ОҚУ Әдістемелік кешен 5В071100 «Геодезия және картография»



Дата07.07.2016
өлшемі400.5 Kb.
#182229

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының Шәкәрім атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМК Құжат 3 деңгейлі




ПОӘК

ПОӘК 042-18-14.1. 5 / 03-2013


ОӘК «Инженерлік геодезия» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар

02.09.2013ж

№ 1 басылым



ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В071100 «Геодезия және картография» мамандығына


«Инженерлік геодезия» пәніне арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013 ж.


  1. Құрастырған

Әзірлеген : Құттықадамов М.Е., Аубакирова С.М., Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Геодезия және картография» кафедрасының аға оқытушысы

«_01__» __09___2013 ж. № _1_
2. ТАЛҚЫЛАНҒАН

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Геодезия және картография» кафедрасының отырысында


Хаттама «_02_» __09___ 2013 жылғы, № _1_
Каф. меңгерушісі ____________ Күдеринова Н.А.

3. МАҚҰЛДАНҒАН

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросы отырысында
Хаттама «_11_» __09___ 2013 жылғы, № _1_
Төрайым ____________ Бекбаева Р.С.

4. БЕКІТІЛГЕН

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында келісіліп, баспаға ұсынылды
Хаттама «_18_» __09___ 2013 жылғы, № _1_

ОӘК төрайымы________________Искакова Г.К.




Мазмұны


  1. Дәрістер

  2. Лабораториялық сабақтар

3. Студенттің өздік жұмысы

4. Студенттердің өзін-өзі тапсырмалар тізімі.

5. Емтихан сұрақтары.

1. Дәрістер

Дәріс № 1

Кіріспе . Инженерлік геодезия пәні.
1. Геодезия туралы жалпы мағлұматтар.

Геодезия –жер туралы ғылымның ежелгі бір саласы .Геодезия грек тілінен аударғанда «жерді бөлемін»деген мағынаны береді,ғылым ретінде жердің бетін өлшеу және бөлуге байланысты азаматтың тұрмыстық ,практикалық қажетінен пайда болған. Қазіргі геодезия көп қырлы ғылым: күрделі ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлік есептерді геодезиялық және басқа арнайы аспаптар арқылы өлшеп , нәтижелерін математикалық және графикалық өңдеу арқылы шешеді. Оның шешетін басты мәселелері:



  1. Жердің пішіні мен мөлшерін және сыртқы гравитациялық тартылысын , яғни тартылыс күшін анықтайды.

  2. Берілген координаталар жүйесінде жер бетіндегі нүктелердің орнын анықтайды .

  3. Жер бетінің картасы мен планын жасайды.

  4. Жер бетіінде құрылыстарды жобалау ,салу және пайдалану үшін өлшеу жұмыстарын орындайды.

Жалпы айтқанда , геодезия пәні жердің пішінін зерттейтін, жердін бетін өлшеп , оны план карта арқылы бейнелеп көрсететін ғылым болып табылады.

Геодезия пәні өзінің даму барысында және жағарыда көрсетілген мәселелерге байланысты бірнеше жеке ғылыми және ғылыми техникалық салаларға бөлінеді.

Жоғарғы геодезия Жердің және басқа планеталардың пішіні мен мөлшерін зерттеу кезінде , сонымен қатар , геодезиялық терек пунктерін құруда кездесетін есаптерді щешеді .

Топография кішігірім жер бетін түсіру және оның бейнесін планда толықтырып көрсету әдістерін зерттейді.

Картография жер бетінің біраз аумағының бейнесін картаға түсіру әдістері мен оларды құрастыру үрдістерін және картаны түріне қарай бөліп , оны жасау мен көбейту технологиясы зерттейтін геодезияның ғылыми саласы.

Инженерлік геодезия инженерлік құрылыстың ізденіс , жоба салу және пайдалану кезеңдеріндегі геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен шұғылданады.

Геодезия әртүрлі ғылыми пәндермен тығыз байланысты, соның ішінде :математика , астраномия, физика , механика ,автоматика , электроника, география, фотография және сызу. Математика геодезиядағы өлшеу нәтижелерін өндеу әдістерімен және талдау амалдарымен қамтамасыз етеді.

Астраномия геодезияға жер бетіндегі нүктелердің координаталары және астраномиялық азимуттары жайында алғашқы мәліметтер береді.

Физика мен механиканы пайдаланып , геодезиялық аспаптардың тетіктерін құрастырады. Аспан шығаруда автоматика және электроника көп қолданылады.

Географияны білу жер бетінің бедерін және жер бетіндегі табиғи жымылғыларды дұрыс бағалауға көмектеседі.

Геодезияда қолданылатын фотограмметрия әдісі фотографияны білуді қажет етеді , ал план мен картаны графикалық түрге келтіру үшін топографиялық сызудың әдістерін менгеңгеру керек .

Осы айтылған ғылым салаларының дамуына байланысты , геодезия ғылыми мазмұны жанартылып , ең жана аспаптармен , өлшеу және есептеу әдістерімен байытылып отырылды . Қазіргі кезде көп инженерлік ғылымдар геодезияның әдістерімен тәсілдерін ,аспаптарын кең түрде пайдаланады.



2. Еліміздегі геодезиялық қызметтер.

Геодезиялық жұмыстардың орындалуына байланысты геодезия келесі түрлерге бөлінеді .

Жер үсті геодезиясы –геодезиялық жұмыстар тікелей жердің үстінде жүргізіледі. Өлшеу еезінде жұмыстың мақсатына байланысты әртүрлі аспаптар қолданылады , өңдеу нәтижесінде жер бетінің планын және картасын алады. Бұл қызмет еліміздің территориясының барлық жерінде жүргізіледі.

Аэрогеодезия – аспаннан ұшақ арқылы жердің бетің суретке (фотаға ) түсіреді де , арнайы аспаптар мен қондырғылар арқылы түсірген фотографияны өңдеу және талдау әдістерімен халық шаруашылығының маңызды мәселелерін шешеді . Мысалы , адам аяғы баспайтын жерлерде : тайгада , шөлде , таулы жерлерде және т. б ,сонымен қатар , жол құрылыстарын жобалағанда , орман шаруашылығында қолданатын тиімді түсіру әдісі .

Ғашықтық геодезия – ғарышта жер серігі арқылы жердің бейнесі мен оның бөліктерін фотаға түсіріп , оны арнайы әдістер мен аспаптар арқылы зерттейтін жұмыстың түрі.

Жер асты геодезиясы (маркшейдерия ) –жер астында және жердің жоғарғы қабаттарда жүргізілетін арнайы геодезиялық жұмыстар. Мысалы , шахтада , карьерде , метро және т. б . Су асты геодезиясы – кейінгі кезде геодезиялық жұмыстар су астында жүргізіле бастады , олар теңіздің , көлдердің , өзендердің түбін , оның бедерін зерттейді.



3. Инженерлік геодезия оның мәселелері және маңызы.

Жалпы айтқанда , инженерлік геодезия құрылыста ізденіс жобалау,салу және пайдалануда орындалатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін қарастырады.

Мысалы, жол құрылысына байланысты әр түрлі кезеңде геодезиялық жұмыстарды қарастырайық.


  1. Ізденіс кезеңінде:ірі масштабты топографиялық материалдарды жасау,геодезиялық тірек торларын дамыту және құрылыстың басты өстерін жерге шығару үшін арнайы жұмысты орындау.

  2. Жобалау кезеңінде: жер беті (құрылыс салатын жерде) туралы және топографиялық, геологиялық, гидоргеологиялық обьекттерді орналасуы жайында деректер жинау, жол және оның құрылысының жобасын техникалық-экономикалық негіздің және пайдалану шартына сәйкес келтіріп жасау.

  3. Салу кезеңінде: құрылыстың басты өстерін және шекарасын жобаға сәйкестендіріп жер бетінде анықтау, жер бетіндегі салынатын жолдың геометриялық пішіні мен көлемін қамтамасыз ету, салынып біткен құрылыстың жободан ауытқуын анықтау.

  4. Пайдалану кезеңінде: жол обьектілері мен құрылыстың беріктігін тексеру,құрылыстың әртүрлі бөліктері мен элементтерінің иілу, сығылу, созылу деформациясын анықтау, құрылыстың бөлек элементтерінің ауытқуын және шөгуін тексеріп қарау.


Дәріс № 2

План және карта
1. Масштабтар және олардың дәлдігі.

Қағазға жердің бетін бейнелеу үшін, жердегі сызықтың горизонталь проекциясын бірнеше есе етіп кішірейтеді. Жердің бетін қағазға түсіргендегі кішірейту дәрежесін масштаб дейміз , яғни айтқанда , план мен картаның масштабы деп пландағы (картадағы ) сызықтың ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі горизонталь сызыққа қатынасын айтамыз . Масштабтар сандық , сызықтық және көлденең болып бөлінеді .



Сандық масштаб . Сандық масштаб дегеніміз бөлшек алымы бірлікті , ал бөлімі жердің бетіндегі ұзындықтың планда немесе картада қанша есе кішірейтілгенін көрсететін шама.

Сызықтық масштаб . Сызықтық масштаб түзу сызықта тұратын ұзындық санағы бар кесінді ретінде салынады. Оны сызықтық масштабтын негізі деп атайды .

Көлденең масштаб . Көлденең масштаб сызықтық масштабтың түрле ріне жатады . Ол келесі түрде саналады . Түзу горизонталь сызықтың бойымен бірнеше рет масштабтың негізін құрайтын 2 см кесіндіні салады . Әрбір салынған кесіндінің шешетін кез келген ұзындықпен перпендикуляр сызық түсіріп , сол сызықтарды бірдей он бөлікке бөліп , әр бөлігінен негізге параллель сызықтар жүргізеді.




2. План мен карта туралы түсiнік.

Радиусы 10 км-ге дейiн жер бетiнiң кiшiгiрім учаскесінiң бейнесін

горизонталь жазықтыққа кiшiрейтiп түсiруге болады. Мұнда жердің кисыктығынан пайда болған қателер өте дәлдiкпен өлшенген сызықтын өлшеулердердiң қателерiмен шамалас болады да практика жүзiнде оның әсерi болмайды. Сонымен, кiшiрейтiп, дәлдеп салынған кiшiгiрiм жер бетiнiң горизонталь проекциясы план аталады. Үлкен территориялардын проекциясын бейнелегенде олардын проекциясы алғаш сфералық бетке түсiрiледi де кейiн жазықтықта көрсетіледi. Осыған байланысты жер бейнесiнде бұрмаланушылық пайда болады. Бейненi кiшiрейту мен бұрыстыкты қарастыру үшiн картографиялық проекция деп аталатын арнаулы әдiстi қолданады. Бұл проекция математикалык заңмен меридиандар мен параллельдерден тұратын картографиялық торларды салады. Сол торлардың ішінде жер бедерiнiң элементтерiн - рельеф пен контурларды көрсетеді . Жердiң бетiн жоғарғы көрсетiлген әдiспен қағазға салынғанда шығатын сызбаны карта деп атайды. Сонымен, карта дегеніміз кағазға кiшірейтiлiп езара белгiлi бiр заңдылықпен салынған аумақты Жер бетiнiң бейнесі . Картада Жердiң қисықтығы есептеледі. План мен картаның айырмашылықтары өзара ерекшелiктерiне байланысты. Планның ерекшелiктері:

1) кiшiгiрiм жердiң бейнесi керсетiледi, сол бөлiкте Жердiң дөнестігі ескерiлмейдi

2) кiшiрейту дәрежесi тұрақты

3) план горизонталь жазықтыққа түсiрiледi. Картаның ерекшелiктерi:

1) Жердiң дөнестiгi ескерiледi.

2) Жер бетiндегi әртүрлi белгiлер, объектер картада дәл түсiрiлмейді

3) Жер беті картада меридиан мен параллелдерден тұратын картографиялық тор арқылы бейнеленеді.

Егерде план мен картада тек қана жергілікті жердегі жағдай белгіленсе , ондай план мен картаны ситуациялық (контурлық) деп атайды . Ал, егер ситуациямен қатар рельефтің бейнесі көрсетілген план мен карта топогеографиялық деп аталады.



Дәріс № 3

Геодезиялық торларды дамыту туралы деректер.
1. Геодезиялык жұмыстарды ұйымдастырудын принцiптерi

Барлық геодезиялық өлшеулер канша мұкият орындалғанмен әркашанда өлшеу шамаларында кездойсоқ қателер жіберіліп отырады. Өлшеудің дәлдiгiн абсолютік (орта квадратты не салыстырма кателердің шамаларымен бағалайды. Геодезиялық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру үшiн жердi түсiрерде алдын ала керектi дәлдiк берiледi де, сол дәлдiкке байланысты жұмысты жасау әдiстемесi және колданалатын аспаптар тандалады.

Геодезиялық жұмыстарды ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруда келесi басты принципті ұстауды талап етеді:

1. Өлшеу жұмыстарын жалпыдан жекеге дамыту принципі, бұл түсiріс жұмыстарын орындауда және инженерлiк есептерді жер бетінде шешу кезiнде тiрек торларын дамытудын басты принцiпі .

2. Өлшеу және есептеу жұмыстарының әр кезеңдерiнде тиісті бакылау жасау; алдынғы өлшеулердi және бакыламай (тексермей), дала және өңдеу жұмыстарының келесі орындалатын кезеңдерiне кiрiсуге болмайды.
2. Тiрек торлары туралы түсiнiк

Кез келген топографиялық түсiрiстер жер бетiнде пландық биiктiк орны (Х,У,Н) белгілi нүктелерге негізделген. Бұндай нүктелерді тірек пунктері деп атайды. Осы пунктердің жиынтығы тiрек торларын құрайды.

Тiрек пунктердiң жер бетiндегi орны астрономиялык геодезиялық және геодезиялық әдістермен анықталады.

Астрономиялық әдiспен - берiлген пунктын геодезиялық координаталары (геодезиялық ендiк В және геодезиялық бойлық L ) аспан шырактарын бағдарлау арқылы аңықталады.

Геодезиялық әдісті қолданданғанда тек кей нүктелердің ( негізгі нүктелер) тікбұрышты координаталары астрономиялық бағдарлаумен аңықталады .

Мемлекеттік геодезиялық торларды құрудың әдістері


.Триангуляция әдісі

Мемлекеттік геодезиялық торларға кіретіндер :

а) 1,2,3 және 4 классты пландық торлар. Олар бұрыштық және сызықтық өлшемдердің дәлдіктеріне , торлардың қабырғаларының ұзындығына және дамытудын ретіне байланысты бір-бірінен ажыратылады . Пландық торлар триангуляция, трилатерация, полигонометрия әдістерімен және олардың бірікпелеінен құрылады .

б ) І,ІІ,ІІІ және ІV класты биіктік нивелир торлары.



Триангуляция әдісінің мәні жер бетінде үшбұрыштар жүйесін салудан тұрады, онда үшбұрыштардын барлық бұрыштары және кейбір базистік қабырғалардын ұзындықтары өлшенеді .

Полигонометрия әдісі

Полигонометрия әдісі орманды жазықтарда және күрделі қолайсыз жерлерде триангуляция торларын дамыту қиындыққа түседі және тиімсіз болады, сондықтан ондай жерлерде полигонометрия әдісі қолданылады .


Дәріс № 4

Бұрыштарды өлшеу
1. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу принціптері

Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу геодезиялық тіпек торларын дамытқанда, полигонометриялық, теодолиттік және биіктік жүрістерді жүргізгенде, топографиялық түсірістер және инженерлік геодезияның көп есептерін шешкенде қажет болады .

Горизонталь бұрыш деп қабырғасы берілген нүктеден тіктеуіш сызығы арқылы өтетін қос қырлы бұрышты айтады.( 8.1 сурет )

2. Теодолиттерді топтастыру

Теодолит – горизонталь, вертикал бұрыштарды, арақашықтықпен бағдарлау бұрыштарын өлшеуге арналған аспап.

Теодолиттер дәлдігіне байланысты 3 түрге бөлінеді .

1. Жоғарғы дәлдікті теодолит

2. Дәл теодолит

3. Техникалық теодолит




187 x 325 - 32558 байт.

www.kubanmarket.ru/index.ph

403 x 713 - 207258 байт.

www.tspu.tula.ru/res/geogr/

Дәріс № 5

Ұзындықты өлшеу .
1. Сызық ұзындығын өлшеудің әдістері

Ұзындықты өлшеудің мақсаты жердің бетіндегі нүктелердің арасындағы горизонталь қашықтықты өлшеу болып табылады. Жерде ұзындықты өлшеу тікелей немесе жанама әдістермен

жүргізіледі және әр әдістің өзінің аспаптары мен тәсілдері бар .

Тікелей өлшеу әдісі жер бетінде ұзындықты механикалық сызықтық аспаптармен тікелей өлшеуге негізделген

Жанама өлшеу әдісінде сызықтың ұзындығы геометриялық немесе физикалық қатынастар арқылы аңықталады. Геометриялық қатынастарда ұзындықтарды аңықтау үшін базис пен бұрыштарды өлшейді, бұған оптикалық қашықтық өлшеуіштер жатады. Электрофизикалық аспаптар жарық пен радио қашықтық өлшеуіш-тердің құрылғылары физикалық қатынасқа негізделіп жасалған .

Осы екі әдісті қолдану – геодезиялық жұмыстардың түрлі қызметіне, талабы мен дәлдігіне, сондай-ақ өлшеу жағдайына байланысты болады .


2. Сызықтың ұзындығын өлшегіш аспаптар.

Геодезиялық жұмыстарда созылған ұзындықтары 20 жіне 24 метрлік өлшеуіш ленталармен өлшейді. Өлшеуіш ленталар болаттан немесе инвардан ( 64% болаттан және 36 % никельден тұратын қортпа, оның температуралық ұлғаю коэффициенті аз) жасалынады. Ленталар құрылғысына байланысты штрихты және шкалалы болып бөлінеді. Инженерлік геодезиялық жұмыстарда көбінесе маркасы ЛЗ штрихты болат өлшеуіш ленталар қолданады.


Штрихты лента (9.1 сурет) ұзындығы 20 м және 24 м, ені 15-20 мм және қалындығы 0,3-0,4 мм болат жолақтан тұрады.

( 9.1 сурет )


Шкалалы лента . Сызықты үлкен дәлдікпен өлшеу үшін маркасы ЛЗШ шкалалы ленталар қолданылады .(9.2 сурет). Бұл ленталар тұтас жолақтан тұрады, екі шетінде миллиметрге бөлінген 10 см. шкала орналасқан .


Дәріс № 6

Биіктікті өлшеу
1. Нивелирлеудің түрлері .

Топографиялық пландар мен карталарды, сондай-ақ инженерлік жобалауда және құрылыс өстерін жобадан жерге шығарғанда жер бетіндегі нүктелердің биіктігін білу қажет. Осы мәселеге байланысты жердің бетінде геодезиялық жұмыстар орындалады, оны нивелирлеу деп атайды. Өзара биіктікті анықтау әдісі және қолданылатын аспаптарына байланысты келесі нивелирлеу түрлері бар :

1) геометриялық нивелирлеу - өзара биіктік горизанталь көздеу сәулесі арұылы аңықталады және нивелир аспабының көмегімен орындалады;

2)тригонометриялық нивелирлеу -өзара биіктік көлбеу көздеу сәулесі арқылы анықталады және теодолит аспабының көмегімен орындалады.

3) гидростатикалық нивелирлеу -өзара биіктік өзара байланысқан ыдыстардағы сұйық бетінің бір денгейде тұруына негізделген ;

4) барометрлік нивелирлеу – нүктелердің арасындағы өзара биіктік сол нүктелердегі атмосфералық қысымдардың айырмашылығына негізделген.

5) механикалық нивелирлеу- аспаптар арқылы жердің профилі автоматты түрде жазылады . Геометриялық нивелирлеудің екі әдісі бар: ортаға қою және алға қарай нивелирлеу.

Ортадан нивелирлеу. Бұл әдісте нивелир А және В нүктесінің ортасына қояды (10.1 сурет), ал А және В нүктелерінде вертикаль қалпында рейкалар орналасқан.

А нүктесін артқы нүкте деп , ал В нүктесін алдынғы нүкте деп атаймыз.көздеу сәулесін горизонталь жағдайға әкеліп А нүктесінендегі рейкадан санақ аламыз, ол артқы санақ болады, содан кейін В нүктесіндегі рейкадан санақ алып, оны алдынғы б деп атаймыз.









Дәріс №7

Геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру принципі және түсірістердің түрлері .
1. Инженерлік геодезиялық жүмыстарын орындаудың үрдістері.

Инженерлік геодезия жұмыстарын орындаудың өзі негізгі дала және өңдеу жұмыстары болып екі түрге бөлінеді. Дала жұмыстарының құрамы өлшеу және бақылау –есептік, үрдістерінен ал өңдеу жұмыстары- есептеу және сызба процестерден тұрады. 1. Өлшеу үрдістері жердің бетіндегі жеке обьектілер мен олардың элементтерінің нүктелерінің өзара орналасуын аңықтайды.Бұл үрдістері жер бетінің планын, картасын және профильдерін алу үшін, сонымен қатар әртүрлі халықшаруашылық мәселелерді шешу үшін жасалады . 2 . Есептеу үрдісіне өлшеу нәтижелерін математикалық өндеу жатады . М ұнда элоктронды кал куляторды немесе ЭВМ қолданады. 3 . Графикалық үрдіс кезінде өлшеу және өндеу нәтижелер сызба түрінде шартты белгілермен бейнелеп көрсетіледі .



Дәріс №8

Фототопографиялық түсіріс туралы жалпы мәліметтер .
Әртүрлі масштабты карталар мен пландарды жасағанда, сондай-ақ ғылыми инженер техникалық, қорғаныс мәселелерін шешкенде қазіргі кезде фототопографиялық түсіріс әдістері кең қолданылады . Бұл әдіс ұшаққа немесе жер бетінде фотоаппарат арқылы жерді түсіргенде алынатын фототүсіріске негізделген . Егер түсіріс ұшақ арқылы алынса, онда аэорфототопографиялық түсірісі деп атайды, ал егер жерде жасалынса , бұл әдіс жер үсті фототопогрфиялық түсіріс деп аталады. Жер үсті фототопографиялық түсіріс таулы жердің планымен картасын алғанда қолданылады, себебі аэрофототүсіріс қолдану мұндайжерлерде өте тиімсіз әрі қауіпті .



2. Зертханалық жұмыстар
1 План және карта

Мақсаты : студенттер картамен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуге үйрету .

Құралдар : атлас, контурлы және топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор

Тапсырмалар :

1. Масштаб. Карта бойынша арақашықтықты өлшеу.

2. Карта мен пландағы рельефтің түрлерін дәптерге түсіру .

3. Горизонтальдардың қасиеттерін сипаттау.

4. План мен картада ауданды өлшеу.

5. План мен картада инженерлік есептерді шешу .

6. Гаусс-Крюгер проекциясы және тiк бұрышты координаталар

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.Комиссарова.Т.С.Картография с основами топографии. Москва “ Просвещение” 2001г.

2.Берлянт.А.М: және т.б. Картоведение МГУ им.М.В.Ломаносова, художественное оформление,2003

2.Қалыбеков.Т..Н. Геодезия мен топография негiздерi.Алматы «Ана тiлi»1993ж.

3.Гедымин. Г.Ю. Грюнберг, М.И. Малых. Практикум по картографии с основами топографии. Москва “Просвещение” 1981.

4.Неклюкова.Н.П. Жалпы жер тану Мектеп 1980

5.Азыбаев.Б.// Географиялық карта тарихының негізгі мәліметтері. География және табиғат.№6.2006.//

6.Геобатаническая картографирование Л. 1984г.

7.Сальников С.Е. Губанов М.Н. Комплексные карты охраны природы: содержание и принципы разработки М.1990г.

8.Лапкина Н.А. Практические работы по топографии и картографии

Господинов Г.В., Сорокин В.Н. Топография. Москва, МГУ, 1974

9. Колодько В.Д. пракгические работы на топографических картах. Алма-Ата, КазГУ, 1983.

10.Куанышбаев С.Б. Топографиялық карталар мен пландар. Алматы, Қазақ университеті, 1999.
2 Теодолитпен жұмыс

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : теодолиттер, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор

Тапсырмалар :

1. Теодолиттің құрылысын сипаттау.

2. Теодолитті тексерулер мен жөндеулер.

3. Горизонталь бұрыштарды қайталаулар әдісімен өлшеу.

4. Полигон ұштарының тікбұрыштарының

координаталарын есептеу.

5. Бұрыш өлшейтiн аспаптар және олармен жұмыс iстеу

6. Қателер бойынша сызықтық және бұрыштық өлшеулердiң дәлдiгiн

Бағалау

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.
3 Ұзындықты өлшеу .

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : ұзындықты өлшейтін аспаптар, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор

Тапсырмалар :

1. Ұзындықты өлшейтін аспаптарды сипаттау.

2. Ұзындықты өлшеу әдістері.

3. Берілген ұзындықты өлшеу. ( оқытушы береді )

4. Лентамен өлшенген арақашықтықтын қорытындысын

өндеу.


5. Жарық және радио қашықтық өлшеуiштер

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.
4 Ниверлирлеу

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : нивелир, суреттер, топографиялық карталар,

дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор



Тапсырмалар :

1. Ниверлирлеудің түрлері.

2. Нивелир аспабының құрлысын сипаттау.

3. Ниверлирлеудің тексерулері мен жөндеулері.

4. Геометриялық ниверлирлеу журналын өңдеу .

5. Нивелирлік торлар мен жүрістерді үйлестіру бойынша есептік өңдеу



Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.
5 Теодолиттік түсіріс

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : теодолиттер, суреттер, топографиялық карталар, дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор

Тапсырмалар :

1. Далалық өлшеулердің нәтижелерін өңдеу.

2. Тура және кері геодезиялық есептер.

3. Теодолиттік жүріс төбелерінің координаталарын есептеу.

4. Контурлы теодолиттік түсiрiстің нәтижелерiн есептiк өңдеу

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.
6 Тахеометрлік түсіріс .

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : тахеометр, суреттер, топографиялық карталар,

дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор



Тапсырмалар :

1.Жер бедерін түсіру .

2.Тахеометрлік түсірістің өңдеу жұмыстары .

3.Тахеометр-автоматтар және электронды тахеометрлер



Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.
7 Мензулалық түсіріс .

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : мензула, суреттер, топографиялық карталар,

дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор



Тапсырмалар :

1. Мензула түсірісінің пландық негіздері сипаттау.

2. Мензулалық түсірістің биіктік негіздері .

3. Ситуация мен рельефті түсіру



Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.
8 Инженерлік - геодезиялық ізденістер.

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : құралдар, суреттер, топографиялық карталар,

дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор



Тапсырмалар :

1. Құрылыс алаңдарындағы ізденістерді жобалау кезеңдерін

сипаттау .

2.Созыңқы сызықтық құрылыстардың геодезиялық ізденістері

мен жобалау кезеңдері .

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.
9 Инженерлік жобалау.

Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : құралдар, суреттер, топографиялық карталар,

дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор



Тапсырмалар :

1. Жердің бетін нивелирлеу.

2. Бойлық пен көлденең профильдерді жасау және жоба

сызықтардың профилін салу .

3. Жер қазу – көму жұмыстарының көлемін есептеу

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.

10 Құрылысты бөлудің тәсілдері .



Мақсаты : студенттер геодезиялық құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуді және топографиялық картаны оқи , түсінуі керек

Құралдар : құралдар, суреттер, топографиялық карталар,

дәптер, карандаш, циркуль, сызғыш және калькулятор



Тапсырмалар :

1. Жер бетінде шеңберлі қисықтарды бөлу.

2. Қазан шұңқырларды қазу кезіндегі геодезиялық жұмыстар.

3. Іргетасты көтеру кезіндегі геодезиялық жұмыстар.

4. Бастапқы горизонтты бөлу негізін құру.

5. Құрылыстың өстерін бөлу және бекіту.



Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Атымтаев Б.Б. Жер бетінің топографиялық планын

жасау. Алматы. 1995. - 20 б.

2. Атымтаев Б.Б. План және карта.

Алматы 992.-26 б.

3. Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия.

Алматы, 2005

4. Бектанов Б.К. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық

өңдеу. Алматы, 2004.

5. Багратуни Г.В., Ганьшин В.Н., Данилович Б.Б.,

Инженерная геодезия. М.: Недра. 1976.-344 с.

6. Нұрпейiсова М.Б. Геодезия. Оқульқ.

Алматы. 1993-120 6.

7. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздері

Алматы. 1993.-184 б.

8. Керiмбаев Қ.Қ., Пентаев Т.П. Горизонталь және

вертикаль бұрыштарды өлшеу.-Алматы.1993-30 б.

3. Студенттердің өздік жұмысын ( СӨЖ ) орындау кестесі



Рет, саны

Мазмұны

Бақылау түрі

Орындау мерзімі

1
2
3



Теодолит құралы, құрлысы және түрлері.


Нивелир құралы, құрлысы және түрлері.
Фототопографиялық түсіріс

Баяндама
Баяндама


Реферат

4 – 5 апта


7 – 8 апта
11 – 12 апта




4. Студенттердің өзін - өзі тексеру тапсырмаларының тізімі .
1 Картографиялық проекциялар

2 Картаның номенклатурасы

3 Жарық және радио қашықтық өлшеуiштер

4 Тахеометр-автоматтар және электронды тахеометрлер

5 Жердiң сандық моделi. Топографиялық ақпаратты алудың және өңдеудiң автоматтандырылған әдiсi

6 Глобалды позициялық жүйе (ГПЖ) және оның қолданылуы

7 Теодолиттiк түсiрiс кезiнде жазық жердегi және құрылыс салынған территориядағы iрi масштабты түсiрiстiң ерекшелiгi

8 Қателер бойынша сызықтық және бұрыштық өлшеулердiң дәлдiгiн бағалау

9 Гаусс-Крюгер проекциясы және тiк бұрышты координаталар

10 Топографиялық түсiрiстiң сапасын бағалау

11 Картада ауылшаруашылық пайдалы жерлердің аудандардын анықтау

12 ¤лшеуге қолайсыз қашықтықтарды анықтау

13 Тең дәлдіксіз өлшеулердің нәтижелерін математикалық өңдеу

14 1 және 2 полигонометриялық жүрістердің нәтижелерін есептік өңдеу

15 Нивелирлік торлар мен жүрістерді үйлестіру бойынша есептер
5. Емтихан сұрақтары.
1. Геодезия пәні және оның мәселелері.

2. Ұзындықты өлшейтін аспаптар .

3. Мензулалық түсірістің биіктік негіздері

4. Еліміздегі геодезиялық қызметтер.

5. Кодты лазерлі теодолиттер мен гиротеодолиттер туралы түсініктер.

6. Ситуация мен рельефті түсіру .

7. Инженерлік геодезия оның мәселелері және маңызы.

8. Ұзындықты өлшеу әдістері .

9. Құрылыс алаңдарындағы ізденістерді жобалау кезеңдерін

сипаттау .

10. Инженерлік геодезияның зерттеу обьектісі, тарихи кезеңдері, дамуы және басқа ғылымдар мен байланысы.

11. Ұзындықты жанама әдіспен өлшеу аспаптары.

12.Созыңқы сызықтық құрылыстардың геодезиялық ізденістері

мен жобалау кезеңдері .

13. Масштабтар және олардың дәлдігі .

14. Ұзындықты өлшеуіш ленталармен өлшеу .

15. Жер қазу – көму жұмыстарының көлемін есептеу .

16. План және карта туралы түсінік

17. Жарық және радио арқылы қашықтық өлшеуіш туралы түсінік.

18. Жер бетінде шеңберлі қисықтарды бөлу.

19. Карта мен пландағы шартты белгілер.

20. Нивелирлеудің түрлері .

21. Қазан шұңқырларды қазу кезіндегі геодезиялық жұмыстар.

22. Рельефті горизонталь арқылы бейнелеу .

23. Геометриялық нивелирлеудің мәні мен әдістері.

24. Мензула түсірісінің пландық негіздері сипаттау.

25. Карта мен пландағы рельефтің түрлері.

26. Нивелирлер, олардың қүрылысы және тексеру .

27. Іргетасты көтеру кезіндегі геодезиялық жұмыстар.

28. Горизонтальдардың қасиеттері.

29. Нивелирді тексеру (Н-3) және жөндеу .

30. Бастапқы горизонтты бөлу негізін құру.

31. Планда және картада ауданды өлшеу.

32. Техникалық нивелирлеуді жасау .

33. Топографиялық – геодезиялық ізденістер туралы мәліметтер.

34. Геодезиялық жұмыстарды ұйымдастырудың басты принціптері.

35. Инженерлік геодезиялық жүмыстарын орындаудың үрдістері.

36. Географиялық және магниттік меридиандар арқылы сызықты бағдарлау

37. Тірек торлары туралы түсінік . Геодезиялық тірек торларын жіктеу

38. Түсіру жұмыстарын ұйымдастырудың принципі . Түсіріс түрлері.

39. Дирекциялық бұрыштар және румбылар

40. Мемлекеттік геодезиялық торларды құрудың әдістері. Геодезиялық

толықтыру және түсіру торлары

41. Теодолиттік түсіріс. Теодолиттік жүрісті жерге салу және оларды

геодезиялық тірек пунктерімен байланыстыру.

42. Дирекциялық бұрыштар мен азимуттардың арасындағы байланыс

43. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу принціптері.

44. Жердің жағдайын түсіру.

45. Өлшеу қателерінің түрлері

46. Теодолиттерді топтастыру .

47. Далалық өлшеушілердің нәтижелерін өңдеу.

48. Тең дәлдікті өлшеулер

49. Теодолиттің құрылысы .

50. Фототопографиялық түсірістің негізгі әдістері .

51. Трассаны геометриялық нивелирлеу.

52. Теодолиттің құрылысының принціптік схемасы .

53. Жердегі Фототопографиялық түсірістің мәні және қолданатын аспаптар .

өңдеу жұмыстары .

54. Трассаны нивелирлеу кезіңдегі бақылау жұмыстары.

55. Теодолитті тексеру және түзету .

56. План мен картада инженерлік есептерді шешу .

57. Трассаны күрделі жерлерін нивелирлеу .

58. Теодолитті жұмысқа әзірлеу .

59. Гаусс-Крюгер проекциясы және тiк бұрышты координаталар

60. Трассада көлденендіктерді түсіру .

61. Горизонталь бұрыштарды өлшеу .

62. Тахеометрлік түсірістің өңдеу жұмыстары .

63. Құрылысты бөлудің жалпы принціпі мен қажетті дәлдігі .

64. Вертикаль бұрыштарды өлшеу .

65. Бөлу жұмыстарының жоба құжаттары.



66. Тахеометр-автоматтар және электронды тахеометрлер



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет