Нұр –Сұлтан қаласы Білім басқармасы
«№85 мектеп- лицей» КММ
Бекітемін
№85 мектеп- лицей
директоры
М.Казиева
_____________
« » « » 2020 жыл
2020-2021 оқу жылына арналған № 85 мектеп- лицейі тәрбие жұмысының ЖОСПАРЫ Педагогикалық кеңесте қаралды
Хаттама №1 2020 жылғы ___ тамыз
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде
оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хатына сәйкес жасалды
ТҮСІНІК ХАТ 2020-2021 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілін енгізу тәрбие жұмысының ерекшелігі болып табылады.
Аталған жобаның мақсаты:
- білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту;
-білім алушылардың өзін-өзі тануын, өздігінен дамуын, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтенуін қалыптастыру;
- экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын тәрбиелеу.
Тәрбие жүйесін білім беру ұйымының ұжымы бірігіп жүзеге асырады. Білім алушылардың дамуы үшін жобаны жүзеге асыруға барлық қызметкерлер өз үлесін қосады. Жақсы қасиеттер «Мен айтқандай істе» тұрғысынан емес, «Мен сияқты істе» тұрғысынан берілуі тиіс. Өзінің өнегелі үлгісі негізінде баланы тәрбиелеу – мақсатқа жеткізетін бірден-бір дұрыс тәрбие көзі болып табылады.
Тақырыбы: (әр мектеп өз миссиясына сәйкес алады)
Мақсаты :
Міндеттері :
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүре алатын, отаншыл және азаматтық қасиет қалыптастыруда жәрдем беру; саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдени тұлғаны қалыптастыру; балалар мен жастардың құқықтық санасының, олардың балалар және жастар ортасындағы қатыгездік пен күш көрсетуге қарсы тұру дайындықтарын дамыту.
Қазақстан қоғамындағы өмір сүру дәстүрлері мен талаптарына сай, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның мақсаты мен моральдық қасиетін қалыптастыруға көмектесу.
Жеке тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар бағытына , ана тілге және қазақ халқының мәдениетіне құрметін, Қазақстан Республикасының ұлысына және ұлыс топтарына мүмкіндік беру.
Ата-аналарды ағарту, баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда оның психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру, бала тәрбиесіндегі оның жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік беру.
Кәсіби өзін-өзі анықтауда тұлғаның экономикалық санасын, қарым-қатынасты сезіну және еңбек дағдыларын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сонымен қатар күнделікті өмірдегі эволюция идеясын қабылдауға және оны басшылыққа алуға икемдену.
Зияткерлік мүмкіндіктерді дамытуды қамтамасыз ететін, мотивациялық кеңістікті, көшбасшы қасиетін және әрбір тұлғаның қабілетін ұйымдастыру, оның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік беру.