Оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау нұсқаулығын бекiту туралы



Дата24.02.2016
өлшемі37.17 Kb.
#13191
Оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау нұсқаулығын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң м.а. 2012 жылғы 6 сәуiрдегi № 151 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2012 жылы 11 сәуiрде № 7553 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" газетi 18.04.2012 ж. № 162-163 (27237); "Казахстанская правда" от 18.04.2012 г., № 106-107 (26925-26926)

      «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi № 319 Заңының 55-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


      1. Қоса берiлiп отырған оқу жетiстiктерiн сырттай бағалауды өткiзу қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетi (С.Ә. Ырсалиев):
      1) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетiнiң төрағасы С.Ә. Ырсалиевке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы  
Бiлiм және ғылым министрiнiң
мiндетiн атқарушының   
2012 жылғы 6 сәуiрдегi 
№ 151 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында
оқу жетiстiктерiн сырттай бағалауды өткiзу жөнiндегi нұсқаулық

Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және бiлiм беру ұйымдарында оқу жетiстiктерiн сырттай бағалауды (бұдан әрi - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн анықтайды.


      2. Нұсқаулық меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асады.
      3. Бiлiм беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның мiндеттерi:
      1) бiлiм алушылардың оқу жетiстiктерiн мониторингiлеудi жүзеге асыру;
      2) оқу процесiн ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн бағалау;
      3) бiлiм беру ұйымдары көрсететiн бiлiм беру қызметiнiң сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
      4. ОЖСБ-ны өткiзу мерзiмiн бiлiм саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгiлейдi.

2. Жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткiзу

      5. Жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында ОЖСБ негiзгi орта, жалпы орта бiлiм алуды аяқтағаннан кейiн:


      негiзгi мектепте (9 (10)-сыныптан кейiн – оқытудың одан әрi траекториясын айқындау мақсатында;
      жалпы орта (бейiндiк) мектепте – оқу жетiстiктерiнiң деңгейiн бағалау мақсатында өткiзiледi.
      6. Негiзгi орта бiлiм деңгейiндегi ОЖСБ бiлiм алушылар бiлiм алып жатқан бiлiм беру ұйымдарының базасында өткiзiледi.
      7. ОЖСБ-ны өткiзу қағидаларының сақталуын бақылауды Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетiнiң Бiлiм саласындағы бақылау департаменттерi және Министрлiктен жiберiлген уәкiлеттi өкiлдер жүзеге асырады.
      8. ОЖСБ кешендi тестiлеу нысанында қағаз жеткiзгiш сияқты қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды, сондай-ақ уәкiлеттi орган бекiткен жазбаша тапсырмаларды қолдану арқылы өткiзiледi.
      9. Тапсырмалар жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының негiзiнде әзiрленедi, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберiнен шықпауы тиiс.
      10. 9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсiмдерiне мiндеттi түрде қазақ тiлi және уәкiлеттi орган жыл сайын белгiлейтiн 3 пән енгiзiледi.
      11. Әрбiр пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.
      12. Тестiлеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) берiледi.
      13. ОЖСБ-ның нәтижесi әрбiр дұрыс жауап үшiн 1 балмен бағаланады.
      14. Нәтижелерiн өңдеу ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзу пункттерiнде жүргiзiледi.
      15. ОЖСБ-ның нәтижелерi оқушылардың назарына ол аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк 3 күн iшiнде жеткiзiледi.
      16. ОЖСБ-ның нәтижелерiн рейтингтiк зерттеу жүргiзетiн ұйымдар пайдалануы мүмкiн.
      17. Тестiлеудi жүргiзуге дайындық барысында оқушылармен тестiлеу материалдарын толтыру бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi, ОЖСБ рәсiмiн өткiзу тәртiбiмен таныстырылады.
      Оқушыларға:
      1) бiр орыннан екiншi орынға ауысуға;
      2) кезекшiнiң рұқсатынсыз тестiлеу материалдарын ашуға;
      3) тестiлеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға;
      4) калькуляторды, анықтамалық әдебиеттердi (Менделеев және тұздардың ерiгiштiгi кестесiнен басқасын), электрондық жазба кiтапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға;
      5) басқа оқушылармен сөйлесуге және көшiруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды қолдануға;
      6) кезекшiнiң және Министрлiк өкiлiнiң рұқсатынсыз аудиториядан шығуға рұқсат етiлмейдi.

3. ОЖСБ-ны жоғары бiлiм беру ұйымдарында өткiзу

      18. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында ОЖСБ бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын бағалау және жоғары бiлiмнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартында (бұдан әрi - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерiнiң көлемiн бiлiм алушылардың меңгеру деңгейiн анықтау мақсатында соңғы курс студенттерi үшiн жүзеге асырылады.


      19. ОЖСБ меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарындағы барлық оқыту нысандары бойынша бiлiм алушы студенттер үшiн өткiзiледi. ОЖСБ-ның нәтижелерiн рейтингтiк зерттеу жүргiзетiн ұйымдар пайдаланатын болады.
      20. ОЖСБ жүргiзiлетiн жоғары бiлiм мамандықтарының тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
      21. ОЖСБ өткiзу үшiн МЖМБС-ның базалық және бейiндi пәндерiнiң циклдары бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады.
      22. ОЖСБ кешендi тестiлеу (бұдан әрi - тестiлеу) нысанында 4 пән бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде өткiзiледi.
      23. Әрбiр пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, ал 4 пән бойынша тест тапсырмаларын орындауға 150 минут (2,5 сағат) бөлiнедi.
      24. Тестiлеу оқыту тiлiнде, тиiсiнше қазақ немесе орыс тiлдерiнде өткiзiледi.
      25. Бiлiм беру ұйымдарында ОЖСБ өткiзу қағидаларының сақталуын бақылауды Бiлiм және ғылым саласындағы бақылау комитетiнiң аумақтық органдары және базалық жоғары оқу орындарына жiберiлген Министрлiктiң өкiлдерi жүзеге асырады.
      26. Тестiлеудiң нәтижелерi студенттердiң назарына тестiлеу аяқталғаннан кейiн 24 сағат iшiнде жеткiзiледi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет