23
И. В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен
геологиясына арналған «Түркістан» (1886-1906) атты еңбегін жаз-
ды. Онда Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұздықтарын, тау
етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстар-
да сары (лесс) топырақты жəне саздақ балшықты жерлердің пайда
болуының метеорологиялық жағдайын зерттейді.
Сонымен
бірге шекараларын анықтап, алғашқы геологиялық
қартасын (1881) жасады. Ғалым А. Гумбольдтың Тянь-Шаньда
вулкандық құбылыс бар деген
көзқарасын теріске шығарып, өз
деректерін келтіреді. Сонымен бірге 1887 жылы Верныйда (Алматы)
болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел əрекеті
туралы құнды деректер жинақтады.
Достарыңызбен бөлісу: