Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет81/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

С. В. Калесниктің пікірінше, Жердің геомагниттік өрісі атмосфе-
рамен бірге қорғаныш қабатын түзіп, ғарыш əлемінен келетін түрлі 
аспан денелері бөлшектерін ұстап қалады. Тек магниттік полюстер 
маңында бұл заттардың емін-еркін өтуіне толық мүмкіндік бар. 
Сонымен қатар магнитосфера Жер бетіне түрлі электрлі-
магниттік сəулелерді еркін өткізеді. Ол сəулелер өз тарапынан 
географиялық қабықтағы жылу мен энергетикалық қуаттың 
жинақталып, ондағы түрлі зат жəне энергия алмасуының тұрақты 
жүзеге асуына негіз болады.
Магниттік өрістер жердегі тіршілік иелеріне де өзіндік əсерін 
тигізеді. Кейбір өсімдіктер мен жануарлардың магниттік өріске бай-
ланысты қозғалысын – магнитотропизм деп атайды.
Жердің магнит өрісі өте ертеде жүрген процестер мен құбылыстар 
нəтижесінен, əсіресе, магниттік қасиеттерін бойында сақтауға икемі 


106
бар тау жыныстарының жинақталуынан түзіледі. Магнетит, гематит 
жəне құрамында басқа темір тотықтары бар тау жыныстарын зерт-
теу барысында, əрбір дəуірге сəйкес қалдық магниттіліктің бар екені 
анықталған. 
Жердің магниттік өрісі Жер ғаламшарының қалыптасуы 
кезінде біртіндеп жинақталғаны жəне бірнеше рет орнын ауысты-
рып, инверсияға ұшырағаны белгілі. Зерттеу мəліметтеріне сəйкес 
Солтүстік жəне Оңтүстік магнит өрістерінің əрбір орын ауыстыруы-
на кеткен уақыт 500 мың жыл шамасында деп есептеледі. 
3.3. Жер – Ай жүйесі арасындағы байланыстар
Жердің бір ғана табиғи серігі – Ай, ол 384 000 км қашықтықта, 
Жерге ең жақын орналасқан, өзінен жарық шығармайтын 
аспан денесі. Ол Жерді эллиппстік орбита бойымен 1,02 км/с 
жылдамдықпен айналады. 
Ай орбитасының жазықтығы Жер орбитасы жазықтығына 5
о
9’ 
бұрышпен еңкіш орналасқан. Ай мен Жердің орбиталарының түйісу 
нүктесі – Ай орбитасының түйіні деп аталады. 
Ай – Жер табиғаты мен тіршілік дүниесіне елеулі түрде ықпал 
етеді. Өйткені Айдың параметрлері мен құрылымы ғаламшар 
өлшемдеріне жақын болып келеді. Айдың өз білігінен де, Жерді ай-
нала қозғалу уақыты да қатар болғандықтан Айдың Жерден тек бір 
жағы ғана (59%-ға жуығы) көрінеді. 
Айдың бізге көрінбейтін қалған бөлігі (41%-ы) ғарыш аппарат-
тары көмегімен фотосуретке түсіріліп, Айдың екі бетінің де картасы 
жасалынды. 
Айдың көрінетін жəне көрінбейтін бөлігі арасындағы шекараны 
– терминатор деп атайды. 
Жерден қараған адамға Айдың пішіні фаза бойынша өзгеріп 
отырады. Ол фазалардың өзгеруі Айдың эллипстік орбита бойымен 
шығысқа қарай 13
о
-тай жылжуына байланысты: Жаңа Ай, Алғашқы 
Жарты Ай, Толық Ай, Кейінгі Жарты Ай деп аталады, фазалардың 
толық ауысуы немесе бірдей екі фазалардың арасындағы уақыт – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет