Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж


Клирингтік (есеп айырысу) палатасы (clearinghouse) –



бет31/37
Дата19.11.2022
өлшемі150.33 Kb.
#465229
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Инвестиция негіздері оқу құралы

Клирингтік (есеп айырысу) палатасы (clearinghouse) – сауда операцияларында көмек көрсету үшін биржалармен құрылған клирингтік палата екі трейдор арасында делдал ретінде сауда үрдісіне қатыса алады
Коммерциялық вексель (Commercial Paper CP) ірі корпорациялармен шығарылатын қысқа мерзімді, қам- тамасыз етілмеген қарыздық міндеттеме
Коммерциялық тиімділік (немесе қаржылық негіздеме) – бұл талап етілген табыстылық нормасын қамтамасыз ететін қаржылық шығындар мен нәтижелердің қатынасымен анықталатын тиімділік. Ол жалпы жоба және әрбір қатысушы (оның салымын есепке алғанда) үшін есеп- теледі. Әрбір нақты кезеңде тиімділік ретінде нақты ақшалардың ағымы (түсімдер мен жылыстаулардың сальдосы немесе келтірілген шығындар мен түсімдердің сальдосы) болады
Корпоративті облигациялар (corporate bonds) – жеке корпо- рациялармен шығарылатын ұзақ мерзімді қарыздық міндеттемелер; бұл қарыздық міндеттемелер бойынша жарты жылдық купондар төленеді, ал өтеу кезінде облигацияның номиналдық құны қайтарылады
Купондық мөлшерлеме (coupon rate) – номиналдық құнын- дағы әрбір долларға облигациялар бойынша проценттік төлемдердің көлемі
Күтілетін табыстылық (expected return) инвестициядан түсетін сыйақы
Қазынашылық вексельдер (Treasury bills) өзіндік құны төмен шегеріммен шығарылатын, қысқа мерзімді мем- лекеттік бағалы қағаздар; қазынашылық вексельдерді өтеу мерзімі келгенде олардың толық өзіндік құны төленеді
Қазынашылық ноталар мен облигациялар (Treasury notes or bonds) олар бойынша төлемдер әрбір жарты жыл- дықта жүргізілетін, номиналы мың доллар және одан жоғары болып келетін федералды үкіметтің қарыздық міндеттемесі; номиналды құнымен (немесе номинал- дық құнына жақын) сатылады
Қалпына келтіру құны (replacement cost) кәсіпорынның активтерін сатып алу үшін қазіргі кезеңдегі жұмсауы қажет шығындар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет