10
құрылымының ортақтығын енгізе отырып, əлемнiң
бірлігі туралы
түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Оқу пəндері, оның
ішінде, кибернетика арқылы да əр тұрғыдан оқылып, зерттелетін
құбылыстар мен үдерістер түсіндірмесі оқушылардың əлем туралы
терең, жан-жақты, шынайы ғылыми түсініктердi қабылдауына əкеп
тірейді».
Кибернетиканы оқып үйрену негізгі дүниетанымдық идея-
ларды барынша жүйелі түрде баяндауға мүмкіндіктер жасап, орта
мектептегi оқуды қоршаған ортаны диалектикалық-материалистік
тұрғыдан түсінуге əсер ететiн
маңызды тұжырымдар мен жал-
пылаулармен аяқтауға мүмкiндiк туғызады. Кибернетика адамзат
танымының ауқымын кеңейтіп, бұрын ғылым мүлде ене алмаған
салаларға енеді, ал бұл,
сонымен бірге, адамзат танымы шектеулi
деген алуан түрлі көзқарастарды жоққа шығаратындықтан, үлкен
дүниетанымдық мағынаға ие болады.
«Оқушыларды кəсіби білім алуға дайындауда кибернетиканың
орны,
ең алдымен, кəсіби мектепте жүзеге асырылатын бiрқатар
практикалық ғылымдарды оқыту кибернетиканың негіздерiн оқып
үйренуге тура не жанама түрде негізделгендігімен анықталады.
Жалпы орта білім кез келген бағыттағы кəсіби білім алудың негізі
болатындықтан, кибернетиканы оқып үйрену қазіргі уақытта орта
мектеп оқушыларын кəсіби білім алуға дайындауға жəне
оларда
жалпы еңбектегі біліктілік пен дағдылардың қалыптасуына қажет
болып табылады» [23].
Ұзақ мерзiмде жүргiзiлген теориялық – тəжiрибелiк жұмыстар-
дың негізінде бір мəндi қорытынды жасалды: «… кибернетиканы
оқып үйрену жалпы орта білім берудің мазмұнына жеке пəн ретінде
енуі керек» [23]. Бірақ зерттеушілердің сол кездегi барынша қол
жеткізгені – бұл 1970 жылдардың ортасында жалпы көлемі 140 сағат
болатын «Кибернетика негіздері» курсын жалпы білім беретін орта
мектептің факультативтік курстарының қатарына енуі (9-10 сынып-
тарда 70 сағаттан) [22]. Ұсынылған оқу материалының мазмұны
туралы түсінік алу үшін төменде факультативтің
негізгі бөлімдері
келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: