111
1. Теллурий көмегімен Жер шарында күн мен түннің
алмасуы
қалай жүзеге асатынын көрсетіңдер. Жердегі тіршілік үшін осы
құбылыстың қандай маңызы бар екенін түсіндіріңдер.
2. Теллурий көмегімен Жер шарында
жыл мезгілдерінің ауысу
заңдылығын түсіндіріңдер. Жердегі тіршілік үшін осы құбылыстың
қандай маңызы бар екенін түсіндіріңдер.
3. Теллурий көмегімен Ай фазаларының түрлерін көрсетіңдер.
Айдың көрінетін жəне көрінбейтін
бөлігі арасындағы шекараны
анықтаңдар.
4. Теллурий көмегімен Күн, Жер жəне Айды бір сызықтың бо-
йына
келтіріп, Күн жəне Ай тұтылу құбылыстарын көрсетіңдер.
Олардың жердегі тіршілікке қандай əсері болуы мүмкін
екендігін
түсіндіріңдер.
5. Жер бетінде толысу жəне қайту құбылысы қалай жүзеге аса-
ды, оның қандай түрлері бар? Оларға нақты мысалдар келтіріңдер.
6. Айдың тарту күшінің ықпалы
оның қандай фазасы кезінде
ерекше қарқын алады, оның себебі неде деп ойлайсыңдар?
Тарау бойынша қайталау сұрақтары:
1. Жердің Күн жүйесіндегі орнының қандай басты ерекшеліктері
бар?
2. Жердін пішіні мен негізгі параметрлері туралы не білеміз?
3. Жердің шар тəрізді екенін алғаш кім анықтады?
4. Жердің шар тəрізді екендігінің қандай дəлелдері бар?
5. Жердің алғашқы фотосуреті қашан түсірілді?
6. Ең алғашқы Жер серігі қашан ұшырылды?
7. Қазақстандық Жер серіктері қалай аталады?
8. Жердің нақты пішіні қалай аталады?
9. «Шар», «элипсоид», «геоид» ұғымдарының қандай айырмасы
бар?
10. Красовский элипсоидының параметрлері қандай?
11. Жердің өз білігінен айналуын ғылыми түрде кім дəлелдеді?
12. Жер қозғалыстарының қандай түрлерін білесіңдер?
13. Ол қозғалыстардың ғаламшар табиғатына қандай əсері бар?
14. Тəулік дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
15. Жердің тəуліктік қозғалысы мен сағаттық белдеулер арасын-
да қандай байланыс бар?
16. Жергілікті уақыт пен белдеулік уақыт арасында қандай ай-
ырма бар?