ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМК құжатының 3-деңгейі
|
ОӘК
|
ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
ОӘК
«Қағаз пластикасы» пәнінен оқу - методикалық материалдар
|
№1 басылым
10.01.2013
|
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«Қағаз пластикасы»
5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығына
ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
ОӘК 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
№1 басылым 10.01.2013
|
|
Мазмұны
1 Глоссарий
|
|
2 Дәріс
|
|
3 Тәжірибелі сабақ
|
|
4 Курстық жоба
|
|
5 Студенттердің өздік жұмыстары
|
|
УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
Редакция №1 от 10.01.2013
|
Страница 4 из
|
1 ГЛОССАРИЙ
-
Аппликация — негіз материалға (фонға) кесілген фигуркаларды, өрнектердінемесе қағаз, мата, былғары кесінділерінен жасалған тұтас картиналарды жапсыру (тігу). Әдетте негіз материал болып картон, қатты қағаз, ағаш алынады. Аппликация дүниені танумен байланысты және балалардың ойлау және шығармашылық қасиеттеріне үлкен ықпал етеді.
-
Беттің жазбасы–жазықтықта беттің жазбасы нүктелерінің осы жазықтықпен түйісуі нәтижесінде сызық ұзындықтарының өзгермейтін фигура.
-
Жазықтық — геометрияның негізгі ұғымдарының бірі.Геометрияны жүйелі түсіндіру кезінде әдетте жазықтық ұғымы геометрияның аксиомаларымен жанама түрде ғана анықталатын негізгі ұғымдардың бірі ретінде ғана қабылданады.
-
Имитация (лат. imitatio — «еліктеу»)— біреуге немесе бірдемеге тәріздену, жаңғырту,қайталау, көшіру.
-
Компози́ция(лат. Compositio) —құрастыру, байлау, біріктіру, қосу).
-
Карто́н (франц. carton, итал. cartone, carta — қағаз), папка, политура (қалың, жылтыр К., бристольдік К. және т.т.) — ең қалың қағаз, қант және орама қағаздан қалың.
-
Қағаз (Бума́га) (шамамен итал. Bambagia сөзінен,немесе тат. бумуг — мақта) — целлюлозадан (өсімдіктерден, сонымен қайта қолданылатын өнімдерден (ескі мата мен макулатурадан) алынатын) шығарылатын жазуға, сурет салуға, тауар орауға арналған қағаз парақтары түріндегі материал.
-
Маке́т (фр. maquette — масштабты модель, итал. macchietta, macchia сөзінен қысқартылған) — нысанның кішірейтілген масштабтағынемесе нақты көлеміндегі моделі, әдетте берілген нысанның функционалды қасиеттерінен ажыратылған. Нысанды көрсетіп таныстыруға арналған. Нысанның өзін көрсетіп таныстыру қымбат немесе ондай мүмкіндік болмаған жағдайларда қолданылады.
-
Ма́ска (бет перде) — танылмау үшін, немесе бетті қорғау үшін киілетін беттікқаптама, зат. Маска әдетте өз формасымен беттің кескінін қайталайды және көздер, (сирек) ауыз және мұрын үшінтесіктері болады. Маскалар ежелден бері рәсімдік, эстетикалық және практикалық мақсаттарда қолданылды. «Маска» сөзі француздын masque сөзі арқылы итальян сөзі maschera немесе испан сөзі máscara-дан пайда болған.Бәлкімоның түп-төркіні латын (классикалық емес) mascus, masca = «елес» сөзі, және арабтын maskharah = «шайқымазақ», «маскарадтағы адам» сөзі болып табылады. 5000-жылдық тарихы бар Warka маскасы, кейбіреулердің пайымдауынша, біздің заманға дейін жеткен ең көне маска.
-
Моза́ика (фр. mosaïque, итал. mosaico лат. (opus) musivum — (шығарма) музаларға арналған) — беттің жазықтығында әртүрлі тастар,смальта, керамикалық плиткаларды және т.б. материалдарды үйлестіру, құрастыру және бекіту арқылы бейнесуретті жасау тәсілін әртүрлі жанрдағы декоративті-қолданбалы және монументалды өнер деп біледі.
-
Монохромды–бір түсті; бір түсте орындалған; спектрмен емес жарықтығымен айырылатын бір немесе бірнеше түс беретін деген мағына.
-
Орига́ми (яп. 折り紙, нақты.: «бүктелген қағаз») — қағаздан фигуркалар жасау бойынша көне өнер.Оригами өнері қағаздын алғашқы пайда болған жері ежелгі Қытай елінен бастау алады.
-
Рельеф (фр. relief, лат. relevo — көтеремін) — құрылықтың, мұхиттардың және теңіздердің әртүрлі көріністерінің, көлемдерінің, пайда болуы, жасы мен даму тарихы бойынша жиынтығы. Оң (дөнес) және теріс (иілген) формалардан құралады.
-
Ритм (греческое rhythmos — қозғалыс, такт), rhein сөзінен шығады — ағу. Ритм — бұл белгілі бір тәртіпке бағынған белгілі реттілікпен, жиілілікпен болатын қандайда бір элементтердің алмасуы.
-
Стилизация - қандайда бір авторға, жанрға тән шығармашылық стильге әдейі ұқсату.
-
Суреттің колориті(итал. colorito, лат. color — бояу, түс) — көркем шығарманың түстік қасиеттерінің жалпы эстетикалық бағасы, бейнесурет элеменнттерінің түстік сипаттамасы, олардың байланысы, түспен олардың реңктерінің жарасушылығы.
-
Сызба —бұл бұйымның контурлық бейнесін және бұйымды жасауға, бақылауға, иднетификациялауға қажет басқада мәліметтері бар, сонымен бірге құжаттың өзімен жұмыс істеуге болатын құжат.
-
Сюжет (от фр. sujet — предмет) — әдебиетте, драматургияда, театрда, киноменойындарда —көркем шығармадағы (театр сахнасында)оқиғалар реті (сценалар, актілер реті) жәнеде ол оқырман (көруші, ойнаушы) үшін белгілі бір ережелер бойынша құрылған.
-
Түс — физиологиялық көру қасиеті негізінде анықталатны және бірнеше физикалық, физиологиялық және психологиялық факторларға байланысты оптикалық диапазонның электромагниттік сәулеленуінің субъективті сипаттамасы.Түсті қабылдау қасиеті адамның өзіндік ерекшеліктерімен, сонымен бірге айналадағы жарық көздерініңспектралдық құрамымен, түстік және жарықтық қарама-қарсылығымен, сонымен қатар жарық бермейтін объектілермен анықталады. Бұл мезетте метамерия сияқты құбылыстармен, адам көзі мен психикасының ерекшеліктері өте маңызды екендігін атап өту керек..
-
Эски́з (фр. esquisse) — ғимараттың, механизмнің немесе оның жеке бөлігінің, шығарманың шығармашылық түпкі ойын белгілейтін алдын ала нобайы.
Сюжет – шығарма фомасының негізі.
-
Өрнек–сызық, түс, пішіннің үйлесуін беретін сурет.Түсқағаз өрнегі. Кесте тігу үшін өрнек. Мата өрнегі. Терезедегі аяз салған өрнек және тағысын тағы.
-
Трафаре́т — әріптер, сандар және әртүрлі фигуралар сияқты өте көп бірдей символдарды әртүрлі жазықтыққа түсіруге арналған құрал.
-
Фактура (лат. factūra — өңдеу, құрылысы) — бейнелеу өнерінде көркем шығарма бетінің өңделу сипаты, поэзияда, музыкада, көркем сурет немесе мүсін жасау өнерінде көркемдік техниканың ерекшеліктері.
-
Фон (фр. fond лат. fundus — «түб, негіз, басты элементэлемент» ) — сурет немесе мәтін орналастырылатын негізгі түс немесе тон; артқы планды құрайтын суреттің бір бөлігі.
-
Формсы (заттың) — заттың, нысанның шектерінің (контурларының) өз-ара орналасуы, сонымен бірге сызық нүктелерінің өз-ара орналасуы.
УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013
|
Редакция №1 от 10.01.2013
|
Страница 4 из
|
Рекомендуемая литература с указанием страниц, изучаемой темы
3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
1.Тақырып:
Қағаз материалдарының түрі туралы, олардың қасиеттері туралы, сапалық ерекшеліктері туралы, материалдар және құралдар туралы мәлімет.
Сабақ мақсаты:
Студентер қағаз материалдарының түрі туралы, олардың қасиеттері туралы, сапалық ерекшеліктері туралы мәліметтерді зерттеп, алған мәліметтерді өз тәжрибесінде қолдана алу керек.
Әдістемелік ұсыныстар:
Бір бірімен бет формасында қосылған ағаш целлюлозасының өсімдік талшықтарынан арнайы таңдалып жасалған материалдарды қағаз және картон деп атайды. Шартты түрде массасы 2 грмм. 250 грмм. Дейінгі бет түріндегі материалды қағазға жатқызады, 250 грмм. Артық – картонға. Барлық алуан түрлі ұағаз кластарға бөлінеді. Олардың ішінде негізгілері баспаға арналған қағаз, әшекейлік, сызу мен суретсалуға арналған, электротехникалық, бума, орамаға,жарыққа сезімтал қағаз болып бөлінеді.
Әртүрлі қағаздардың қасиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер ретіне қалындығы, көлемдік массасы, желімденудің дәрежесі, тегістігі, ақтығы, мөлдірлігі, жыртылуға, сынуға, басып жабылуға кедергілігі, суланғандағы деформациялануы, сіңіру қабілеттілігі және т.б. жатады. Қағаз (картон) өндірудің технологиялық схемасы келесі процестерден тұрады: қағаз массасын дайындау, қағазды қағазшығару машинасында жасау, кесу жіне буып-түю. Қағаз және картон шығару үшін машиналардын екі түрі қолданылады:жалпақторлы – қағаз үшін және домалақ торлы – картон үшін.
Қағаз тарихынан.
Қағаздың пайда болуы тарихтағы маңызды оқиға болып есептеледі, және көпке дейін оны шығару құписы қатаң сақталды. Бұл ғажайып материалды шығару технологиясы өте қарапайым екенін ешкім аңғармады да, білмеді. Алғашқы кезде қағазды бамбуктың сабағынан және тұт ағашының қабығынан өндірді. Шикізатты шыланған әк таспен өңдеп, ағаш балғалармен соғып, сумен араластырған. Осының нәтижесінде пайда болған қағаз массасын рамаға тартылған тормен көсіп алған. Су тор арқылы ағып кеткен соң, оның бетінде ылғалды беттер қалған, оларды содан кейін қысып нығыздап кептірген.Қытай саудагерлері бұл бағалы жүкпен Самарқанд қаласына жеткен.Мұнда арабтар олардын құпиясын ашып қағаз жасау технологиясын Испанияға жеткізген. Одан қағаз жасау өнері бүкід дүние жүзіне тараған.
Европада қағазды X-XI ғасырларда шығара бастады, ал Ресейде алғашқы қағаз диірмендері XVI ғасырда пайда болды. Онда негізінен орама қағаз бен баспа және жазба қағаздарының кейбір түрлері ғана шығарылды.Орыс шеберлері қағаз өнеркәсібінің дамуына едәір үлес қосты, мысалы:шикізат ретінде сабан шөпті қолдана бастады, қағазды қарда ақтауын ұсынды.Қағаз тұтынуының өсуі нәтижесінде біртіндеп қағаз өндіретін кәсіпорындар пайда бола бастады. Олар әдетте өзен жағалаларында салынды. Онда аққан судын қуаты қағаз диірменін жұмыс істеуіне қолданылды. Қағаз шығарудың әртүрлі әдістері ашылып оларды өндіретін әртүрлі машиналар жасалды. Ең маңызды жаңалық болып ұзын және өте жұқа қағаз беттерін шығаратын станоктын пайда болуы есептеледі. Оны 1798 жылы Францияда ойлап тапты.
Қағаз шығару үшін біздің заманда целлюлозаны (бұл қағазды құрайтын көптеген жінішке талшықтар) әдетте ағаштан өндіреді.
Қағаз түрлері.
Кітап-журнал қағазы – полиграфиялық және кітап өнімдерінде қолданылатын қағаз. Қолдану мақсаты мен басу әдісіне қарай сипаттамасы әртүрлі болатын қағаздың бірнеше түрі болады – автотипті, сөздікті, нотобасатын, литографиялық, офсеттік, фототиптік, батып түскен баспа үшін (тифдручтік), сандық баспа үшін, эстампті және т.б.
Газет қағазы – газет және сол іспеттес өнімдерді басуға арналған қағаз. Газет қағазы негізінен желімденбеген, ал кей кезде толтырғышсыз, ағаш массасынан (60 г/м2 аз емес) тұрады. Газет қағазы тез уақытта ескіреді (сарғаяды, тез жыртылады). Сондықтан газет қағазында кітап басу жөн емес жәнеде тек бір рет өолданылатын ұзақ сақталмайтын басылымдарды шығаруда ғана қолдануға болады.
Санитарлық – гигиеналық қағазы тек адам организіміне зиянды емес заттар мен бояғыштар қолданылатын жоғары сапалы целлюлоза мен жоғары сортты макулатурадан шығарылады. Қағаз көбінесе тегіс емес болып шығарылады, ол оның ылғалды сіңіру және жұмсақтық қасиеттерін жақсартады.
Синтетикалық қағаз. Целлюлозадан басқа материалдардан жасалған қағаз синтетикалық қағаз деп есептеледі. Олар пластик және синтетикалық смолалар негізінде өндіріледі, құрамына органикалық емес толтырғыштар, кей кезде кремний диоксиді каолин кіреді. Әртүрлә синтетикалық қосымшаларды қосу қағаз сипаттамасын өзгертеді. Мысалы, май өткізбейтін, суға төзімді және тағы басқа сипаттамаларға ие болады.
Дизайнерлік қағаз — әртүрлі тығыздығы, қалындығы, түсі және фактурасы болатын қағаз, әртүрлі шығармашылық ойларды іске асыруға арналған.Дизайнерлік қағаздың сан алуан варианттары бар, олар шығармашылық процесті неғұрлым әртүрлі және мәнерлі болуына арналған.
Буып-тюуге арналған қағаз – сульфат массасынан өндірілген қатты қағаз. Ақталуы, боялуы немесе өзінің табиғи қоңыр түсін сақтауы мүмкін. Гофрланған картон, қаптар мен пакеттер, баспа өнімдерін, пошталық қағаздарды және т.б. орауға қолданылады. Буып-тюуге арналған қағаз сонымен бірге суға тқзімді болуы мүмкін.
Картон (фр. carton < ит. cartone, carta — қағаз) —Қалындығы 0,5 мм (шартты түрде 250 г/м2 бастап) болатын ағашталшықты қағаз, ол қағаз тәрізді ағаш массасынан, целлюлозадан, макулатурадан шығарылады. Сонымен қоса синтетикалық минералды талшықтарда қолданылады. Картон кітәп мұқабасын, футлярын жасауда, кейбір баспа басылымдарының және буып-тюу қағазын шығаруда қолданылады.
Тыс қағаз — тұтас қағаз мұқабаларды желімдеуге және кітап-журнал тыстарын, жәнеде кейбір форзацтерді шығаруға арналған қатты қағаз.Тыс қағаз жоғары желімдеулілігімен ерекшеленеді және әртүрлі түстерге боялады.
Құжат қағазы — ақша, облигация, лотерея билеттерін, төлқұжатты, пошта маркаларын, карточкалы құжаттарды шығаруда қолданылады.
Көшіру қағазы — түпнұсқаны копир қағазынсыз көшіруге мүмкіндік беретін қағаздың белгілі бір сорты. Көшірме қатты басып жазу нәтижесінде пайда болады. Көшіру қағазы негізінен есеп шотттарын және басқада құжат бланктарды көшіруге арналған.
Түс қағаз —түс қағаздың әртүрлі сорттарын шығаруда қолданылады. Түсқағазды басып шығару машинасында басылады.
Қағазды өндіру үшін қолданылатын материалдар:
макулатуралық масса, целлюлоза, ағаш массасы, синтетикалық қоспалар.
Қағазды қолдану:
жазу және басу үшін (кітаптар, журналдар, газеттер, дәптерлер);
буып-тию материалы (фантиктер, конвалюта, қаптар, қорабтар, крафт);
өңдеу материалы (түсқағаз);
санитарлық-гигиеналықматериалдар;
қолданбалы материал (оригами, папье-маше);
химиялық реактивтердә түсіруге арналған қағаз (фотоұағаз, индикаторлық қағаз, егеуқұм қағаз);
тазалағыш материал;
сүзгіш ұағаз;
конденсатор шығаруда айырғыш ретінде қолданылады.
Қағаздың негізгі қасиеттері.
Қағаздың қасиеттерін білу бұйымды жасау кезінде тиісті материалды таңдап алуға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде жұмыс пен безендіру сапасын әлдеқайда жоғарлатады.Қағазды таңдау кезінде оның сапасы мен қасиеттерін ескеру керек. Қағаздың құрылысы талшықты болады. Қағазды құю кезінде талшықтардың бір бөдігі болай созылса – бойланған, бір бөлігі көлденең созылады – көлденеңкі. Талшықтардың өзара әртүрлі орналасуы қағаздың қасиетіне әсер етеді.Мысалы, қағаздың бойлап жыртылуы, көлденеңкіге қарағанда, тегістеу болады, талшық бойы жолақ, көлденең кесілгенге қарағанда, аздау бүктеледі.
Тегістік- қағаз бетінің қалпы (тегіс, кедір-бұдырлы)
Уақ тесіктік қағаз бетінің қалпына әсер етеді. Уақ тесіктік неғұрлым кем болса соғұрлым жазық беті тегіс болады.
Су өткізбеушілік суды өткізу және оған төзу қасиеттерімен анықталады.Мысалы майлықтар суды жақсы өткізеді, ал парафинделген қағаз суды өткізбейді.
Қағаздың өзгеру мүмкіндіктері: майысу, салмақ түскенде тығыздалу, серпімдік - мыжылу және алғашқы формасына қайта қалпына келу.
Мықтылық- қағаздың жыртылуға төзуі, тәжрибе жүзінде тексеріледі.Құрғақ қағаз су қағаздан мықтырақ, бойлау бағытында көлденең бағыттағыдан мықтырақ.
Оптикалық қасиеттерге келесілер жатады: түс, аұтығы, мөлдірлігі, жарық өткізбеулігі және т.б.
Қағазбен жұмыс істеу үшін келесі құралдар керек:
- масштабты сызғыш – ағаш және темір, ұзындығы 300 мм кем емес;
- ұзындығы 250-300 ммболатын 45, 90, 120 градустарды өлшейтін, қатты платикалық немесе ағаш бұрыштар;
- циркуль – бельгілеуге ғана емес, сонымен бірге сызғышқа циркуль ұштарын түйістіру арқылы қөлемді көшіру үшін қолданады.
- қайшылар
- желім (ПВА немесе силикаттты)
- картон кесуге арналған пышақтар,
- ватманды, картонды, форманың бүгілген жерінде кшігірім тесіктер есуге арналған.
Бақылау сұрақтары:
1.Қағаз материалдарының түрлері, олардын қасиеттері, сапалық айырмашылықтары туралы мәлімет.
2.Қағаз туралы тарихи мәлімет беру.
3.Қағазбен жұмыс әстеуге арналған материалдар мен құралдар.
Ұсынылатын әдебиеттер: Практикум в учебных мастерских и технология конструкционных материалов. Под ред. Б. В. Нешумова – М., Просвещение, 1986
2.Тақырып:
Оригами техникасы, қағазды бүктеудің негізгі формалары.
Сабақ мақсаты: студентерде оригами өнері туралы мәлімет болу керек, қағазды бүктеудің негізгі әдістерін және оригами жасаудың негіздерін білу керек, шығармашылық бұйымдарды жасай алу керек.
Әдістемелік ұсыныстар:
Жапон тілінен аударғанда «оригами» деген сөз «бүктелген қағаз» деген мағынаны білдіреді, күншыңыс елінде оригами өнерін тұтас қағаз өнері деп атайды. Бұл оригамидің негізгі шарттарының бірі — ешқандай артық нәрсені қоспауда алмауда керек. Бұл заң, оған көп ғасырлардан бері оригами өнерімен шұғылданатын барлық шеберлер ұстанады.Осының нәтижесінде міне мыңдаған жыл өердің бұл түрі ең басқаларға ұқсас емес ерекше деп есептеледі.
Жапонияда оригами қағаздың пайда болуымен бірге туды. Жазуға арналған қағазды алғашқы жасаған қытайлықтар емес нақ жапондықтар қағазды декоративті әшекейлер мен бұйымдарды жасауға қолдануға мүмкін екенін тапты. Алғашқы кезде таңдаулы және бағалы материалды діни рәсімдерді өткізу кезінде пайдаланды.
«Қағаз» және «Құдай» сөздері жапон тілінде бірдей айтылады. Сондықтан барлық қағаздан жасалған бұйымдарға діни мағына беріледі.Храмдардың қабырғалары құдайлардың бейнесі суреттелген және олардың уағыздары жазылған қағаздармен әшекейленген. Қағаздың көмегімен құрбандық оттары жағылған. Арнайы қағаз қорабтарында храмға сыйлықтар әкелінген.
Шығыс елдерінде өағаздан жасалған тырна махаббатығ, үмітпен сенімнің символы ретінде есептелген. Адамдар ежелден бері егерде мұндай мың фигурка жасап оларды жақындар мен таныстар арасында таратса, онда ең есіл-дерті орындалатынына сенген екен.
Оригамидің даму және таралу тарихы.
Оригами таза жапон өнері деп айту орынсыз болар еді.Қағаздан фигуркаалар жасау бойынша дүние жүзіндегі басқада елдер өз жетістіктері туралы айтуға мүмкіндіктері бар. Қағазды өндіру рецептімен оригами өнері де дүние жүзіне таралды.
Бұл мысалдың айтарлықтай дәлелі ретінде Испанияны атауға болады. Жергілікті шебердер «пахарит» атты теңдесі жоқ қағаздан құс жасау әдісін ашты (кейіннен Мексикада бұл фигурканы аздап өзгеше «паярит» деп атады, ол жапондық оригами жасау үлгісінен айтарлықтай өзгеше болды).
Испанияда тіпті философ Мигуель Уманумоның басшылығымен «испан мектебі» құрылды.Мұнда қағаздан классикалық фигураларды жасаудың жаңа әдістері ойлап табылды, сонымен қосатіпті жапон шеберлеріне белгісіз жаңа фигуралар жасалды. Испандықтардың ықпалымен оригами, қысқа уақытта белгілі болып, Латын Америкасында таралды.
Қазіргі замандағы оригами өнері.
Біз қағазбен туғаннан бастап өміріміздің аяғына дейін байланыстымыз.Өазіргі уақытта кішкентай балалар бұл материалмен жазу және оқудан бұрын әлдеқайда ертерек кездеседі. Бала қағаз бетіне белгілі бір оған қажетті форма беру үшін оны жыртады, мыжиды.Бұл материал қолжетімді және арзан, сндықтан оны қорықпай балаға беруге болады. Мұндай ойынның балаға тағы бір ыңғайлылығы, ол оп-оңай қандайда болса деформацияға беріледі.Ал содан кейін ұзақ уақыт және жақсы берілген форманы сақтайды.Бұл қасиет бұгінгі күні көптеген тәрбиелеу және дамыту әдістерінде қолданылады. Оригами техникалардың әртүрлі техникалары көмегімен балаларда бейнелі жәни логикалық ойлау, елестету және интеллект, өнертапқыштық және фантазиялық қасиеттерін дамытуға болады.Бұл ретте бала үшін мұның барлығы ойын формасы, өз уақытын қызықты өткізу сияқты оған білдіртпей өткізіледі.
Жаңалықтыр мен эксперименттер.
Өнердің кез-келген түрі сияқты оригами он екінші ғасырда пайда болып дамымай қалған жоқ. Ақырындап ол өзгеріп тәжрибе мен дәстүрлерге ие бола бастады. Географиялық орналасуға және жаңашылдық принциптерге байланысты әртүрлі мектептер құрылды. Қазіргі уақытта оригами өнерінің туындылары қағаздан ғана емес, сонымен бірге металдан, фольгадан және басқада металдардан жасалуда. Оларда оригами бұйымдары одан да ерекше және қызықты болып көрінеді.
Оригами техникасына жаңа материалдарду тарту негізінен авторлардың өз шығармаларының өмір сүру уақытын ұзартумен байланысты. Ал қағаз өкінішке орай қандайда болса әртүрлі механикалық бүлінуге ұшырауы мүмкін. Сондықтан мықтарақ материалдардан бұйым жасау қиынырақ болса да, бірақ олар мықты және ұзақ уақыт сақталады.Металдан жасалған бұйымды оп-оғай жырта алмайсын, және де оның формасын өзгерту үшін көп күш жұмсау қажет.
Жұқа қағаз фигура жасауға өте ыңғайлы, бірақ формасын ол сақтай алмайды.Бұл кемшілікті түзету үшін «күміс сэндвинч» атты жаңа технология ойлап табылды.Сэндвич — өйткені мұнда көп қабаттылық идеясы қолданылды. Ал күміс дегені – өйткені маңызды қабаттардың бірі болып жұқа кулинариялық фольгасы болып табылады.Егерде қағаздың екі қабаты арасында фольга салып желімдесе, онда мұндай үш қабатты бұйым формасын жақсы сақтайды, сонымен қоса көпқабаттылық оригами фигурасына айқындық береді.
Оригами әліппесі.
Оригамидегі ең маңызды белгілер – ол «алқап» және «дөн» («valley fold» және «mountain fold») деп аталатын бүгілу сызықтары ең маңызды белгілер болып табылады.
«Алқап» бүгәлуі пунктир сызығымен белгіленеді. Бұл сызық онымен бөлінген қағаз бетінің бір бөлігін өзіне қарай бүгу керек екендігін көрсетеді. Ал бүгу бағытын көп ретте стрелкамен белгілейді. «Алқаппен» бүгу тек пунктир сызығымен бүгу керек екендігін көрсетеді, бүккеннен кейін бүгілу сызығы бұйымның ішкі жағында орналасуы керек.
«Дөн» бүгу сызығы, керісінше, бүгуді өзінен жүргізу керек екендігін көрсетеді. Бүгу кезінде сызық, дөн сияқты, сырт жағында орналасады. Мұндай бүгу нүктелері бар пунктир сызығымен белгіленеді. Бүгу тек сызық бойынша жүргізіледі.
Майыстыру — бұл операция сындырыған стрелкамен белгіленеді.Негізінен майыстыру — ол бүктесін. Бұл белгі алдымен қағаз бетін дәлме-дәл сызық бойынша майыстырып, содан кейін қайтадан жазу керек екендігін білдіреді. Операцияның мәні бүктесінді осы түсіру.
«Найзағай» бүктесіні (бұл бүктесінді тағы «баспалдақ» деп атайды). Бұл бүктесіннің белгісі – «дөн» және «алқап» бүгілу белгілерінің үйлесуі. Операция кезекте бірінші болып тұрған бүгу сызығынан басталады: егер алқап бүгілуі бірінші болып тұрса, онда ол бірінші болып орындалады.
Сыртқа бүгу («қалпақша» бүгу). Бұл бүгу,бұйымның бір бөлігінің бүгілу бағытын көрсететін, ұзын стрелкалармен белгіленеді.Бұл операцияның мәні: бұйымға «қалпақша» формасын беру үшін оның бұрышын сыртқа қарай бүгу керек. Алдын ала бүгу жасау керек. Ішке қарай.Бұл бүгу,оның бағытын көрсететін, үзілмелі стрелкамен белгіленеді.Операцияның мәні: бұйымның шеттерін жылжытып бұрыштарын ішке қарай майыстыру керек. Сонымен қоса алдын ала бүгіп тастау керек.
Бір жазықты бұру. Бұл белгі екі стрелка дөңгелек бойы орналасуы ретінде беріледі.Ол бұйымды сағат тілі бойынша 180 градусқа бұру керек екендігін білдіреді.
Қарама-қарсы жаққа аудару. Бұл операция спираль тәрізді қысқа стрелкамен белгіленеді.Мәні: бұйымды ішкі жағымен сыртқа қарай бұру керек екендігін білдіреді. Бұл ретте сағат тілі бойынша қосымша бұру қажет емес.
Бұру — бұл операцияның белгісі пунктир сызығы мен спиральді стрелкасы кіреді.Операция мәні — бұйымды бұрған кезде пунктир сызығымен белгіленген бүгілу жерлерін бұзбау керек.
Тең бұрыштар, кесінділер крестиктармен немесе бір бетінде сызықшасы бар доғалармен белгіленеді. Мәні: крестик салынған жердегі бұрыш екінші крестик тұрған жердегі бұрышқа тең болу керек.
Тең бөліктер ұздіксіз сызықта орналасқан қосалқы штрихтармен белгіленеді.Бұл белгілер қойылған бұйымның бөліктері өзара тең болуы керек.
Суретті үлкейту. Кей-кезде схемада өте көп операциялар белгіленіп оның суеті қатты кішірейеді. Мұндай схемамен ыңғайлы жұмыс істеу үшін үлкейту әдісін қолданады. Үлкейтуаяқ жағына қарай ұлғаятын үлкен стрелкамен бейнеленеді.
Ашу. Түзу ірі стелкамен белгіленеді. Бұл белгімен ашуды талап ететін бөліктерді белгілейді.
Қайталау. Қайталау белгісін астында бір штрихы бар ұзын түзу стрелкамен бейнелейді. Штрих қайталаудын санын береді. Егерде стрелкада үш штрих белгіленсе, онда операцияны үш рет қайталау керек.
Үрлеу. Бұл белгі бұлтқа жапсырылған стрелка ретінде бейнеленеді. Кей кезде үрлеу тек бұлт ретінде белгіленеді.Операцияның мәні: бұйымды ауамен толтырып (үрлеп) жазу керек.
Кесік. Бедгі әрине қайшымен белгәленеді. Кесікті суретте салынған сызықпен жасайды.Екі нүктені қиыстыру. Нүктелер қалың домалақшалармен белгіленеді, ал олардың ортасымен ұзын (көп ретте доға тәріздес) сызық жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |