F: [Student/Basic] arj.exe A [архив аты]
Мұндағы: F: [Student/Basic] – ағымдағы каталог, [архив аты] - өзіміз қалауымызша қойған ат, А – архивке қосу дегенді білдіретін параметр.
Архивке бір-екі файлды қосуға да болады. Ол үшін командадан соң қосылатын файл атын жазу керек.
[a.k.] arj.exe A <архив аты> <қосылатын файл аты>
4. Файлдарды архивтен шығарып алу, мазмұнын қарап шығу.
Архивтің мазмұнын көру үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек:
[а.к.] arj.exe L <архив аты>
Архивті ашу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек: [а.к.] arj.exe Х <архив аты>
Архивтен бір – екі файлды шығаруға да болады. Ол үшін командадан соң шығарылатын файл атын жазу керек.
[а.к.] arj.exe L <архив аты> [шығарылатын файл аты]
Ішкі каталогтарды қоса архивтеу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек:
[а.к.] arj.exe A-R [архив аты]
Архивтен шығару үшін берілетін команда
[а.к.] arj.exe Х [архив аты]
Файлдар архивтен шығарылады. Ішкі каталогқа келгенде “Create this directory?” – бұл каталогты құрайын ба?” хабарламасы шығады. У-ді бассақ ішкі каталог құрылып файлдары ішіне жазылады, N- ді бассақ ішкі каталог құрылмайды, файлдар бірінші деңгейлі каталогтағы файлдар қатарынан орын алады.
Өзі ашылатын arj - архивін құру үшін командалық жолда төмендегідей команда беріледі:
[а.к.] arj.exe A-jE [архив аты]
Мысалы: [а.к.] arj.exe A-jE INF
Архив аты INF.exe болады. Архивтелген файлдарды архивтен шығару үшін INF.exe программасын қоссақ болғаны, яғни [а.к.] arj.exe INF.exe
Лекция №1
Norton Commander (NC) қабықшасы.
Жоспар:
-
NC қабықшасы туралы.
-
NC панелі.
-
Каталогтарды алмастыру.
-
Дискіден дискіге өту.
-
Дискідегі бос орынды анықтау.
Єдебиеттер:
-
А. Левин “Самоучитель работ на компьютере”
-
NC қабықшасының анықтамасы.
1. NC қабықшасы туралы.
Norton Commander (сыртқы қабықша, жетекші программа) қабықшасының орындайтын іс-әрекеттері файлдармен және каталогтармен жұмыс істеуді жеңілдету. Мысалы:
* экранға дискідегі каталогтар мазмұны жазылған екі жақта шығару. (NC жүйесінде
тақтаны панель деп атайды).
* бірінші деңгейлі каталогтан ішкі каталогқа, ішкі каталогтан бірінші деңгейлі қаталогқа өту:
* com, exe, bat типті файлдарды іске қосу;
* NC үшін функциональды клавиштердің орындайтын іс-әрекеттерін қалыптастыру. (NC іске қосылған кезде олар экранның төменгі жолында көрініп тұрады),
* файл мазмұнын экранға шығарып, оның мазмұнымен танысуға, редакциялауға мүмкіндік туғызу;
* ыңғайлы тәсіл бойынша файлды көшіру, атын өзгерту, жою не орнын ауыстыру;
* Жаңа каталог құру, оны жою
* Текстік файл құру, оны редакциялау т.б.
2. NC панелі.
NC іске қосылған кезде экранның оң және сол жақ бөліктерінде тік төртбұрышты бірдей екі панель шығадыда, оларда ағымдық винчестерлік дискіде жэазулы каталог мазмұны көрінеді. Әр панельдің жоғарғы жағында ағымдық каталогтың маршруты жазулы турады. Оң жақ панельдің оң жақ жоғары бұрышын ағымдық уақыт көрсетіліп тұрады.
Экран бетіне шыққан тақталардың бірінде бір каталог не бір файл аты сұр түсті тік төртбұрыш ішіне орналастырылып қойылады. Ол NC- нің осы каталогты не файлды ағымдық етуге дайындаған белгісі. Әдетте оны NC не панель белгілемесі деп атайды. Курсорды басқару клавиштерін пайдаланып, белгілемені сол панельді жоғары, төмен жылжытуға болады. Ал белгілемені бір панельден екінші бір панельге өткізу үшін ТАВ клавишін басу керек.
NC жүйесінде экранда каталогтардың аттары бас әріптермен, файл атаулары кіші әріптермен жазылып көрсетіледі.
Панельдің соңғы жолында белгілеме арқылы белгіленген файылдың не каталогтың сипаттамасы жазулы тұрады. (бұл жолды мини – статустық жол деп атайды). Бұл сипаттамада файлдың аты, өлшемі, құрылған датасы, уақыты көрсетіледі. Ал каталогтың аты, құрылған датасы, уақыты көрсетіледі.
Панельден кейінгі бірінші жолда командаларды енгізуге арналған командалық жол орналасқан. Командалық жолда команданы клавиатура арқылы жазып Enter клавишін бассақ, сол команда орындалады.
Командалық жолдан кейін NC қабықшасында функциональдық клавиштердің қызметтері жазылған жол орналасқан. Осылар арқылы ең қажет деген операцияларды орындай аламыз.
3. Каталогтарды алмастыру.
Каталогтарды алмастыру, яғни бірінші деңгейлі каталогтан ішкі каталогқа өту немесе керісінше ішкі каталогтан бірінші деңгейлі каталогқа өту өте қарапайым
* Каталогтың ішіне кіру үшін, яғни мазмұнын экранға шығару үшін панель белгілемесін керекті каталогтың үстіне әкеліп Enter клавишін басу керек.
* Ішкі каталогтан бірінші деңгейлі каталогқа өту үшін, яғни каталогтың сыртына шығу үшін панель белгілемесін панельдің сол жақ жоғары бұрышында көрініп тұрған екі нүкте (..) белгісінің үстіне әкеліп Enter клавишін басу керек.
* ағымдық каталогтағы .com, .exe, .bat типті файлдарды іске қосу үшін белгілемені осылардың үстіне әкеліп Enter клавишін басу керек.
4. Дискіден дискіге өту.
Барлық каталогтармен файлдар винчестерде немесе дискетте сақталады. Егер компьютерде бір винчестер болса және бөліктерге бөлінбесе, онда оның аты С болады. Егер CD-ROM немесе екінші винчестер болса (немесе бөліктерге бөлінген бір винчестер болса), онда C-дан басқа D, E, F т.б. аттар болады.
Димководтардың да аты болады. Қазіргі компьютерлерде 3 дюмдік дискет салатын бір дисковод болады. Оның аты әруақытта А болады.
Сол жақ панельде А дискісін ағымдық ету үшін ALT+F1 клавиштерін бассақ, сол жақ панельде
-
Деген терезе шығады. А-дегенді курсорды басқару клавиштері арқылы таңдап Enter клавишін бассақ, егер А дискісі дисководқа салынған болса, А дискісінің мазмұны сол жақ панельде көрінеді. А дискісінде қажетті операцияларды орындай беруге болады. Қажетті операцияларды орындап болып, қайта С дискісіне өту үшін ALT+F1 клавиштерін басып С дискісін таңдап Enter ді басу керек. А дискісі ағымдық болып тұрған кезде дискетті дисководтан алуға болмайды. Дискетті дисководқа салмастан А дискісін ағымдық ету командасын орындасақ, “дискі аты қате басқа диск атын енгіз” деген хабарлама шығады.
Ал оң жақ панельде дискілерді ағымдық ету үшін ALT+F2 клавиштерін басып, қажетті диск атына таңдасақ болады.
5. Дискідегі бос орынды анықтау.
Дискетке қандайда бір файлдар жазылған дейік. Дискетте қанша бос орын бар екенін анықтау үшін не істеу керек?
Ол үшін дискетті дисководқа салып ALT+F1 немесе ALT+F2 клавиштерінің бірін басып дискетті сол жақ немесе оң жақ панельдің бірінде ағымдық етеміз. А дискісі ағымдық болған панельге NC белгілемесін өткізіп алып CTRL+L клавишін бассақ екінші панельде INFO деген таблица шығады. Таблицаның бірінші бөлімінде NC –ның қандай версиясы орнатылғаны көрсетіледі. Екінші бөлімінің 1-ші қатарында жалпы жадтың өлшемі, 2-ші қатарында жадтың қаншасы бос екенін, 3-ші қатарында дискеттегі жалпы КБ саны, 4-шы қатарда дискеттегі бос орынды көрсетеді.
Көшірелетін файлдың өлшемін дискеттегі бос орынмен салыстырып файлдың дискетке сиятынын не симайтының білеміз. INFO режимінен шығу үшін CTRL+L клавиштерін қайта бассақ болғаны.
Винчестерде тұрып, яғни С дискісінде турып CTRL+L клавиштерін басу арқылы винчестерде қанша бос орын қалғанын көреміз. Егер винчестерде орын аз қалса, керек емес деген файлдарды, панколорды өшіру керек, сирек қолданылатындарды архивтеу керек, кейбіреулерін дискетке көшіріп қою керек болады.
NC жүйесінде панельдермен жұмыс істеуге арналған бірнеше команда бар. Мысалы:
CTRL+F1- сол жақ панельді алып тастау.
CTRL+F2- оң жақ панельді алып тастау
CTRL+ О – екі панельді бірден алып тастау.
Олар екінші рет басылса, сәйкес панельдер экранда қайта көрінеді.
CTRL+F3 – ағымдық ішкі каталогта көрінген файл атауларын бірінші әріптері бойынша реттеу.
HOME – панель белгілемесін ағымдық ішкі каталогтың басына бірден жылжыту (..-нүктелерінің үстіне әкелу)
END- панель белгілемесін ағымдық ішкі каталогтың соңына бірден жылжыту. Егер каталог мазмұны экран бетіне симай турса PgDown, PgUp клавиштерін басу арқылы оны экранға “парақтап” шығаруға болады.
6. Файлдарды белгілеу.
Кейде файлдарды топтап көшіруге, не өшіруге тура келеді. Файлдарды топтау үшін керек деген файлдардың үстіне панель белгілемесін орнатып INSERT клавишин бассақ файл атының түсі сары түске өзгереді. Бұл файлдарды топтап көшіру, не өшіру үшін белгіледік деген сөз. Белгіленген, яғни сары түске өзгерген файлдық үстіне панель белгілемесін қойып INSERT-ті қайта бассақ сары түс кетеді.
Файлдарды белгілеу үшін шаблонда қолданылады. Шаблон дегеніміз көрсетілген формаға сай келетін файлдарды белгілеу. Шаблонда *,? Символдары қолданылады.
* -кез келген символдар тізбегін бейнелейді.
?-бір ғана символды белгілейді.
Мысалы:
*.*-барлық файлдарды
*. txt-кеңейтпесі. txt болатын барлық файлдар
а ???.* а әрпінен басталып ұзындығы төрт символдан аспайтын барлық файлдар .
а *. bas – а әрпінен басталатын. Bas типті файлдар
inf ??. pas-inf - тен басталып 5 символдан аспайтын pas типті файлдар
???.* үш символдан аттары аспайтын барлық файлдар
NC-да файлдарды шаблон бойынша белгілеу үшін клавиатураның оң жағындағы цифрлық клавиатурадағы + клавишгі қолданылады. +клавиші басылған кезде жэкранға терезе шағады. Осы терезеде керекті шаблонды жазып, Enter клавишин бассақ сол файлдар белгіленеді. Белгілеуді алып тастау үшін цифрлық клавиатурадағы - клавиші қолданылады.
Файлдарды белгілеу арқылы А дискідегі, немесе бір каталогтағы файлдардың өлшемдерінің –қосындысын білуге болады.
7. Файлдарды тез іздеп табу.
Фаил атын біліп тұрып, бірақ оның қай каталогта сақталғаны есте болмаса, оны тез іздеп табу үшін ALT+F7 клавыиштерін басу керек. Шыққан терезеде файл атын немесе шаблон жазып Enter клавишін бассақ дискідегі барлық каталогтарды тексеріп, іздейді файлдың не шаблон бойынша көрсетілген файлдардың маршрутың көрсетеді.
Файлды аты бойынша ғана емес, сонымен бірге ішіндегі текстің бір үзіндісі бойынша да іздеу мүмкін. ALT+F7 клавишін басқанда шығатын терезенің текст деген терінде текстің үзіндісін жазып Enter-ді бассақ болғаны. Сондай тексті бар файлдарды экранда көрсетеді.
Бір каталогтің ішіндегі белгілі бір файлды тез табу үшін ALT клавишін басып тұрып файл атыныңбіріншіәріпін бассақ, бір жолдан тұратын Поиск деген кішкене терезе шығадлы да сол әріпбен басталатын бірінші файлға өтеміз. ALT клавишин жіберіп, терезеде екінші, үшінші әріптен және басқа да әріптерін терсек, әр терген сайынсәйкес файлдарға өте береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |