Оқу сауаттылығы ІІІ нұсқа Туризм: экотуризм 1-мәтін



бет6/6
Дата22.11.2023
өлшемі32.97 Kb.
#484031
1   2   3   4   5   6
sabaq-kz attachment ou-sauattylyy-test

3-мәтін. Оралмандар – бұл Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алған сәтінде азаматтық алмаған және Қазақстанға тұрақты тұруға келген қазақ ұлтты шетелдіктер немесе адамдар. «Оралман» түсінігінің өзі әлемдік тәжірибеде бұндай термин жоқтығымен бірегей, қазақ тіліндегі «оралғандар» сөзінен шыққан. Оралмандар басқа да иммигранттар сияқты уақытша немесе тұрақты тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуге міндетті. Оралмандар төменде сипатталған мемлекеттен жеңілдіктер мен квоталарға құқылы. Халықтың көші-қоны туралы заңға сәйкес оралмандарға белгілі бір жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері ұсынылады:
1) оралмандарды бейімдеу және біріктіру орталықтарындағы тегін бейімдеу және біріктіру қызметтері, олар мыналарды қамтиды:
-ақпараттық және анықтамалық қызметтерді ұсыну;
-ҚР тарихы, мәдениеті және дәстүрі бойынша, заңнама негіздеріне және шағын бизнесті ашу бойынша оқыту курстарын өткізу;
-әр түрлі мәдени іс-шараларды өткізу;
құқықтық көмек көрсету;
-аударма бойынша қызметтерді көрсету;
-жұмысқа орналастыруда, кәсіби дайындықта, қайта даярлауда және біліктілікті арттырудағы көмек;
-тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін  қамтамасыз етуге қатысу;
-мемлекеттік  мекенжайлық әлеуметтік көмекті алуға әрекеттесу;
-қазақстандық азаматтық алу және құжаттандыру мәселелеріне әрекеттесу;
2) ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмек;
3) ҚР азаматтарымен тең мектептердегі және мектепке дейінгі ұйымдардағы орындармен, жоғары оқу орындарына түсуге бөлінген квотаға сәйкес білім алу мүмкіндігі;
4) ҚР азаматтарымен қатар әлеуметтік көмек;
5) ҚР заңнамасына сәйкес жұмыспен қамту.

11. Оралмандарға не міндеттеледі


А) Халықтың көші-қоны туралы заңмен танысу
В) Анықтамалық қызметтерді ұсыну
С) Тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелу
Д) Аударма бойынша қызметтерді көрсету;
Е) Әр түрлі мәдени іс-шараларды өткізу

12. Оралман сөзінің қазақ тіліндегі атауы


А) оралып келгендер В) оралғандар С) оралмандар Д) еліне келгендер Е) қазақтар

13. Оралмандарға ұсынылатын көмек түрлері қандай Заңға сәйкес орындалады


А) ҚР Ата Заңы
В) Құқық қорғау органдары туралы Заңы
С) Балалар құқығын қорғау Конвенсиясы
Д) Халықтың көші-қоны туралы
Е) Білім туралы Заңы

14. Заңға сәйкес оралмандарға белгілі бір жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік


көмектің басқа да түрлері ұсынылады: (қанша)
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5

15. ҚР заңнамасына сәйкес жұмыспен қамту оралмандарға берілетін көмек түрлеріне кіре ме?


А) иә В) жоқ

16. Ресми ісқағаздар стилінде жазылған мәтін?


А) бірінші В) екінші және үшінші С) бірінші және екінші Д) үшінші Е) бірінші және үшінші

17. Екінші мәтінде не туралы айтылған?


А) ҚР азаматтарымен қатар әлеуметтік көмек;
В) Халықтың көші-қоны туралы Заң
С) Ақпараттық және анықтамалық қызметтерді ұсыну;
Д) Құқық қорғау органдары туралы Заңы
Е) шағын бизнесті ашу бойынша оқыту курстарын өткізу;

18. Қазақ халқының көшіп-қонуы қай кезден басталған


А) Ақтабан шұбырынды кезінде
В) Ұлы Отан соғысы кезінде
С) Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде
Д) Тәуелсіздік алған кезде
Е) Қазақ халқы көшпеген

19. Бірінші мәтінде кездесетін сөйлем


А) Оның ішінде заңсыз еңбек мигранттарының басым бөлігін құрап отырған Орта Азия өңірі елдеріне бағытталады.
В) Халықтың көші-қоны туралы заңға сәйкес оралмандарға белгілі бір жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері ұсынылады:
С) Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған.
Д) Бірінші мәтінде кездесетін сөйлем жоқ
Е) Заң еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған

20. Қазақ ұлтты шетелдіктер кімдер


А) шет елден жұмыс жасауға келгендер
В) оралмандар
С) шетелдіктер
Д) шет елге кеткен адамдар
Е) қазақтар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет