Оқу бағдарламасын жаңғыртудың алғышарттары. Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері: - Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде
«Ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады» делінсе, - Ж. Аймауытұлы, 1929жылы «жұмыстану негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны абзал.
- белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу) - бейнелік (суреттер мен бейнелер көмегімен білім алу) - таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу) Спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері: - оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Оқу бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы қажеттігінің мысалы Оқу бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы қажеттігінің мысалы 1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс. 2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек. 3) Оқу бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс. 4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті болуы керек және оқушыларды тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағалауға болмайды. 5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын талдай білуі тиіс. 6) Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |