ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей 2012. мазмұны



бет4/16
Дата09.06.2016
өлшемі7.19 Mb.
#125062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Delphi- дегі атаулары. Delphi- дегі атау латын әріптерінен басталатын әріптер, цифрлар және сызғыш болуы тиіс, атау цифрдан басталуы керек, ұзын атау бере беруге болады.
Форманың қасиеттерін өзгерту

Алдымен модуль ұғымына тоқталайық. Әрбір жаңа форма құрғанда модуль құрылады. Программаны компиляциялау кезінде Delphi заты .PAS, .DFM және .DCU болып келген файлдарды әрбір модуль үшін құрады: .PAS файл- программа коды терезесіндегі мәтін көшірмесінен тұрады; заты -.DFM файылында форма терезесінің мазмұны сақталады; ал файылында – екі файлдан алынған мәтінді машиналық нұсқауға түрлендіру нәтижесі сақталады. .DCU файлдары компилятормен құрылады және ол компоновщиктің жұмысы үшін қажетті базаны береді. Одан кейін ол заты .EXE болып келген біртұтас шақырылатын файлға түрленеді. Енді программаны түрлендіру көрейік, алдымен терезе тақырыбын өзгертейік. Алғаш Delphi жүйесіне кіргеннен кейін, терезе тақырыбы форма тақырыбына сәйкес келеді. Тақырыпты өзгерту үшін Объектілер Инспекторы терезесіне беру қажет. Form1 программасының терезесін жабыңыз. Объектілер Инспекторы терезесінің Caption жолын тышқанмен белгілеңіз. Осы жолдың оң жағында жыпылықтаған курсор болады. Клавиатураны кириллицияға ауыстырып, «программа» деп жазыңыз, одан кейін F9 ды басыңыз. Программаның бұл орындалуы – тақырыбы «программа» деп аталатын терезе құру. Объектілер Инспекторы терезесі арқылы программалар терезесінің бір қасиетін – тақырыбын өзгертейік. Дәл осылай формалардың кез келген қасиетін өзгертуге болады.


Формаға жаңа компоненттер орналастыру
Формаға жаңа компонент орналастыруды қарастырайық. Ол үшін алдымен орналасатын компонентті таңдау қажет, одан кейін форма терезесіндегі компонент орналасытын орынды тышқанмен белгілеу жеткілікті.

Енді программалар терезесіне әртүрлі жазуларды, түсініктемелерді орналастыруға арналған Label(белгі) компонентін орналастырайық. Алдымен, компоненттер политрасынан Standard бетінің ашылғанына көз жеткізу қажет. Курсорды әрбір компоненттің үстінен жүгізгенде оның аты жазылады. Компоненттер политрасына курсорды келтіріп, тышқанмен белгілейміз, одан кейін форма терезесінде белгінің орнын көрсетеміз.

Жаңа компоненттің стандартты аты Label1, батырмадағы жазудың да аты осындай болады. Объектілер Инспекторы терезесіндегі жолының көмегімен бұл жазуды оңай өзгертуге болады: «программа N1» деп енгіземіз. Бұл енгізілген жазу формадағы компоненттен көрінеді.

Енді жазудың түсі мен шрифті өзгертейік. Ол үшін Объектілер Инспекторы терезесіндегі Font қасиетін тышқанмен белгілейміз, батырманың көмегімен жолдың оң жақ бөлігінен шрифті түзететін сұхбат терезесі ашылады. Size тізімінен шрифтің өлшемін 24, Color тізімінен қажетті түсті таңдаймыз. ОК батырмасымен терезені жабамыз. Форма терезесіндегі компоненттегі жазу өзгеруге сәйкес қасиетін өзгертеді.


13-ДӘРІС. Менюмен жұмыс істеу

  1. Басты меню.

  2. Контексті меню.

  3. Меню конструкторы.

  4. Менюді динамикалық баптау.

Файл деп дербес компьютердің сыртқы жадысының атау берілген бөлігін түсінеміз. Кез келген файлдың өзіне тән үш ерекшелігі болады. Біріншіден, файлдың атауы бар, программаға осы атауы бойынша бір мезгілде бірнеше файлмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол бір типті компоненттерден тұрады. Файлдан басқа Object Pascal–дың кез келген типі компоненттер типі бола алады. Үшіншіден, файлдың ұзындығы жөнінде оны хабарлауда ешнәрсе айтылмайды, ол тек сыртқы жады құрылғысының көлемімен шектеледі. Файлдық типті төмендегі үш тәсілдің бірімен беруге болады:



<аты>=File of <тип>;

<аты>=TextFile;

<аты>=File;

Мұндағы <аты> - файлдық типтің аты; File of - қызметші сөздер (файл, содан); TextFile - стандартты мәтіндік файл типінің атауы; <тип> - файлдан басқа Object Pascal –дың кез келген типі.

Мысалы,

Type


Product=Record

Name: String;

Code: word;

Cost: Comp

End;

Text80=File of String[80];



Val F1: File of char;

F2:TextFile;

F3:Text80;

F4:F4 of Product;



Файлдармен жұмыс

Хабарлау тәсіліне қарай, файлды үш түрге бөлуге болады: мәтіндік, типтік және типтік емес.

Ақпарат ASCII кодымен берілген файл мәтіндік файл болып табылады. Мәліметтердің кез келген қарапайым типі осылай беріледі. Жеке мәндер файлда жол болып беріледі. Мұндай жазулар ақпарат бөліктері болып бірігуі мүмкін. Мәтіндік физикалық файлдың атауы үшін оның заты .txt, .doc болып беріледі. Программалау тілдеріндегі программа мәтіндегіфайлдар үшін заты тілдің белгісін білдіреді, мысалы, .pas, .bas. Физикалық мәтіндік файл тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады.

Типтік файл – бұл компоненттері – мәндері екілік кодпен берілген, файлдық типтен басқа, жай және құрылымдық типті файл. Файл компоненті деп файл жөніндегі дербес мәліметті айтады. Мысалы, integer немесе real типті файл. Типтік файл тікелей кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады, бірақ өзінің компоненттеріне тізбекті түрде кіру мүмкіндігін де береді.

Типтік емес файл – бұл компоненттері 0 мен 1 екілік цифрлардан құралған сегіз битті тізбек болып табылады. Мысалы, жадының кез келген ұяшығындағы кез келген типті ақпарат түрінде көз алдымызға елестетуге болады. Файлдарға төмендегідей ұғымдар тән: файл атауы, файл типі, файл компоненті, файлды жазу, файлды жазудың соңы және файл соңы. Бұл ұғымдардың бәрі логикалық та, физикалық та бола алады. Мысалы, файлдың логикалық атауы және файлдың физикалық атауы. Файлды жазудың соңы – тасымалдаушыға физикалық жазудан кейін қойылатын белгі. Ол EOL (End Of Line) деп аталады. Ол физикалық файлмен жұмыс барысында жазудың соңы кездессе мәнін қабылдайды.

Файлдың соңы – тасымалдаушыға физикалық файл компонентінің соңын жазғаннан кейін қойылатын белгі. Ол EOL (End Of Line). Сондай-ақ, физикалық файлмен жұмыс барысында файлдың соңы кездессе, true мәнін қабылдайтын Паскальдың бұл айнымалы функциясы да осылай аталады.

Физикалық файлдар оның компонентіне кіру тәсіліне қарай тізбекті және тікелей болып екіге бөлінеді. Осы бөлінуге сәйкес файлдар тікелей кіру және тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл деп аталады.

Файлға тікелей кіру жағдайында файлдың кез келген компоненттерімен жұмыс істеу үшін тікелей кіруге болады. Тікелей кіру мүмкіндігі бар файлдың барлық компоненттері нөмірленген. Нөмір нольден басталады, яғни 1-компоненттің нөмірі - 0, екінші компоненттің нөмірі 1 және т.с.с. Бұдан, файлдың соңына n+1–ші орынға n–нөмірлі компонент орналасады. Тікелей кіру мүмкіндігі бар файлды тасымалдаушының кез келген бөлігіне тікелей кіруге мүмкіндік беретін ақпарат тасымалдаушыларда ғана орналастыруға болады, мысалы, магнитті дискілерде.

Тізбекті түрде кіру мүмкіндігі бар файл компоненттерін оқу тек бірінші компоненттен басталады. Сондықтан, тасымалдаушының қандай да бір компонентін оқу үшін ізделінді компонент табылғанынша алдыңғыларын өткізіп отыру қажет. Тізбекті файлдың қарапайым мысалына магнитті лентада жазылған файл жатады.

Object Pascal тілінде файлдармен төмендегідей жұмыс түрін ұйымдастыруға болады:



  • файл құру;

  • мәліметтерді файлға жазу;

  • мәліметтерді файлдан оқу;

  • файлды түрлендіру.

Файлмен жұмыс істеу үшін логикалық атауы бойынша логикалық файл сипатталуы тиіс. Одан кейін логикалық файл физикалық файлмен сәйкес құрылғыда, ақпаратты тасымалдаушыда байланысуы тиіс. Одан кейін физикалық файлды ашуға мүмкіндік болуы қажет. Файл тек оқу үшін, тек жазу үшін немесе оқу және жазу үшін ашылады. Оператор арқылы логикалық файл мен физикалық файлды байланыстырғаннан кейін файлмен жұмыс істеуде файлдың логикалық атауы пайдаланылады. Бұдан кейін жұмыс физикалық файлмен орындалады.

Логикалық файлдың сипатталуы

Файл үшін логикалық және физикалық файл ұғымы енгізіледі. Логикалық файл – бұл ақпараттың қандай да бір абстракт көлемі. Физикалық файл – бұл физикалық тасымалдаушыда жазылған логикалық файл: диск, дискет, дисплей экраны, магнитті лента және т.б. Мысалы, сыныптағы оқушылардың аты-жөнінің тізімі логикалық файл болып есептеледі. Сондай-ақ, қағазға немесе дискіге жазылған Object Pascal программасының мәтіні де физикалық файл болып табылады. Логикалық файл мен физикалық файлды байланыстыру стандартты AssignFile процедурасы арқылы жүзеге асырылады:

AssignFile(<логикалық файл аты>,<физикалық файл аты>);

Мұндағы <логикалық файл аты> – программада файлдық айнымалы ретінде хабарланған файлдық айнымалы, <физикалық файл аты> – файл атынан тұратын мәтіндік өрнек, егер қажет болса файлға кіру маршруты толық көрсетіледі.

Паскаль тілінде логикалық файл ретінде мәліметтердің арнайы типі – файл құрылымы енгізілген.

Файлды ашу

Программада файлдармен жұмыс істеу үшін алдымен оны ашу қажет. Бұл әрекет алдын-ала хабарланған файлдық айнымалыны бұрын құрылған файлдың немесе жаңадан құрылатын файлдың атымен байланыстырылғаннан кейін, сондай-ақ, ақпарат алмасу бағытын көрсетуді қамтиды: файлдан оқу немесе оған жазу.

Файлмен жұмыс істеу үшін – ашу, ал жұмыс аяқталғаннан кейін – жабу қажет. Оқуға арналған файл RESET(FF) операторымен, жазуға арналған файл REWRITE(FF) операторымен ашылады. APPEND(FF) – мәтіндік физикалық файлға мәліметтер қосып жазуға арналған.

Мәліметтерді оқу және жазу белгілі READ/WRITE операторларының көмегімен жүзеге асырылады, тек тізімінің басында файлдық айнымалының аты көрсетіледі:

READ(FF,тізім)

WRITE(FF,тізім)

Файлдың жабылуы CLOSE(FF) операторымен орындалады.

Файлды шартты түрде басы бар, соңы тіркелмеген лента түрінде елестетуге болады. Файлдың компоненттері осы лентаға бірінен соң бірі тізбектеліп жазылады.



REWRITE командасы жазуға арналған файлды ашып, файлды жазу режимінің бастапқы күйіне келтіреді, маркер нольдік позицияға орналасады. Егер FF файлы бұрын болса, онда ол жойылады.

RESET командасы бойынша диск каталогындағы физикалық файлдың бар екендігіне көз жеткізеді, егер физикалық файл табылмаса, онда файл табылған жоқ деген хабарлама беріледі. Егер файл табылса, маркер көрсеткіші нольдік күйге келтіріледі, файл мазмұны жойылмайды.

APPEND командасы бойынша файл көрсеткіші оның соңына орналастырылып, бұрыннан бар файлға қосымша мәліметтер тіркеліп жазылады.

Файлдармен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар

Файлдың кез келген түріне пайдалануға болатын процедуралар мен функциялардың тізімін келтірейік.



  1. Procedure AssignFile(var F; FileName,:String); - Fфайлдық айнымалысын FileName атты файлмен байланыстырады;

  2. Function ChangeFileExt(const FileName, Extensions:String):String; - файлдың затын Extension параметрімен берілген файл затына өзгертеді;

  3. Procedure ChDir(Path:String); - Ағымдағы каталогты өзгертеді: Path -ескертусіз орнатылған каталогқа баратын жолды көрсететін жолдық өрнек;

  4. Procedure CloseFile(Var F); - Файлды жабады, бірақ F файлдың айнымалысымен AssignFile процедурасымен алдын-ала орнатылған байланыс сақталады. CloseFile процедурасының функциясы программа жұмысы дұрыс аяқталған жағдайда барлық ашылған файлдар автоматты түрде жабылады.

  5. Function DateTimeToFileDate(DataTime:TDataTime):Integer; - DataTime мәнін файл құру уақытының жүйелік форматына аударады;

  6. Function DiskFree(D:Byte):LongInt; – көрсетілген дискідегі бос орынның байттық көлемін береді; D - диск нөмірі (0 ескертусіз құрылғы; 1 - диск А; 2 – диск В және т.б.). Функция, егер жоқ дискінің нөмірі көрсетілсе 1 деген мәнді береді.

  7. Function EOF(Var F):Boolean; – Файлдың соңын көрсетеді, егер файлдық көрсеткіш файлдың соңында тұрса, онда True мәнін береді. Жазуда бұл кезекті компонент файлдың соңына қосылғанын, ал оқуда файлдың жойылғанын көрсетеді.

  8. Procedure Erase (Var F): - F файлын өшіреді. Процедураны орындар алдында файлды жбау қажет.

  9. Function FileAge(const FileName: String):integer; - FileName файлы үшін оның соңы жаңартылған (қайта жазылған) уақытын береді (жүйелік форматта); егер мұндай файл болмаса, онда – 1-ге тең.

  10. Function ExcludeTrailingBaslash(const S: String): String; - Sжолын тұйықтайтын “/” символын өшіреді (егер бұл символ жолды тұйықтамаса, онда S–ті өзгеріссіз қалдырады);

  11. Function ExpandFileName(const FileName: String):String; - файл атын ағымдағы каталогпен толықтырады;

  12. Function ExpandUncFileName(const FileName: String):String; – файл атын ағымдағы желілік каталогпен толықтырады;

  13. Function ExtractFileDir(const FileName: Srting):String; – файлдың толық атауынан оған кіру маршрутын шығарады (соңғы “/”символынсыз);

  14. Function ExtractFileExt(const FileName: String): String; – файлдың толық атауынан оның затын нүктесімен шығарады;

  15. Function ExtractFileName(const FileName: String): String: String; –файлдың толық атауынан оның атын затымен шығарады;

  16. Function ExtractFilePath(const FileName: String): String; – файлдың толық атауынан оған кіру маршрутын символымен қоса шығарады;

  17. Function ExtractRelativePath(const BaseName, DestName: String): String; – файлдың толық атауынан DestName–ге қатысты маршрут атын шығарады (аралық каталогтар: “/” символымен алмастырылады).

  18. Function FileDateTimeToDateTime (DataTime: Integer):TDateTime; –жүйелік форматы FileDate файлының құрылу уақытын дата-уақыт форматына түрлендіреді.

  19. Function FileExists(const FileName: String):Boolean; – егер FileName атты файл бар болса, онда True мәнін береді;

  20. Procedure FindNext(Var F:TSearchRec); – FindFirst/FindNext функциясымен файлды іздеуге бөлінген жадыны босатады;

  21. Function FindNext(Var F: TSearchRac): Integer; - F файлының каталогтағы келесі файлдың атын береді;

  22. Procedure Flash(var F); – дискідегі файлдың соңғы өзгертулерін сақтай отырып, файлдың ішкі буферін тазартады;

  23. Procedure GETDir(D:Byte; var S:String); – Ағымдағы каталогты береді: D - құрылғы нөмірі; 1 – А дискісі; 2 – В дискісі және т.б. S – String –типті айнымалы, ол көрсетілген дискідегі ағымдағы каталогқа баратын жолды көрсетеді;

  24. Function IncludeTrailingBackslash(const S:String); – “/” символымен файлға кіретін толық маршрутты береді;

  25. Function IOResult: Integer; – соңғы енгізу – шығару операциясының шартты белгісін береді;

  26. Function ISPathDelimiter(const S:String; Index:Integer):Boolean; – егер S жолындағы Index символында “/” белгісі болса, онда true мәнін береді;

  27. Function MatchesMask(const FileName, Mask: String):Boolean; – Егер FileName аты Mask топтық атауына сәйкес келсе, true мәнін береді;

  28. Procedure MKDir(Dir: String);– көрсетілген дискіде жаңа каталог құрады: Dir каталогты іздеу маршруты. Бұрын құрылған каталогтар атауы қайталанбауы тиіс;

  29. Procedure Rename(var F; NewName:String);–F файлының атын өзгертеді; NewName - файлдың жаңа атынан тұратын жолдық өрнек. Процедураны орындамас бұрын файлды жабу қажет;

  30. Procedure Reset(Var F:File; [RecSize:World]); – бұрын құрылған файлды ашады. RecSize–дың тек типтік емес файлдар үшін ғана мағынасы бар және мәліметтер блогының өлшемін береді;

  31. ProcedureRewrite(Var F:File; [RecSize:World]); – жаңа файл құрады. RecSize-дың тек типтік емес файлдар үшін ғана мағынасы бар және мәліметтер блогының өлшемін береді.

  32. Procedure RmDir(Dir:String); – Dir каталогын өшіреді. Өшірілетін каталог бос болуы тиіс.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Delphi программалау ортасымен танысу

Мақсаты: Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Delphi программалау ортасы

Теориялық түсініктеме:

Delphi ортасы-программист жұмысының өте жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін орта.

Delphi ортасын шақырғаннан кейін ортаның жұмысын басқаратын алты негізгі терезе шығады. (1.1.-сурет).



  1. негізгі терезе;

  2. объектілер тармағының терезесі;

  3. объектілер инспекторының терезесі,

  4. броузер (көру) терезесі;

  5. формалар терезесі;

  6. программа кодының терезесі.

Программа кодының терезесін көру үшін Ғ12 клавишін басу жеткілікті. Delphi-ді алғаш шақырғаннан кейін «Delphi» терезесі барлық терезесінің үстіне шығады. Осы терезенің көмегімен Inprise коорпарациясының WEB –беттеріне кіруге мүмкіндік туады.
1

4

2


5

6
1.1–сурет. Delphi ортасының интерфейсі.



Негізі терезе. Негізгі терезе құрылатын программаның жобаларын басқаратын негізіг қызметті атқарады. Бұл терезе экранда барлық уақытта болады және ең жоғарғы бөлігінде орналасады. Негізгі терезеде . Delphi ортасының бас менюі, пиктографиялық командалық батырамалар жиынтығы, компоненттер палитрасы орналасқан.

Бас меню жобаны басқаруға арналған барлық қажеті командалардан тұрады. Бас менюдің барлық опциялары екінші деңгейде ашылатын опциялар тақырыбын қамтиды.

Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерінде орналасқан, оның сол жақ бөлігінде басқару батырмалары бар. Бас менюден басқа кез келген панельді терезеден алып тастауға болады.

Панельде көрінетін батырмалардың құрамын өзгерту үшін оған курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Бұдан кейін ашылған көмекші меню терезесінде барлық паенльдердің аттары келтірілген және олардың статусы көрсетілген (жалаушалар). Олардың ішінен Customize –ды (настройка, баптау) таңдағанан кейін баптау терезесі пайда болады. Енді қажет емес батырмаларды алып тастауға да болады, Commands терезесіндегі тізімнен қажетті батырмаларды таңдап, оны экранға тасып апаруға болады.

Негізгі терезеге жиі пайдаланатын пиктограммаларды ораластырған ыңғайлы: Project\Syntax Chek -программа командаларының синтаксисін тексеру; View\Debug Windows\Watches –отладкалық режимді бақылау терезесіне кіру және т.б.

Пиктографиялық батырмалар

Пиктографиялық батырмалар бас менюдің негізгі опцияларына жылдам кіруге мүмкіндік береді. Олар басқару белгілері бойынша 7 топқа бөлінген. әрбір топ панельге орналасады:



  1. Standard тобы;

  2. View тобы;

  3. Debug тобы;

  4. Custome тобы;

  5. Desktops тобы;

  6. Internet тобы.

Галерея компоненттерінің тобы жеке қарастырылады.

Терезелерді түзету

Delphi ортасының 5-нұсқаларынан бастап, үш жаңа интерфейстік элементтерден толықтырылған, олар Desktops тобында орналасқан.осы инструменттің көмегімен программист Delphi-дің қалған терезелерінің орналасуының бірнеше варианттарын дайындап, оны түзету файлына сақтап қоюына болады. Әдетте екі немесе үш терезенің негізіг конфигурациясы таңдалынады: форма жасау режимі, кодтау режимі және отладка. Форма жасау кезінде экранда форманың өзі, объектілер тармағы мен объектілер инспекторы терезелері көрініп тұруы тиіс.

Терезелердің сәйкес өлшемі мен оны орналастырудың кейін келтірілгенннен кейін, оны мысалы, “Design desk” деген атпен сақауға болады. Кодтау режимін түзеткеннен кейін “Code desk” отладкалық режимді “Debug desk” деген атпен сақауға болады.

Delphi ортасының компоненттер палитрасы

Компоненттер палитрасы- Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан және онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, програмист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоенттердің көмегімен программаның сүлбесі (каркасы) жасалады, жалпы жағдайда экранда көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және т.б.

Батырмалар паенлі тәрізді, компоенттер палитрасы да түзетіледі. Ол үшін арнайы компоненттер палитрасындағы кез келген пиктограммаға курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда және Properties опциясын таңадағанда пайда болады.



Формалар терезесі

Формалар терезесі Windows жобасы - болашақта програма жазатын терезе болып саналады. Басында бұл терезе бос болады. Дәлірек айтсақ, ол Windows -дің интерфейстік элементтері үшін стандартты жүйелік менюді шақыру батырмаларын, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларын және тақырып жолынан тұрады. Әдетте, терезенің жұмыс алаңы нүктелік координаталық тормен толықтырылған, ол формадағы компоенттердің орналасуын ретеу қызметін атқарады (бұл нүктеерді алып тастау үшін Tools/Environment Options меню командаларының көмегімен, Preferences қоймтасындағы Display Gird ауыстырып қосқышындағы жалаушаны алып тастау қажет).

Объектілер тармағының терезесі

Бұл терезе екпінді формада немесе мәліметтердің екпінді модулінде орналасқан жеке компоенттер арасындағы байанысты көрнеі бейнелеуге арналған. Терезедегі кез келген компонетті белгілеу формалар терезесіндегі сәйкес компонентті екпінді жасайды және объектілер инспекторы терезесінде осы компоненттің қасиеті бейнеленеді. Екі рет тышқанмен белгілеу Code Insight механиімінің жұмыс істеуіне әкеледі, ол On Click оқиғкасын өдеу үшін дайындалғанды код терезесіне орналастырады.



Объектілер инспекторының терезесі

Формаға орналасатын кез келген компонент бірқатар параметрлер жиынымен сипатталады: орналасуы, өлшемі, түсі және т.б. Мысалы, компоненттің орналасуы мен өлшемін программист формалар терезесінде компоентті басқара отырып, өзгерте алады. Ал, объектілер инспекторы терезесі қалған өзгертулерді орындауға арналған. Бұл терезеде екі бет бар: Properties (Қасиет) және Events (Оқиға). Properties беті-компоенттің керекті қасиеттерін тағайындау қызметін атқарады, Events беті-қандай да бір оқиғаға компоенттің жауабын анықтайды.

Объектілер инспекторы терезесінің кез келген беті екі бағанды кесте түрінде беріледі, сол бағанда қасиеттің нақты мәні немесе сәйкес оқиға өдейтін қосалқы программаның аты болады.

Кесте жолының оң жақ бағанын тышқанмен белгілеу ондағы көрсетілген қасиеттің мәнін екпінді жасайды, бұдан жолдың оң жақ шетінде үш нүкте (...) немесе батырмаларының бірі пайда болады. Үш нүкте (....) батырмасын белгілеу күрделі қасиеттің мәнін тағайындайтын сұхбат терезесін экранға шығарады, батырмасын белгілеу қарапайым қасиеттің мүмкін болатын мәндердің тізімін шығарады. Объектілер инспекторы терезесінің жоғарғы бөлігінде формада орналасқан барлық компонентерінің ашылатын тізімі орналасады. Форманың өзі де компонент болғандықтан, оның аты да осы тізімде болады.

Тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылатын терезенің контекстік менюінде терезені түзетуге мүмкіндік беретін опциялар бар. Мысалы, Stay On Top командасын таңдағаннан кейін, Объектілер Инспекторы терезесі, оның екпінділігіне тәуелсіз басқа терезелердің үстінде «қалықтап» жүреді.

Программалар коды терезесі

Код терезесі –программа мәтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ереже бойынша құрылады және программаның жұмыс алгоритмін сипатайды. Мәтінді жазу ережелерінің жиынтығы программалау тілі деп аталады. Delphi жүйесіне Объект Pascal программалау тілі пайдаланылады. Ол кеңнен таралған PascaІ тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны алғаш рет швецариялық ғалым Н.Вирт 1970 жылы ұсынған және оны Borland коорпорациясының қызметкерлері жетілдірілді (олардың құрған тілдері Turbo Pascal, Borland Pascal және Object Pascal деп аталады).

Ең алғашында Код терезесіне толыққанда Windows терезесі ретінде бос форманы басқаруды қамтамасыз ететін алғашқы шағын мәтін шығады. Жобамен жұмыс барысында программист оған программаны басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды.

Тіпті қарапайым программа құру үшін программа кодын құрып өзгертуге, жөндеуге тура келеді, төменде код терезесімен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері келтіріледі. Жаңа жобаны ашқаннан кейін төмндегідей жолдар көрінеді:

Unit Unit1;

Interface

Uses Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics,

Controls, Forms, Dialogs;



Type

TForm1=class(Tform)



Private {Private Declartions}

Public{Public Declarations}

End;

Var Form1:TForm1;



Implementation

{SR*.DFM}

End.

Delphi бұл жолдрды жаңа форма үшін код терезесіне авторматты түрде қояды. Код терезесі программаның жұмысы басталғаннан кейінгі жағын қарастырады. Ал форма терезесі оның сыртқы көрінісі. Екі терезе бір-бірімен тығыз байланысты, Delphi ортасы



Unit Unit1;

және


Implementation

жолдрының арасына қажетті жолдарды қояды.

Әзір бұл мәтін бөлігіне өзгеріс енгізбейміз. Кейінірек программаның мәтін терезесіне

{SR*.DFM}

Және

End.


жолдарының арасына қажетті мәтінді енгіземіз. Терезеге жаңа жол енгізу үшін қажеті орынға курсорды келтіріп, клавиатурадан мәтін енгіземіз. Программадағы кеткен қатені жөндеу BS және Delete клавиштарының көмегімен жүзеге асырылады. Егер толық жолды өшіру қажет болса, онда CTRL+Y клавиштер комбинациясы басылады. Мәтіндегі соңғы өзгерісті алып тастау үшін (отмена) CTRL+Z немесе менюден Edit/Undo командадлары пайдаланылады. Код терезесімен бірге әдетте, Code Exploler броузер терезесі де екпінді болады, ол терезеде кодтың жолдары көп болған жағдайда керекті элементті іздеуді жеңілдету үшін пайдаланылады.

Броузер терезесіндегі элементті тышқанмен екі рет белгілеу сәйкес объектіні сипаттау үшін код терезесіне курсорды орналастырады немесе оны алғашқы сақтау кезінде орындалады.

Аса күрделі емес оқу програманларын құруда броузер терезесін жауып қоюға болады. Броузер терезсін шығару үшін View Explorer терезесін таңдаймыз.

6-нұсқада код терезесінің «Code» және «Diagram» еген бетері бар. Алғашқыда бұл бет бос болады, оны толтыру үшін Инспектор терезесінен компоненттік байланыстыратын тышқанмен тасымалдап әкелу қажет. Диаграммалар өрісіне компенттрді тасымалдауда SHIFT клавишін басып ұстап тұрып, қажетті орынға қойғаннан кейін, тышқанның сол жақ клавишін басу жеткілікті. Диаграммалар бетін басып шыаруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет