Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет154/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

тропиктік континеттік шөл деп аталады. Кейде мұндай құрғақ 


216
климаттық жағдай тəн аймақтар аридтік климат деп те аталады. 
Ондағы орташа айлық температуралық амплитуда 20
0
С шамасында, 
ал тəуліктік ауытқу 40
0
С-ге дейін жетеді (114-сурет). 
114-сурет. Жер шарындағы аридтік климат таралған аудандар
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жаз кезінде 30%-дан арт-
пайды. Себебі тропиктік ауа массалары əдетте өте құрғақ болып 
келеді. Өйткені 10-12 км биіктіктің өзінде экватор аймағынан тро-
пиктерге бағытталған ауа ылғалы едəуір азайған күйде келеді. Ауа 
төмендеген сайын қызып, бұрынғысынан да құрғақ бола түседі. 
Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғары қысым, төмендеген ауа 
қозғалысы басым келеді, жаңбыр құрлықтың жазық бөліктерінде 
ғана емес, ашық мұхит үстінде де өте сирек жауады. Сол себепті 
тропиктік белдеулерде Жер шарындағы аса ірі континенттік шөлдер: 
СахараАрабияКалахариВиктория орналасқан. 
Белдеудің батыс жағалық бөліктерінде климаттық жағдай мүлде 
өзгеше, ауа температурасы төмен (18-20
0
С), жылдық жауын-шашын 
мөлшері (100 мм-ден аз) салыстырмалы ылғалдылық көрсеткіші аса 
жоғары (80-90%) болғанына қарамастан өте төмен болып келеді. 
Оған мұхиттар үстіндегі субтропиктік жоғары қысым 
орталықтарынан соғатын желдер мен суық ағыстардың үстінен 
келетін салқын əрі ылғалды ауа массалары əсер етеді. Тұманды 
ауа райы өте жиі, бриз желдері тұрақты соғады. Мұндай климат 
тропиктік жағалық шөл климаты деп аталады.
Тропиктік белдеудің шығыс жағалауы климаттық жағдайдың 
біршама қолайлылығымен ерекшеленеді. Жағалау бойымен жылы 


217
ағыстардың өтуіне байланысты батыспен салыстырғанда температу-
ра біршама жоғары, жауын-шашын мол. Тау беткейлерінде жылына 
1500-2000 мм жауын-шашын түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет