Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет48/78
Дата04.08.2023
өлшемі1.9 Mb.
#475959
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78
ӘНХ - 2023-2024 оқу жылы ЖОБА

Цифрлық кітапхана 
«Цифрлық кітапхана» бірлескен жобасы аясында Ы. Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясында Республикалық ғылыми педагогикалық 
кітапхананың филиалы ашылды. Жоба 2022 жылдан бастап отандық ғылыми-
зерттеу жұмыстарының қолжетімділігін арттыру және педагогтерге әдістемелік 
қолдау көрсету мақсатында іске асырылуда.
Цифрлық кітапханада барлығы 100 000-нан астам әдістемелік құралдар 
мен диссертациялар бар, ғылыми жұмыстарды ыңғайлы іздеу және ӘОЖ мен 
QR-кодты автоматты түрде беру ұсынылған. 
Бірыңғай цифрлық ресурста оқу бағдарламаларымен, әдістемелік 
ұсынымдармен, педагогикалық ғылымдар бойынша диссертациялармен, білім 


67 
беру стандарттарымен және басқа да әдістемелік материалдармен танысуға 
мүмкіндік берілген. 
Цифрлық кітапхананың әдістемелік құралдар мен диссертациялар базасы 
Алтынсарин Академиясының сайтымен біріктірілген 
www.uba.edu.kz
(бөлім – 
Кітапхана). 
2.5 ОҚУЛЫҚТАРДАҒЫ ЕСКЕРТУЛЕР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК 
ҰСЫНЫСТАР 
Оқулық - оқу пәнінің мазмұнын дәйекті және жүйелі түрде баяндайтын 
оқыту құралы. Оқулықпен жұмыс істеу оқу материалын игеруге ықпал етеді 
және білім алушылардың өзіндік жұмыс дағдыларын дамытады.
Сабақтарды дайындау кезінде мұғалімдер оқулық материалының 
мазмұнын мұқият тексеріп, оны талдап, сабақ жоспарына параграфтардың 
мазмұнындағы қателіктерге қатысты ескертпені енгізуі керек. Оқулықта 
берілген жауаптардың дұрыстығын тексеру үшін тапсырмаларды алдын-ала 
шешу керек.
Оқулықтағы тапсырманың оқу мақсаттарына сәйкестігіне ерекше назар 
аударыңыз. Егер педагог сабақта осы мәселеге тиісті назар аудармаса, білім 
алушы оқулықпен өз бетінше жұмыс жасағанда дұрыс емес білімді игереді, оны 
уақытында бақылау және түзету қиын. 
Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі бойынша оқулықтардың 
мазмұнындағы ескертулер бойынша жұмыс істеу бойынша ұсыныстар. 
Қазіргі орыс тілі мен әдебиеті сабағы коммуникативті тәсіл негізінде 
құрылуы керек, яғни, сабақта оқушылар бір уақытта сөйлеу әрекетінің төрт 
дағдысын игеруі керек: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу.
Тыңдау сабақтары үшін аудио мәтіндер, бейнелер қажет. Барлық 
тапсырмалар аудио мәтіндер негізінде құрылуы керек. 
Оқу сабақтарында білім алушылар жазбаша, электрондық мәтіндерді 
талдауы тиіс.
Білім алушыларды тек оқулық мәтіндерімен шектеуге болмайды; білім 
алушылар күн сайын кездесетін нақты өмірден алынған мәтіндерді талдауы 
керек. Осылайша сіз білім алушылардың мотивациясының өсуіне қол жеткізесіз. 
Оқылған, тыңдалған мәтіндерге сүйене отырып, бөлімнің соңына қарай 
білім алушыларды ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жазбаша жұмыс жазуға 
шақырыңыз. Бұл эссе, шығармашылық жұмыс және т.б. болуы мүмкін. бұл 
жазбаша жұмыста білім алушы оқылған және тыңдалған мәтіндердің идеяларын 
ұсынуы керек. 
Жазу тапсырмалары жаттығуларды қайта жазумен және тыныс белгілерін 
қоюмен шектелмейді. 
Өнімді дағдылардың (сөйлеу, жазу) негізгі мақсаты – бірегей жазбаша 
өнімдерді жасау. 


68 
Ағылшын тіліндегі оқулықтардың сөздіктерінде сөздердің дұрыс 
аударылмауы кездеседі.
Педагог білім алушыға сөздердің мағынасын және тұрақты тіркестерді 
тексеру үшін әртүрлі электрондық және қағаз ресурстарын пайдалануды үйретуі 
керек. Үлгілік оқу бағдарламасында 9.4.8.1 мақсаты осы дағдыны дамытады:
9.4.8.1 use a range of familiar and unfamiliar paper and digital reference 
resources to check meaning and extend understanding
Педагогке ана тіліне аударманы қолдануға жүгінбеуге ұсынылады, бірақ 
мақсатты тілдің анықтамаларымен жұмыс істеуге ынталандырылады, өйткені бір 
сөз контекстке байланысты әр түрлі мағынаға ие болуы мүмкін.
Сөздерді және тұрақты өрнектерді тексеруге арналған сенімді 
дереккөздердің мысалдары: 
https://dictionary.cambridge.org/
;  
https://www.oxfordlearnersdictionaries.com/
  
https://www.merriam-webster.com/
  
Тарих оқулықтарының мазмұнындағы қателіктермен жұмыс істеу 
бойынша ұсыныстар: 
− оқулықтағы тарихи даталардың сәйкес келмеуіндегі олқылықтар орын 
алғанда мұғалім дұрыс ақпарат берілген дереккөздерді талдау арқылы түсіндіру 
ұсынылады; 
− оқулық мәтінінде мемлекеттер мен империялардың аумағымен 
байланысты олқылықтар туындаған кезде тарихи картамен жұмыс жасай 
отырып, дұрыс ақпарат беру ұсынылады; 
− оқулықта тарихи терминдердің анықтамасы берілмесе, педагогке сабақ 
барысында терминдермен жұмыс жүргізу ұсынылады;
− оқулықтағы тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келмеген кезде 
педагогке оқу мақсатына жетуді тексеруге арналған тапсырмаларды 
тұжырымдау ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет