ОҚу -әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдары семей



бет1/3
Дата29.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#166490
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 дәрежелі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-21.1.91/03 -2015





ПОӘК

«Ауыл шаруашылық фитопатологиясы» пәнінен оқытушыларға арналған бағдарламасы



01.09.2013ж.

орнына 10.06.2015 ж. №2 басылым




5В080100 «Агрономия » мамандығына арналған

«Ауыл шаруашылық фитопатологиясы»

пәнінің

ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ


Семей

2015

Алғы сөз


I ҚҰРАСТЫРҒАН

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнология және орман ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы Сагандыков Слям Ниғмеджанұлы

«_17_ » __05____ 2015 жыл


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнология және орман ресурстарының» кафедрасының мәжілісінде бекітілген.

«_18_» ___05___ 2015 жыл, № 9 хаттамасы
Кафедра меңгерушісі: ……………. Есенғұлова Н.Ж.
2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде бекітілген.

«_21_»___05___ 2015 жыл №5 хаттамасы


Төраға ………………………....... Джаманова Г.И.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды

«10_» ____06____ 2015 жыл № 6 хаттамасы
ОӘК төрағасы …………….. Г.К Искакова

4. БАСЫЛЫМ «11.09.» 2014ж.№_1__ бас.ОРНЫНА ЕҢГІЗІЛДІ



МАЗМҰНЫ:


1Глоссарий

2 Дәрістер.

3 Практикалық сабақтарға арналған материалдар

4 Зертханалық сабақтарға арналған материалдар



5 Оқушының өзіндік жұмысының тақырыптар тізімі

1. ГЛОССАРИЙ




Актиномицеты — особый класс микроорганизмов, занимающих как бы промежуточное положение между бактериями и грибами. Они имеют хорошо развитый, очень тонкий, разветвленный мицелий. Размножаются актиномицеты делением нитей грибницы на отдель­ные членики либо спорами (конидиями), образующимися на спороносцах — особых ответвлениях грибницы. Наличие грибницы сбли­жает их с грибами, а малые размеры клеток делают их похожими на бактерии. Однако это сравнение носит условный характер.



Бактерии - мельчайшие низшие организмы, не имеющие ядерной оболочки, относящиеся по некоторой классификации к низшим растениям. Почти все бактерии, так же как и грибы, относятся к гетеротрофным организмам, они лишены хлорофилла и питаются готовыми органическими веществами.

Болезнь растений — нарушение нормального обмена веществ клеток, органов и целого растения, возникающее под влиянием фитопатогена или неблагоприятных условий среды и приводящее к снижению продуктивности растений или к полной их гибели

Вирусы - Вирус в переводе с латинского означает яд. Размеры вирусов колеблются в широких пределах. Мельчайшие из них приближаются по величине к белковым молекулам, а крупные близки по размерам к мельчайшим бактериям. Размеры вирусов выражают в нанометрах (1нм = 10~9 м). Вирусы можно видеть только при помощи элек­тронного микроскопа, дающего увеличение в десятки и сотни ты­сяч раз.



Грибы - относятся к царству Mycetalia, размножаются и рас­селяются спорами. Большинство видов грибов имеет микроскопи­ческие размеры. Важнейшей особенностью грибов является гетеро­трофный способ питания, обусловленный отсутствием у грибов хлорофилла, имеющегося у высших растений, с помощью которого растения способны самостоятельно превращать органические ве­щества в неорганические.



Заболевание неинфекционного характера вызывается действием химических веществ. Завышенные дозы препаратов, применяемые для борьбы с вредителями, болезнями и сорняками, случайный занос этих веществ при авиаработах на соседних полях вызывают ожоги растений (пожелтение и скручивание листьев, их опадение и т. п.).

Инфекционные болезни - возникают в результате заражения растений грибами, бактериями, вирусами и др. Такое заболевание может передаваться от одного растения к другому, т. е. оно характери­зуется инфекционностью — заразностью.




Микоплазмы - микоплазменные организмы близки к вирусам. Однако по строению и свойствам микоплазменные организмы значительно отличаются от вирусов. Они имеют шарообразную форму, клеточное строение, хотя клетки не имеют ядер, а клеточную оболочку заменяет мембрана; содержат РНК и ДНК, в,то время как вирус содержит только один вид ну­клеиновой кислоты.

Нематоды – черви относящие к типу круглых червей.

Фунгициды – препараты для защиты от грибных заболеваний

Вредные организмы – вредители, сорняки и болезни растений, отрицательно действующие на почву, растительность и сельскохозяйственную продукцию.


  1. Фитосанитарный мониторинг - система наблюдений за развитием и распространением вредных и особо опасных вредных организмов.

  2. Диагностика болезни растений - распознавание болезни растений
    по совокупности признаков.

  3. Эпифитотия - массовое заболевание растений.

  4. Энфитотия - массовое заболевание растений, которое проявляется -
    одной и той же территории и в течение ряда лет имеет незна­чительное колебание.

  5. Панфитотия — массовое заболевание растений, охватывающее нес­колько стран или континентов.

  6. Фитопатоген — возбудитель болезни растений.

  7. Раса фитопатогена - часть вида или специализированной формы фитопатогена, способная заражать определенные сорта растения-хозяина.

  8. Вирулентность фитопатогена—совокупность свойств фитопатогена, обуславливающая степень его патогенности в отношении опре­деленного растения-хозяина.

  9. Долгосрочный прогноз вредителя (болезни) растений - предска­зание численности, распространенности и времени появления вре­дителя (болезни) растений в наступающем вегетационном периоде,
    году или сезоне.

  10. Краткосрочный прогноз вредителя (болезни) растений - предска­зание численности, распространенности и времени появления вредителя (болезни) растений в срок от нескольких дней до месяца.

















2. Дәрістер
1 – модуль Жалпы фитопатоллогия

1 – блок Өсімдік аурулары, олардың себептері және сыртқы белгілері

1Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдік ауруы туралы түсінік және олардың пайда болу себептері

Дәріс жоспары:


  1. Фитопатология ғылымы туралы жалпы түсініктер

  2. Фитопатологияның даму тарихы

  3. Өсімдіктер аурулары туралы жалпы ұғымдары



Кіріспе.

Фитопотология (грекше phyton-өсімдік, pathos-ауру, logos-оқыту)- өсімдік ауруы туралы ғылым, оның негізгі міндеті- фитопатогенді организмдерден ауыл шаруашалық дақылдарының шегетін зардабын бәсендету жолын іздестіру. Ол ауру өсімдікті, аурудың туу себептерін және оның дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін зерттейді.

Фитопотология бірнеше пәнге бөлінеді: Жалпы фитопотология, ауылшаруашылық фитопотология, орман фитопотологиясы, өсімдік иммунитеті, аурудың дамуын болжау.

Фитопотология мақсаты-өсімдік пен патоген арасындағы қатынасты химиялық, молекулалық генетикалық деңгейде зерттеп, өсімдік ауруларының пайда болып, таралуын алдын ала болжау, ауруға төзімді сорттар шығару, химиялық, биологиялық, агротехникалық және басқа да әдістерді қолданып, аурулардың алдын алып, олардан келетін шығынды мейлінше төмендету.


Фитопотологияның даму тарихы.

Алғаш егіншілікке көшкен Палестина, Месопотамия, Иран, Орта Азияның оңтүстігінде құнарлы жерлерде тұратын тайпалар болған. Ертедегі егіншілер егін өнімінің қолайсыз жағдайлардан кемитінін байқаған. Осыған байланысты ғалымдар өсімдік ауруларын зерттей бастаған.

Дәнді дақылдар, ағаштар, бұршақтардың ауруларын ең бірінші зерттеген грек ғалымы Теофрай болған (370-286ж. Б.ғ.д)

1755ж француз ботанигыі М.Тиллет қара күйеге шалдыққан бидайдан алған тозаңды, бидайдың сау тұқымына қосып сепкенде, одан шыққан өсімдіктің масағында қара күйе жиілеу кездескенін атап өткен.

1807ж француз ғалымы Б.Прево қара күйе ауруын саңырауқұлақ қоздыратынын тапқан.

1892ж Д.И.Ивановский өсімдік ауруларының жаңа қоздырғышы –вирустарды тапты.

Фитопотология ғылымы 20-шы ғасырдың басында Ресейде дами бастады. 1901ж Сант-Петербургта орыс ғалымы А.А.Ячевский микологиялық және фитопотология бюросы атанып, кейін Бүкілодақтық өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының микология және фитопотология бөлімі болды.

1920ж А.А.Ячевский мен С.И.Ванин Петроградтағы Орман институтында «Орман фитопотологиясы» кафедрасын құрды.

1824ж швед ғадымыи Я.Эриксон және профессор А.А.Ячевский әрқайсысы өз бетінше бір мезгілді бидайдың сабақ таты қоздырғышының бірнеше физиологиялық формалары бар екенін анықтады.

1958ж Қазақ өсімдік қорғау ғылыми зерттеу институты құрылып, Ж.Т.Жиенбаев директоры болып тағайындалды.

Ауылшаруашылық дақылдарының (картоп, көкөніс және басқа да өсімдіктердің) вирозын, бактериозын зерттеген ғалымдар Р.Н.Никитина, М.А.Никитина, А.А.Джаймурзина , М.Ақберлинов, И.А. Катин және тағы басқалар.
Өсімдіктер аурулары туралы жалпы ұғымдары

Сау өсімдікте генетикалық ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән физиологиялық қызметтері, яғни клетканың бөлінуі мен дамуы, дифференциациясы, топырақтан суды сорып алуы, оның өсімдікте және өсімдік бойымен таралуы, фотосинтез және оның өнімнің өсімдік бойымен жылжуы, қоректік заттардың түзіліп, сақталуы және тағы басқа қалыпта жүреді.

Өсімдіктің ауруы деп әртүрлі факторлардан клеткалар мен ұлпалардың биохимиялық, физиологиялық үдерістері қалыптан ауытқып, соның нәтижесінде өсімдіктің анатомиялық- морфологиялық құрылымының бұзылуын айтады.

Ең алғаш өсімдікке сипаттама берген А.Франк (1815), Де Кандоль (1832) болды. Өсімдікте өзіне тән белгілерінен басқа да құбылыстар түзілсе, онда ол ауру болғаны деген көзқарасты кейіннен көптеген ғалымдар дұрыс ұғым деп құптады.

Сонымен ауруға шалдыққан өсімдіктің физиологиялық үдерістерінің өзгеруі (тыныс алуы, ассимилияциясы, транпирациясы, жапырақта түзілген органикалық заттардың тамыр мен сабаққа көшуінің саябырлауы) аурулардың сыртқы белгілерінің білінуімен сипатталады.

Өсімдік ауруы- өте күрделі динамикалық құбылыс. Патологиялық үдеріс қоздырғыш және сыртқы ортаға байланысты өтеді. Ауруға шалдыққан өсімдік клеткалары мен ұлпаларының физиологиялық үдерісі қалыптан ауытқып, құрылымдары өзгеріп алынатын өнім төмендейді.


Әдебиеттер:

1. Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.


2 Дәріс Тақырыбы: Ауылшаруашылық дақылдар аурулардың жіктелуі және олардың сыртқы белгілері

Жоспары:

1.Аурулардың жіктелуі

2.Аурудың сыртқы белгілері
Әдебиеттер:


  1. Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

1.Аурулардың жіктелуі

Ауруларды зерттеу себебі-өсімдіктерде, сорттарының арасында мыңдаған ауру түрлері кездеседі. Тіпті қоздырғыштың бір түрі оңдаған, жүздеген өсімдік түрін залалдайды.

Аурулар жіктелу критерийлері: - Сыртқы белгілері бойынша;

-залалданған өсімдік боынша;

Негізі ауру қоздырғыштары боынша жіктеген дұрыс:бұл әдіс аурудың шығу тегін анықтап, даму, таралу және осы кеселмен күресу шараларын іздестіруге мүмкіндік береді.



Аурулар екі категорияға бөлінеді:

  • Инфекциалық (жұқпалы) аурулар;

  • Инфекциялық емес (жұқпайтын) аурулар.

Инфекциалық (жұқпалы) аурулар-саңырауқұлақтар(микоздар), бактериялар (бактериоздар), актиномицеттер (актиномикоздар), вирустар(вироздар), микоплазма ағзалары(микоплазмоздар),жоғары сатыдағы гүлді паразиттер(сперматофитоздар), қыналар(таллофитоздар), нематодалар(нематодоздар) және қарапайымдар әсерінен туады.

Инфекциялық емес (жұқпайтын) аурулар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайдарынан және антропогендік әсерлерінен туады



Өсімдікте таралуына байланысты:

-локалды (жергілікті)-өсімдіктің жеке мүшелерін, немесе мүшенің бір бөлігін залалдайды;

-диффузды (жалпы немесе жүйелі) –өсімдіктің қоздырғыш барлық бойына немесе көпшілік бөлігіне тарайды.

Даму ұзақтығына байланысты:

-созылмалы-көпжылдық өсімдіктерде кезігеді: жылдан жылға созыла береді(м. Сүйекті жеміс ағаштарының цитоспорозы ж.т.б.)

-қарқынды-тез дамып, бір вегетация кезеңінде бітеді(фитофторозы).
2.Аурудың сыртқы белгілері.

Патогендер өсімдікке еніп, онда дамып, көбейіп, аурудың алғашқы сыртқы белгісі көрінеді (инкубациялық кезең). Сыртқы белгілері бойынша топтары:



  • Шіріктер-өсімдіктің қореқтік заттарға бай және шырынды мүшелері- жеміс, тамыржеміс, түйнек, шырынды сабақ пен жапырақ өте бейімді.Өсімдіктер патогендер арқылы клетка қабығы ерітіліп, ұлпа ыдырап, жұмсарып құрғақ ұнтаққа, кей кезде жағымсыз иісты қойыртпаққа айналады;

  • Солу (вилт)-өсімдікте су және қореқтік заттар жылжитын түтік жүйесінің саңырыуқұлақтар, бактериялар тіршілігінде түзілетін заттармен бітеліп немесе патогенді улы заттар әсерінен болатын құбылыс. Тамыр жүйесі механикалық зақымданғаннан және топырақ ылғалдығы тапшы болғаннан да өсімдік солады.

  • Дақтар (некроздар)- өсімдік мүшелерінде пішіні дөңгелек, бұрышты, сопақша, жиекті немесе жиексіз түсі әртүрлі жансызданған бөліктер (некроздар) пайда болады.Қоздырғышына байланысты олар: саңырауқұлақ(үстінде не астында өңез түзіледі, өңез үстінде жеміс денелері пайда болады);

бактерия (дақ үстінде шырыш (эксудант) жиналып, кейін ол кеүіп қабыршақтанады; дақ жұқарып тесіледі);

вирус(өсімдік жапырағы, жемісі түсі өзгереді-ақшыл немесе сарғыш мозаика) дақтары болып бөлінеді.




  • Өңездер-өсімдіктің заладаңған мүшесі бетінде саңыр-қ жіпшұмағы немесе спора тасушы жіпшелерінен құрылады. Өңездердің орналасу, түзілу ерекшеліктері және түсі ауру қоздырғыштарын анықтауда маңызы зор. Түзілуіне байланысты: жеңіл торлы, мақпалды, киізді, ақ ұнтақты, бөртпелі өңездер болады. Бөртпелі өңезде саң-қ эпидермис астында дамып, споралар түзеді. Соңғылар жетілген кезеңде, өсімдік эпидермисін жарып, сыртқа шығып ауға таралады.Бөртпелі өңез-тат ауруларына тән белгісі.

  • Ісіктер мен бұлтықтар-патоген залалдаған өсімдік мүшелерінде клетка санының көбеюнен (гиперплазия) немесе оның көлеміні қарқынды ұлғаюынан (гипертрофия) пайда болады. Мысалдар.

  • Деформация –пішінін өзгерту-түрлі жағдайлардан өсімдіктің жалпы пішінің немесе жеке мүшелерінің қалыптан ауытқып жапырақтың ширатылуы, қыртыстануы, жіпшеленүі,ергежейлілік, аса түптену, «қалташықтар», «құыршақтану», «мыстан сыпынғышы» түрінде білінеді. Аталған сыртқы белгілері саң-қ.вирус немесе микоплазмамен залалданған өсімдіктерде жиі кездеседі.

  • Жаралар-өсімдіктің сулы шырыны мол мүшелері мен ұлпалары патоген әсерінен жұмсарып, басылған көлемі әртүрлі ойықтарға айналады. Олардың кейбіреулерінде спора тасушы жіпшелер пайда болады(антракноз).

  • Мумиялану-саң-қ жіпшумағы залалданған мүшені тесіп өтіп жайлап алу нәтижесінде дән, жеміс және т.б. семіп, сүректенүі (қастауыш, монилиоз).

  • Қара күйе-ауруға шалдыққан өсімдіктің (астық дақылдардың) вегетативті және генеративті мүшелерінің ұнтаққа немесе түйірлерге ыдырауы.

Бақылау сұрақтары.

  1. Өсімдік аурулары деген не, олар қалай жіктеледі?

  2. Жұқпаайтын аурулардың сыртқы белгілері.

  3. Жұқпалы ауруларды сыртқы белгілері бойынша қалай анықтайды?

3-№4 Дәріс Тақырыбы: Саңырауқұлақтар аурулары және олардың жіктелуі

Жоспары:


1.Саңырауқұлақтарға сипаттама

2. Жіпше өзгерістері.

3.Саңырауқұлақтардың қоректенуі

4. Саңырауқұлақтарға сыртқы ортаның әсері

5. Саңырауқұлақтардың көбеюі

6. Саңырауқұлақтардың жіктелуі

Әдебиеттер:


  1. Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.


1. Саңырауқұлақтарға сипаттама Табиғатта жүз мыңға жуық түрлері белгілі, оның ішіәнде он мыңы-ауру қоздырғыштары.С-қтар-гетеротрофты организмдер. Көптеген өсімдіктер саң-тың бір түрімен залалдануы мүмкін, ал әрбір паразитті саңырауқұлақ өсімдіктің әр түрін залалдайды. Облигатты паразиттер-өмірінің бәрін тек тірі өсімдікте өткізеді. Облигатты емес паразиттер-өмірінің бір бөлігін тірі өсімдікте, қалғаның өсімдік қалдықтарда өткізеді.

Саң-р табиғатта органикалық заттарды ыдыратып, алмасуына қатысады. Кейбір саң-тар адамға пайдалы антибиотиктерді синтездейді, нан пісіруде, сыра өнеркәсібінде пайдаланатын түрлері бар. Зиянды саңырауқұлақтар өсімдік ауруларын қоздырып, өнімнің сапасы мен шығымен төмендетіп, қоймадағы өнімді бұзады.

Саң-қ денесі-жіпшумақ (мицелий), өте жіңішке жіпшелерден тұрады. Олар бір және көпклеткалы болады. Бір кл. Жіп-қ пердесіз, көпкл. Ж.-перделі болады. Саң-қ жіпшумағы құрылысына байланысты төменгі және жоғары болып екі сатыға бөлінеді: төменгі- вегетативті денесі плазмодий (яғни цитоплазманың бір бөлігі) және бір клеткалы жіпш-қ. Жоғары-көпклеткалы жіпш-қ. Плазмодий және зооспорадан басқа саң-қ клеткаларының қабықшасы тығыз болады. Қабықша арқылы клетка мен субстрат және клетка мен сыртқы ортаның арасында зат алмасу өтеді. Клетка қабықшасында әр түсті пигменттер клеткаға әртүрлі түстер береді

Жіпшелер ұшынан өседі. Экзогенді жіпшелер- өсімдіктің бетінде(өңез тәрізді), эндогенді-ішінде түзіледі. Жіпшелер локальды және диффузды таралуы мүмкін.



2.Жіпше өзгерістері. Жіпшелер және жіп шумақтар өзінің атқару міндетіне байланысты және сыртқы ортаның ықпалына қарай түрін өзгертеді.

-Доға-шеңбер тәрізді клеткалар, перде арқылы клеткадағы заттар мен ядролар басқа клеткаға ауысады.

-Анастамоздар (жалғасу деген сөзден)- екі жіпшелерді жалғастырған клеткалар жанынан шыққан бездер: олар арқылы цитоплазма мен ядролар өтеді.

-Апрессорийлар-жіпшелер ұшының кеңейіп, саңөқты субстратқа орнықтырушы мүше.

-Гаусторийлар (сорып алушы лат.)-саң-қ вегетативті денесін қоректеруші жіпшелер-сорып алады да жіпшумаққа тасымалдайды.

-Ризоидтар (тамыр тәрізді)- жіпшеден тараған тамыр тәрізді өсінді; олар арқылы саң-қ субстратқа еніп, орнығады.

-Столондар-тамыр өркені, доға тәрізді жуан жіпшелер, олардың көмегімен саң-қ субстратқа тез таралады.

-Қосымша-түссіәз немесе әртүсті жіпшелер-клейстотеций қабықшалары. Ақ ұнтақ саң-тар түрлерін анықтауда маңызды белгі.

-Кіапікшелер-конидия ұшында орналасқан (саны 2-5 дана) жіпше тәрізді түсті клеткалар. Олар спораларды өсімдік бетінде ұстап тұрады.

-Оидиялар-жіпше бөліктері-жіпшелердің ыдырауына түзілген жұқа қабығы бар сопақша клеткалар.

-Телиоспорлар-жіпшелердің ыдырау нәтижесінде түзілген, қалың қабығы бар қоңыр түсті клеткалар. Қоректі заттарға бай көпжылға дейін (9-12 жылға) тіршілігін сақтайды.

-Геммалар-телиоспоралар сияқты түзіледі, пішіні әртүрлі.

-Бластоспоролар (өсінді споралар грек.)-жіпшумақтар, мицелийден бүршіктеніп шығады. (ашытқы саң-тары)

Тіршілікке қолайсыз жағдайда саң-қ жіпшумағы түрін өзгертеді.

Жіпшумақтар өзгерісі-жіпшумақтардың тығыз байланысып қабыршақтанған түрін айтады.

-Баулар-тек жоғары сатыдағы саң-тарда болады. Олардың ұзындығы, жуандығы, түсі, тығыздығы әртүрлі, қарапайым және күрделі болады.

-Ризоморфтар (тамыр пішінді)-ұшымен өсіп ұзындығы он метрге дейін болатын қара, қарақоңыр жіпшелерден түзілетін, пішіні жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырлары тәрізді түзілімдер.

-Склероцийлар(грек. Қатты) – жіпшумақтын қатты, тығыз түзіліндері, көлемі микроннан 30 см дейін. Құрамы 30% май, 10% судан тұрады. Нағыз склероцийлер -тек қана жіпшелерден тұрып, залалданған ұлпадан бөлектеніп болатын түзілім. Егер склероций құрамында залалданған ұлпа болса оны мумия деп атайды. Склероцийлар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайында ұзақ сақталып жіпшеге немесе әртүрлі мүшеге енеді. Кейбіреуі жеміс денеге өнеді

-Стромалар-жіпшумақтар түзілетін пішіні, көлемі, түсі әртүрлі болатын түзілімдер. Стромалар бетінде жеміс денелер немесе басқа спора түзетін органдар құрылады. Көбінесе қалталы саң-тарда кездеседі.

-Төсеніш (ложе)-саң-тың жеміс денесі дамитын, өте қалың ұйысқан жіптармақ. ОЛ өсімдік ұлпасы ішінде немесе бетінде түзіледі.

-Пикнидалар-пішіні шар немесе алмұрт тәрізді жоғары жағында саңлауы бар, ішінде конидиялар түзілетін кең орын.

-Жеміс денелер-жіпшелерден тығыздалып ішінде қалталармен базидиялар түзілетін құрылым



Бақылау сұрақтары.

5 Дәріс Тақ ырыбы: Фитопатогенді бактериялар, бактериалды аурулардың түрлері және сыртқы белгітлері

Жоспары:

1.

2.



3.
Әдебиеттер:

1.Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.


Бақылау сұрақтары.
6 Дәріс Тақырыбы: Вирустар, вироидтар және олардың кұрылысы, сыртқы белгілері,зияндылығы

Жоспары:


1.

2.

3.



Әдебиеттер:

1Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

Вирустар – адамдарда, жануарларда және өсімдіктерде инфекциялық ауруларды тудыратын, жасушалық құрылымы жоқ және тек қана тірі иелік ағзада көбейе алатын, кішкентай (субмикроскопиялық) қоздырғыштар. Өсімдіктерде паразиттелуге қабілетті шамамен 600-дей вирус түрлері бар. Вирустық аурулар дәнді және бұршақ культураларында, сонымен қатар астық және жеміс өсімдіктерінде кең таралған. Вирустар пасленовты туысына жататын өсімдіктер түрлеріне-картоп, қызанақ, темекіге өте үлкен зиян келтіреді. Темекідегі біркелкі жапырақтардың боялмауымен сипатталатын мозайкалық ауруды зерттеу арқасында 1982 жылы вирустар ашылған болатын. Бұл жаңалықтың ашылу приоритеті орыс ғалымы Д. И. Ивановскийге тиесілі, ол сонымен қатар, вирустардың өте кішкентай мөлшерін анықтады және олардың жұқпалы ( инфекциалы ), көбеюге қабілеттілігін (жинақталу ) және арнайы жасушаішілік қосылыстарды (қазір оларды Ивановский кристалдары деп атайды ) анықтады. [1]

Өсімдік аурулары – өсімдік ағзасында әр түрлі себептердің әсерінен – түрлі ауруларды қоздыратын және ортаның қолайсыз жағдайларынан болатын процесстер, функциялардың бұзылуынан көрінеді (фотосинтез, тыныс алу,пластикалық заттардың синтезі, нәрлі заттардың және су ағысының), ағза құрылымы және өсімдіктің мерзімінен бұрын өліміне немесе жеке мүшелерінің зақымдануына алып келеді.Өсімдіктердің вирустармен инфицирленуі ешқандай экономикалық маңыздылыққа ие болмауы мүмкін (потивирустар, томбусвирустар). Сонымен қоса, бірнеше қатар өзге вирустар ауылшаруашылық дақылдарға үлкен зиян тигізуде. Бұл аурулар жемістік культураларды және жүзімдерді, бақшалық және бидай культураларын зақымдай отырып, жылыжай өндірісіне және алқаптарға зиянын тигізіп отыр.

Өсімдік вирустарының сипаттамасы

Вирусты бөліктердің пішіндері. Вирусты бөліктер ( вирион) әртүрлі вирустарда әртүрлі пішінге ие. Көптеген фитопатогенді вирустар таяқша тәрізді (темекі теібіл вирусы, қиярдың ақ мозайкалы вирусы және т.б) немесе жіпше тәрізді (А1-картоп вирусы, жуа мозаикалы вирусы, қант қызылшасының вирусы), дегенмен олар шар тәрізді немесе көп өлшемді болуы мүмкін (қызанақ күлгін вирусы, шиенің сақина тәрізді дақ вирусы, жүзімнің қысқа мұртшалы вирусы), сонымен қатар олар бацилла тәрізді (бидайдың кесінді мозайкалы вирусы, картоптың сары бойшаңдық вирусы) бола алады. Вирусты бөліктерінің өлшемдері олардың құрылымына және пішініне, вирус түріне , даму фазаларына байланысты болады. Жасушада пайда болуынан кейін өмір сүруін тоқтататын ескі вирус пішіндері келесідей өлшемдерге ие болады: темекі теңбіл вирусының вирионы 300x15 нм, жасыл қатпарлы (ағылшын)   қияр мозаикалық вирусы (Cucumis virus 2) 280x16 нм, картоптың Х-вирусы 520x10 нм, қызылша мозаикалық вирусы     730x60 нм. Өріктің Х-вирусының шар тәрізді пішінге ие, вирионы 50нм, турнепс сары мозаикалық вирусы 20 нм, қиярдың қарапайым (егістіктік) вирусы (Cucumis virus 1) 35 нм. Қазіргі кезде өсімдік ауруларын тудыратын бірнеше вирустар бар. Оларға жалпы сипаттама төменде келтірілген [2].

Қияр мозаикасы. Қоздырушысы- Cucumber mosaic virus. Вирус in vitro жағдайында бөлме температурасында 18 сағаттан 14 тәулікке дейін инфекциялы болып табылады, 5 –тен 15°С-қа дейін температурада 2–5 айға дейін инфекциялығын сақтайды. Қиярдың құрғақ мозаикалық жапырақтарында инфекция 5-тен 60 күнге дейін сақталады, 35°С-та қиярдың мозаикалық жемістерінде 30 күнге дейін сақталады. Өсімдік ҚМВ-мен зақымдалғанда жапырақтардың өзектеріннің арасында, кейде өзектерінде де сары-жасыл дақтар пайда болады. Бұл дақтар ҚЖҚМВ-мен зақымдалғандағыдай жапырақтың қою бөліктерінен анық бөлінбейді. Жас жапырақтарда деформация болады және олардың мөлшері кішірейетіндері байқалады. Жапырақ ұштары және сабақ аралықтары кішірейеді. Жемістерде көбінесе симптомдар байқалмайды, дегенмен кейде ашық түсті дақтар байқалады. ҚМВ табиғатта тұрақты циркуляциясы бар қарапайым табиғи-ошақтық вирусқа жатады. Оның резерваторлары жабайы және мәдени өсімдіктердің көптеген түрлері болып табылады. Бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер ішінде вирус дельфиниумде, аквилегиде, настурцида, фиалкада, люпинде, цинниде, календулада, примулада, лобелиде, петунияда, глоксинияда, георгинияда, гладиолусде, флоксада, лилияда, нарциссте, каннада бар екені анықталды. Көкөністертер ішінен қиярдан басқа, қызанақты, бұрышты, бұршақты, саумалдықты, петрушканы, укропты зақымдайтыны анықталған. Вирус шырын арқылы және механикалық жолмен көптеген шіркей түрлері арқылы да тасымалданады. Вирусты жабайы өсімдіктерден мәдени өсімдіктерге белсенді емес жолмен тасымалдай алатын шіркейлердің 20-дан астам түрлері бар. Біздің мемлекетімізде эпифитиялық жағдайды Aphis gossypii, A. fabae, A. craccivora, Myzus persi­cae секілді шіркей түрлері анықтайды. Тасымалдаушылар болған жағдайда үлкен өсімдік–иелерінің шеңберіне ҚМВ өте тез таралады. Қияр тұқымдары арқылы вирус тасымалданбайды. Вирус инфекциялылығы тұқымды өсімдіктердің өнімділігін төмендетеді. Жылыжайлық қиярлардың ҚМВ-мен зақымдалған жағдайда өнім 50–96% дейін төмендейді және өнім өсімдік түріне және зақымдану кезіндегі өсімдіктің жасына байланысты болады. Вирустың таралуын және зияндылығын төмендету үшін төмендегідей шаралар қолданалады:


  • Культиверленуші өсімдіктерді инфекция көздерінен кеңістіктік изоляциялау

  • арам шөптерді –вирустар резерваторларын жою

  • вирустарды тасымалдаушылармен күресетін химиялық заттарды қолдану

  • төзімді сорттарды қолдану



Бақылау сұрақтары.
7 Дәріс Тақырыбы: Микоплазмалық аурулар.

Жоспары.


1.Микоплазмаларының биологиясы және морфологиясы

2. Микоплазмалар ауруларының сыртқы белгілері

2.Микоплазманың таралуы
3.

Әдебиеттер:

1Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

Микоплазмалар-бактерия мен вирустың арасындағы топ. Өсімдікте олар клетканың ішіндң дамиды. М. Клеткаларында қабығы болмайды. Клетка құрылысы мен жасанды қоректі ортада дамып көбеюі микоплазмаларды вирустардан айырады. Тығыз қоректік ортада бактерия сияқты колониялар құрайды. Микопл. клеткаларындаРНК, ДНК екуіде болады, виркһустарда-біреуі

М. 50 жуық түрлері белгілі

М.-өте зиянды, өнім тіпті бермейді. Қызанақ столбуры, беденің филлодиясы, қарақаттың реверсиясы

Белгілері: картоптың түптенуі, ергежейлілік, «мыстан сыпырғышы». Кейде вирус ауруларға ұқсайды-деформациялар, солу, некроз т.б.

М. Өсімдікте флоэма түтікшелермен тарайды

Тесіп сорғыш насекомдармен тарайды
Бақылау сұрақтары.

1.Микоплазмалардың құрылысы және бактерия мен вирустардан айырмашылығы.

2.Микоплазмалы аурулардың сыртқы белгілері.

3.Микоплазма таратушы организмдер және инфекция қоры
8 Дәріс Тақырыбы: Дәнді дақылдардың аурулары

Жоспары:


1.

2.

3.



Әдебиеттер:

1Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.


Бақылау сұрақтары.

9 Дәріс Тақырыбы: Картоп аурулары

Жоспары:

1.

2.



3.

Әдебиеттер:

1Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

Картоп аурулары

 

 



Түсініктеме

Картоп шаруашылығына қатерлі ісік, фитофтороз, түйнектердің қара қотыры, макроспориоз және тағы басқа аурулар үлкен залал келтіреді. Осы аурулардың қоздырғыштары саңырауқұлақтар. Картоп  бактериялармен және вирустармен де зақымданады. Картоп аурулары өнім түсімін, түйнектердің тауарлық құндылығын (дәмдік сапасы нашарлайды, азық-түліктік картоптың қалдықтары көбейеді және нашар сақталады)  төмендетеді.

 

Картоптың қара мойнағы.  Қоздырғышы -  Pectobacterium phytophtorum бактериясы.

Қара мойнақ түйнектерде де, танаптағы өсімдіктерде де байқалады. Ауру өсімдіктердің сабағының түбі қарайып, шіріп кетеді. Осы сабақтағы жапырақтар алғашқыда ақшылданып, кейін сарғайып кеуіп қалады.  Ауруға шалдыққан сабақтар топырақтан жеңіл жұлынады. Ауруды өскіндер жер бетіне шыққаннан кейін байқауға болады.

Қара мойнаққа шалдыққан түйнектің өзегі шіриді. Түйнектің шіруі столонға бекіген жерінен басталады.

Ауру өсімдіктердің 2-3 сабақтары ғана болады. Ылғалдылық жағдайында жапырақтар кілегейленіп, қоңыр дақтар мен жарықшалар пайда болады. Егер ауру сабақты көлдеңінен кессек бактериялардың бітеп тастауынан өткізгіш ұлпалардың қарайып кеткендігін көруге болады.

Қара мойнақты тудыратын бактериялар тұқыммен тарайды. Аурудың дамуына 15–18С ауа температурасы мен топырақтың жоғары ылғалдылығы  қолайлы. Танапта тікелей топыраққа түскен бактериялар сақталмайды, ал өсімдік қалдықтарында олар шірігенге дейін ғана сақталады.  

Ауру топырақта болатын  таќта мұртты қоңыздар мен шірінді шыбындарының дернәсілдерімен және кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттарымен тарайды.



Күресу шаралары: отырғызу үшін салмағы 50 г шамасындай сау түйнектерді іріктеп алады; көктетіп өсіреді және өскіндері нашар түйнектерді алып тастайды. Картоп отырғызылған алқапқа фитосанитарлық тазалау жүргізеді, ал жинағанда жапырақ пен сабақтардың түйнектермен араласуына және түйнектердің механикалық зақымдануына жол бермейді. Қажет болғанда «...Тізім» бойынша фунгицидтерді қолданады.

 

Картоптың сулы шірігі. Қоздырғыштары – Pseudomonas, Bacillus, Pectobacterium және басқа бактериялар.

Ауруға шалдыққан түйнектер бастапқыда ақшыл, кейін қара-қоңыр түсті болады. Зақымданған жерлерде сары-қоңыр кілегей зат түзіледі, ал түйнектің қабығы көбінесе сау күйінде қалады Түйнектер жұмсарып, суланады,  жұмсағы жағымсыз иісі бар ботқа тәрізді массаға айналады.


 

     Күресу шаралары: Картопты жинаудан бір-екі жеті бұрын сабақтарын шауып тастайды. Түйнектерді зақымдамай жинап, кептіру және сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасау, «Тізім...» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.  



Сақиналы шірік. Қоздырғышы - Corynebacterium sepedonicum  бактериясы.

Ауру өсіп даму кезеңінің екінші жартысында біілінеді. Өсімдіктің жекелеген сабақтары мен олардың жапырақтары сарғайып, солады. Ауру сабақтың кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығын көруге болады. Егер зақымдалған ұлпаларды қысса созылмалы сары кілегей түріндегі – бактериялар шығады.

Ауру түйнектерде екі түрде байқалады: түйнектердің шеңберлі шірігі және түйнектердің шұңқырлы шірігі. Шеңберлі шірікпен ауырғанда түйнектің кесіндісінде тұтас немесе үзік-үзік қоңыр шеңберді көруге болады. Бактериялармен зақымдалған ұлпалар жұмсарады, қысқан кезде ақшыл кілегей  тамшылар шығады.

Шұңқырлы шірікпен ауырғанда түйнек қабығының астында сары түсті, бастапқыда майлы, дөңгелек дақтар түзіледі. Дақтарды  түйнектің қабығын алғанда ғана көруге болады. Бактериялар тұқымда сақталады. Ауру түйнектерді еккенде ауру өскіндер пайда болады. Қоректік заттар мен судың жетіспеушілігінен ауру өсімдіктердің жапырақтары қурайды, 2-3 қана сабақ дамиды.



Күресу шаралары: фитотазалау кезінде ауру өсімдіктерді жою; картопты уақытымен ауа-райының құрғақ кезінде жинап алу (түйнектері пісіп, қабығы қатайғанда); тұқымды ауру түйнектерден тазалау; «...Тізім» бойынша фугицидтерді пайдалану қажет.

                        

 

 

 



 

Картоптың құрғақ шірігі. Қоздырғыштары Deuteromycetes класы, Hyphales ретіне жататын Fusarium (Fuzarium coeruleum saac., F. Sambucinum Fuck., F. solani App. et Wr. және басқа да түрлері) текті саңырауқұлақтар.

Ауру қоймаларда қыс айларында байқалады. Саңырауқұлақпен зақымданған түйнектің ұлпасы құрғақ, шіріген болады, қабықтарының зақымданған жерлері жиырылып, қатпарланып кетеді. Кейін түйнек толықтай шіріп, құрғап, қатайып қалады. Түйнектің бетінде ақ, сары немесе қызғылт түсті саңырауқұлақтың мицелийлері мен конидиилік споротүзгіштері пайда болады. Аурудың қоздырғыштары топырақта сақталады.



Күресу шаралары: түйнектердің механикалық зақымдануын болдырмау; жинағанда және тасымалдағанда түйнектерді үсітіп немесе қыздырып алмау керек; сақтау қоймаларын (1,5-2 ай бұрын) тазалау және дезинфекциялау; тұқымды  қоймаға салар алдында жарықпен шынықтыру; сақтауға сау түйнектерді салып сақтау ережелерін орындау, «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.

 

 



 

 

 



 

Түйнектердің фомозы немесе түйме шірігі. Қоздырғыштары: Phoma exigua Desm. (Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales қатары, Ophiobolus porphyrogonus Sass. (Ascomycetes класы,  Pleosporales қатары) саңырауқұлақтары.

Түйнектерде дөңгелек пішінді, ойық дақтар пайда болады. Кесіп қарағанда дақтың астындағы ұлпаның түсі қоңыр, шеттері қара болады. Зақымданған ұлпа уақыт өте келе жиырылады, сосын жарылып пикнидтер сыртқа шығады. Гүлдену кезінде сабақтың жапырақ сағағына жақын жерінде ұзындығы 8 см-ге дейін жететін жайылған дақтарды көруге болады. Кейін ол дақтарда ашық немесе қара қоңыр түсті көптеген пикнидтер пайда болады. Кейде дақтар шеттері қарайған жараға ұқсайды. Сабақ нашар өседі және солады, ал қатты зақымданған сабақтар сынып қалады. Түйнек сақтау кезінде және танапта зақымдануы мүмкін.


       

Күресу шаралары: карантиндік шараларды орындау; ауыспалы егісті пайдалану; сау түйнектерді отырғызу; жинардың алдында бір-екі жеті бұрын сабақтарды шауып тастау қажет; қыста сақтау ережелерін орындау; «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану керек.

 

Картоптың фитофторозы. Қоздырғышы: Phytophthora infestans (Oomycetes класы, Peronosporales қатары).

Фитофтороз – картоптың ең көп тараған зиянды ауруы. Саңырауқұлақтың дамуы үшін картоп жапырақтарында шықтан кейін немесе жаңбырдан соң қалатын су тамшысы және 19-24° С ауа температурасы қажет. Түнде ауа температурасының 10-13° С  төмендеуі аурудың дамуы мен таралуын күшейтеді.

Ауру гүлдену алдында байқалады. Жапырақ тақтасының шетінде қара-қоңыр түсті сулы дақтар пайда болады. Жапырақтардың астыңғы бетінде, зақымданған және сау ұлпалардың арасында жаңбырлы күні немесе шықтан кейін жақсы байқалатын ақ түсті өңез түзіледі. Сабақтары мен жапырақ сағақтарында ұзынша қоңыр дақтар, ал түйнектерінде ойық, анық шектелген , қоңыр түсті, қатты дақтар пайда болады. Түйнекті бөлгенде тат түстес пішіні тілге ұқсаған, түйнектің ішкі бөлігіне кіре орналасқан бүлінген бөліктерін көруге болады.

Түйнектер негізінен жапырақтардан жаңбырмен немесе шықпен  шайылып түсетін және топырақтың жоғарғы қабатында болатын саңырауқұлақ спораларымен зақымданады. Түйнектерге саңырауқұлақ споралары  жинаған кезде ауру сабақтардан жұғады. Аурудың қоздырғыштары түйнектерде мицелий, ал өсімдік қалдықтары мен топырақта ооспоралар түрінде сақталады.  Ауру түйнектерден жердің бетіне сұр түсті өскіндер шығады, олар  көбіне өліп қалады. Осы жерлерден ауру жаңбырмен және желмен көрші өсімдіктерге таралады. Көктемде ауру түйнектерді еккен кезде аурудың қоздырғыштары топыраққа таралады да сау түйнектерден шыққан өскіндерді зақымдайды.

Күресу шаралары: жинаудан 1,5-2 апта бұрын картоптың сабақтарын шауып тастайды; іріктелген түйнектермен отырғызады; қатар аралықтарды уақытымен өңдейді; картопты құрғақтай жинайды; сақтау қоймаларына аурудан таза картопты салады; тұқымдық картопты жарықпен шынықтырады (түйнектерде жарықтан пайда болатын соланин, оларды шіруден сақтайды); «...Тізім» бойынша фунгицидтерді қолданады.

 

Картоптың макроспориозы. Қоздырғышы: Macrosporium solani (Deuteromycetes класы, Hyphales қатары).

Макроспориоз  жапырақтар мен сабақтарда гүлдеу кезеңінен бұрын құрғақ, қоңыр түсті, аумақтық дақтар түрінде білінеді. Жапырақтардағы дақтардың астында дөңгелек пішінді қара түсті өңез пайда болады. Өңез конидиальдық спора түзгіштерден тұрады. Зақымданған жапырақтар біртіндеп сарғаяды және қурап қалады. Сабақтардағы дақтардың айырмашылығы түсі қара-қоңыр болады. Ауру өсімдік қалдықтарында мицелий түрінде сақталады. Ауру жаз ыстық болғанда және өткінші жаңбырлар мен түнгі шық мол болғанда қатты дамиды.

Күресу шаралары: танапты терең жырту; ауыспалы егісті пайдалану; тыңайтқыштар енгізу; аурудың алдын алу үшін гүлдеу кезеңінің алдында немесе макроспориоз белгілері білінгенде «Тізім...» бойынша  фунгицидтерді қолдану қажет.

 

Ризоктониоз, немесе картоптың қара таз қотыры – қоздырғышы Rhizoctonia solani, Deuteromycetes класы, Mycelia sterilia қатары.

Аурудың белгісі түйнектердің бетінде кішігірім, топырақ түйіршіктеріне ұқсас, жалпақ саңырауқұлақ қарамықтары болады. Тұқымдық картоп үшін ризоктониоз тазқотырдың аса қауіпті түрі болып саналады. Топыраққа егілген түйнектердегі қарамықтардан өскіндерді зақымдайтын мицелийлер өсіп шығады. Өскіндерде айнала орналасқан, ойық және көбіне тұтасып кететін дақтар пайда болады. Ауру өскіндер кейде топырақ бетіне шықпай өліп қалады. Көктем кеш және суық болғанда, тұқым жылымаған топыраққа терең отырғызылғанда аурудың дамуына қолайлы жағдай туады. Ересек өсімдіктерде ризоктониоз ақ мойнақ түрінде дамиды. Сабақтың төменгі бөлігі саңырауқұлақтың базидиялық түрінен түзілген ақшыл-сұр түсті µњезбен жабылады. Сабақтан жаңбырмен шайылған базидиоспоралар  топыраққа түсіп жас түйнектерді зақымдайды. Жаңадан алынатын өнім топырақтағы қарамықтардың есебінен жаппай зақымдалуы мүмкін.

Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; түйнектерді сазды топыраққа 6-8 см тереңдікке, ал құмдақ топыраққа 12-15 см тереңдікке егу; тиімді егу мерзімдерін сақтау; сазды топырақта қабыршақ түзілгенде егуден 4-5 күн өткен соң тырмалау жұмыстарын жүргізу; арамшөптерді (қалуен, алабота және т.б.) жою; қажет болғанда «Тізім...» бойынша фунгицидтерді пайдалану.

 

Картоптың қатерлі ісігі. Қоздырғышы: Synchitrium endobioticum (Chytridiomycetes класы, Chytridiales қатары).

Ауру түйнектерде пішіні мен мөлшері әр түрлі ісіктер дамиды. Ісіктер сабақтың төменгі бөлігінде өте сирек кездеседі. Ауру қатты дамығанда түйнекті түгелдей ісіктер басып кететіндіктен олардың тауарлық сапасы төмендейді. Уақыт өте келе ісіктер бүлініп, бактериялардың дамуына байланысты, жағымсыз исі бар массаға айналады. Ісікті кесіп қарасақ негізінен  шеттерінде тыныш жатқан споралар мен біршама ірі, қалың қабығы бар, сопақша цисталарды көруге болады. Цисталар топырақта 10-13 және одан да көп жылдар бойы сақтала алады.

Цисталардан зооспоралары мен зооспорангийлер дамып, картопты сол жазда қайтадан залалдауы мүмкін.



Күресу шаралары: қатерлі ісікке төзімді сорттарды өсіру; ауру таралған жерді ісік ауруына төзімді өсімдіктерді (қырыққабат, қияр, сәбіз) өсіру арқылы тазартады; карантиндік шараларды орындау; түйнектерді егер алдында  «...Тізім » бойынша дәрілердің бірімен дәрілеу қажет.

 

 



 

Картоптың кәдімгі таз қотыры. Ауру қоздырғыштары болып актиномицеттердің түрлері саналады: Actinomices scabies, Actinomices tricolor, Actinomices cretaceus.

Түйнек сыртында дөңгелек, жалпақ немесе сәл дөңес, жұлдызға ұқсап жарылатын сүйелдер пайда болады. Кейде түйнектің бетіне батып орналасқан жарылған жаралар болады. Кейін сүйелдер мен жаралар түйнектерді  түгелдей жауып, тұтасып кетеді. Жаңа қазып алынған түйнектерде  мицелийден тұратын ақ түсті өрмек тәрізді өңезді көруге болады, кепкеннен кейін өңез жоғалып кетеді. Ауру түйнектердің тауарлық көрсеткіштері төмендейді, дәмдік сапасы нашарлайды (крахмалдың мөлшері 5-30%-ға азаяды), азықтық картоптың  қалдықтары көбейеді, түйнектер нашар сақталады. Аурудың қоздырғыштары негізінен өсімдік қалдықтарында сақталады.



Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; төзімді сорттарды өсіру; картопты жоғары мөлшерде актелген топыраққа орналастырмаған дұрыс; сілтілілігі жоғары топыраққа физиологиялық қышқыл тыңайтқыштарды салу керек (суперфосфат және басқалары); егер алдында түйнектерді «...Тізім» бойынша дәрілеу қажет.

 

 



Темір дақ, немесе түйнек  таты.

Егер түйнекті кессек әр түрлі пішіндегі және мөлшердегі тат дақтарды көруге болады. Жұқпалы ауруларға жатпайды. Түйнек таты темір мен алюминий көп жиналып кальций жетіспесе, немесе тотықтырғыш ферменттердің әсері күшейіп фосфор жетіспегенде пайда болуы мүмкін. Топырақтың қатты  қызуы аурудың білінуін күшейтеді.



Күресу шаралары: аурудың себептеріне байланысты қорғау шараларын қарастыру керек (фосфорлық, азоттық тыңайтқыштардың тиімді мөлшері, қышқыл топырақтарды актеу). Ылғалдылықтың тиімді мөлшері аурудың алдын алуға көмектеседі.
Бақылау сұрақтары.

1. Картоптың саңырауқұлақтар тудыратын аурулары. Картоптың бактериялар тудыратын аурулары. Картоптың актиномицеттер тудыратын аурулары. Картоптың вирустар тудыратын аурулары.

2. Картоптың қара мойнағы және күресу шаралары.

3. Картоптың фитофторозы және  күресу шаралары.

4. Картоптың саќиналы шірігі және күресу шаралары.

5. Картоптың қатерлі ісігі және күресу шаралары.

6. Картоптың құрғақ шірігі және күресу шаралары.

7. Картоптың сулы шірігі және күресу шаралары.

8. Картоптың кәдімгі таз қотыры және күресу шаралары.

9. Картоптың ризоктониозы және күресу шаралары.

10.  Картоптың макроспориозы және күресу шаралары.

10 Дәріс Тақырыбы: Бұршақ тұқымдас дақылдардың аурулары

Жоспары:

1.

2.



3.

Әдебиеттер:

1Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

Бақылау сұрақтары.
11-12 Дәріс Тақырыбы: Көкөніс дақылдардың аурулары

Жоспары:


1.Капуста аурулары

2.Қияр аурулары.

3.Қызанақ аурулары

4. Сәбіз аурулары.

5Пияз және сарымсақ аурулары.

Әдебиеттер:

1Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет