Оқу практикасы бойынша есеп (практиканың түрі) 6B01701«Екі шет тілдері мұғалімі»



Дата17.04.2024
өлшемі11.3 Kb.
#498957
түріБағдарламасы
отчет асем 3ba04ec1e1ef0e578d0b1672bede57e5 (1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИМТРЛІГІ


АБЫЛАЙХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТ:Шет тілі педагогикалық факультеті
КАФЕДРА: «Педагогика және психология»


ОҚУ ПРАКТИКАСЫ
БОЙЫНША
ЕСЕП
(практиканың түрі)

6B01701«Екі шет тілдері мұғалімі»


білім бағдарламасының 1 курс студенті
Мамбет Әсем Ермуратқызы
(студенттің аты жөні)

Практиканың өтетін орны: Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті


(мекеме атауы)


Алматы, 2024

Мен, Мамбет Әсем Ермуратқызы , Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТ Университетінің 1-ші курс студенті, 116- шы группаның мүшесі, оқу-танымдық практикадан 04.03.2024ж-29.03.2024ж. аралығында өттім.


Бізде 5 наурыз күні біздің университеттің қызыл залында практикадан қалай өтетініміз жайлы конференция өтті.Сол күні бізге әдіскерлер бекітіліп, олармен тығыз байланыста болдық. Әдіскерлер біздің жасайтын жұмысымыздың мақсаты мен идеясын нақты түсіндіріп,күнделікті жүргізіліп отырған жұмысымызды жазуға арналған күнделіктерді берді.
Әдіскердің бізге тәжірбие барысын толық түсіндіру барысымен Халықаралық туризм менеджменті колледжіне бардық,колледждегі оқу барысын ,сабақ өту әдістерін,колледж мұғалімдерімен танысып,сұхбаттасып, колледждің ерекшелігімен қатар кейбір кемшіліктерін біліп келдік. Көпжылдық тәжірибесі мол колледж мұғалімдері өздерінің ақыл-кеңестерімен бөлісіп,болашаққа бағыт-бағдар беріп ,өз пікірлерімен бөлісті.
Содан соң Самархан Аяжан Самарханқызының жол көрсетуімен тәрбие сағатын жоспарлауды, ата-аналар жиналысы мен ашық сабақтардың қалай өтіліуі керек екендігін сонымен қатар қалай уақытын белгілеуді, сценарийлар мен әдістемелік тұжырымдамаларды құрауға толығымен үйрендік.Әртүрлі тақырыпта қызықты әрі құнды ашық сабақтарды өтуді басты мақсат ете отырып, оныда жақсылап ойға түйдік.
Тәжірбие сабақтарының бірінде,яғни екінші аптасында 5-6 студенттен тұратын шағын топпен қуыршақ театрын құру жөнінде тапсырма алдық. Өз қолымызбен кейіпкерлерді, декорацияларды және театрдың өзін жасап, қуыршақ қойылымын қойдық. “The wolf and seven cubs”- атты қуыршақ қойылымын қойдық. .Кейін біз әдіскерге өз қойылымымызды таныстырып, фотосуреттер мен сценарийлермен Moodle-ға жүктедік.
Кейінгі күндері Мекебаева Айгүл Елубаевнамен тәжірбие сабақтарында 10 ән, 10 тақпақ, 10 тіл бұрмалары түрлі-түсті бояу, өнер, музыка сияқты ауқымы кең тақырыптардағы тапсырмаларды орындадық.
Осылай біз өзімізге берілген алғашқы практикамызды аяқтадық. Бұл практика мен үшін көп жаңа ақпараттарға толы, сонымен қатар әртүрлі эмоцияға толы тәжірбие болды.Болашақта мұғалімдікке деген ынта-жігерімді арттырарлықтай болған ерекше тәжірбиелерімнің бірі болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет