Практикум жұмыстарын дайындау мен рәсімдеуге арналған әдістемелік нұсқаулар



бет1/3
Дата28.11.2022
өлшемі115.82 Kb.
#465905
түріПрактикум
  1   2   3
Зертханалық практикум жұмыстарын дайындау мен рәсімдеуге арналған әдістемелік нұсқаулар


1.1 Зертханалық практикум жұмыстарын дайындау мен рәсімдеуге арналған әдістемелік нұсқаулар

Зертханалық сабақтар тек арнайы жабдықталған ғимараттарда жүргізіледі. Зертханалық сабақтар теория мен практиканы байланыстырушы бөлім.




Зертханалық практикум химиялық ой – пікірді дамытуға, зерттеу әрекеттерінің қорытынды тәсілдерін қалыптастыруға (есептерді шығаруға, оны шешудің теориялық дәлелін және эксперименттік тексеруді), сонымен бірге заттармен, құралдармен, құрылғылармен жұмыс жасағанда және негізгі химиялық істерде (фильтрлеу, кристаллдау, тұнбаларды жууда, құрғатуда, қыздыруда және т.б.) тәжірибелік дағдылануға көмегін тигізеді.

Зертханалық практикумның негізгі міндеттері теория мен практиканың байланысын нығайту, зертханалық жұмыстарды орындау үрдісінде студенттердің өзіндік ынтасын дамыту.


Практикумда негізінен берілген тақырыптың негізгі түсініктері мен зерттелетін жүйенің қасиеттерін (заттар немесе заттардың топтары) және сипаттамалардың бірлігін көрсететін, зертханалық жұмыстың эксперименттік бөлімінің тапсырмалары арасындағы логикалық байланысқа аса назар аударылу қажет.
Әрбір зертханалық жұмыстарды орындау кезінде алға қойылған міндеттерге сай, студенттер зертханалық журналға жазуы тиіс:

  • жұмыстың тақырыбы және мақсатын;

  • оның теориялық негізін;

  • тапсырманы, құралдарды және реактивтерді, әр тәжірибенің орындалу әдісін;

  • өтетін реакцияның теңдеуін және байқалатын құбылысты;

  • алынған мәліметтерді түсіндіру және қорытынды.

Зертханалық жұмыстарды макро- және микроанализ арасындағы аралық жағдайды көрсететін жартылай микроәдіспен жүргізеді. Бұл әдіс анализденетін заттардың (10-15 мг немесе 1-5 мл) үлкен мөлшерін қажет етпейді, макроәдіспен (0,5 г немесе 10-100 мл) салыстырғанда уақыт және реактивтер үнемделеді. Сонымен бірге бұл әдіс микроәдістен (1-5 мг немесе 0,1-5 мл) өте қарапайым.
Жартылай микроәдіспен жұмыс жасау үшін келесі құралдар қажет: пипеткасы бар кішкене шыны сауыттағы реактивтер мен сынауықтар үшін штатив, шыны таяқшалар, химиялық ыдыстарды жууға арналған ерш және жуғыш.
Зертханалық жұмыстар, дәріс сабақтарында берілген студенттердің теориялық білімдерін тереңдетуге және бекітуге, ғылыми – теориялық жиынтығын эксперименттік жолмен тексеруге, құрал – жабдықтармен, құралдармен және материалдармен танысуға, ғылыми зерттеу әдістерін тәжірибеде үйренуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет