Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет30/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

6. Сызықтық белгілер əдісі – түрлі ендіктер мен елдерді, басқа 
да географиялық объектілерді түрлі-түсті сызықтар арқылы бей-
нелеу: саяси-əкімшілік шекара, жолдар, тектоникалық жарықтар, 
жағалық сызықтар жəне т.б. географиялық объектілердің сапалық 
жəне сандық көрсеткіштері суретті бейненің аумағына, сызықтардың 
жалпақ немесе жіңішке берілуіне қарай анықталады. Сызықтық 
белгілермен объектілердің динамикасын да беруге болады, мыса-
лы, тарихи карталарда түрлі кезеңдегі майдан жағдайын бейнелеп 
отырған.
7. Нүктелік бейнелеу əдісі – кейбір құбылыстар мен георафиялық 
объектілердің жаппай таралу аудандарын нүктемен белгілеу. Əрбір 
картаның өз өлшемі болады. Ауыл шаруашылығы картасында бір 
нүкте 1000 мал басын немесе 200 гектар ауыл шаруашылығына 
жарамды жерді көрсетуі мүмкін, ал халықтың тығыздығы карта-
сында нүктелердің диаметрі қала халқының санына сəйкес артып 


38
отыруы мүмкін. Нүктелерді картада белгілеуде статистикалық 
жəне географиялық бағыт басшылыққа алынады. Мысалы, егіс 
алқаптарындағы түрлі дақылдардың үлесі мен таралу аймақтарын 
бағыттар көмегімен айқындауға болады. 
8. Тұйықталған диаграммалар əдісікартадағы құбылыстар 
мен географиялық объектілердің тұтастай немесе алап түрінде 
таралған аудандарын график немесе диаграмма көмегімен көрсету. 
Мысалы, тіркелген метеостанциядағы ауа температурасының 
өзгерісі, жауын-шашынның əр айдағы түсу мөлшерін көрсететін 
график немесе өзеннің жылдық ағынының маусым жəне ай бойын-
ша өзгеруін көрсететін бағаналы диаграмма, желдер розасы жəне т.б 
көрсеткіштер беріледі.
9. Картограмма əдісі – салыстырмалы статистикалық 
көрсеткіштерді əкімшілік бөліну бірліктері бойынша көрсету
мысалы, облыс бойынша халықтың тығыздығы, елдердегі бидай 
егістігінің үлесі, жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы 
үлесі жəне т.б. Картограммалар статистикалық көрсеткіштері түрлі 
аудандарды белгілеуде бояу немесе штрих түрінде қолданылуы, ал 
локальды диаграммалар əрбір пункттегі жеке мəліметтерді көрсетуі 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет