74
қалай ұстауы керек, нені істеуге болады және нені болмайды дегендер-
ге алғашқы тұрақты сенімдері қалыптасады. Бұл дәрежеде жыныстық
тәртіп негіздері қаланады, белгілі бір
жыныспен салыстыру жағдайы
болады.
Білім беру мазмұнының бұл элементі ерекше. Оның мазмұны –
білім мен білік емес, айналасындағылардың барлығына және өзіне-
өзінің қарым-қатынасы.
Білім мен қарым-қатынас арасында үш түрлі өзара байланыс бар:
толық үйлесім (тұлғаның
нормативті білімі мен қарым-
қатынасының үйлесуінің тамаша нұсқасы);
толық үйлеспеушілік (әлеуметтік нормалар мен тұлғаның
қарым-қатынасының үйлеспеуі – әлеуметтік келіспеушілік);
ішінара үйлеспеушілік – тұлғаның білімі мен қарым-қатынасы
кейбір жағдайларда қайшылыққа келіп қалады.
Баланың білімі мен өзара ықпалдастық қарым-қатынастары бала
үшін оның айналасындағылар мен өзіне қарым-қатынас жүйесін
жүргізгендігінен байқалады, ол ең алдымен ата-аналар, педагогтар және
басқа үлкен адамдар. Орта және ересек мектеп жасында құрбылары ба-
сым рөл атқарады. Үлкен адам бала үшін тәртіп
және қарым-қатынас
үлгісі болып табылады, бағалау әркетіне үйретеді, адамгершілік нор-
малары
туралы ұғым береді, бала тұлғасының адамгершілік сапасын
тәрбиелейді. Тәртіптің көп бағыттарын қалыптастыру үлкендерге
еліктеу негізінде жүреді, ал оны мақұл көру мектеп жасына дейінгі
бала тәртібін жөнге салатын күшті фактор болып табылады. Мектеп
жасына дейін қалыптасқан қарым-қатынас
негізінде тұрақты на-
ным, құндылықтар жүйесі, істері мен қылықтарының жағымды және
жағымсыз жақтарын айыра білу қасиеттері дамиды. Баланың болашағы
көбінесе бұл компоненттің дамығандығына
және оның әлеуметтік
нормаларға сәйкес болуына байланысты.
Сонымен, біз білім беру мазмұнының элементтерін және оның
ерекшеліктерін қарастырдық. Қорытынды жасасақ,
мектепке дейін
білім беру мазмұны өзара байланысты төрт элементтен тұрады. Бұл
элементтер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде сабақта
және уақытпен шектелмеген іс-әрекет үстінде көрінеді. Білім беру
мазмұнының элементтері барлық әдістемелік сабақтар арқылы олардың
нақтылы мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Олар балалармен кез келген тақырыпты оқу аясында оқытудың, ба-
лаларды тәрбиелеу мен дамытудың мақсаттарында (дидактикалық,
тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары) көрініс табулары тиіс. Мектепке
75
дейін білім беру мазмұнының басты қозғаушысы үлкен адамдар, ал
оның қайнар көзі – әлеуметтік тәжірибе.
Достарыңызбен бөлісу: