196
«Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бӛлік, бӛлшек»
деген мағынаны білдіреді. Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған.
Жалпы партиялардың даму кезеңдері:
аристократиялық котерийлер (үйірмелер);
саяси клубтар;
кӛпшілік партиялар.
Саяси партиялардың түрлері ӛте кӛп. Мысалға: кадрлық, кӛпшілік,
консерваторлық,
реформаторлық, революциялық, заңды, заңсыз,
басқарушы,
оппозициялық,
оңшыл,
солшыл,
орталық,
парламенттік
және
антипарламенттік болып бӛлінеді. Бұл партиялардың идеяларында,
бағдарламаларында ерекшеліктері кӛрсетілген.
Қоғамдағы
партиялардың
санына
байланысты,
бірпартиялық,
қоспартиялық және кӛппартиялық жүйелер қалыптасады.
Партиялардың негізгі қызметтері:
жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге
кӛтеру;
басқа партиялармен бәсекелестікте болу;
белсенді мүшелерін саяси элитаға енгізу;
мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы
байланысты тұрақты ету,
дамыту;
қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару.
Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы,
олардың
басты мақсаты – мемлекеттік билікке ұмтылу, ал қоғамдық ұйымдар билікке
ұмтылмайды, тек ӛзінің алдына қойған жалғыз мәселесін шешуге тырысады.
Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар кӛп. Олардың
бағдарламалары,
алдарына
қойған
мақсаттары
анық
кӛрсетілген.
Партиялардың демократиялық қоғамды орнатуда маңызы ӛте зор.
Қазақстандық партиялар әлі қалыптасу үстінде деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: