«2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»
Ә Д І С Т Е М Е Л І К Н Ұ С Қ А У Х А Т
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
2022-2023 оқу жылында информатика пәнінің
оқытылу ерекшеліктері мен өзгерістері
«Информатика» пәндерін оқыту кезінде сыныпты екі топқа бөлу сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады.
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500, соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
І. Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат;
9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат;
10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме:
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
- қоғамдық-гуманитарлық бағытта 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағат;
- жаратылыстану-математикалық бағытта 2 сағаттан, оқу жылында 72 сағат
12.1-кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»
3. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес
бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша 7, 8, 9-сыныптарда 3-тоқсанда бір ғана «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Білім алушылардың бөлім бойынша оқу мақсаттарын игеру деңгейлерін нақты анықтау үшін аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.
Аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша жиынтық бағалау саны 12.1-кестеде берілген.
Білім алушыларды робототехника, программалау, 3D-модельдеу қызықтырады. Осы қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін неғұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттіліктер қажет. Озық технологияларды меңгеру, топта жұмыс істеуді үйрену және «Информатика» пәнінен алған дағдыларын дамыту, жобалық жұмыстарды жүргізу үшін үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонент есебінен:
- 4, 5-11 - сыныптары үшін «Робототехника»;
- 8, 9 – сыныптары үшін «3D-модельдеу»;
- 6, 8-11 сыныптары үшін «Python тілінде программалау» элективті курстарын жүргізу ұсынылады.
4. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |