қосылуы, Каспий теңізі-Самарқанд Орынбор—Ташкент темір жолдарының салынуы Орта Азиямен Оңтүстік Қазақстанда тауарлы мақта шаруашылығының өркендеуіне көп әсерін тигізген.
Сөйтіп, Қазақстанда мақта шаруашылығы ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың алғашқы кезінен бастап даму жолына түсті.
Алайда, мақта шаруашылығының өркендеуі Оңтүстік Қазақстандағы мақта өсірілетін жерлерінің топырағы, ауа райы, жауын-шашыны және басқа жағдайларына қарай төмендегідей төрт түрлі табиғи –экономикалық аймаққа бөлініп өркендей түсті.
1. Бетпақдала аймағы.
2. Келес аймағы.
3. Түркістан аймағы.
4. Шымкент аймағы.
Осылардың ішінде топырақ, ауа райы жағдайы жағынан мақтаның өсіп өркендеуіне Бетпақдала, Келес, Түркістан аймақтары өте қолайлы, мақта өсіретін шаруашылықтардың көбісі де осы аудандарда орналасқан, мақтаның неғұрлым көп алынып жүрген жерлері де осы аймақтар болып саналады.
Мақтаның өсіп өркендеуі мен қатар, халық шаруашылығында да алатын маңызы орасан зор. Қазіргі адамзат қоғамына астық пен металл қандай қажет болса, мақта да сондай қажет болып отыр.
Мақта талшығынан ең алдымен мата тоқуға және жіп иіруге жұмсалады. Сонымен қатар неше түрлі заттар, әртүрлі ваталар, жасанды тері, фибра және соңғы кездерде химияның көмегімен оттан қорғайтын, су өткізбейтін, қышқылға төзімді материалдар, сынбайтын әйнек, фотопленка, қағаз, лактар, пироксилин, сірке және лимон қышқылын т.б. көптеген өнім алуға да болады. Яғни, 700-ден астам бұйым жасалады.
Мақтаның отынымыздың халық шаруашылығында алатын орны ерекше. Сондықтан мақта шаруашылығының халық шаруашылығында маңызы өте зор.
Өзіміздің тәуелсіздігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Қазақстанның мақта шаруашылығын өркендетуге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та көптеген жеңілдіктер беріп, өз үлесін қосып отыр. Қазақстанның экономикасын одан әрі жандандыру үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылдың 6 шілдесінен бастап заңды түрде Оңтүстікте «Арнайы экономикалық аймақты» ашты. Бұл құрылған арнайы экономикалық аймақ тек Оңтүстік Қазақстан облысы ғана емес, республика экономикасына да өзінің оң ықпалын тигізеді деген үміт мол.
Арнайы экономикалық аймақтың негізгі мақсаты өнеркәсіптің тоқыма және тігін саласын кешенді дамытуды көздейді. Осы ашылған аймаққа байланысты болжамдарға сүйенетін болсақ, облыста жыл сайын орта есеппен 1 млрд. АҚШ долларының өнімі өндірілетін болады.
Әрине, мақта еліміздің экономикасын өркендету ісінде зор маңызы бар өте бағалы дақыл. Сондықтан үкімет басшылары елімізде шитті мақта өндірісін одан әрі ұлғайтуға ерекше мән береді.
Мақта өндірісінің қазіргі жағдайында көптеген мәселелер қарастырылуда. Яғни элиталық тұқым шаруашылығын дамыту болып табылады. Сонымен қатар ауыспалы егістікті тиянақты игерудің арқасында, мақтадан мол өнім алуға болады. Бұрынғы жылдары ауыспалы егісті толық сақтаған облыс мақташылары жыл сайын мол өнім алатын. Қазіргі таңда ауыспалы егістік онша қолға алынбай, мақтаның түсімі бұрынғыға қарағанда азайып кеткен.
Мақта шаруашылығынан болашақта мақтадан мол өнім алу үшін үкімет басшылары элиталық тұқымдарды шығарып, ауыспалы егістік көлемін ұлғайтуға бел буып кірісуде.
Қазақстан Республикасы бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіргелі отыр. Әлемдік рынокта мақтаға деген сұраныс қазіргі таңда өте жоғары. Мақта саласы бойынша Қазақстан Республикасына көршілес жатқан Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдері бәсекелес болып отыр. Сонымен қатар мақта шаруашылығының бәсекелестігі Түркменстан, Азербайжан, Армения елдерімен тығыз байланысты болғандықтан да өз ықпалымызды жоғалтып алмауымыз керек. Әрине, бұл аталған елдермен саяси, экономикалық, сауда –саттық қарым-қатынаста болғандықтан, ол мемлекеттердің біздің мақта шаруашылығымызға көңіл бөлетіні де ерекше. Аталған мемлекеттерде жеңіл өнеркәсіпорындары, мақта-мата тоқыма өндірісінің өнеркәсіптері, кластерлік жүйелері жақсы дамыған.
Міне, сол үшін мақта шаруашылығының бәсекелестігін арттыру үшін, кластерлік жүйені тез дамыта алсақ, сонда біздің мемлекетіміз әлемдік рынокта да өзінің бәсекелестік үстемдігін орнатар еді.
Сонымен қатар еліміздің Оңтүстігіндегі мақта өндірудің өзекті мәселелері қарастырылуда.
Мақта өнімдерін өндіру проблемалары егіншілік жүйесімен, өсіру технологиясымен, өнімді өңдеумен, экономикалық механизмдермен, экологиямен және т.б. факторлармен сабақтас, соларға тікелей байланысты. Осы проблемаларды белгілеп, оларды шешу жолдарына да тоқталмай болмайды. Осыларға қосымша ауыспалы егіншілік жүйесі, топырақты өңдеу, тыңайтқышты пайдалану, өсімдікті зиянкестерден қорғау, мақта селекциясы және тұқым шаруашылығы, техникамен жабдықтау, несие беру т.б. өзекті мәселелерді қолданғанда шеше алады.
Қазақстан жыл сайын мақта өнімінің 90 % шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, мүмкіндігін толық пайдаланып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы-кластерлік жүйе.
Облысымызда өндірілген өнімнің өңделіп, жіп, мата, киім түрінде өз елімізде шығарылуына енді мүмкіндік жасала бастады. Осыған орай Шымкент қаласында ашылған «Ютекс» және «Қазақ-Орыс тоқыма Альянс» фабрикалары бүгінде тек Оңтүстік Қазақстан облысындағы ғана емес, бүкіл республикадағы тіпті ТМД елдеріндегі мақта талшығынан сұр кенеп шығаратын ірі өндіріске айналып отыр.
Жалпы мақта-біздің мақтанышымыз. Мақта-халықтың әл-ауқатын көтеруге септігін тигізетін және бюджет қорын көбейтуде жоғары орын алатын сала. Олай болса, сол дақылды өсіретін диқандарға қолдан келген жәрдемімізді аямай, облыс халқы үшін шынында «Ақ алтын» болып есептелінетін осы өсімдіктің өнімін одан әрі көбейту үшін жұмыс жасайық және де кластерлік жүйе арқылы өзіміздің шикізатымызды өңдеп, шет елдерге шикізат ретінде емес, тауар ретінде экспортқа шығару мәселесі көзделіп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Серғазиев Ә. Мақта егістігінде гербацидтерді қолдану- Алматы, Қайнар, 1978-178 б.
-
Майлыбаев М. Қазақстан мақтасы- Алматы , Қайнар, 1969 - 159 б.
-
Сәуірбаева Ж. Жетісайдың мақтасы - Алматы., Қайнар, 1985-167 б.
-
Көпешов Ш. Мақта өндірудің экономикасы- Алматы., Қайнар, 1975-188 б.
-
Көпешов Ш. Қазақстан мақтасы-Алматы, Қайнар, 1979–187 б.
-
Көпешов Ш. Мақта шаруашылығы: Тәжірибе және тәлім - Алматы Қайнар, 1988-188 б.
-
Болғанбаев Е., Серғазиев А. Мақта түсімін арттыру жолдары - Алматы., Қайнар, 1975-175 бет.
-
Бердібаев Р. Ақ мақта – Алматы., Қайнар – 1981 - 155 б.
-
Сыдықов Д.А., Үмбетаев И.Ү., Батьколов Ж.Е., Биғараев О. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өндірісін өркендетудің өзекті мәселелері- Алматы , Бастау 2002 – 84 б.
-
Үмбетаев И.Ү., Биғараев О., Әлімбекова Ә. Мақта шаруашылығын дамытудың ғылыми негіздері – Атакент, 2005 – 304 б.
-
Үмбетаев И.Ү., Батькаев Ж.Я. Қазақстан Республикасының Оңтүстігінде қоза баптау жүйесі – Алматы, Құс жолы ,2000 – 204 б.
-
Батькаев Ж.К., Мустафаев А.Б., Умбетаев И.И. Рекомендации по применению минеральных и органических удобрений под хлопчатник в Южно-Казахстанской области - Алматы, Кайнар, 1993 – с. 46-47.
-
Назаров Р. Беречь землю. Хлопководство - М., 1995 - с 17-19.
-
Духовный В.А. Отчет по мелиорации земель Джетысайской зоны – Ташкент, 1996 (рукопись).
-
Аширбаев Н.Ж., Рябинина Г.Н., Бочарников А.П. Болезни и вредители хлопчатника на юге, юге-востоке Казахстана. Казахской проект по улучшению ирригации и дренажа. Фермерская информационная служба–Алматы 1999 -с.6-28.
16.Нугманов Р. Сорта–узбекские, поля–казахстанские, проблемы–общие. Сельское хозяйство Узбекистана–Ташкент, 1993–с. 3-9.
17.Назаров Р. Наука и хлопок. Сельское хозяйство Узбекистана- Ташкент, 1999-с.18.
18.Назаров Р. Технология получения высокого урожая. Сельское хозяйство Узбекистана - Ташкент, 1999-№6-с 15.
19.Ділдабеков Ш. Ақ мақталы алқапта - Алматы, Қайнар, 1982–165 б.
20.Исмухамбетов Ж.Д., Саметов А.О., Айтбаев Ж.А. Оңтүстік Қазақстанда мақтаны зиянкестерден, аурулар мен арамшөптерден қорғау жөніндегі ұсыныстар - Алматы , Бастау, 2002–32 б.
21.Майлыбаева А. Мақта монополистері шаруаларды шаршатып тұр // Оңтүстік Қазақстан-№63-64-2005-14 мамыр-1 бет.
22. Төлепберген М., Тайжан Б. Мақталы өңір, Мақтаулы өмір// Егемен Қазақстан -№202 - 2005-2 қыркүйек-1-3 беттер.
23. Көшербаева Е. Мақта өндірісін көтерудің келелі мәселелері көп // Оңтүстік Қазақстан-№162-2005 -8 қараша-1 бет.
24. Кенжеғұлов Н. Мақта –облысымыздың басты байлығы // Оңтүстік Қазақстан -№132-2005-15 қыркүйек -2 бет.
25. Таев Б. Мақталы өңірдің мәселесі көп.// Қазақстан ZAMAN -№44-2004-1 қараша-4 бет.
26. Әбдірашұлы Б. Мақтаны егіп алуға болады. Жерді ше? // Оңтүстік Қазақстан -№149-150-2005-15 қазан-4 бет.
27. Серіков Б. Мақташы-кәсіпкерге көмек // Мақтаарал-№2-2005-2 бет.
28. Исахов Ә., Баһадүр Ж. Мақташылардың еңбегі еш кетпесін десек// Оңтүстік Қазақстан - №140-2005-29 қыркүйек -3 бет.
29.Еркебайұлы Ө., Тілеубеков Ә. Мақта кластері элиталық тұқымдық шиттен басталады // Мақтаарал - №31-2005-8 шілде-3 бет.
30. Қонысбек Б. Қазақстанның мақта кластері элиталық тұқымдық шиттен басталады // Оңтүстік Қазақстан -№90-2005-30 маусым-3 бет.
31. Исахов Ә. Мақта туралы заң// Оңтүстік Қазақстан -№100-2005-19 шілде-4 бет.
32. Серікұлы Б. Мақта кластерінің негізгі-шаруа қожалықтарын қолдау // Қаржы Қаражат -№5-2005-13 бет.
33.Молдабек Ш. Мақталы елдің мақтанары көп // Қазақстан ZAMAN -№46-2003-7 қараша-11 бет.
34.Көшербаева Е. Біздегі мақта бағасы // Оңтүстік Қазақстан -№141-142-2003-4 қазан-4 бет.
№
|
Өнімнің атауы
|
%
|
кг – га
шаққандағы
шығым
|
теңгемен шаққандағы баға
|
теңгемен
|
1.
|
Талшық
|
33
|
330
|
1350,4/1000,3$/
|
44563
|
2.
|
Шит
|
55
|
550
|
15/оның ішінде ққс/
|
8250
|
3.
|
Линт
|
6
|
60
|
30
|
1800
|
4.
|
Улюк
|
0,5
|
5
|
60
|
300
|
|
Қорытынды
|
|
|
|
54913
|
Достарыңызбен бөлісу: