ӨҚУ Әдестемелік кешені ҚР Қәсіпкерлік құқығы семей-2013ж


Дәріс 12. Міндеттемелер туралы жалпы ережелер



бет5/5
Дата17.07.2016
өлшемі313 Kb.
#205467
1   2   3   4   5

Дәріс 12. Міндеттемелер туралы жалпы ережелер

12.1. Міндеттеме ұғымы және пайда болу негіздері

12.2. Міндеттемені орындау

12.3. Міндеттемені тоқтату



Міндеттеме ұғымы және пайда болу негіздері

Міндеттеме - бір адамның (борышқордың) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу сияқты белгілі бір әрекеттер жасауы, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуы. Міндеттеменің әр тарабы – несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұндай ретте үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады. Міндеттеме тараптары (несие беруші мен борышқор) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Үшінші жақ ретінде міндеттеме тараптарының біреуне міндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Міндеттеме үшінше жақ үшін міндеттер туғызбайды, бірақ міндеттеме үшінші жақтар үшін міндеттеменің бір немесе екі тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкін. Міндеттеменің пайда болу негіздері:

- заңнамаде көзделген шарттар мен мәмілелерден, сондай-ақ заңнамада көзделмегенімен оларға қайшы келмейтін шарттар мен мәмілелерден;

- заңнамаға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;


- азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімімен;

- заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;

- өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;

- басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (негізсіз баю) салдарынан;

- азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;

- азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан және өзге де негіздерден міндеттемелер пайда болады.



12.2. Міндеттемені орындау

Міндеттеме барлық шарттар мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда – іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді. Тараптардың келісімінде өзгеше көделмесе борышқор міндеттемені орындау кезінде несие берушінің өзі немесе бұған ол уәкілдік берген адам орындауға қабылдайтын нәрсені талап етуге құқылы және мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етеді. Егер заңдарда немесе шартта көзделсе, үшінші жақ тиісті шарт арқылы тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттемені орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа жүктелуі мүмкін. Міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиіс уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуға тиіс. Міндеттемеде ол орындалатын кезең көзделмесе, ол міндеттеме пацда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс. Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған міндеттемені, борышқор несие беруші талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімде орындауға міндетті. Міндеттеме орындалатын жер шарттарда белгіленбеген жағдайда міндеттеме мынадай жерлерде орындалуы мүмкін:

- міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру – мүлік орналасқан жерде;

- міндеттеме бойынша мүлікті тасымалдауды пайдалана отырып беру – мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсыратын жерде;

- егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса, кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойынша мүлікті беру – мүлік дайындалған немесе сақталған жерде;

- ақшалай міндеттеме бойынша – несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші заңды тұлға болса – міндеттеме пайда болған кезеде оның болған жерінде;


- басқа да барлық мәндеттемелер бойынша – борышқордың тұрғылықты жерінде, ал егер борышқор заңды тұлға болса – оның орналасқан жерінде орындалуға тиіс.Міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышқор қатысса, несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауыды талап теуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы басқалармен тең үлесті орындауға міндетті (үлесті міндеттеме).

Несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы орындауға міндетті болуына сәйкес көп жақтар қатысатын міндеттеме ортақтасқан міндеттеме деп танылады. Негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиярлық борышқорға) мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға құқылы. Міндеттеменің орындалғанын қабылдау отырып, несие беруші борышқордың талап етуі бойынша оның толық немесе бір бөлігі орындалғаны жөнінде оған қолхат беруге міндетті. Егер борышқор міндеттемені куәландыру үшін несие берушіге борыш құжатын берсе, несие беруші оның орындалғанын қабылдай отырып, құжатты борышқорға қайтаруға тиіс. Борышқорда борыш құжатының болуы, өзгеше дәлелденге дейін міндеттеменің тоқтатылғандығы куәландырады.



12.3. Міндеттемені тоқтату

Міндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемі төленсе, борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешіру арқылы борышқор мен несие беруші бір тұлға болса, орындауға мүмкіндік болмаса, мемлекеттік органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, толық немесе ішінара тоқтатылады.Тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемін беру арқылы тоқтатытлуы мүмкін. Бас тарту төлемінің мөлшерін, мерзімдерін және тәртібін тараптар белгілейді.Міндеттеме мерзімі жеткен, не мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі талап ету кезімен белгіленген біртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлік-бөлігімен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бір тараптың өтініші жеткілікті. Міндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы міндеттемені ауыстыру туралы келісіммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанын немесе әдісін көздейтін басқа міндеттемемен (жаңғыртылуға байланысты) тоқтатылады. Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі және алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерге қатысты жаңғыртылуға жол берілмейді.Міндеттемені орындауға мүмкіндіктің болмауы борышқор жауап бермейтін жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкіндік болмағандықтан міндеттеме тоқтатылады. Бұл ереженің күші ақшалай мінддемелерген қолданылмайды.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың құжат (жария құжат) шығаруы салдарынан міндеттемені толық немесе ішінара орындау мүмкін болмаса, міндеттеме толық немесе тиісті бөлігінде тоқтатылады. Міндеттемені орындау борышқордың жеке өзінің қатысуынсыз жүргізілмейтін болса не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, борышқордың қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады.

Егер де міндеттемені орындау несие берушінің жеке өзіне арналса, не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушінің қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады. Таратылған заңды тұлғаның міндеттемесін орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға (азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келуі салдарына туындаған міндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, міндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие беруші) тартылғанда тоқтатылады. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қызметін тоқтату немесе оларды қайта құру осы органда борышқор болған міндеттемелерді тоқтатуға әкеліп соқтырмайды.



Дәріс 13. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

13.1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы

13.2. Айыппұл және кепілпұл

13.3. Кепіл және оның түрлері

13.4. Кепілдік және кепіл болушылық

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы

Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиесінше орындайды. Сонымен бірге, өмірде міндеттемені орындау немесе тиесінше орындау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз етуі үшін әдістер деп аталатын арнайы шараралды көздейді. Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан, ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарына қаралған міндеттемелерге қолданады. Азаматтық заңнама талаптарына сәйкес, ондай әдістерге айып төлету, кепіл, борышқордың мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік , кепілпұл және басқа әдістер жатады. Қамтамасыз ету әдістерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге болады. Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлей арқылы қосымша мүлік залал шегуініен көрінеді. Екінші топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады. Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіртіп алуды қамтиды.


Төртінші топқа біздің заңымызда бұрын – сонда тән болмаған әдіс – борышқордың мүлкін ұстап қалу болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол заң несие берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін - өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.

13.2. Айыппұл және кепілпұл

Айыппұл (айып төлеу)– борышқордың міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте несие төлеушіге міндетті заңдармен немесе

шартпен белгіленген ақша сомасы. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысаныа қарамастан жазбаша түрде жасалуға тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады. Айыппұл мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді. Егер төленуге тиіс айыпппұл несие берушінің шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере отырып айыппұл мөлшерін азайтуға құқылы. Міндеттемені бұзғаны үшін дорышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады. Кепілпұл – уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз еткуге берілген ақшалай сома. Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бұл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиіс болатын жағдайда да қолданылмайды. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады. Міндеттеменің орындалуы басталғанға дейін тараптардың келісімі бойынша не олардың кінәсінсіз-ақ оны орындаудың мүмкіндігі болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда кепілпұл қайтарылуға тиіс. Егер міндеттеменің орындалмауына кепілпұл берген тарап жауапты болса, ол екінші тарапта қалады, ал егер кепілпұл алған тарап жауапты болса, ол екінші тарапқа кепілпұлдың екі еселенген сомасын төлеуге міндетті.

13.3. Кепіл және оның түрлері

Кепіл – міндеттемеге сәйкес несие берушінің (кепіл ұстаушының) борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен қанағандандырылуға құқығы бар міндеттемені атқарудың әдісі. Кез келген мүлік, соның ішінде айналымнан алып тасталған заттар, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және заң құжаттарымен оларды басқа тұлғаға беруге тыйым салынған өзге құқықтар, заттар мен мүліктік құқықтар (талаптар) кепіл мәні бола алады. Кепіл түрлері:

- ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі;

- кепілзат – кепілге салынған мүлікті кепіл беруші кепіл ұстаушының иелігіне беретін кепіл түрі. Кепіл туралы шартта кепілдің мәні мен оны бағалу құны, кепілден қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері мен орындалу мерзімі көрсетілуге тиіс. Онда кепілге салынған мүлік қай тарапта екендігі және оны пайдалану болатындығы көрсетілуге тиіс.

Мемлекеттік тіркелуге тиісті мүлікті кепілге салу осы мүліктің тіркелуін жүзеге асыратын органда тіркелуге тиіс. Тіркеуді жүзеге асыратын орган кепілдерді тіркеу реестрін жүргізуге және кепіл ұстаушылардың мүдделерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға, кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының келісімінсіз иеліктен айыруға жол бермеуге міндетті. Кеплімен қамтамасыз етілген борыштық талап қоюдың сипаты мен мазмұны өзгерген кезде қосымша тіркеу жүргізіледі. Егер кепілге салынған мүлік басқа талаптарды қамтамасызететін басқа бір кепілдің нысанасы болса ( кепілге қайта салу), кейінгі кепіл ұстаушының талабы алдыңғы кепіл ұстаушылардың талаптарынан талаптары қанағаттандырғаннан кейін кепіл мәнінің құнынан қанағаттандырылады. Кепілдің тоқтатылу негіздері:

- кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер тоқтатылғанда;

- кепілге салынған мүліктің жоғалу немесе бүліну қаупі туып, кепіл ұстаушы кепілдегі мүлікті күтіп ұстау мен сақтау міндеттерін өрескел бұзған жағдайда кепіл беруші талабы бойынша кепіл мерзімінен бұрын тоқтатылғанда;

- кепілге салынған мүлік жойылса немесе бүлінсе кепіл беруші кепілге салынған нәрсені ақылға қонымды мерзімде қалпына келтіре алмаса немесе оны басқа мүлікпен алмастыра алмастыра албағандық салдарынан тоқтатылғанда;

- кепілге салынған мүлікті жария саудаға салып сатқан ретте, сондай-ақ оны сату мүмкін болмаған ретте тоқтатылады.

Кепілдің тоқтатылғаны туралы кепіл туралы шарт тіркелген реестрде белгі соғылуға тиіс.



13.4. Кепілдік және кепіл болушылық

Кепілдік – кепіл беруші заң актілерінде көөделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борйышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндетті міндетеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі. Кепіл болушылық – кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие беруші алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндетті міндетеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі. Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау кепілдік немесе кепіл болушылық шартының жарамсыз болуына әкеледі. Кепілдік беруші немесе

кепіл болушы борышқордың міндеттемені орындауын өз жауапкершілігіне алатынын несие берушіге жазбаша түрде хабарласа, ал несие беруші кепілдік берушінің немесе кепіл болушының ұсыныстарынан бұл үшін жеткілікті болатын қажетті уақыт ішінде бас тартпаса, кепілдік немесе кепіл болушылық шарттарыныі жазбаша нысаны сақталған деп есептеледі. Кепілдік және кепіл болушылық өздері қамтамасыз еткен міндеттеменің тоқтатылуымен бірге, осы міндеттеме кепілдік беруші мен кепіл болушының жауапкершілігін соңғылардың келісімінсіз арттыруға немесе өзге де

қолайсыз салдарға әкеліп соқтыратындай өзгерген жағдайда тоқтатылады.Кепілдік және кепіл болушылық, егер олар өздері қамтамасыз еткен міндеттемені орындау мерзімінің басталуына қарай борышқор немесе кепілдік беруші мен кепілдіболушы ұсынған тиісті дәрежедегі орындауды қабылдаудан несие беруші бас тартса тоқтатылады. Кепілдік және кепіл болушылық оларға кепілдік немесе кепілдік болушылық шартында көрсетілген мерзім біткен кезде тоқтатылады. Егер мұндай мерзім белгіленбесе, егер несие беруші кепілдіктен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімі басталған күннен бастап бір жылдың ішінде кепілдік берушіге немесе кепіл болушыға қуыным жасамаса, ол тоқталады. Негізгі міндеттеменің орындалу мерзімі көрсетілмеген және белгілеуге болмайтын немесе талап етуімен белгіленген кезде, кепілдік және кепіл болушылық егер несие беруші кепілдік берушіге немесе кепіл болушыға кепілдік немесе кепіл болушылық шарты жасалған күннен бастап екі жылдың ішінде қуыным жасамаса, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кепілдік пен кепіл болушылық тоқтатылады.



Дәріс 14. Шарт ұғымы мент негіздері

14.1. Шарт ұғымы

14.2. Шарт жағдайлары

14.3. Шарттың топтастырылуы



Шарт ұғымы

Шарт – екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық және өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін. Шарттық қарым-қатынастарды қоғамдық қатынастардан айырып қарауға болмайды, өйткені олар соңғы аталған қатынастардың бір тармағы. Олардыңң таибғаты мен мазмұны қоғам өмірінің материалдық жағдайын байланысты. Сондықтан да болар нарықтық экономика жүйесінде шаруашылық қатынастарының негізгі реттеушісі ретінде азаматтық құқықтық шарттың қолданылуы. Шарт мәміледен ажырата қарағанымыз да жөн, себебі, мәміле мағынасы жағынан терең түсінілуі тиіс, өйткені шартта әр уақытта да екі тарап бар, ал мәміле біржақты да болуы мүмкін. Мәселен, сыйға тарту шарты немесе өсиет қалдыру (бұл жерде әңгіме мәмілеге қатысушылардың еркіне байланысты өрбіп отыр) шартқа екі тарап


катысқандықтан екеуінің де еркі қажет,яғни екі тараптың да негізгі мақсаты - өздеріне қажетті құқықтық салдарды туғызу. Азаматтық құқықтың субъектілері шарт жасауда еркін болады. Атап айтқанда:

- шартты жасау не жасамау;

- шарт бойынша серікті жақта талдау;

- шарттың түрін таңдау;

- шартқа белгілі бір не басқа жағдайларда өзінің қалауынша енгізу.Заңнама бойынша шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді.

Шарт жағдайлары

Шарт мазмұны – жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жасалған жағдайлардан басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді. Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылдатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен өзгеше (диспозитивтік қалып) белгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көздлгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады. Егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтармен белгіленеді. Шарт тараптар үшін оны жасасу кезінде қолданылып жүрген заңдармен белгіленген міндетті ережелерге (императивтік қалыптарға) сәйкес келуге тиіс. Егер шарт жасалғаннан кейін шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшін міндетті ережелер заңдармен белгіленген болса, жасалған шарттың ережелері оның күні бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгілегендегідей басқа жағдайларда өз күшін сақтайды. Шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді. Заңнамада көзделген жағдайларда оған уәкілдік берілген мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады. Шарт жасалғаннан кейін бағаны өзгертуге заңнамада немесе шартта белгіленген жағдайлар мен реттерде жол беріледі. Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерін негізге ала отырып оны анықтау мүмкін болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезінде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуге тиіс деп есептеледі. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Тараптар өздері жасасқан шарттың ережелері олардың шартты жасасуға дейін пайда болған қатынастарды қолданылатындығын белгілеуге құқылы. Егер шартта немесе заңнамада шарттың қолданылу мерзімі көзделмесе, осы мерзімнің аяқталуы, шарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуына әкеліп соқтырады. Қолданылу мерзімі көрсетілмеген шарт тараптардың онда белгіленген міндеттемелерді орындауы аяқталып біткен кезге дейін қолданылады жеп

танылады. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуыы тараптарды осы мерзім біткенге дейін орын лаып келген шартты бұзғандық үшін жауапкершіліктен босатпайды. Шартта оның кейбір ережелері осындай шарттар үшін әзірленген және баспада басылып шыққан үлгі ережелермен белгіленетіні көзделуі мүмкін.

Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкін. Сот шарт ережелерін түсіндірген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердің сөзбе-сөз мәні ескеріледі. Шар тережесінің сөзбе-сөз мәні түсініксіз болған ретте ол бүкіл шарттың басқа ережелерімен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.



Шарттың топтастырылуы: Шарттың топтастырылуы негізгі белгілеріне орай жүргізіледі:

- Бір жақты және екі жақты шарттар;

- Консенсуалды және нақты шарт;

- Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт;

- Жария шарт;

- Қосылу шарты;

- Ақылы және ақысыз шарт;

- Алдын – ала жасалатын шарт;

- Аралас шарт.
Дәріс 15. Шартты жасасу, өзгерту және тоқтату негіздері

15.1. Шарт жасасу

15.2. Шартты өзгерту және бұзу

15.1. Шарт жасасу

Тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі. Шарттың мәні туралы ережелер, заңдарда елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, сондай-ақ бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елеулі ережелер болып табылады. Егер шарт жасасу үшін заң құжаттарына сәйкес мүлікті беру қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі. Тараптар белгілі бір нысанда шарт жасауды уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан талап етілмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі. Оферта – шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс. Офертадағы шарттың елеулі ережелері немесе оларды анықтау тәртібі көрсетілсе, ол жеткілікті дәрежеде айқын деп табылады. Офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледі. Егер офертаның өзінде өзгеше айтылмаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцепті үшін

белгіленген мерзім ішінде қайтарып алуға болмайды. Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетілген жағдайларда шарт жасасу еркі көрінетін, шарттың барлық елеулі ережелері бар ұсыныс жария оферта деп аталды. Акцепт – оферта жолданған жақтың оны қабылданғаны туралы жауабы. Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс.

Егер акцепті қайтарып алу туралы хабар оферта жіберген жаққа акцептің өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледі. Офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілген жағдайда, егер оферта жіберген жақ акцепті онда көрсетілген мерзім ішінде алса, шарт жасалған болып есептеледі. Жазбаша офертада акцептіге белгіленген мерзім біткенге дейін, ал егер ондай мерзім белгіленбесе, оны жеткілікті дәрежеде қажетті уақыт ішінде алса, шарт жасалған болып есептеледі. Оферта акцептіге арналған мерзім көрсетілмей ауызша жасалған жағдайда, егер екінші тарап оның акцепті туралы дереу мәлімдесе, шарт жасалған болып есептеледі. Егер оферта жіберген тарап екінші тапрапқа оның кешіктіріліп алынған акцепті қабылдағаны туралы дереу хабарласа, шарт жасалған болып есептеледі. Заңнамаға сәйкес шарт жасасу тараптардың бірі үшін міндетті болған реттерде, бұл тарап екінші тарапқа акцепт, не акцепттен бас тартатыны туралы немесе офертаға (шарт жобасына) өзгеше жағдайларда акцепт жасалатыны туралы (шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы), егер заңнамада өзге мерзім белгіленбесе, не тараптар келіспеген болса, офертаны алған күннен бастап отыз күннің ішінде хабар жіберуі тиіс. Офертаны жіберген және шартты жасасуға міндетті тараптан оған өзге жағдайлармен акуепт жасау туралы хабар (шарт жобасына келіпсеушілік хаттамасын) алған тарап шарт жасасу кезінде пайда болған келіспеушілікті осындай хабар алған күннен бастап отыз күн ішінде, не акцептіге арналған мерзім өткен соң, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлері туралы өзге мерзім белгіленбесе, соттың қарауына беруге құқылы. Шарт жасасуға міндетті тарап жіберген шарт жобасына отыз күн мерзімде шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы алынса, бұл тарап екінші тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын алған күннен бастап отыз күн ішінде хабарлауға міндетті. Келіспеушілік хаттамасын қабылдамаған не оны көрсетілген мерзімде қарау нәтижелері туралы хабарды алмаған жағдайда келіспеушілік хаттамасын жіберген тарап, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлері туралы өзгеше белгіленбесе, шарт жасасу кезінде пайда болған келіспеушіліктерді соттың қарауына беруге құқылы. Шарт жасасу кезінде туындаған келіспеушілерді тараптардың келісуімен соттың қарауына берілген болса, шарттың тараптар келіспеген ережелері сот шешіміне сәйкес белгіленеді.



15.2. Шартты өзгерту және бұзу

Шартты өзгерту және бұзу заңда немесе өзгеше көзделмесе, тараптардың келісуімен жүзеге асуы мүмкін. Тараптардың біреуінің талабы бойынша шарт екінші тарап шартты едәуір бұзған кезде немесе сот шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Тараптардың біреуі шартты бұзып, ол екінші тарап шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы деп танылады. Шартты бұзу кезінде тараптар міндеттемелері тоқтатылады, ол өзгертілген кезде өзгертілген түрінде қолданыла береді.



Шарт бұзылған немесе өзгертілген ретте, егер тараптардың келісуімен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, міндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келісімге келген кезден бастап, ал шарт сот тәртібімен бұзылған немесе өзгертілген жағдайда – шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шашімі заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертілген болып есептеледі. Шарт орындаудан біржақты бас тартуға тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда жол беріледі. Тараптардың бірі шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаған, белгіленген тәртіппен екінші тарапты банкрот деп таныған немесе шарт жасалғанда негізге алынған мемлекеттік органның актісі өзгертілген немесе күші жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет