Сабақтың тақырыбы: Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата01.07.2016
өлшемі54.44 Kb.
#171383
түріСабақ
Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Құттықожа ауылы

№164 орта мектеп

Информатика пәнінің мұғалімі

Әшімбекова Нұргүл Қайыпбекқызы

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру. Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету;

Дамытушылық:Оқушыларға интернетте ақпарат іздеу, электрондық байланыспен

хабарды татату және қабылдау мүмкіндіктерін түсіндіре отырып алған білімдерін толықтыру, ой - өрістерін дамыту;



Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Өткен материалды қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Компьютермен жұмыс

5.Үйге тапсырма

6.Сабақты бекіту



Өткен материалды қайталау сұрақтары

* Компьютерлік желі дегеніміз не?

* Жергілікті желінің қызметі қандай?

* Корпоративті және аймақтық желлер деген не?

* Шлюз деп нені атайды?

* Желілік құрылғыға не жатады?

* Желілік адаптердің қызметі қандай?

* Интернетке қандай анықтама беруге болады?


Жаңа сабақты түсіндіру

Ауқымды компьютерлік желі

Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіларалық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жершарын қамтуы мүмкін.

Көп жағдайда бағалы ақпараттар сақталатын мекемелердің компьютерлері ауқымды желіге қосылғанымен сыртқы тұтынушылардың өз желілеріне қосылуына рұқсат бере алмайды. Бұл жағдайда шлюздік компьютерлер қорғану қызметін атқарады. Бұндай компьютерлер брандмауэрлер деп аталады. Осы компьютер арқылы әкімшілік рұқсат еткен ақпарат ғана өтетін болдаы.

Миллиондаған компьютерлер байланысынан құралған ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Желідегі компьютерлердің Интернетке тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Серверлердің барлығы ТСР/ІР стандартты хаттамасын қолданады.

ТСР/ІР шын мәнінде бір ғана емес екі хаттама болып табылады.

ТСР – ақпаратты пакеттерге бөледі және қабылдаушыға қайтадан жинауға жауап береді.

ІР- осы ақпараттардың желі арқылы берілуі мен адресатқа жетуін басқарады.

ІР адрес келесі түрде жазылады. Мысалы, 198.137.240.100.

Компьютерді Интернетке қосу үшін оны тұрақты ІР адресі бар басқа компьютермен байланыстыру қажет. Осындай байланыстыруға мүмкіндік беретін арнайы мекемелер Интернет қызметін жеткізушілер немесе сервис – проавайдерлер деп аталады. Мысалы: Nursat, S&Communications, Parasang, Ducat, Қазақтелеком, Тарлан т.с.с. сервис – провайдерлер бар.



Интернеттің қызметтері

Интернет поштасы. Компьютерді Интернетке қосылған кез келген тұтынушыға автоматты түрде электрондық пошталық адрес тағайындалады. Интернетк қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер- компьютерде электрондық «пошталық жәшік» құрылады. Әрбір адреске келіп түскен хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылғанға дейін сақталады.

Телеконференциялар. Интернеттің бұл қызмет түрі поштаның дамуы нәтижесінде пайда болған десе болады. Телеконференцияларды жаңалықтар тобы деп те аталады.

World Wide Web (WWW) қызметі. Интернеттің ең қарапайым және өте кең тараған қызмет түрі болып табылады. Көбінесе оны тек Web деп атайды.

Электрондық пошта да, телеконференциялар жүйесі де ақпарат алмасудың кәдімгі жүйелері іспеттес. Өз пошталық жәшігіңізді ашып, біз оған келіп түскен хабарламаларды көре береміз. World Wide Web қызметі интерактивті түрде жұмыс істеуге арналған. Ол ақпараттарды жылдам іздеп табу және керектісін жинау мүмкіндігін береді. World Wide Web қызметін пайдалануда HTML «құжаттарының пішімі (мәтін пішімі)» және «гипермәтіндік сілтемелер»деген негізгі екі ұғым бар.



HTML пішініндегі мәтіндік құжаттар. Компьютерлік желіде тасымалданатын мәтіндік құжаттарды түрлендіре отырып пішімдеуге арналған арнайы тіл. Электрондық түрде тасымалданатын Web – құжаттар басуға шығаруға емес, тек экранда көруге арналған.

HTML – алдын – ала мүмкіндіктері белгісіз құрылғылар арқылы қарауға арналған экрандық құжаттарды безендіруге арналған арнайы тіл. HTML тілінде құжат құру программалауға ұқсас болып келеді. Құжаттың авторы әдеттегі мәтін қаріптеріне арнайы кодтарды енгізеді. Оларды тег деп атайд. Құжатты оқыған кезде оның мәтіні жазылған қаріп түрі мен мен оқытылатын терезенің мөлшерінен тәуелсіз түрде азатжол терезенің ортасына ығыстырылып тураланады.

Гипермәтіндік сілтемелер HTML тегтері құжат таралуға, экран фоны, яғни реңі мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік береді. Тегтердің көмегімен мәтін ішіне әртүрлі сурет енгізіп, олардың айналасына сөз жазу, сондай – ақ парақтарды безендіруге болады. Осы әрекеттерді орындай отырып, мазмұнды әрі тартымды Web – құжаты құру мүмкіндігі бар.

HTML тегтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер құруға арналған арнайы түрлері бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз мәтіннің немесе оның маңындағы суреттік бейненің басқа Web – құжаттардың желілік адресімен байланысып ерекшеленетін бөлігі. Әдетте гипермәтіндік сілтемелері бар сөз тіркестері олардың астын сызу немесе басқа түске бояу арқылы ерекшеленіп тұрады. Гиперсілтемелік мәтінге курсорды алып барса, оның түрі өзгереді. Сол мезетте гипермәтіндік сілтемені нұсқап тұрып маустың сол жақ батырмасын шертсе, басқа сервердегі немесе басқа құрлықта орналасқан компьютердегі Web – параққа жылдам ауысу жүзеге асады.

Web – парақтар адрестері. Әрбір Web – парақтың өзі жеке Web – құжат болып табылады. Бұл Web – парақтардың кәдімгі мәтіндік құжаттардан жазылу пішімі өзгешелеу болады және олардың атауы HTМ деген жалғаумен жазылады. Сондай – ақ әрбір Жер шарындағы компьютерде орналасқан файлдың адресін оны іздеу жолы немесе электрондық адресі деп атайды.

World Wide Web – дегі ақпараттарды оқу. Кез – келген компьютерде HTML пішімі түріндегі Web – құжат оқу үшін арнайы программа болуы керек. Мұндай программаларды Web – ті көру құралдары немесе броузерлер деп атайды.

Web – құжаттарды оқуға арналған, өте кең тараған программаларға NetScape Navigator және Enternet Explorer броузерлері жатады.

Интернеттен ақпарат іздеу. Гипермәтіндік сілтемелерді пайдалана отырып, Интернеттің ақпараттық кеңістігіндегі бір Web – парақтан оның келесісіне өтіп, оларды шексіз аралай беруге болады. Интернетте ақпарат іздеуге арналған арнайы іздеу серверлері бар. Жалпы іздеу серверлерінің екі түрі бар. Олар: іздеу каталогтары және іздеу индекстері.

Іздеу каталогтары ақпараттарды олардың тақырыбы бойынша іздеуге арналған.

Іздеу индекстері алфавиттік көрсеткіш арқылы жұмыс істейді. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін, яғни түйінді сөздерді енгізе отырып, сол термин кездесетін құжаттарды жылдам іздеп табуға болады.

Электрондық пошта ( Electronic mail немесе қысқартылған түрде E – mail) дұрыс көрсету керек. Пошталық адрес @ белгісімен бөлінген екі бөліктен тұрады. Адрестің сол жақбөлігі – пайдаланушының жергілікті аты, ал оң жақ бөлігі домен аты @ белгісі «ит» немесе «маймыл» деп аталады. Адрестің жазылуы: school12 gim@ mail.ru болса, онда жәшік school12_gim доменінде mail.ru деп те оқуға болады.

Әртүрлі операциялық жүйеде жұмыс істеуге арналған мүмкіндіктеріде әртүрлі пошталық программалар бар. Олар: Microsoft Exchange, Outlook Express, Microsoft Outlook, Internet Mail, Eudora, Exchange Mail т.б.



Компьютермен жұмыс

1. Желіде жұмыс істеу

2. Электрондық поштамен жұмыс

Сабақты бекіту сұрақтары
* Ауқымды желі дегеніміз не?

* Брандмауэрлер дегеніміз не?

* Интернетке қандай анықтама беруге болады.

* ТСР/ІР хаттамасы қандай қызмет атқарады.

* Провайдер дегенімз не?

* Серверлер деп қандай компьютерді айтады?

* Электрондық плшта дегеніміз не?

* Электронды поштаның кәдімгі поштадан қандай айырмашылығы бар?

* Телеконференциялар дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?

* Броузерлер дегеніміз не? Олардың атқаратын қызметі?

* E – mail адресі қандай элементтерден тұрады?

* Қандай пошталық программалар бар?



Үйге тапсырма: 8.5 – 8.6 тақырыптарды оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет