ОҚУ-Әдістемелік кешен «Қағаз пластикасы» 5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығына



бет3/3
Дата16.06.2016
өлшемі4.88 Mb.
#138480
1   2   3

Жұмыс тәртібі:

Жұмысты бастамас бұрын суретті дайындайды, соған байланысты қағазды, негізді таңдап жекебөліктерді жапсыру тәртібін белгілейді.

Негіз үшін тығыз (сызуға, суретке арналған) қағаз немесе картонды таңдайды.

Аппликация үшін қағаздан жасалған детальдарды негізге рет-ретімен салып, содан кейін белгілі ретпен жапсырылады: перспективада еі алыс орналасқан детальдарды бірінші жапсырады, содан кейін алдынғы планға жақындатып қалғандарын жапсырады.



Ою-өрнектегі аппликацияны қағаздан құрастыру:

Геометриялық, өсімдік тәріздес және т.б фигуралардын кезекпе-кезек орналасуы ою-өрнек болып табылады. Оны бірдей немесе аралас дайындалған материалдардан жасауға болады.Мұндай әдіспен кітаптын бау белгісін жасауға, альбомды әшекейлеуге болады.

Ою-өрнекті жасау үшін суретті таңдап алу керек, сондықтан алдымен эскиз салынады. Сол бойынша қолөнер бұйымы жаслады.

Жеке элементті қағазға түсіреді де қиып алады, кейін оны басқа бөліктерді жасау үшін шаблон ретінде қолданады.Қиылған бөліктерді негізге салып жапсырады. Ою-өрнекті аралас геометриялық фигуралар немесе өсімдік тәріздес формалардан жасауға болады.



Бақылау сұрақтары:

1.Аппликация және оның түрлері.

2. Жазықтық, көлемді, рельефті аппликация.

3. Аппликация туралы тарихи мәлімет.

4. Аппликацияға арналған материалдар мен құралдар.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Аппликация Гусакова М.А. М.1987г.


6.Тақырып:

Квиллинг.

Сабақтын мақсаты:

студенттерді квилинг өнерімен, оның тарихымен, жасау технологиясымен таныстыру.



Әдістемелік кеңестер:

Ежелгі жапон өнері оригамиге Европада 14-15 ғасырларда пайда болған қағаз бұйымдарын жасаудын батыстық техникасы бәсеке болады: квиллинг (қағазды бұрау) – спираль түрінде бұралған ұзын және және жіңішке ұағаз жолақтарынан жалпақ немесе көлемді композицияларды жасау өнері.

Бұл техникамен әртүрлі заттар әшекейленеді (шкатулкалар, рамкалар, фотоальбомдар және т.б.), көлемді открыткалар, декоративті картиналар, панно және мүсіндер жасалады. Мұндай әуесқойлық шыдамдылық пен ұқыптылықты талап етеді. Алайда қарапайым және түсінікті, бұл алғашқы тәжрибеден бастап әсем жұмыс нәтижелерін береді. Қағаздан басқа біз, қайшы, пинцет және желім қажет. Қағаз жолағы бізге оралып спираль жасалады, одан кейін тиісті фигураға қалыптастырылады.

Бұл техникада әртүрлі фигуркалар, қорабшалар, төсеуіштер және гофрокартоннан тоңазытқышқа жапсыратын магниттер жасалады.



Квиллинг тарихы.

Ағылшын тілінде бұл қолөнербұйымы«quilling» деп аталады — «quill» сөзден немесе «құс қауырсыны». Отаны Жапония болатын оригамиге қарағанда В отличие от оригами, родиной которого является Япония, бұралған қағаздан бұйым жасау өнері 14-15 ғасырларды пайда болды.Ортағасырлық европада монахинялар,құс қауырсынының ұшына шеті алтындатылғанқағазды орап, әсем медальондар ды жасады.Жақыннан қарағанда бұл қағаздан жасалған шағын шедеврлер олар алтандатылған жолақтардан жасалған сияқты елес тудырды.Өкінішке орай, қағаз — көп сақталмайтын материал сондықтан ортағасырлық бұйымдардан аз нәрсе сақталды. Бірақ бұл ежелгі техника біздің заманға дейін сақталып көптеген елдерде сақталған.Бұралған қағаздан бұйым жасау өнері Европада тарады, бірақ түрлі-түсті сапалы қағаз өте қымбат материал болғандықтан ол көбінесе қоғамның дәулетті ханымдарыныі өнері болды.

Біздің заманда бұл өнер хобби ретінде Батыс Европада, әсіресе Англия мен Германияда кеңінен тараған. Бірақ ең кең көлемде бұл өнер Шығыста таралды. Бұл жақтағы графика мен пластиканың бай дәстүрлері, ұағаз платикасының дамуына үлкен бір серпіліс берді.

Оңтүстік Кореяда қағаз пластикасы әуесқойларының ассоциациясы бар, ол бұл өнерді сүйетіндердін қағаздан бұйым жасаудын әртүрлі бағыттарында жұмыс істейтін сан алуан адамдарды біріктіреді.

15 ғасырда бұл өнер деп есептелді.19 ғасырда ханымдардын ермегі деп қабылданды. 20 ғасырда көп уақыт ол ұмыт қалды.Тек өткен ғасырдың соңында квиллинг қайтадан өнерге айналды.

Англияда Елизавета ханшайымы квиллингпен шынайы айналысты, оның көптеген туындылары Лондондағы Виктория және Альберт мұражайларында сақталуда. Қағазды біз мықты емес және уақытқа төзімсіз материал деп білеміз.Бірақ квиллинг бұл ойды теріске шығарады – на көлемді филиграндыүйкекке мысалы кесе немесе ауыр кітап қойып қоюға болады. Қағаз элементтерден кәмпит салатын ваза жасап оны тиісінше қолдануға болады - сынбайды. Жалпы айтқанда, квиллинг — жай қағаздын ерекше қасиеттерін көруге мүмкіндік беретін өнер.

Айта кету керек, кәрістік квиллинг мектебі европалықтан біраз айырмашылықтары бар. Европалық туындылар, көп жағдайда, аз детальдардан тұрады, олар қарапайым, мозикаға ұқсайды, открытка мен рамкаларды әшекейлейді. Европа әрқашан асығады, сондықтан мұнда тезжасалатын техниканы ұнатады.Шығыстын шеберлері болса зергерлік өнердің үлгілеріне ұқсайтын туындыларды жасайды. Жәһіңішке нәзік бұйым жүздеген ұсақ детальдардан өріледі.

Квиллингке арнаған құралдар

Біз. Диаметрі бір милиметрдей болатын бізді алған дұрыс. Әдетте біз конус тәрізді болады, ол ыңғайсыз болуы мүмкін. Бұл жағдайда қандайда болса диаметрі келетін шындалған стерженді қолдануға болады. Біз оған қағаз массасын орап спираль жасау үшін қолданылады.Бұл ретте қағаздын тартылуын мұқият бақылау қажет, құралдын сабы ол үшін ыңғайлы болу керек.

Пинцет. Оның ұштары өткір болуы және бір-бірімен дәл түйісуі қажет.Өте дәл жұмыстарды орындау үшін.Кетіктер болмау қажет, өйткені қағазда із қалдыруы мүмкін. Қолда қысу және ұстау үшін ыңғайлы болу керек.

Қайшы. Пинцет сияқты, өткір ұштары болуы қажет.Шашақтарды неғұрлым дәл қию үшін.

Желім. Арнайы кеңес жоқ. Бірақ ол тез кеуіп із қалдырмау керек. Алдымен ПВА-дан бастап көріңіз.

Болшақ композицияның кескіні жасаған кезде қарапайым сызу құралдары қажет болады: циркуль, сызғыш, қарандаш.



Квиллинг техникасы

Алғашқы қарағанда қағазды орау техникасы қиын емес. Квиллингке арналған қағаз жолағы тығыз спиральге оралады.Егерде квиллингке арналған қағаз лентасының ұшын біздің ұшына ораса орауды бастау оңайға түседі.Спиральдің ортасын қалыптастырғаннан кейін жұмысты квиллингке арналған құралсыз жалғастырған жөн. Бұлай сіз саусаұтарыңызбен рулонның бір қалыпты оралып жатұанын сезе аласыз.Нәтижесінде диаметрі сантиметрден кем болатын тығыз спираль қалыптасады.Ол болашақ барлық әртүрлі формалардын негізі болады.Содан кейін қағаз спиралі керек мөлшерге шейін тарұатылады, содан соң одан қажет квилингтік фигура қалыптастырылады.

Қағаздың ұшы желім тамшысымен ұстатылады. Қысып және басып роллдарды әртүрлі формаларға келтіруге болады.

Барлығы квиллинте 20 базалық элемент бар, бірақ оларды жасау принципі біреу: ораймыз, қысамыз–фантазияңызға сүйене отыра сіз әрқашанда квиллинтін жаңа формаларын, элементтерін ойлап таба аласыз.



Қағаз ораудың кезеңдері:

Екі саусақпен қағаз жолағын ал.



Ұшы кішкене майысу үшін, жолақтын ұшын басқа қолдын екі саусағымен қысып, үстінен тырнақпен жүргізе отырып, соз.



Майсқан жолақтын ұшы оп оңай бізге оралады. Тығыз ғылып бірнеше рет ора.



Оралымның диаметрі 3-4 мм жеткен кезде оны бізден алып қолмен орауға болады.



Қағаз лента тарқатылмайтындай тығыз дискіні екі қолмен орап саусақтармен ұстап тұр.


Жолақ оралды.



Енді саусақтарды сәл босанқырат, спиральге кішкене ашылуға мүмкіндік беру үшін.




Жолақтын ұшын ПВА желімімен желімде.

Енді ораманы екі саусағымен қыс. «Тамшы» атты оралым пайда болды.


Қысу және басу жасау арқылы оралымдарға әртүрлі форма беруге болады.


Бұл «тамшы» және «жапырақ» оралымдары.




Бақылау сұрақтары: 1.

1.Квиллинг өнері тұралы тарихи мәліметтер.

2.Квиллинг жасау технологиясы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Художественное проектирование. Под ред. Б.В. Нешумова, Е.Д. Щедрина, М., 1979г.


7.Тақырып:

Қағаздан көлемді фигуралар жасау.

Сабақ мақсаты:

Студенттерді көлемді формалар, бүктелмелі структураларды құрастыру тәсілдерімен және олардан қағаздан жасалған күрделі конструкцияларды жасау.



Әдістемелік кеңестер:

Бүктелмелі конструкциялардын артықтышылығын қағаз модельдерінде оңай көріге болады.Мысалы жай жазуға арналған қағаз салмақты көтере алмайды, ал оны гармошкағылып бүктесе ол әжептеуір салмақты көтереді.Гармошкада конструкцияда көтеру қасиетінің жоғалуын көруге де болады. Ол мезет тым ауыр салмақ түскен кезде бүктесіндер жазылған кезде басталады.Сондықтан бүктемелі конструкцияны қатайту үшін тартқыштар мен қатты диафрагмаларды қолданады, олар бүктемелердің жазылуына бөгет жасайды.Бүктемелі конструкциялардын артықшылығы, бүктесіндерге сан алуан форма беру мүмкіндіктерінде. Бүктесіндердін көмегімен төртбұрышты, трапециялы, сектортүрлі және бөлменің басқа формаларын жабу мүмкіндігінде. Бүктесіндер, көлденен кесігі бойынша төртбұрышқа, трапецияға, көпбұрышқа жақын көлемдер жасай алатын,профилі күрделі конструкцияларды құрай алады.Бұл жағдайда бүктесіндер әртүрлі бұрышта кіреді.

Бүктесіндер түйісетін жерлерде қатты түйіндерді жасау оларды рамалық конструкцияға айналдырады. Бүктелмелі конструкияларды қолдану қазіргі заман сәулетшілер алдында жаңа сәулетформаларын жасауда көп мүмкіншілік береді. Бірақ оларды қолдану техникалық жағынан негізделген болу керек.Бүктелмелі конструкциялар үлкен ойықтарда тиімді, ал олардын формасының өзінше бейнелілігі композицияның архитектуралық кеңістігін ұйымдастыруға қолданылып, шығармашылық образдын ажырамас бөлігіне айналу керек.
Жазықтықтын декоративтік трансформациясы

Трансформациялау — өзгерту, көлемді, форманы, тез өзгерту арқылы айналдыру.

Трансформация арқылы материалдың жақсы декоративті және эстетикалық қасиеттердің болуына қол жеткізідеді, сонымен қоса конструктивті-механикалық қасиеттер жетілдіріледі.

Өсімдіктер және жануарлар дүниесінде көп ретте трансформацияға ұшыраған жазықтықтарды байқауға болады. Сол арқылы олардын тұрақтылығы мен мықтылығы қамтамасыз етіледі.

Айналамыздағы табығат ең тиімді формаларын көрсетеді.Кеңістікте майысқан және жұқақабырғалы табиғи конструкциялар формаларының үзілместігі мен жайлылығы көлденең кесік бойы салмақтын біркелкі түсуіне септігін тигізеді.

Ағаш жапырақтары, гүл желектері, жаңғақ қабықтары, теңіз теңіз шаяндарының, кірпішешендерінің тас қабығы, устрицалар раковинасы күрделі кеңістіктегі формаларға ие және айтарлықтай салмаққа шыдайды,бірақ олардын материалдары мықтылығымен ерекшеленбейді.Өз салмағынан қағаз беті майысады, алайда оны күмбез түрінде майыстырса, құбыр түрінде ораса ол қосымша үлкен салмақты көтере алады. Қағаздың қасиеті өзгерген жоқ, бірақ беттін формасы өзгеріп ол жаңа механикалық қасиеттерге ие болды.

Архитектор Юрген Едикенің ойынша табиғат ең алдымен тұрақтылығы қисықтыққа негізделген қисық жазықтықтармен жұмыс істейді. Осыған табиғаттын заңдылығы негізделген — конструкцияның формасына қарай төзімділігі. Төзімділік тек жапырақтын бүктелімділігінде ғана көрінбейді, сонымен қоса өсімдіктердің жапырақтары мен желектерінің спираль мен трубочкаға оратылып кеңістікте жаңа формаға ие болуында байқалады.Табиғатта бар констркциясының формасына қарай төзімділік принципі қазіргі заманғы техникада, құрылыс пен архитектурада кеңінен қолданыла бастады.

Қағаз пластикасының әліппесі

Қағаз пластикасындағы ең басты нәрсе материалдын бейнелілігі мен ерекшелілігін көру, ал өағазбен жұмыс істеу әдістері қарапайым және кезкелген адамға қолжетімді. Қағаз түзу және қисық сызықтар бойынша қиылады, бұралады, бұралады.






Кейбір схемаларды оқу үшін , белгілерді түсіну қажет:

Үзілген сызық-_ _ _ _ _ _ _ _ _ -" ішкі бүктесін"

Тұтас сызық-_____________-" өзіне қарай қайрылған бүктесін"

Тұтас қалын сызық-_______________-қиылған жер

Мысалы:





Материалдармен құралдар кәдімгі: қағаз (ватман), желім (ПВА), қайшы, қағаз кесуге арналған пышақ және сызықты белгілеу үшін сиясы жоқ қаламсап.

Маскалар

Қағаз пластикасы техникасында масканың негізін жасау үшін жарты сағат және қарапайым машық қажет.Масканы әшекейлеу шебердің фантазиясына байланысты.





Масканы жасау барысында ұосымша бүктесіндер жасап оны күрделендіруге болады.

Қуыршақтар.

Қағаз пластикасында қуыршақты жасау басқа пластикалық материалдарға қарағанда көбірек стилизациялауды қажет етеді. Сізге ең негізін көріп оны қолжетімді пластикалық формаға айналдыру керек.

"Аяз ата" – жай конус қана, ал оның бейнесі декордын есебінен жасалған.


"Алёнушка",күрделілеконың формасын төрт конус құрайды, декорында "маска" қолданылған.

"Кавалер" камзолының жазбасы тігіншінің киім пішкен үлгісіне ұқсайды. Декоративті элементтер бейнені аяқтауға көмектеседі және детальдардын қосылған жерін жасырады.



"Періште" –бүктесіндермен күрделендірілген конустар.


Бақылау сұрақтары:

1.Қағаздан көлемді фигуралар жасау әдістері.

2.Бүктелмелі формалар жасау әдістері.

3.Рельефтер жасау әдістері.

4.Көлемді конструкциялар жасау әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Древний календарь КожабаевЕ.Алма-ата 1987г.


8.Тақырып:

Папье-маше қағазды өңдеудін бір түрі сияқты.

Сабақтын мақсаты:

Студенттерді папье-маше өнерімен, оның тарихымен, орындау техникасымен таныстыру.



Әдістемелік кеңестер:

Қағаздан бұйым жасау техникаларының бірі – папье-маше ( фр«рваная бумага»).

Екі әдіспен жасалады: желімді қосумен дайындалған қағаз массасынан сомдау арқылы және жыртылған қағазды үлгіге қабат-қабат қылып жапсыру арқылы (маширлеу). Бұйым жасауда газет беттері, дәретхана қағазы және майлықтар қолданылады.Жұмыс техникасы қарапайым болғанымен шыдамдылықты қажет етеді. Материалды жақсы кептіру қажет болғандықтан бұйымды жасау процессі бір емес бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бірақ есесіне сіз интерьердің өзіндік элементтері жинақ сандықша, шкатулка, маска, статуэтка, қуыршақ және осы сияқты тағы басқада заттарға ие боласызПапье-маше техникасын көп жағдайда декупаж техникасымен үйлестіреді.

Французша аталса да папье-маше XVII ғасырдын ортасына дейін Францияда болған жоқ. Папье-машенің отаны, қағаз пайда болған жер, Қытай. Қытайлықтар папье-машені дулыға жіне тағы басқа нәрселерді жасауға қолданды, оларға олар бірнеше қабат лак жағып қатылық қасиетін берді.Мұндай заттар Хань династиясына жататын археологиялық қаз ба жұмыстарын жүргізу кезінде табылды (202 до н.э. - 220 н.э.).

Қытайдан, папье-машемен әуестену Жапония мен Пырсы еліне тарады, онда ол арнайы рәсімдерге арналған маскаларды дайындау кезінде қолданды.Сонан соң ол дүние жүзіне тарады.Францияда Европада алғашқылардын бірі болып папье-машеден бұйымдар жасай бастады, Англияда мұндай шеберханалар 1670-ші жылдары ғана ашыла бастады.

1740 жылы ДжонБаскервильЖапониядан әкелінген үлгілер бойынша папье-машеден лакталған бұйымдар жасай бастады. Оның бизнесі өте сәтті болды да нәтижесінде оның көмекшісі Генри Клей папье-машеден ағаш сияқты мықты болатын заттарды жасау әдісін ойлап тапты.Ол оны арнайы дайындалған қағазды жылудын әсерімен қатты формаларда желімдеу арқылы жасады. Генри Клей өз өнертабысын патенттеді. Жапонның папье-маше өнері бойынша жетекәшекейленген сағаттарымен өте жақсы белгілі.

Қуыршақтар – осы үшін папье-маше өнері Англия мен Францияда кеңінен қолданды. XVI ғасырда Францияда бұл салада кең көлемді өндіріс қалыптасты. Мұндай қуыршақтар қазір коллекционерлер арасында жоғары бағаланады.

Папье-маше қазіргі уақытта бұрынғысынша спекталь қойылымдарын дайындауда кеңінен қолданылады, одан жасалған декорациялар жеңіл, сахнада оңай қозғалады. 16 ғасырдың басында Францияда папье-машені алғашқы кезде қуыршақ жасауда қолданды.Халықтын арасында қытайлық және жапондық лакталған декоративтік бұйымдар үлкен қызығушылық тудыруы 17 ғасырдын 70 жылдарында Европада папье-машеден бұйым жасау өндірісінің тез дамуына ықпал етті.

Папье-машеден бұйымдардын кең көлемді түрлері жасалды:шақшалар, шкатулкалар, ойыншықтар, маскалар, подностар, қабырғалар төбелердегі архитектуралық әшекейлер, шам қойғыштар, жақтаулы айналарды, Қабырғаларға арналған декоративті панельдерді, есіктерді, кареталарды, сонымен қосаәртүрлә үй жихаздарын, соның ішінде төсектер мен гардеробтарды.

Ресейде папье-маше кең таралды, мүмкін, Петра I заманынан бастап, өйткені ол өнер заттарын жинап қолөнерді дамытып қолдауды мемлекет саясаты дәрежесіне көтерді. Бірақ папье-машеден шығармашылық бұйымдарды жасау кәсіптік дәрежеге 19 ғасырда ғана жетті ( Федоскино Палех, Мстера және Холуй).

Бұл кезеңде папье-машеден бұйым жасау өндірісі әртүрлі мемлекеттерде гүлденіп дами бастады.Мысалы, Виктория королевасы заманында Британ аралдарында мұндай бұйымдар жасайтын 25 компания болды. Бұл замандағы ең атақты шеберлер ол Бирмингемнен шыққан Jennings және Bettridge, олардын Лондонмен қоса Нью-Иоркте де өз шеберханалары болды.

Ұсатылған қағазбен былай жұмыс істейді:

Ең алдымен қағаздан жасайтын бұйымның моделін ағаштан жасайды, гипстен құяды немесе пластилиннен, әйтпесе май саз балшықтан сомдайды. Сазбалшықты ұсатады, үстінен су құйып бірнеше сағат ұстайды да содан кейін илейді. Сомдауға арналған саз балшық саусақтарға жабыспау керек және түйіршіктері болмуы қажет.Модельді қолмен сомдайды, ал аяғында ағаш күрекшелер – стектермен жұмысты бітіреді.Бітпеген модельді және қалған балшықты кебуден сақтау үшін оны ылғал шүберекке орайп қояды.

Егерде қағаздан жасалатын зат симметриялық екі бөліктен тұрса онда модельді тұтас жасамай жартысын ғана істеуге болады. Бұйымды мұндай модельден алу да оңай. Модель ретінде қандай да бір дайын затты да қолдануға болады: гипстен жасалған статуэтканы, вазаны, ағаш фигуркаларды және т. б.



Ұсақталған қағазбен жұмыс істеу:

1 — сазбалшықты модельге қағаз жапсыру; 2 — модельден алынған кубоктын екі жартысы; 3 — дайын бұйым.

Модель дайын болғаннан кейін оған қағаз жапсырады. Бұл жағдайда модель форма ретінде қызмет етеді.

Модельге қағаз жапсыру үшін бортылдақ, желімденбеген, аұ немесе түрлі-түсті (газеттік, орама үшін арналған, афишалық) қағазды таңдайды. Оны жіңішке жолақтарға және ұсақ бөліктерге кесіп үстінен бірнеше минутқа жылу су құяды, содан кейін суды төгеді. Алдын ала клейстер дайындалады.Содан кейін кепкен модельді қандайда да бір өсімдік майымен немесе басқа маймен майлап қағаздын үзінділерімен айналасын жапсырады. Бірінші қабатты желімсіз жапсырады. Қағаз үзінділерін бір-біріне арасында ашұ жер қалмайтындай ғылып жапсырады. Модельге бір қабат қағаз толық жапсырылғаннан кейің екінші қабат жапсырыла бастайды.Енді жапсырылатын қағаздын үзіндісі немесе жолағы клейстермен желімденеді. Соден кейін осы әдіспен үшінші және т.б. қабаттары жапсырылады. Қабаттар санының көп аз болуы бұйымның мөлшеріне, оның мықтылығына және қағаздың қалындығына байланысты. Мысала, кішігірім бұйымдарды жасауда 5-8 қабат қағаз жапсырғаны жеткілікті болады Егерде қағаздан кеме корпусы немесе басқа модельдер жасалсасли, онда қағаздан жапсырылған қабаттар санын 12-15 дейін жеткізеді. Бұл жағдайда қағаз жапсырубірнеші кезеңмен орындалады. Модельге 4-5 қабат жапсырып оны бір сөтке кептіреді, содан соң тағы да 4-5 қабат жапсырып кептіреді де солай жалғастыра береді. Модельдін бүкіл беті қағазбен ашық жерсіз тегіс жапсырылсын десеңіз түрлі-түсті ұағаздарды қолданыңыз. Алдымен бір түсті қағаз жапсырыңыз, содан кейін басқа түсті қолданыңыз. Сонда қалған ашық жерлер көзге бірақ көрініп тұрады.



Қағаз массасымен жұмыс істеу:

Көптеген бұйымдарды, әсіресе беті тегіс емес заттарды, басқа әдіспен – қағаз массасынан - жасаған дұрыс.

Ол үшін қандайда бір борпылдақ, желімденбеген қағазды ұсаұ үзіктерге жыртады да темір немесе саз ыдысқа салып үстінен су құяды. Ыдысты үстінен қағазбен жауып шүберекке орап жылы жерге қояды. Келесі күні ылғалданған қағазды су қайнағанша қыздырады. Қайнатқан кезде қоспаны араластырады. Содан соң қайнаған қағазды қапшыққа салып суын сығады да саусақтармен кішкентай шариктерді домалатып жасайп, оларды жақсылап кептіреді. Кепкен шариктерді ұнтақ қылып езеді.

Қағаз массасын жасау үшін қандайда бір қағаз ұнтағына салмағы сонша үгітілген бор, 4-5 рет аз картом ұнын және мөлшері 10 рет аз ағаш желімдететін желім қосады. Қағаз ұнтағымен борды қосып жақсылап араластырады. Картоп ұнынан клейстер жасап оған араласқан ағаш желімдейтін желім қосады. Бұл қоспаны ұнтақ бар ыдысқа салып араластырады: нәтижесінде өте қою қамыр пайда болады. Қажет жағдайда ыстық су қосады.


Бақылау сұрақтары:

1.Папье-маше қағазды өндеудін бір түрі ретінде.

2. Папье-маше өнері туралы тарихи мәліметтер.

3.Папье-маше орындау технологиясы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Практикум в учебных мастерских и технология конструкционных материалов. Под ред. Б. В. Нешумова – М., Просвещение, 1986




УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013

Редакция №1 от 10.01.2013

Страница 5 из


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Бақылау сұрақтар:

1. Қағаз материалдарының түрлері, олардын қасиеттері, сапалық айырмашылықтары туралы мәлімет.

2. Қағаз туралы тарихи мәлімет. Қағазбен жұмыс әстеуге арналған материалдар мен құралдар.

3. Оригами техникасы, қағаз бүктеудін негізгі формалары.

4. Оригами тарихы. Оригами және қазіргі заман.

5. Жазық декоративті формалы қағаздан қию, қиылған бұйымдар.

6. Қағаздан өру.

7. Аппликация және оның түрлері. Жазықтық, көлемді, рельефті аппликация.

8. Аппликация туралы тарихи мәлімет. Аппликацияға арналған материалдар мен құралдар.

9. Квиллинг өнері. Тарихи мәліметтер. Жасау технологиясы.

10. Қағаздан көлемді фигуралар жасау. Бүктелмелі формалар. Рельефтер. Көлемді конструкциялар.

11. Папье-маше қағазды өндеудін бір түрі ретінде.



12. Папье-маше өнері туралы тарихи мәліметтер. Орындау технологиясы.

Студенттерді емтихандық бағалау өлшемі:

Емтихандық баға студенттердің семестр бойынша орындаған жұмысына қарай қойылады. Курстын тақырыптық жоспарына сәйкес семестр барысында 5 шығармашылық жұмыс орындалу керек: 1. Жұмыс - оригами техникасындағы гүлдер; 2. Жұмыс – қиылған композицияны орындау; 3. Жұмыс – бұйымды өру техникасында жасау; 4. жұмыс – аралас аппликация; 5. жұмыс – квиллинг; 6. жұмыс – бүктелмелі формалы ваза; 7. Жұмыс – папье-маше техникасындағы бұйым. Өте жақсы деген бағаға–барлық жұмыстар аяқталған болу керек, ұқыпты, таза орындалу керек, жұмыста шығармашылық тәсілдеме байқалу керек. Жұмысқа қосымша түрлі-түсте жасалған эскизде, нобайы болуы керек. Жақсы деген бағаға - барлық жұмыстар аяқталған болу керек, ұқыпты, таза орындалу керек. Жұмысқа қосымша түрлі-түсте жасалған эскиздер, нобайы болуы керек. Қанағаттанарлық деген бағаға - барлық жұмыстар аяқталған болу керек.Жұмысқа қосымша түрлі-түсте жасалған эскиздер, нобайы болуы керек.Қанағаттанарлық емес деген баға, егерде студент курстын тақырыптық жоспарына тиісті жұмыстарды орындамаса, орындаған жұмыстары алда жазылған талаптарға сай келмесе қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет