2022-2023 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушыларының өткен оқу жылындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының көтерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспары
Диагностикалық жұмыс: пәннің оқу бағдарламасы мазмұны бойынша диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (өткен оқу жылындағы күрделі тақырыптар, оқу мақсаттары); тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың және оқу мақсаттарының қиындық ретін анықтау.
Жоспарлау жұмысы: пәннің оқу бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу мақсаттарына жаңа оқу жылындағы сәйкесті оқу мақсаттарын анықтау; сәйкесті оқу мақсаттары анықталған сабақтардың қысқа мерзімді жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып дайындау; пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңестердің кестесін жасау.
Жүзеге асыру және талдау жұмысы: пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді жоспар негізіндегі сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарын меңгерту; меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары, пән тақырыптары бойынша білім алушылар үшін қосымша оқу материалдарын дайындау; білім алушылардың қажеттілігіне қарай және ата-аналардың келісімімен білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында, жеке консультациялар, қосымша сабақтар өткізуде пән бойынша күрделі тақырыптарды меңгерту; білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижесін талдау және әдістемелік бірлестікте талқылау ұсынылады.
Диагностикалық жұмыс (I тоқсан 1-аптасында)
Достарыңызбен бөлісу: |