№
|
Дәріс тақырыптары
|
Дәріс мазмұны
|
1
|
«Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» курсының пәні, атқаратын қызметтері.
|
Құқық және экономика негіздері пәні ғылым ретінде. Пәннің міндеттері және атқаратын қызметтері. Құқық және экономика негіздері бойынша мектептің оқу жоспарлары және оқулықтар. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған оқу құралдары. Жалпы әдістемелік әдебиет.Құқық және экономика негіздері курсының жоғарғы оқу орындарына арналған міндеттері, мазмұны және құрылымы.
|
2
|
Қазақстан Республикасындағы құқықтық және экономикалық білім берудің пайда болуы, дамуы және қалыптасуы.
|
Құқықтық және экономикалық білім берудің қажеттілігі. ҚР құқықтық және экономикалық қайта құрулар. Құқықтық және экономикалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекетік шаралар.
|
3
|
Мектепте құқықтық және экономикалық білім негіздерін оқытудың ғылыми-әдістемелік, әдіснамалық негіздері.
|
Мектепте құқықтық және экономикалық білім негіздерін оқытудағы түбірлі өзгерістер. Мектепте құқықтық және экономикалық білім негіздерін оқытудың әдіснамалық мәселелері.
|
4
|
Мектептегі құқық және экономика негіздері курсының мақсаты, мазмұны, міндеттері мен құрылымы.
|
Мектептегі құқық және экономика негіздері курсының мақсаты: дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті маман даярлау.
Мектептегі құқық және экономика негіздері курсының мақсаты, мазмұны, міндеттері:
-Оқушылардың құқықтық білімін көтеру мақсатында әдістемелерді көрсету,ұсыну;
-оқушылардың құқықтық білімін арттыруға байланысты мақалаларды, еңбектерді жинақтау, жинақталған материалдарды сұрыптау, әдістемелерін іздестіру, топтау;
-оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып құқықтық білім беруді жүйелеу;
-құқықтық ғылым материалдары негізінде оқушыларды тәрбиелеу;
-құқықтық білімді арттырудағы мұғалімге қойылатын талаптарды ұсыну.
|
5
|
Оқушыларда құқықтық және экономикалық білімді қалыптастыру сатылары.
|
Құқықтық білім беруді қалыптастыруда жоғары оқу орындары маманның жан-жақты қалыптасуын, құқықтық мәдениеттің дамуын, әлеуметтік және шаруашылық сұрақтарын шешетін, құқық жағынан сауатты болуын талап етеді. Маманның құқықтық сауаттылығы құқықтық мемлекеттің саяси жағынан хабардар болу. Бұл міндеттердің шешімі ғылыми-теоретикалық процессті меңгеруде, мемлекеттік құқықтық аспектілер және құқықтық тәртіптегі құқық нормаларын бағалау позициясы. Жоғары оқу орнына сай маманға құқықтық білім беру, маманның құқық нормаларын толық меңгеруі болып табылады. ЖОО құқықтық білім беруде халықаралық – құқықтық аспектілері болуы қажет.
|
6
|
Құқық және экономика негіздерін оқытуды ұйымдастырудың нысандары.
|
Құқық және экономика негіздерін оқытудың негізгі нысандары. «Азаматтану», «Қаржылық білім негіздері» курсы. Факультативтік сабақтар.
|
7
|
Құқықтық және экономикалық құжаттар мен өзге де дерек көздерін оқытудың әдістері
|
Құқық пен экономика бойынша мемлекеттік құжаттарды оқыту әдістемесі. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де құқықтық актілерді оқыту. Мемлекет саясатына қызығушылық пен құқыққа құрметті қалыптастыру. Қоғамдық өмірдің құбылыстарын бағалау мен талдаудағы азаматтық қадам жасау. Оқушыларда алғашқы деректермен жұмыс істеу шеберліктерін дамыту.
Оқушылардың мәтіндермен өзіндік жұмыстары. Құжаттарды оқудағы оқушылардың танымдық әрекеттерін арттыру. Курс мазмұнын оқу процесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, заң шығару және мерзімдік басылым материалдарын қолдану. Сабаққа құжаттар таңдау. Құжаттар мәтінімен жұмыста әдістемелік тәсілдерді анықтау. Жазба түрлері. Оқушылардың құжаттармен өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар жүйесін жасау. Сабаққа кезекті заң шығару материалдарын, мерзімді басылым материалдарын қосу.
|
8
|
Құқық және экономика негіздерін оқу саласындағы бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік әдебиеттерді талдау тәсілдері.
|
Бағдарламаның басты мақсаты мектеп оқушыларын қоршаған әлеммен, кәдімгі табиғат және адамдар әлемі, олардың қажеттіліктерімен және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру құралдары ретінде таныстыру. «Экономикаға кіріспе» курсы экономиканы өз өмірінің, өз жанұясының, өзге адамдардың өмірінің бөлігі ретінде оқуға мүмкіндік береді. Экономиканы оқи отырып, бала адамның үш рөлді: тұлға, жұмысшы, тұтынушы ретінде атқаратынын түсінеді. Осы рөлдердің кез – келгенін іске асыру үшін алға міндет қойып, шешім қабылдай білу керек. Ойлаудың мұндай түрінің қалыптасуына экономика және құқық негіздері білімдері ықпал етеді.
Экономика және құқық негіздері курсы бойынша бағдарламаларды талдау.
Оқулыққа талдау. Курстың білімдік- тәрбиелік мақсат–міндеттерін анықтау, оның ерекшелігі.
Экономика және құқық негіздері курсы бойынша әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды талдау.
Курстық идеялар, ұғымдар жүйесін қалыптастыру бойынша мұғалім жұмысын жоспарлау.
|
9
|
Оқушылардың біліміне, біліктілігіне, тәрбиелік дәрежесіне қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары.
|
Құқықтық білім берудегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының алатын орны «Қолданбалы экономика» бағдарламасы «Кәсіпкерлік әрекеттің негіщдері», «Кәсіпкерлік әрекетті басқару негіздері» курсының құрамдас бөлігі. ЭММ сайысы қаржылық есептерді оқу, түсіну, талдауға үйрету, қаржы ісі, маркетинг, өндіріс негіздерін түсіну мүмкіндігі.
Фирманы басқару деңгейінде шешім қабылдау. Аналитикалық ойлауды талап ету. ЭММ ойынын қызықты сайысқа әрі оқулыққа айналдыру мүмкіндіктері. Оқушылар үшін экономикалық лабораториялар, сандық мәліметтер, графиктер, кестелер, диаграммалар сондай –ақ, күрделілігіне қарай түрлі деңгейдегі тестер, пікірсайыс үшін тақырыптар, пысықтау сұрақтары сынды тапсырмалардан жинағы мен оқулық құрайтын тұтас оқу әдістемелік кешенді қолдану. Кешен құрамындағы түрлі ойындар пакеттері мен экономикалық және құқықтық компьютерлік модельдердің қорабы мен жабдықтар.
|
10
|
Курс бойынша сабақта және сабақтан тыс оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.
|
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру үшін оқыту материалдарының мүмкіндігін анықтау және сабақтың бір тақырыбын талдау.
Оқушылардың негізгі шеберліктерін қалыптастыратын рационалды тәсілдер мен құралдарды таңдау.
-
Оқушылардың құқықтық және экономикалық мағлұматтарды меңгеруі бойынша түрлі өзіндік жұмыстарын өңдеу.
Экономика және құқық сабағына дидактикалық материалдарды даярлау.
|
11
|
«Құқық және экономика негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар мен бағдарлама.
|
Бағдарламаның басты мақсаты мектеп оқушыларын қоршаған әлеммен, кәдімгі табиғат және адамдар әлемі, олардың қажеттіліктерімен және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру құралдары ретінде таныстыру. «Экономикаға кіріспе» курсы экономиканы өз өмірінің, өз жанұясының, өзге адамдардың өмірінің бөлігі ретінде оқуға мүмкіндік береді. Экономиканы оқи отырып, бала адамның үш рөлді: тұлға, жұмысшы, тұтынушы ретінде атқаратынын түсінеді. Осы рөлдердің кез – келгенін іске асыру үшін алға міндет қойып, шешім қабылдай білу керек. Ойлаудың мұндай түрінің қалыптасуына экономика және құқық негіздері білімдері ықпал етеді.
|
12
|
Құқықтық және экономикалық білім берудегі курсішілік, курс және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.
|
Пәнаралық және ішкі курстық байланыстар, олардың курсты оқыту мен оқушылардың құқықтық тәрбиелеу мен курс оқытудағы білімдік тәрбиелік рөлі. Пәнаралық және ішкі курстық байланыстарды жүзеге асыру үшін әдістемелік тәсілдер мен ұйымдастыру формалары. Байланыстарды жіктеу, сипаттау. Курстің перспективті пәнаралық байланыстары. Курстың өзге де мектеп оқулықтарымен байланысын анықтау. Ішкі курстық байланыстарды анықтау. Пәнаралық және ішкі курстық байланыстарды анықтау үшін әдістемелік тәсілдер мен құралдарды таңдау, курстың негізгі идеялары мен ұғымдарын қалыптастырудағы рөлдерін анықтау. Пәнаралық және курсішілік байланыстар оқу әрекетінде құқықтық тәрбие процесінің оптимизациясы, оның нәтижелігін жоғарылату факторы ретінде. Курстың пәнаралық байланыстарын оранту мүмкіндіктерінің дидактикалық және әдістемелік құндылығы. Мұғалімнің пәнаралық байланыстар процесінде мақсатты бағытталаған әрекетінің объектісі ретінде жүретін, құқықтаным компоненттері: мемлекет және құқық туралы білім, құқықтық нормаларға, мемлекетке қарым – қатынас. Мемлекет және құқық туралы білім, мемлекет және құқық туралы елестету, мемлекетке және құқыққа қарым – қатынас. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру. Сабақты интеграциялау.
|
13
|
Құқық және экономика негіздері сабағында баспа деректермен жұмыс істеу тәсілдері.
|
Құқық және экономика негіздері оқулығы – құқықтық білім берудің негізгі құралы. Оқулықтың құрылымдық компоненттері. «Адам. Құқық. Қоғам.» оқулығымен жұмыс істеу. Мұғалімнің оқулық мәтінімен және мәтіннен тыс компоненттермен жұмыс істеу тәсілдері. Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу қабілетін қалыптастырып, дамыту.
Нормативті – құқықтық актілерді құқық және экономика негіздері сабағында қолдану әдістемесі. Құқықтық құжаттарды оқып –үйрену жолдары.
|
14
|
Құқық және экономика негіздері сабағында жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары.
| Оқыту технологиясы - ғылыми зерттеу аясы ретінде. Құқық және экономика негіздері сабағында жаңа технологияны қолданудың қағидаттары мен тәсілдері. Оқыту технологиясының ерекшеліктері: диагностикалық тұрғыдағы мақсаты, үздіксіз байланыс, оқыту циклінің өндірісі. Педагогикалық практиканың жаңа сатылары. Ақпаратты – түсіндіру тәсілінен әрекет ету–даму технологиясына көшу. Дамыта оқу теориясынан белгілі жағдайды бөліп алу. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы, құқық сабағында компьютерді қолдану әдістемесі. Құқық және экономика негіздері мұғалімінің компьютерлік технологиядағы рөлі. |
15
|
Құқық және экономика негіздері сабағында оқылған материалдарды қайталау, тексеру және бағалау әдістемесі.
|
Құқық сабағында алынған білімді қайталау – құқықтық білімді тереңдетудің жолы.
Құқықтық білімді тексерудің жолдары: ауызша және жазбаша. Тестік тексеру. Мәтіндік тексеру және оған дайындық. Құқық сабағында оқушылардың білімін жүйелі түрде тексеру. Білім тексерудің мақсаттары мен қызметтері.
Оқушылар білімін бағалау нысандары мен критерийлері. Ағымдық, тоқсандық, жылдық бағалаулар. Мұғалімнің бағаларды түсіндіруі. Емтиханға дайындықты ұйымдастыру және жүргізу.
|
16
|
Мектепте құқық және экономика негіздері кабинеттерін жарақтандыру.
|
Мектептегі құқық және экономика кабинетінің міндеттері. Кабинет жұмысының үйлестірілуі. Кабинетке жауаптылық.
|
17
|
Құқық және экономика негіздері мұғалімі.
|
Курсты оқытуға мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығы. Оқу –тәрбиелік процесті ұйымдастыру үшін экономика және құқық негіздері бойынша материалдарды таңдау, жинақтау және жүйелеудегі мұғалімнің шеберлігінің шыңдалуы.. Экономика және құқық негіздері мұғаліміне қойлатын негізгі талаптар, дамытушылық оқыту жағдайындағы оның ерекшеліктері. Мұғалім біліктілігін арттыру жолдары.
|