Оқулық Астана-2017 Әож кбж қ Баспаға Е. А. Бөкетов



бет37/44
Дата12.03.2024
өлшемі1.3 Mb.
#495053
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Okulik XX kazak adebiet

Филологиялық мектеп әдебиет- тану ғылымының қалыптасу тари- хында ХІХ ғасырдың басында пай- да болды. Филологиялық мектепті негізгі тіпті бір ғана ғылыми әдіс деп қабылдаған әдебиетшілер «әдебиет тарихы ескерткіштердің формальды жағын, оның эволюциясын мәдениет тарихының мазмұнының зерттелуін қалдыра отырып қарастыруы керек» деп ойлаған. Әдебиет ғылымының міндетін осылай түсінулеріне орай, филологиялық мектептің өкілдері өздерінің бар ынтасын мәтіндерді зерттеп, талдау тәсілдеріне аударды. Текстологиялық зерттеу толық түрде әлеуметтік анализ тәсілдерін ығыс- тырды. Кеңес өкіметі кезеңіндегі басты орында болған маркстік әдеби ғылымда филологиялық әдіс оның
тек қана жеке әдістерінің бірі болып табылады. Алайда көптеген бұрын- ғы филологиялық анализ тәсілдері оның практикалық қолданылу аясын- да өзінің мәнін сол кездің өзінде-ақ сақтады.
Қазақ әдебиеттану ғылымының жеке ғылым саласы болып алғаш танылып, туу кезеңін бастағанға де- йінгі сонау ертедегі түркі заманы- нан басталған тарихи алғы шарттар кезеңінде ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасыр ерекше орын алады. ХVІІІ ғасырдың ІІ жар- тысында қазақтың әдеби мұрасы ту- ралы орыс саяхатшыларының қол- жазбалары мен сипаттамалары бол- маса мардымды жүргізілген жоқ, олардaғы пікірлер таныстырмалық, түсіндірмелік мәнде болды. Алай- да ХІХ ғасыр басынан қазақ жерін түгелдей жаулап алуды мақсат тұт- қан отаршылдық саясат күшпен жүр- гізіле бастады да, қазақ елін зертте- уге мол мүмкіншілік ашылды. Осы отаршылдық саясат әкелген елеулі жаңалықтардың әсерінен қазақ хал- қының қоғамдық-әлеуметтік ой-са- насының өсуі, орыс ғалымдарының зерттеу саласындағы ыждағатты ең- бегі оқу-білімге, мәдениет пен ғы- лымға деген ұмтылыс ұлттық ин- теллигенцияның алғашқы өкілдерін қалыптастырды. Олар орыс ғалым- дарының жетекшілік бағыт-бағдары көмегімен әдеби мұраны игеру проблемасына араласа бастады.




Бірақ бұл кезеңде Ресейдегі әде- биеттану ғылымының алға озып кете қойғаны шамалы еді. Әдеби- теориялық ой-пікір поэзия сала- сында біршама өркендегенімен, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде фи- лологиялық мектеп пен тарихи-мә- дени мектеп енді ғана аяғынан қаз тұра бастаған болатын. Оның өкілдері орыс әдебиеті тарихын зерттеу мәсе- лесін көтеріп, әдеби мұраны игеру мәселелерін енді қолға ала бастаған еді.
Біздің ойымызша, қазақ фолькло- рын зерттеген орыс фольклористері осы мектептің әдеби мұраны жи- нау, жариялау, кітап етіп бастырып шығару, жазып алған нұсқаның ва- рианттарын салыстыру және өңдеу, басқа тілге аудару, түсініктеме жазу секілді әдістерінің шеңберінде ғана жұмыс жасады. Олардың ықпалы әдеби мұраны игеру саласында жұ- мыс жүргізген қазақ зиялыларына тиіп, филологиялық мектептің ұлт- тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір- де көрініс табуына себеп болды. Әлемдік әдебиеттану ғылымындағы филологиялық мектептің өкілдері секілді қазақтың алғашқы фолькло- ристері де әдебиеттің қоғамдық құ- былыс ретінде даму заңдылығы мәселесін назардан тыс қалдырды. Бұлар нақты көрініс табуға ұм- тылған ұлттық әдеби-теориялық, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге зерттеу жұмысын жүргізуге өте мол
материал дайындап берді. Фило- логиялық мектептің қазақ топыра- ғынан шыққан өкілдерінің ұлттық әдебиеттану ғылымының туу, қа- лыптасу жолындағы сіңірген ең- бегінің маңыздылығы да осында. Филологиялық мектептің өкілдері өздерінің бар ынтасын мәтіндерді зерттеп, талдау тәсілдеріне аударды. Текстологиялық зерттеу толығымен әлеуметтік анализ тәсілдерін ығыс- тырды.
Әдеби мұраны жинап-жариялау- дағы алғашқы ізденістер мен табыс- тар қазақ зиялыларының әуелі тү- сіндірмелік-таныстырмалық сипатта пікір айтуын туғызды да, кейін ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірге ұласты. Сондықтан ХІХ ғасыр соңына қарай көрінген қазақ фольклористерінің халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жи- нап-жариялаумен шұғылдануымен қа- тар, оны ғылыми тұрғыда зерттеу жолында еңбек еткен зерттеушілерді жатқызамыз. Бұлар филологиялық мектептің зерттеу әдіс-тәсілдерінен қарағанда тарихи-мәдени мектепке тән бағыттағы зерттеу талабына сай еңбек етті. Батыста француз ғалымы И. Тэн (1828-1893) негізін салған бұл мектептің зерттеу әдісі Ресейде ака- демик А. Н. Пыпин (1833-1904) та- рапынан қолдау тауып, әдеби мұраны зерттеуде тарихилық принципін бас- ты негізге алған болатын.
Осы әдеби мұраның тарихилығы принципі Мұхамедсалық Бабажанов,




Б. Дауылбаев, Т. Сейдалин, С. Жан- төрин, О. Әлжанов, Р. Дүйсенбаев, А. Құрманбаев, Д. Сұлтанғазин, Ы. Ал- тынсарин, А. Құнанбаев, Ә. Бөкей- ханов, Ш. Құдайбердиев және тағы басқалардың фольклортану сала- сындағы тарихи-этнографиялық ма- қалалары мен еңбектерінде көрініс тапты.
«В истории культурно-историче- ской школы был период неосознан- ных, стихийных тенденций, когда преобладала литературоведческая практика. Эта практика наметилась еще в трудах писателей и ученых ХVІІІ века и характеризовалась дву- мя моменталие. Прежде всего – это был интерес к древнему периоду оте- чественной поэзии. Второй момент – интерес к народному творчеству. Это был период собирания и издания ма- териалов народного творчества: пе- сен, былин, пословиц, поговорок», – деп жаза келе ғалым Л. М. Крупча- нов бұл кездегі фольклорлық мұраны игеру белгілі бір ғылыми жүйедегі зерттеу әдісі бойынша емес, оның тәрбиелік және әдеби мәнін танытуға ұмтылатын жалпыламалық сипатта болатынын ашып көрсетеді [9]. Қазақ фольклористерінің алғашқы еңбек- терінде фольклортану тура осындай дәрежеде көрініс тапты.
Жалпы әлемдік әдебиеттанудағы тарихи-мәдени мектеп те басқалары секілді өзіндік сипатпен пайда бол- ды. Мәдени-тарихи мектеп әде-
биеттануда тарихтың әр түрлі аумақтарындағы эмпирикалық ма- териалдың өзіне тартар байлығы- мен ерекшеленеді. Бұл мектеп мә- дениеттің жалпы тарихын құруды өз алдына мақсат етіп қойды және фактілі куәландырудың құқығы- на байланысты осы мақсатқа әдеби құбылыстарды сипаттауды бағын- дырды. Зерттеушілердің мұндай ба- ғыты қоғамдық, тарихи қозғалыс- тың басқа жақтарынан тарихи-әдеби процестің үлкен немесе кіші шек- телуіне қатысты филологиялық, та- рихи-салыстырмалы немесе пси- хологиялық мектептерге қарсы өзінің оң бағыттағы ролін көр- сетті. Бірақ көркем әдебиетті зерт- теу – оның ерекшелігіне және оған тән маңызды қоғамдық рольге бай- ланысты мәдени-тарихи мектептің өкілдерінің еңбектерінде өзінің же- ке, өзіндік мәнін жоғалтып, жал- пы тарихта жойылып кетті. Басқа жағынан алғанда, жалпы тарихи дамудың объективтік заңдылығы жөнінде және жеке түрдегі көркем әдебиеттің дамуы туралы ғылыми көріністердің болмауы мәдени-та- рихи мектеп жақтаушыларын тари- хи материалдардың эклектикалық жиналуына алып келді. Бұл – тари- хилықсыз әдебиет тарихы.
«Францияда Ж. Ж. Руссо жә- не Германияда Г. Гердер, Ресейде А. Н. Пыпин және тағы да басқалары әдебиет туралы ғылымның туу дәуі-




ріндегі ғұмырнамалық зерттеулер- дің, яғни биографизмнің, әдебиет тарихын ғылыми тексеруге апа- ратын жетекшілік ролін айрықша атайды. Биографизм негізінен аса дарынды тұлғалар туралы болады да, әдебиет тарихының кезеңдерін айқындайды» [91, 229]. Классикалық мұраны игерудегі ендігі бір қадам ақын-жазушылардың өмір жолын жазу арқылы шығармашылық мұра- сына бару болды. Демек, біраз сөз ұлттық әдебиеттанудағы биогра- физм мектебі жайында қозғалады. Ұлт әдебиетінің тарихи даму жо- лына көз сала бастаған алғашқы қа- дамдарда ғұмырнамалардың, яғни биографизмнің танымдық сипаты – белгілі бір ақын-жазушы шығар- машылығын, тарихи тұрғыда зерт- теудегі жолашар боларлық маңы- зымен құнды. Орыс әдебиеттану ғылымында да әдебиет тарихына барар жолды Державин, Фонвизин, Пушкин туралы биографиялық очер- ктерден басталады деп санайтыны да сондықтан. Егер ғұмырнамалық сипаттағы мақалаларды әдебиетта- ну ғылымының туу дәуіріне әкелер жолдағы бір саты десек, ол ХХ ғасыр басында Абай ғұмырнамасын жазу- дан басталған үлкен жолға жалғасқан ізденістердің алғашқы соқпағы еді. Әрине, оларда сол кездегі ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің дәрежесіне сай таныстырмалық, халық мәдениеті мен әдебиетіндегі орнына қарай
бағалаушылық көзқарас басым жат- ты. Бірақ мәселе – олардың ғылыми сапасында емес, ұлт әдебиетінің өкілі туралы тарихи танымдық бағыттың басталуын дәлелдеуінде.
ХХ ғасыр басында К. Ысқақов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтардың қазақ әдебиетінің көрнекті дарындары туралы мақа- лаларында олардың өмірі мен шы- ғармашылығын танытуға деген талап- тілек те анық көрінді. Сол кезеңдегі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді кө- терген және сыни мақаламен салыс- тыра қарағанда, бұла ғұмырнамалық негіздегі ғылыми-зерттеушілік си- паты нақты танылатын еңбектер. Сол себептен де ұлт әдебиетінің да- рынды өкілдері Ш. Уәлиханов пен А. Құнанбаев шығармашылығын ғы- лыми тұрғыдан бағалауда, әдебиет тарихындағы және мәдениетіндегі орнын белгілеудегі алғашқы қадам деп қарасақ, классикалық мұраны зерттеудің бастауы мен сара жолға апарар негізгі соқпағы Қазан төң- керісіне дейін-ақ көріне бастады деген тұжырымға келеміз. Себебі, әдебиет туралы ғылымның туу дә- уіріндегі алғашқы еңбектердің ғұ- мырнамалық сипатта болуы заңды. Орыс сыншысы В. Г. Белинский «ис- точник творческой деятельности поэ- та есть его духа, выражающийся вего личности, ипервого объяснения духа и характера его произведений должно искать в его личности», – деп жазған




болатын. ХХ ғасырдың басындағы ғұмырнамалық зерттеулердің кейін- гі әдеби-тарихи бағыттағы моногра- фиялық еңбектерге жолбасшы бол- ғандықтан, қазақ әдебиеттану ғылы- мын тудырудағы тарихи маңызы зор еді. Францияда Ж. Ж. Руссо, Гер- манияда Г. Гердер, Ресейде А. Н. Пы- пин және басқалары әдебиет тура- лы ғылымның туу дәуіріндегі ғұ- мырнамалық зерттеулердің, яғни биографизмнің, әдебиет тарихын ғылыми тексеруге апаратын жетек- шілік ролін айрықша атайды. Биогра- физм негізінен аса дарынды тұлға- лар туралы болады да, сол арқылы әдеби дамудың басты кезеңдерін айқындайды. Бұл – әдебиет тари- хын зерттеу мен дәуірге бөлу про- блемасына апарар бірден-бір жол. Сонымен қатар ақын-жазушылар ғұ- мырнамаларының жазыла бастауы, олардың шығармашылығына баға берілуі көркем шығарманы әдеби- теориялық тұрғыдан талдауға әке- леді.
А. С. Бушмин өзінің аталған еңбе- гінде әдебиеттанудағы келесі мек- теп – формализм мектебі жөнінде былай дейді: «Бізде тек аздаған ғалымдар ғана біздің ғылыми әдіс- намамызға формализмнің жау екен- дігін ашық қарсылық білдіруге тырысуда. Бірақ формальды концеп- цияларға деген ұмтылыс оған тән емес 1920 жылдардағы табыстар- ды жатқызуда кездесіп қалады.
...Тарихилық принциптен алыстау объективті түрді бір ғана нәти- жеге алып келеді: формальды мек- тептің қара күйелі әдіснамасында ретроспективті реобилитация өтеді. Соңғысы өзінің нақты тарихилық түрінде емес, ағымдағы сәттің есебі бойынша, «жақсартылған» бейнеде көрінеді.
Әрине, толық түрдегі әдіснаманың қаншама қателігі болса да, жеке табыстардың болуы да мүмкін. Бі- рақ бұл табыстар кейбіреулер ой- лайтындай әдебиеттанудың жалпы әдіснамасына емес, ең алдымен нақ- ты поэтика сұрақтарын талдауға, стиліне, өлең техникасына зерттеу әдісіне жатқызылуы керек. Форма- листер өнердің әлеуметтік негізде- луіне назар аудармай, әдебиеттану- дың міндеттерін формальды поэтика, тәсілдері зерттеу, көркем шығарма- ның технологияларымен шектеді. Абстрактылы ойлайтын әлеумет- танушылар өнер спецификасына назар аудармай, көркем әдебиетті және әдебиет туралы ғылымды әлеу- меттанудың қосымшасына айнал- дырды. Екеуінің де әдіснамасы ғы- лыми емес, формализм мен тұрпайы социологизмді ақтау – марксизм- нен бас тарту арқылы ғана олар- ды әдіснамалық бағыт ретінде қа- былдауға алып келеді».
Ғалымның бұл мектеп жөнінде- гі ой-пікірлерімен дәлелдемелерінен біраз жайды ұғынуға әбден бола-




ды. Сондай-ақ маркстік әдіснамаға сай әрі сол кезеңге байланысты әде- биетті зерттеуші ғалым кеңестік тұжырымдарға көп жағдайда өз жұмысындағы ой-пікірлерін бағын- дыруға мәжбүр болды деп ойлаймыз. Алексей Бушмин «Наука о литерату- ре» еңбегінде әрі қарай былай дейді:
«Бұл әдебиеттанудағы мектептердің өкілдерінің жеке табыстарын жоқ- қа шығаруға болмайды, олардың жұмыстарында барлығы жарамсыз емес. Бірақ бұл құптарлық нәтижелер олардың таңдаған әдіснамасының дұ- рыстығын айғақтамайды. Олар әдіс- ке тәуелсіз, кейбір кезде осы әдіс толық түрде дұрыс болмаса да, бақы- лаудың тар аумағында өзін жеке тәсіл ретінде ақтап, жоғарыда айтылғандай нәтижелерге жеткен» [5, 90].
Ғылыми мектептердің келесі бір түрі – психоаналитикалық мектеп (Фрейдизм). Біз бұл мектептің қыр- сырын З. Фрейдтің «Психоанализге кіріспе» еңбегін қарастыру арқылы ұғынар едік. Зигмунд Фрейдтің «Пси- хоанализге кіріспе бойынша дә- рістер» кітабы оның әдеби еңбек- терінің ішінде негізгі орынды алады.
«Дәрістердің» бірінші және екінші бөлімі 1915-1917 жылдары жазылған.
«Дәрістердің жалғасы» 1930 жыл- дарға жатады. Сондықтан да бірін- ші бөлімі Фрейд негізін құрған тұ- жырымдама, психоанализ әдісі мен теориялық принциптерді сипаттау, сондай-ақ психоаналитикалық зерт-
теулер нәтижесінде алынатын беріл- гендерді талдау тәсілдері ретіндегі ядро есебінде қарастыруға болатын мәселелерді қамтиды. Екінші бөлімі невроздың психоаналитикалық тео- риясының жалпы принциптеріне арналған. Ал үшінші бөлімі көпші- лікпен, яғни сыншылармен де, фрей- дизмнің аспектілерімен де оның соң- ғы нұсқасының оралымы түрінде талданады. Батысқа аса зор әсер еткен Фрейд клиницистен әлеуметтанушы мен философқа, дүниетанымның не- гізін салушыға бірте-бірте белгілі бір Рубикон түріне айналды.
Фрейд үшін негізгі болып қо- ғамдық дамудың заңдары емес, адам- дардың іс-әрекетін басқаратын ирра- ционалды псикалық күштер болып табылады. Интеллект – мәңгі және жасырын соғыстың жағдайында бо- латын индивид пен әлеуметтік ор- таға терең құрылған шындықтың активті бейнесінің құрамы емес, осы күштердің (иррационалды психи- калық күштер) маскировкасының құ- рылғысы болып табылады.
Фрейд ХХ ғасырдағы идеализм өкілдері секілді өзінің зерттеуінің негізіне тарихтан тыс, өзгермейтін, биологиялық заңдылықтармен өмі- рі басқарылатын тірі ағза ретінде адамды қарастыру салынды. Бұдан бүкіл «фрейдистік» әдебиеттану ба- ғытталған антитарихылық және ан- тиәлеуметтік бағыттар туындайды. Ол адамзат психикасының мазмұнын




сондай-ақ әдебиет мазмұнын мәңгіге берілген қарапайым тұрақты пси- хологиялық «комплекстердің» аз- даған мөлшеріне жатқызылды. Мұн- дай «комплекстер» болып Фрейд және оның ізбасарлары үшін «эдип комплексі» (бұл – сәбидің әкесіне деген санасыз түрдегі қызғанышы) және оған туыс басқа да комплекс- тер табылады. Олар өздерінің траге- диялық мәніндегі бастапқы, «жалпы адамзаттық» психологиялық қалып- тасулар болып саналады. Фрейд үшін психика «элементтерін», «мәңгі» жә- не ұсақ, бөлінбейтін бірліктерді со- лар құрайды. Міне, осы себептен, психолог пен әдебиетшінің міндеті болып мәңгіге берілген психиканың өздерімен зерттелетін күрделі құбы- лыстарының бөлінуі болып табыла- ды.
Тарихи түрлілік пен күрделілік Фрейдтің өзгермейтін әдісінің қа- рапайым мен бір қалыптылығы, гени- альды идеологиялық құрылымды не- вроздар мен басқа ауру психиканың патологиялық құбылыстарға жатқы- зылуы – 1900-1910 жылдардың өзін- де Фрейдтің кейбір шәкірттерін оның әдісін «іштен» реформа жасауға талпынуға алып келді. Бірақ Фрейд әдісінің негізгі теріс жағы – адамзат психикасының мазмұнын тарихтан тыс, тарихилық константты био- логиялық элементтерге деген тал- пыныс – ұстазымен келіспеген шә- кірттерінде де өзгертілген жоқ. Бұған
нақты куә болып, К. Г. Юнгтың көз- қарастары табылады. Айтылған жайт- тарға көз жеткізу үшін әлемге белгілі психиатр және психолог З. Фрейд- тің тікелей еңбегіне тоқталу керек.
«Біз зерттеулерден бастайық. Оның нысаны болып аурумен байла- нысы жоқ, кез келген сау адамда байқалатын әрі жиі кездесіп, өзін көп қызықтырмайтын құбылыстар табылады. Бұл адамның қате іс-әре- кеттері (Fecһlleistungen) деп атала- ды: шатаса, қате айту (оговорки) – біреу бір нәрсе айтқысы келіп, бір сөздің орнына басқа сөзді қолдана айту; қате оқу (очитки) – басылған немесе жазылғанды басқаша оқу; қате есту (ослышки) – адам оған айтылғанды емес, керісінше, басқа, бұл жайтқа қатысы жоқ сөздерді есту» [92,119]. Ақынның қате айту (оговорки) немесе басқа қате іс- әрекеттерді көркем құрал ретінде қолдануы жиі кездеседі. Әрине, бұл өзінің қате жазған сөзін ақынның өзінің кейіпкеріне қате айту түрінде кейіннен қалдыру емес. Ол қате ай- тумен бізге бір нәрсені түсіндіргісі келеді және біз нені білдіретінін, нұсқап тұрғанын ойлануымыз керек: ол кейіпкердің шаршағанын немесе бей-жай күйде болуын нұсқағысы келіп тұр ма? Әрине, ақынның қате айтуды белгілі мәнге ие түрінде әрқашан да қолданады деу асыра айтқан болады. Шындығында, ол мә- ні жоқ психикалық кездейсоқтық бо-




луы мүмкін және сирек жағдайда ғана ақын оны өзінің мақсатына қолдану үшін оған мән үстеуге құқылы. Сол себептен бізді қате айту жөнінде фи- лолог пен психиатрдан гөрі, ақыннан көп естуіміз таң қалдырмайды» де- ген көзқарасты ұстанған ғалымның бағыты әлемдік әдебиеттану жаңа арна тудырды..
З. Фрейд осы көзқарасына орай көркем шығармашылықты талдауда психоанализдің негізгі өкілдерінің бірі О. Ранк бізге Шекспирдің «Вене- циялық көпес» драмасынан дәлме- дәл үлгі көрсетіп берді. З. Фрейд ол туралы былай деп жазады: «Көркем мотивацияланған және техникалық нақ пайдаланылған қате айту – ақын- дардың қате іс-әрекеттердің меха- низмі мен мәнін жақсы білетінін және олардың тыңдаушыда да түсінілетін дәлелдейді. Шекспир «Венециялық көпесінде» (3-ші акт, 2-ші көрініс) біз соған тағы бір үлгі табамыз. Порция әкесінің еркіне сай, бақытты алған адамға ғана тұрмысқа шыға алады. Ол тек бақытты кездейсоқтықтың арқасында ғана өзі сүймейтін күйеу жігіттерден құтылады. Бірақ Пор- ция өзіне ұнайтын Бассанионы кез- дестіргенде, бақытсыз бола ма деп қорқады. Ол оған бұл жағдайда оның махаббатына сенімді болуын біл- діргісі келеді, алайда әкесіне берген антымен байлаулы.
Ақын таңғаларлық психология- лық тереңдікпен исі келгенін, мең-
зегісі келгенін ашық айтқызады. Ол таңдау мезгіліне дейін ғана оны сүймейді, мәңгіге сүйетінін жа- сыруы керек еді, бірақ осы шебер тәсіл арқылы сүйген жігіті мен оған тілектестік білдірген көрерменді таңдау соңына дейін ауыр бел- гісіздіктен шығарады. Порцияның оның қате айтуының нәтижесінде бақытына ара тұрған жағдайдан шығып, өзінің қате айтқанының дұ- рыстығын түбінде растайды. Осы- лай медицинадан қашық ойшыл кей- де өзінің бір ғана ескертуімен қате іс-әрекеттердің мәнін ашып, бізді түсіндірмені тыңдаудан құтқарады». Міне, Фрейд осындай мысалдардың негізінде оқырманды осындай әре- кеттердің қайсысы да өзінің мәніне ие екенін, өзінің белгілі мағынасы бар екенін көрсетіп береді және субъектіде ұмтылыстар, тілектердің түсініле бермейтінін, бірақ шынайы екенін де айтады.
Орыс ғалымдары Ф. В. Бассин мен М. Г. Ярошевский өз мақалаларында:
«Фрейдтің осы жалпы түсініктері- нің көптеген және әр түрлі эпизод- тарда ұсынылғанын және психоана- лиздің сыншыларында айтарлықтай қарсыласулар тудырмағанын айта кету керек» деп бағалайды. Соны- мен, З. Фрейдтің ой-пікірлері әлемдік әдебиеттануда қандай өзіне көзқарас тудырды? Жалпы және клиникалық психология мен психотерапия, пси- хиатрия аумағында ешбір интел-




лектуалды ағым мұндай баға бе- руде де, пікірталаста да Фрейд негізін салған ой-пікірлерге деген әр түрлі көзқарасты тудырмады деп нық сеніммен айтуға болады. Бір жағынан батыс европалық және аме- рикан баспаларында Фрейд идея- лары батыс адамының психология- сына Коперник, Дарвин, Эйнштейн ой-пікірлерінің әсіресе тең болғанын құптайтын көптеген мәліметтер бар. Д. Оурифи: «Батыста осы күндері шығып жатқан психология, фило- софия және өнер туындыларының көбі белгілі бір деңгейде Фрей- дизм белгісіне ие» десе, С. Цвейг:
«Психоанализдің дәстүрлі сызбасы батыс мәдениетінің «қанына» енгені соншалықты, оның өкілдеріне оны елемегеннен гөрі, онымен ойлау анағұрлым оңай» деп жазады. Екінші жағынан, әр түрлі елдерде бірінші рангтың ғылымдары фрейдизмді сынайды және кейде оның әлеумет- танулық және медициналық негіз- дерінен толығымен бас тарта оты- рып, алыстауға тырысатыны факт болып қала береді. Осындай фрей- дизмге түрлі көзқарасты немен түсін- діруге болады? «...Фрейдизмнің адам әрекетінің жасырын сарындары проблемасын шешуде (және клини- када да осы фактордың рөлінде) ал- ғашқы тұжырымдамалардың бірі бо- лып табылуы – ақиқат. Бұл әдіспен адамның ішкі әлеміне, тілек пен міндет арасындағы қарсылыққа на-
зар аударылды... Фрейдизм терең рухани сұраныстарға (солай көрінуі де мүмкін) қарсы жүрді, яғни соны қолдады. Сондай-ақ Фрейд ой-пікір- лерінде (бұл теорияның ерте кездегі қалыптасуында оның қызу жақтау- шысы болғандардың жағынан да псиоанализ теориясына қатынасты қиындатты әрі күрделендірді) ішкі қарама-қарсы пікірлер болды».
Міне, осы себептен фрейдизм- ге деген түрлі қатынас таңғаларлық емес. Қазіргі кезде бұл З. Фрейд негізін салған әдіске қарсы пікірлер айтылуда. Дәрігерлер мен медици- на ғалымдарының біразы мұны қа- былдамақ тұрмақ, мәнін түсіне бермейді. Өйткені мұнда күмән туғы- затын мәселелер жетерлік деп ойлау керек. Ал әдебиеттанудағы ғылыми мектеп ретінде де жоғарыда айтыл- ғандай екі жақты көзқарас тудырады. Қорытындылай айтқанда, әлемдік әдебиеттанудағы ғылыми мектеп- тер ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің дамуында аса зор рөл атқарады. Мәселен, қазақ әдебиетта- нуының жеке ғылым саласы ретін- де қалыптасып, даму жолында фи- лологиялық, ғұмырнамалық (биогра- физм), формализм, мәдени-тарихи, тарихи-салыстыру (компаративизм), эстетикалық догматизм, психоло- гиялық, психоаналитикалық, социо- логиялық мектептер тарихи алғы шарт немесе дамытушы күш бо- лып саналады. Осы мектептердің




әрқайсысына немесе олардың қан- дай да бір үндестігіне сәйкес ерек- ше әдістер мен бағыттар туындаған. Алайда ұлттық әдебиеттану ғылы- мында ғылыми-зерттеушілік ой-пі- кірді осы ғылыми мектептермен бай- ланыстылықта қарастыру жағы кен- желеп қалуда.
Әлемдік әдебиеттанудағы осы ғы- лыми мектептері мен ғылыми зерттеу жұмыстарындағы негізгі теорияла- ры белгілі бір дәрежеде кез келген ұлттық әдебиеттануда орын алуын ғылыми заңдылық деп тану қажет. Бұл ғылыми мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жаңашылдық сипа- ты мен кемшіліктері және олардың қазақтың әдебиеттану ғылымының туып, қалыптасу жолындағы, ұлт- тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің әдеби мұраны игеру саласындағы ізденістеріндегі көрініс табуы да сондықтан. Әдеби мұраларымызды ғылыми игеру жұмыстары мен зерт- теуде осы теориялар мен мектеп- тердің әдіснамалық тұрғыдағы ба- ғыттарының қайсысы сирек, қай- сысын жиі қолданғанымыз туралы ой толғайтын уақыт шын мәнінде жеткен секілді. Жалпы алғанда ұлт- тық әдебиеттанудың әдіснамалық мәселелері мүлде жабық жатыр де- месек те, нақты қолға алынған жағ- даяттары аздық етіп отыр. Ғалым атанып әдебиет туралы ұлттық ғы- лымда азды-көпті үлес қосқан әде- биеттанушылардың әрқайсының өзі
қалыптастырған ғылыми мектебі бар дей алмасақ керек. Егер де шын мә- нінде ғылыми мектеп атауының түп- төркініне үңіліп тарата баяндасақ, ұлт әдебиетін зерттеуде басты арнаға айналған бағыттарды ғана атау қажет. Кешегі тоталитарлық-әкімшілік жү- йеге негізделген коммунистік идео- логия заманында ұлттық әдебиетта- ну, оның тарихы мен дәуірленуі мәсе- лесі Қазан төңкерісінен әріге бара алмағаны да белгілі.1959 жылы өткен
«Әдеби мұра және оны зерттеу» ата- латын қазақ әдебиеті тарихының негізгі проблемаларына арналған конференцияны қорытындылар сө- зінде М. Әуезов: «Қазақ әдебиеті тарихы деген ғылым біздің барлық мәдениетімізді тәрізді жас ғылым. Осында отырған көбіміздің жас кезімізде бұл ғылым басталар-бас- талмас қалыпта еді. Революциядан бұрынғы кез-кезеңдерін алсақ, он- да қазақ әдебиеті мұраларын әде- биеттану ғылыми жолымен зерттеу жұмысы мүлде басталған жоқ-ты. Бұрынғы еңбектердің бәрі де дерек- тер, ескерткіштер атаулыны жинауға арналатын. Ал, міне, бүгін «Қазақ әдебиеті тарихы» деген келелі, ұзақ сөрелі әдебиеттану ғылымы туғанын көреміз. Кемшіліктері бола тұрса да біздің әдебиеттану ғылымымыз жыл санап даусыз өсіп келеді деп айта аламыз» деген болатын [1, 359]. Ал Е. Ысмайлов болса «Қазақ әде- биеттануының тарихына көз жі-




берсек, оның негізінен екі кезеңді бастан кешіргендігін байқауға бола- ды. Бірінші – үрену, идеялық, твор- честволвқ принциптерді игеру кезеңі. Бұл революцияның алғашқы кезі- нен соғысқа дейінгі дәуірді қамти- ды. Екіншісі – соғыстан кейінгі, яғ- ни қалыптасып, даму дәуірі» деген сипаттағы деңгейде ой толғаған бо- латын. Міне, осы екі пікір негізге алынғандықтан соның нәтижесінде 1960-1967 жылдар аралығында жа- рыққа шыққан «Қазақ әдебиеті та- рихының» көптомдығында ұлттық әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы екшеуге түсіп кетті. Сондықтан 2, 3 томдарындағы «Әдебиеттану және сын» аталатын тарауларында шолу дәрежесінде қалуға мәжбүр бол- ды. Оның өзінде таптық идеология қағидаларына сай келетін ғана зерт- теушілік ой-пікір есепке алынды. Көркем әдебиеттегі ақын Т. Жоро- ков айтқандай, «өзім де қумын ғой, Ұлы Октябрьден арғыға аяқ баспай- мын» дегендей кертарпа көзқарас әдебиеттанудағы ғылыми зерттеу жұмыстарына да ауысып, тіпті тен- денцияға айналып кете жаздады. Сондықтан «мүйізі қарағайдай» ака- демик ғалымдардың ғылыми мектеп қалыптастыра алмағанының себеп- салдарын олардың ғалымдық тұл- ғасынан емес, заман ағымынан із- деген абзал.
Бізде ғылыми мектептер ұғы- мын саналы түрде демесек те біл-
местікпен немесе пендешілікпен шатастырушылық орын алып отыр. Академик ғалымның жетекшілігі- мен қорғап ғылыми атақ алғандар- дың барлығы бірдей сол адамның ғылыми мектебінің шәкірттері деп танушылық бар. Шынына келген- де, бұл – қате тұжырым. Себебі ол әлемдік әдебиеттану ғылымыныда- ғы ғылыми мектептердің қалыптасу үрдісі мен үдерісіне қайшы келеді. Себебі тек белгілі бір ғана бағыттағы ғылыми мектеп қалыптастыру үшін көкейкесті және кешенді макқсатта ғана зерттелетін проблемалардың қамтылуы керек. Яғни, сол ұлттық әдебиеттану үшін ортақ мақсат- мүддедегі, бір ғана бағыттағы зерт- теулердің кеңдігі, биіктігі, тереңдігі танылатын болса ғана ғылыми мек- тептің дәрежесіне жете алады. Бұл ғылыми мектептердің туып-қалып- тасуы үшін басты шарт.
Ұлттық әдебиеттануымызда осы проблема туралы алғаш пікір білдір- ген академик З. Қабдолов болды. Ғалым ҚазМҰУ-дағы қазақ әдебие- ті кафедрасының ғылыми мектеп- тер қалыптастырудағы үрдісін айта келе, бұл турасында: «Қазіргі қазақ әдебиеті мен әдебиет тарихы сала- сында өзі ашып тұрақтандырған үш түрлі ғылыми мектебін айрықша атап айтқан жөн» деп көрсетеді. Ал нақтылауға келгенде «Олардың бі- рі – қазақ әдебиеті тарихының көне және орта ғасырлардағы тарихы




(негізін қалаған профессор Б. Кен- жебаев). Бұл мектеп бойынша басы Х. Сүйіншәлиев болып, Қ. Сыды- қов, М. Мағауин, М. Жолдасбеков, А. Қыраубаева секілді ғалымдар ал- пысыншы жылдарға дейін Бұқар жыраудан басталып келген қазақ әдебиетінің тарихын мың жылға әрі жылжытып, VІІІ ғасырдан бас- тау алғызды» деп жазады [93, 314]. Б. Кенжебаевтың өз тұсында кері- тартпа көзқарастағы кейбір тұстас- тарымен айтыса-тартыса жүріп қа- лыптастырған осы ғылыми мектебі шын мәнінде де ұлттық әдебиетта- нуда іргелі салаға айналып отыр. Ол егемендік алғаннан кейінде А. Егеу- баев,Т. Еңсегенов, М. Иманғазиев, Қ. Сейітжанов және тағы басқалар- дың зерттеулерімен толықты. Ұлт- тық әдебиеттің арғы бастауларын анықтауда және сол кезеңдегі әдеби- мәдени байланыстар мәселесінде жаңашыл толымды бастамалар жаса- ды. Енді оның жекелеген және ішкі проблемаларын ғылыми зерделеу мә- селелері қолға алынып жатыр.
Негізінен әдебиет тарихының белгілі бір кезеңін санаулы адамдар ғана жасамайтыны – тарихи шындық. Үлкенді-кішілі әр дарын қадір-ха- лінше қызмет етеді. Сол арқылы өз кезеңіндегі әдеби дамудың көркемдік процесіне, әр жанрдың өсуі мен ке- мелденуіне үлес қосады. Ғылыми зерттеулерде олардың барлығы қам- тылғанда ғана сол дәуір әдебиетінің
барлық болмыс-бітімі ашылады. Бұл тұрғысынан келгенде, Сәкен, Ілияс, Бейімбет мұраларының алды кітап болып шығып, шығармашылығы зерттеу нысанасына нақты алына бастаған 50-жылдардың ортасын- да ғылыми-зерттеушілік ой-пікір сол кезең әдебиетін жан-жақты тексеруге ұмтылыс жасап бақты. Міне, осы мақсатта, яғни 1920-1930 жылдардағы қазақ әдебиеті тарихын ғылыми тұрғыда сөз етуге тұрар- лық барлық өкілдерін қамти отырып жүйелі тексеру деген жаңаша ба- ғытта ой қозғаған Б.Кенжебаевтың
«Өтелмеген парыз» мақаласы (1957,
25 қаңтар) кеңестік идеологияның саяси айып таққан ауыр соққысы- ның астында қалды. Оны жарияла- ған «Қазақ әдебиеті» газеті жазалан- ды. Шындығында мақалада совет өкіметінің ірге тасын қозғайтындай ешқандай саяси немесе ұлтшылдық пікір жоқ еді. Тіпті 1937 жылғы «ха- лық жаулары, ұлтшыл-фашист» атан- ғандардың бірде-бірінің аты-жөні де аталмаған. Керісінше, осы кезеңдегі кеңестік идеология талаптарына сай шығармалар жазып, қудалауға ілік- пей, өз ажалынан өлген, яки соғыста оққа ұшқан Ш. Иманбаева, Е. Бекенов, А. Сегізбаев, С. Ерубаев, Б. Бұлқышев, А. Жұмағалиев, Р. Малабаев секіл- ді ақын-жазушылар шығармашылы- ғын зерттеу, қалдырған мұрасын жа- риялау, әдебиет тарихында алатын орнын белгілеу секілді дәуір талап




етіп отырған проблема көтерілген еді. Бірақ, бұлардың қатарында
«алашордашылардың жақтасы бол- ған, кеңес өкіметіне қарсы үгіт жүр- гізгендіктен саяси сенімсіздікке ұшыраған» С. Садуақасовтың да аталуы қырағы көздердің назары- на бірден ілікті. Кеңестік идеоло- гия бұл мақала үшін бұрынғыдай дау-дамай ұйымдастырып қаулы қабылдамағанымен, авторға қатаң ескерту жасап, газет редакциясын жазалауы арқылы әдебиеттану мен сынға тым еркінси бермеу керектігін мықтап ескертіп, тізгіндеп қойды.
Міне, ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің төңкерістен кейінгі әдебиет тарихын тексеру жолындағы әр түрлі деңгейдегі осындай ұмтылыстарды әдеби мұраны зерттеу мәселесіндегі әр қилы көзқарастарды бір арнаға салудың қажеттігін көрсетіп берді. Бұл 1959 жылы қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференцияны ұйымдастырып өткізуге басты себеп болды.
Бұл конференцияның қазақ әде- биеттануының қалыптасу тарихын- дағы маңызы туралы пікір айтқан- дардың барлығы да ғылыми-зерттеу жұмыстарына кедергі болып келе жатқан көптеген мәселелердің беті ашылғанын, біраз ілгері басу бол- ғанын, қазақ әдебиеті тарихын жү- йелі тексерудің жолға қойылғанын атап көрсетеді.
Біздің ойымызша, конференция- ның басты бағыт-бағдары мен әдіс- намалық жүйесі идеялық тұрғыдан дұрыс, партиялық тұрғыдан әділ болуы жоғарғы жақпен ақылдасып бекітілген. Оны С. Бәйішевтің «Хал- қымыздың әдеби мұраларын зерттеу мен пайдалану жайында» аталған кіріспе сөзінің және Е. Ысмайылов- тың «КПСС ХХІ съезі қарарларына байланысты қазақ әдебиеттану ғы- лымының негізгі міндеттері» атты баяндамасының мазмұнынан көруге болады. Екеуі де маркстік-лениндік әдіснамаға сүйене отырғанымен, С. Бәйішевте кінәлау жағы басым түскен де, Е. Ысмайыловта ғылыми зерттеу жұмыстарында жіберіліп отырылған «кемшіліктердің» себебін ашып ақталу жағы көп.
Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда баяндаманың ең жаңашыл жері – қа- зақ әдебиетінің ғылыми тарихын жа- сау мәселесін сөз етуіне орай ұлттық әдебиеттану ғылымының өткен жо- лына баға берілуі дер едік. Ғалым
«Қазақ әдебиеттану ғылымының та- рихына көз жіберсек, оның негізінен екі кезеңді бастан кешіргенін байқау- ға болады. Бірінші – үйрену, идеялық, творчестволық принциптерді игеру кезеңі. Бұл революцияның алғашқы кезеңінен соғысқа дейінгі дәуірді қамтиды. Екіншісі – соғыстан кейінгі дәуір, яғни қалыптасып даму дәуірі», – деп көрсетеді. Бұл – біз ғылыми қарастырып отырған тақырып тура-




лы бірінші айтылған пікір. Алғашқы кезеңінде фольклор мен әдебиет та- рихының материалдарын жинау-жа- риялау процесін өткергені, оны зерт- теуде айтыс-тартысқа да баруға тура келгені, оқулықтар жасау тәжірибесін бастан кешіргені, ол жолда маркстік- лениндік теориямен қарулана оты- рып, зерттеу жұмысында іс-тәжірибе жинақтауда ұлтшылдық-буржуазия- шылдық көзқарастарға соққы беру арқылы жүзеге асқанын дәлелдеу мақсатында айтылғанымен, ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің ізденістері мен іркілістері тұңғыш рет сын тара- зысына түсті. Әсіресе осы ұлтшыл- буржуазияшыл көзқарастың зиянды әсерін ашу Е. Ысмайыловқа «Тұрпайы социологизм» мен «бірыңғай ағым» теорияларының қазақ әдебиетта- нуында орын алуын кеңірек сөз ету- ге мүмкіндік берген. Конференци- яда партияның көрегендік саясаты арқасында деп табылғанымен, ұлт- тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір
«тұрпайы социологизмнің» бет-пер- десін ашуға қол жеткізді. Өйткені, партия мен кеңестік идеология өз қаулы-қарарлары мен нұсқауларын- да «тұрпайы социологизмді» қазақ халқының ұлттық мүддесіне қарсы шеберлікпен пайдаланып отырғаны даусыз шындық. КазАПП-тың әпер- бақандығы тұсында да, 1937 жылдың зобалаңы мен 1950 жылдың басында да «тұрпайы социологизм» маркстік- лениндік әдіснаманың әдебиеттің
таптығы, халықтығы қағидаларын бетке ұстап, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің жақсы ізденістерін үнемі жоққа шығарып келгені оған дәлел. Бұған қоса конференцияда сынға ұшырағанымен, Дулат, Шортанбай, Шәңгерей және тағы басқаларының мұрасын бағалауда тағы да «тұр- пайы социологизмнің» пайдаланы- лып отырылғанын айтсақ, сөзіміз дәлелсіз емес. Рас, баяндамада бұл теорияның ықпалындағы көзқараста болғандардан М. Қайыпназаровтан басқасының аты аталып, түсі түс- телмесе де ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің дамуында, әдебиет тари- хының жан-жақты зерттелуінде жа- саған бұрмалаушылықтарына тұң- ғыш рет баға берілді. Сонымен қатар буржуазилық көзқарастағы теория ретінде «бірыңғай ағымға» алғаш анықтама беріліп, «принципті түрде» сыналды. Ұлттық әдебиеттанудың туу, даму жолында осы теорияның орын алғандығынан, «жеке ақын- жазушылар творчествосындағы идея- лық қайшылықтар батыл әшкере- ленбей келгендігіне» ерекше тоқ- талынды. Е. Ысмайылов «партия- лық сын» тұрғысынан қарап, бұл теорияның М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев және тағы басқалардың, тіпті өзінің де еңбектерінде орын алғанын атап көрсетті. «Біз ешқайсымыз да осы теорияға әдейі, мақсат етіп барғамыз жоқ, әйтеуір әр халық, әр ел өзінің




әдебиет тарихын жасап отыр ғой, біз де сондай әдебиет тарихын қомақ- ты етіп жасайық деген ізгі ниетпен кіріссек те қателесіп кеттік», – деп ақталуда әдіснамалық тұрғыдағы үлкен мән жатыр.
Ұлт әдебиетінің тарихын ежелгі дәуірдегі жазба ескерткіштерден ба- стау керек деген Б. Кенжебаевтың үлкен білгірлікпен ұсынған жобасы қабылданбай қалды да, ХVІІІ ға- сырдың ІІ жартысынан, яғни Бұқар жырау шығармашылығынан бері қа- рай ғана қарастыруды дәлелдеп бақ- қан Қ. Жұмалиевтің концепциясы негізге алынып кетті. Қайта-қайта сөз алып, өз ұсынысын ғылыми тал- қыға салуға шақырған Б. Кенжеба- евты қолдаушылар шыға қоймады. Тіпті М. Әуезовтің өзі қорытынды сөзде бұл мәселені айналып өтіп, қағыс қалдырды. Тек В. Сидельни- ков қана ғалым көтерген мәселенің дұрыс екенін атай келе, шығыс славяндардың ертедегі мұрасының белорус, украин, орыс әдебиеттеріне ортақ екенін, оны кезінде Бертельс көтергенін, Б. Кенжебаев дер уақы- тында қозғап отырғанын атап өтті. Бірақ конференция қабылдаған ше- шімде қазақ әдебиетінің тарихын ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы- нан бастап қана зерттеу керек деген тұжырым қабылданды. Алайда өз әдебиеттерінің тарихына Қ. Яссауиді бірде қосып, бірде қоспай жүрген өзбек ағайындар ғалым ұсынған дә-
уірге бөлу жобасын көкейлеріне мықтап түйіп әкетті де, көп кешікпей ұлттық әдебиетінің негізін ежелгі түркі жазба ескерткіштерінен бері қарай зерттеу жұмысын ертерек қолға алды. Қазақ әдебиеттануы бі- раз уақыт ХVІІІ ғасырдан бергі дә- уірді ғана қарастыруға душар бол- ды, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің ұлттық әдебиеттің қайнар бастау- ларына барлау жасауына шектеу са- лынды. Қ. Жұмалиев концепциясын бекітіп берген конференция қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуді осы- лайша шала-шарпы қалдырды. Оған маркстік-лениндік әдіснама мен ке- ңестік идеологияның қағидаға айнал- ған бағыт-бағдары да өз әсерін тигіз- бей қалмады.
Ұлттық әдебиеттану конферен- циядағы осы дәуірге бөлген қазақ әдебиеті тарихы кезеңдерінің өзін тұтастай және толық түрде жүйелі зерттеуді жолға қоюға қол жеткізе ал- мады. ХІХ ғасыр әдебиетінен Шор- танбай, Дулат, Мұрат ақындардың шығармашылығы сын тұрғысынан қарау керек деп табылып, жоғарғы мектепке ағартушылық, халықтық әдебиеттің керітартпа, ескішіл-реак- цияшыл бағыттың осындай өкіл- дерімен күрес үстінде дамығанын көрсету үшін ғана алынды. Сол се- кілді Ә. Күдері, Н. Наушабаев, ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен М. Қалтаев, Ш. Құдайбердиев, О. Қа- рашев, М. Ж. Көпеев шығармашы-




лықтары да әдебиет тарихындағы қайшылықтарды жан-жақты ашып көрсету үшін ғана аталынып, шы- ғармаларындағы идеялық мазмұн мен бағытты әлі де болса айқындау қажет деп атап көрсетеді. Бұл атал- ған ақындардың барлығын да орта мектепте оқыту қажетсіз деп та- былды. Ағартушы-демократ ақын- жазушылардың мұрасы біршама зерттелгені ескеріле отырылып, ке- рітартпа, діншіл бағыттағы ақын- дардың дүниетанымдық көзқарас- тарындағы қайшылықтарын ашу жолындағы зерттеу жұмыстары тез арада қолға алынсын деген байлам жасалды.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен әріге бармауының себептері де бар. Б. Кенжебаев 1959 жылғы конферен- циядан соң іле-шала-ақ өз ұсыны- сын көпшіліктің ой-талқысына салу мақсатында «Қазақ халқының жаз- ба әдебиетінің тарихы қайдан, кім- нен басталады» («Қазақ әдебиеті», 1960, 22 шілде) деген ғылыми мәні зор мақаласын жариялаған бола- тын. Дайындалып жатқан ІІ томның 1-кітабында (1961) айтылады ғой деген тоқмейілсу көңіл ме, әлде да- улы мәселеден қашқақтау ма, ға- лым ұсынысын қолдаған бірді-екілі мақала болмаса, кең көлемде тал- қылауға ат салушылар шыға қойма- ды. Қ. Жұмалиев «Қате пікір қағидаға айналмасын» («Қазақ әдебиеті»,
1960, 29 шілде) атты қарсы мақала жазып, өз концепциясын қорғап қана қойған жоқ, әдіснамалық тұрғыда негіздеп тастады. Оны кейінде ай- тылғандай: «Шын ғылым айтыстан тумақ. Осы тұрғыдан келгенде акаде- мик Қ. Жұмалиев әдебиеттануды кері кетірген жоқ, қайта әдебиетімізге не- гіз болған ежелгі жазба жәдігерліктер- дің тезінен зерттелуіне белгілі дәре- жеде қозғау салды», – деп көлгірси бағалаудың жөні жоқ. Бұны біз кемел- дене бастады дей отырғанымызбен, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің осы бағытта ізденістер жасауға мүмкін- дігі бола тұрса да жан сала кіріспе- ген кемшілігін, әдебиетші-ғалымдар- дың «жоғарыға» жалтақтаудан аса алмағанын көрсету мақсатында ай- тып отырмыз. Міне, сондықтан да болар қазақ әдебиетінің тарихи кур- сын жасауға арналған монография- лар жазу кейіндей берді. Оған 1960 жылдары Қ. Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері жә- не Абай поэзиясының тілі» (1960), Ә. Дербісәлиннің «Қазақтың Ок- тябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті» (1966) атты еңбектерден басқа монографиялардың болмауын айтсақ та жеткілікті.
Бұл айтылғандардан шығатын қо- рытынды Б. Кенжебаев ұлттық әде- биеттану ғылымында ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтар әдебиеттану ғылымында тарихи мектептің негі- зін қалаушы ретінде танылуға тиісті.




Әдеби мұраларды көне дәуірден ба- стап зерттеу идеясын алғаш көтеруші ғана деп емес, осы сала бойынша монументальды еңбектер қалдырып, қазақ әдебиеттануында өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды. Профес- сор Б. Кенжебаевтың жоғарыда сөз еткен еңбектерінің негізінде және қазақ әдебиетінің тарихының арғы бастауларын ғылыми тексеру жолын- да ғалымның жетекшілігімен қор- ғалған М. Мағауиннің «ХV-ХVІІІ ға- сырлардағы ақын-жыраулар поэзия- сы» аталатын кандидаттық диссер- тациясы ұлттық әдебиеттің тарихын үш ғасырға алға апаруы шын мә- нінде ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде үлкен жаңалық болды. Ғалым бұл бағыттағы ізденістерін өзінің ғылыми мектебіндегі шәкірт- теріне жетекшілік жасау арқылы ыждахаттылықпен тереңдете түсті. Оған М. Жолдасбеков, Н. Келімбе- тов, А. Қыраубаевалардың ежелгі дәуір әдебиеті тарихын зерттеу са- ласындағы ғылыми еңбектері мен зерттеулері дәлел. Бұл түркі халық- тарының VІ-ХІV ғасырлардағы әде- би мұрасының ғылыми тұрғыда зерттеліп, әдеби-тарихи мектептің қалыптасуына себеп болып ғана қойған жоқ. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап Қ. А. Яс- сауии шығармаларына дейінгі ұшан- теңіз классикалық мұраның халық- тың рухани азығына айналуына жол ашты. М. Қашқари, Ж. Баласа-
ғұни, А. Игүнеки, З. Бабыр, Н. Раб- ғузи, Қ. А. Яссауии және т.б. еңбек- терінің ұлт тілінде басылып шығуы мен зерттелуінің жан-жақты қолға алынуын қазіргі кездегі ұлттық әде- биеттанудың мол табыстарының бірі десек, артық айтпаған болар едік. Ұлттық әдебиеттану ғылымының білімпазы, атақты ғалым Б. Кен- жебаевтың негізін қалаған ғылыми мектебінің шәкірттері ұлттық әде- биеттің тарихын тұтас толық және кешенді түрде зерттеуде тың бастама- лар жасау жолында соны ізденістерге толы ұмтылыстар жасап жатыр.
Ұлттық әдебиеттану ғылымын- дағы «екінші мектеп (жетекшісі З. Қабдолов) бойынша әдебиет теориясының түбегейлі мәселелері кең зерттеліп, терең талданып, жо- ғарғы мектепке арналған оқулық жазылды» деп нақтылай келе З. Қаб- долов: «Қазақ әдебиеттануының бұл саласы сонау А. Байтұрсынов ең- бегінен (Әдебиет танытқыш) бастап, Қ. Жұмалиев (Әдебиет теориясы), Е. Ысмайылов (Әдебиет теориясы- ның мәселелері) еңбектеріне жалға- сатын. Соңғы кітапта (Сөз өнері) осылардың тәжірибесі пайдалана тұ- ра, әдебиет теориясы бұрынғындай тек терминдер маңында ғана қисын- қағида қалыптастырумен тынбайды, әдебиеттің ең бір өзекті теориялық мәселелері жазушының шеберлігі және әдеби шығармашылықтың пси- хологиясымен тығыз байланыста




байыпталып, түбегейлі тексеріледі және талданады» деген пікір түйеді. Оған мысал ретінде Р. Нұрғалиев, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, Б. Кәр- бозов секілді әдебиетшілерді атай- ды. Негізінен автор тек өз кафедра- сындағы ғалымдарды ғана атап отыр. Бұл тізім кейінде З. Ахметов бастаған теоретиктермен және А. Исмақова, Г. Пірәлиева, Е. Тілешов, К. Ахметов және басқа да есімдермен толықты. Әсіресе, ақыл – парасат азаттық алғаннан беріде Алаш арыстарының ғылыми және әдеби мұраларын зерт- теуге мүмкіндік туғаннан соң бұл ғылыми мектеп барынша қанат жая өркендеу үстінде. Бірақта А. Бай- тұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі мен 1920-1930 жылдардағы әдеби теориялық бағыттағы зерт- теу мақалаларды ескере қарайтын болсақ, бұл екінші мектептің негі- зін қалыптастырған А. Байтұрсы- нов екендігіне дау болмаса керек. Оны жоғарыдағы пікірінде «осы- лардың тәжірибесі пайдалана тұ- ра» деп З. Қабдоловтың өзі де жоққа шығармайды. Сондықтан ұлт- тық әдебиеттануда теория саласы бойынша ғылыми мектепті қалып- тастырушы А. Байтұрсынов болды десек, ақиқаттың ауылынан алыс кетпес едік. Оған мысал ретінде ке- ңестік тоталитарлық жүйе ғылыми айналымнан шығарып тастағанмен
«Әдебиет танытқыштың» Түркия мемлекетінде әдебиет теориясынан
бірден бір құрал ретінде пайдаланы- лып келгенін атасақ та жеткілікті. Біз еңбектің алдыңғы тарауларын- да А. Байтұрсыновтың әдеби-тео- риялық зерттеулерін жан-жақты қа- растырғандықтан, қайталап жату артық санаймыз.
Егерде А. Байтұрсынов өз еңбегін жазғанға дейін ұлттық әдеби-тео- риялық ой-пікір бұл салада мүлдем ізденіс жасаған жоқ десек, тарихи шындыққа қиянат жасаған болар едік. Ол, яғни, әдеби теориялық ой- пікір ізденістері, әр түрлі сипаттағы сыни және ғылыми ғұмырнамалық мақалаларда белгілі бір дәрежеде жүріп жатты. Мәселе А. Байтұрсынов өз еңбегін жазған уақытта бүкіл түркі әлемінде табан тірей басшылыққа алатын бірде бір ғылыми зерттеудің болмауында жатыр. Қалай дегенмен де А. Байтұрсынов Еуропа және Ре- сей әдебиеттануындағы теориялық қисындарға арналған зерттеулерді толық меңгергендігіне дау жоқ. Және қандай кезеңде десеңізші?!
«Ұлтшыл-алашордашыл» атандыр- ған тапшылдардың кез келгені көзге шұқып отырған аласапыран заманда
«Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп келешекті ойлаған Ахаң ұлы емес пе! Ең маңыздысы сөз өнері туралы Аристотельден бері келе жатқан теориялық қисындар мен ұғым түсініктерге тек ұлт әдебиеті өкілі ретінде ғана қарауында жа- тыр. Қазір бір мақала жазсақ, он-




нан астам ғылыми еңбекке сілтеме жасауға дағдыланып алдық. Белгілі бір дәрежедегі өз пікіріңді айтуың үшін белгілі ғалымдар еңбегінен ци- тат келтірмесең болмайтын ауруға ұшырадық. Өйткені, талап солай.
Ал А. Байтұрсынов өз еңбегінің
«Қара сөз бен дарынды сөз жүйе- сі» аталатын екінші бөлімінде жақ- шаның ішінде «нұсқалықтың 1 но- мерін қара» деген ескертпелер кел- тіріп отырады. Бұл – ахметтанушы- лар назарынан тыс қалып жүрген мәселе. Ұлт ұстазы осы «нұсқалықты қара» дей отырып, оның санын 1-ден 197-ге дейін көрсетеді. Сонда бұл нұсқалық деп отырғаны не нәрсе? Біздің ойымызша, «Әдебиет таныт- қыштың» «Нұсқалық» аталатын хрестоматиялық қосымшасы бол- ған. Тарата айтсақ, Ахаң сөз етіп отырған теориялық қисын бойынша мысал дәрежесінде алынған көркем шығарма мәтінін белгілі бір жүйе- де топтастырып беріп отырған деп ұғу керек. Алаш арыстары алғаш ұсталғанда жоғалды ма, әлде қолды болды ма, ол жағы бізге беймәлім. Қалай дегенмен де осы «Нұсқалық» төңірегінде зерттеу жұмыстарын жалғастыру керек секілді.
Академик З Қабдолов ұлттық әдебиеттанудағы ендігі ғылыми мек- теп «профессор Т. Кәкішевтің мек- тебі» деп көрсетеді. Оны: «Үшінші сала – әдеби сын. Бұл проблеманы басында профессор Т. Кәкішев бір
өзі жеке дара алып зерттеп, талай архивтердің қоңыржай қоймаларын ақтарып-төңкеріп, одан тапқан құ- жаттар мен жазбаларды жан-жақ- ты пайдалана келе, қазақ әдебиеті сынының оқулығын (Сын сапары) жазып шықты», – деп нақтылайды. Қазіргі ұлттық әдебиеттануда қа- рышты қадамдар жасап отырған бұл ғылыми мектептің негізі профессор Т. Кәкішевтің «Сын сапары» (1972),
«Оңаша отау» (1982) атты моногра- фияларынан бастау алды. 1970 жыл- дарға дейін жоғарғы мектепте тек ар- наулы курс ретінде оқытылып келген әдеби сын тарихы дербес жеке пән дәрежесін алды. Ғалым оны «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» (1994), (2003) оқулықтары, «Сандалтқан
«Садақ» (2002), «Жанр жайлауы» (2007) және тағы басқа да аталатын зерттеулерімен толықтыра түсті. Жал- пы алғанда проф. Т. Кәкішевтің кез келген зерттеу еңбегі ұлттық әдеби сын тарихының келелі мәселелеріне соқпайтыны жоқ десе де болады.
Тәуелсіздік алғаннан бері басқа қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар саласы сияқты қазақ әдебиеттану ғылымы өз бастан өткерген тарихи жолын жаңаша көзқараста саралап жатыр. Соның арқасында ұлттық әдебиеттануда сара бағыттар мен келелі тақырыптағы мәселелерді ке- шенді түрде зерттеген ғалымдар- дың да сіңірген еңбегіне баға беру жұмыстары қолға алынуда. Ал бұл




болса біздің әдебиеттануда ғылыми мектептердің қалыптасуы туралы пікірлердің айтылуына себепкер бол- ды.
Алайда бізде ғылыми мектептер ұғымын саналы түрде демесек те білместікпен немесе пендешілікпен шатастырушылық орын алып отыр. Академик ғалымның жетекшілігі- мен қорғап, ғылыми атақ алғандар- дың барлығы бірдей сол адамның ғылыми мектебінің шәкірттері деп танушылық бар. Шынына келген- де, бұл – қате тұжырым. Себебі ол әлемдік әдебиеттану ғылымында- ғы ғылыми мектептердің қалыптасу үрдісі мен үдерісіне қайшы келеді. Себебі тек белгілі бір ғана бағыт- тағы ғылыми мектеп қалыптастыру үшін көкейкесті және кешенді мақ- сатта ғана зерттелетін проблемалар қамтылуы керек. Яғни, сол ұлттық әдебиеттану үшін ортақ мақсат- мүддедегі, бір ғана бағыттағы зерт- теулердің кеңдігі, биіктігі, терең- дігі танылатын болса ғана ғылыми мектептің дәрежесіне жете алады. Бұл – ғылыми мектептердің туып- қалыптасуы үшін басты шарт. Ме- рейтойлық баяндамалар мен ма- қалаларда асыра бағалап, көпірте мақтау ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің кеңінен зерттеп бағалаған тұжырымы емес.
З. Қабдолов «Арна» (1988) атты еңбегінде проф. Т. Кәкішұлының ғылыми мектебі туралы: «Сынның
туу, қалыптасу тарихын зерттеуге Т. Кәкішев өзінің саналы ғұмырын түгел арнап келеді. Сарыла ізденіп, жалпы жұртқа беймәлім көл-көсір көп материалды түп-төркінінен қо- парып, қағып-сілкіп, ақтарып-төң- керіп, екшеп-сұрыптап, даму тари- хына арна болар өзек жасап, оның кемерін кейде сарғыш, кейде көгілдір (кейде лайсаң, кейде таза) толқын- мен толтыруы және сол толқынды көп жағдайда бір өзі білек сыбана жалынан сүйреп, сонау жылап аққан жіңішке бастауынан мынау сарқып құяр кең сағасына қарай жылжытып әкеле жатуы – айтарлықтай үлкен еңбек», – деген сипаттағы алғашқы ойды түйіндей жазған болатын.
З. Қабдолов алғашқы екі ғылыми мектептің өкілдері деп елімізге таны- мал біршама әдебиетшілерді атаса, Т. Кәкішевтің ғылыми мектебіне кел- генде ізбасарлары ретінде ешкімді атай қоймаған. Ал бұл турасында Т. Кәкішұлы өзінің «Толғам» (2004) атты кітабында: «Дандай Ысқа- қов «Қазақ сынының ғылыми негіз- дері, Жандос Смағұлов «Қазақ әде- биеттану ғылымының қалыптасу жолдары» деген тақырыпта менің ғылыми жетекшілігіммен докторлық диссертациялар қорғаулары, атақты сыншылар жөнінде еңбектер жазы- луы, ізденістер жасалуы ғылыми мектептің іргесін бекіте түсері хақ» деп қарапайым қалпынан таймаған [94, 10]. Сондықтан оны толықтыруға




тура келеді. Бұл ғылыми мектептің шәкірттерінде Қ. Ергөбек, Д. Ысқақ- ұлы, Ө. Әбдиманұлы, К. Ахмет, А. Жүсіпова және жеке сыншылар шығармашылығынан қорғаған тағы басқалар бар. Ұстаздың қараған- дылық шәкірттері Ж. Смағұлов, С. Жұмағұлов, С. Шакиров, Қ. Қа- лыбекова, Ж. Жұмагелдин, Б. Ра- хымберлиналар ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихы мен әдіснамасы мәселесін осы ғылыми мектептің жеке саласы ретінде дамыту жо- лында еңбек жасап жатыр. Бұған қоса Т. Кәкішұлының ғылыми мек- тебі қазіргі таңда ұлттық әдебиет- танудағы сәкентану және мұқанов- тану ілімдеріне байланысты өнімді қадамдар жасап жатқанын да атап айту қажет.
Бір кезде «қызмет істеуге қабілеті жетпейді» деген үкім шығарып, «қара шармен» жұмыстан қуған Ғылым академиясы қазір Т. Кәкішұлының сын мен әдебиеттану саласындағы ғылыми мектебінің зерттеу ныса- нының көкейкесті ғана емес, өмір- шеңдігін кеш те болса аңғарып отыр. Ғалым А. Ісімақованың табанды- лығы мен білгірлік басшылығы ар- қасында ғана академия «Қазақ әде- биеттану ғылымының тарихы» (2008, 2009) атты екі томдық еңбекті жарыққа шығарды. Бұлар тек Т. Кә- кішұлының ғылыми мектебінің атақ-абыройы үшін ғана емес, бар- ша қазақ халқының және әдебиет
туралы ұлттық ғылымның мерейін өсірген еңбектер болды десек, артық айтқандық емес.
Ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоя білген А. Ісімақованың өзі «Алаш әдебиеттануы» (2009) атты іргелі зерттеу еңбегін жазды. Онда: ...Біз болсақ, өзіміздің кеңестік біліміміз- бен ғылымға баяғы шектеулі көз- қараспен қараудамыз. Осыдан он жыл бұрын қорғалған Ж. Смағұлдың
«Қазақ әдебиеттану ғылымының та- рихы» атты докторлық диссертаци- ясын құлатуға бар күшін салған бір ғалым ағамыздың әрекеттері еске түседі. Оның ойынша ғылым міндетті түрде үйреншікті кеңестік қалыппен жүруі тиіс. «Қолында билігі бар жеке адам ғылымға қиянат жасай алады» дегеннің осылай іске асуына куә болдық. Әрине, бұл ғалымсымақтың білімі жетіспей тұр деп дәлелдеу – біздің емес, уақыттың еншісі. 10 жыл бұрын қазақ әдебиеттану ғылымына төңкеріс жасаған Ж. Смағұлдың бұл еңбегін бүгін ғылыми қауым үн-түн- сіз пайдаланып келеді» деген жү- рекжарды пікір тарихи шындықтан алыс жатқан жоқ [95, 15]. Т. Кәкіш- ұлының ұлттық масштабтағы мәні бар бастамасына кесе көлденең тұ- рушылар осы шәкіртінің ғана емес, ғалымның ғылыми мектебінің да- муына тұсау салды. Соның кесірінен қазақ әдебиеттануының библиогра- фиясы, текстологиясы, тарихнама- сы (историография) және әдісна-




малық мәселелері секілді салала- рының қалыптасу тарихын зерттеу жұмыстары он жылға кешеуілдеп қалғанын ашық айту керек. Мәселе кімнің ұтып, кімнің ұтылғанында емес. Бұл – қазақ әдебиеттануы бас- тан кешкен оқиға. Жоғарыда ай- тылған 1959 жылғы конференция- да өз концепциясын М. Әуезовтің беделімен өткізген Қ. Жұмалиев қазақ әдебиетін ежелгі дәуірден бас- тап зерттеу идеясын 10 жылға ше- герді. Ал оны осы конференция- да естіп біліп кеткен өзбектер өз әдебиетін бірден VІ ғасырдан сол 1960 жылдары-ақ бастап кетті. Сон- да қазақ әдебиеттануынан басқа кім ұтылды!? Ал проф. Б.Кенжебаевтың ғылыми мектебінің іргетасы осы кезден басталғанын ешкім жоққа шығара алмайды.
Бүгінде осындай кешенді түрдегі зерттеу нысанына айнала бастаған ғылыми мәні зор тақырыпты «тұр- пайы социологизм» теориясымен қа- руланған өз қатарластарынан Т. Кә- кішұлы қара үзіп шығып алғаш бас- тағанын әлі де мойындағысы кел- мейтіндердің бар екені өкінішті. Қазақ әдебиеттануында маркстік-лениндік әдіснама талаптарына сай ғылыми жұмыс қорғап атақ алғандар кейін сол кездегі тұжырымдарын өз әлдерінше түзетуге тырысқандарымен Т. Кәкіш- ұлындай әлі де болса ағынан жарыла ақиқат айта қойған жоқ.
Тарих – жақсы болсын, жаман болсын тарих, ол тек қана шындыққа сай бағалауы керек. Қазақ әдебиет- тану ғылымының қалыптасу тари- хын зерттеуде профессор Т. Кәкішев айтқандай: «Өнегенің үлгісін көріп тұрып, содан үйренбеуіміз, шыр айна- лып совет әдебиетінің шындығынан кандидаттық, докторлық диссертация қорғап, атақ алуымыз, 1917 жылға дейінгібылайқойғанда,соғыстанәріге бара алмайтын ғылыми мүсәпірлікті,
«социалистік реализм туы астында» деген ұранмен шапқылай беруіміз қазақ әдебиеттану ғылымының со- рына шыққанын енді ашық айта- йық». Осы ғылыми мектептептердің қалыптасу жолындағы кеңестік идео- логия мен саясат ықпалынан болған кемшіліктер мен бір кезде қағидаға айнала жаздаған қате пікірлердің се- беп-салдарларын анықтайтын мүм- кіндікті ғасырлар бойы аңсаған егемендіктің арқасында ғана қол жет- кенін ашық айту қажет.
Ұлттық әдебиеттану ғылымын- дағы осы үш ғылыми мектеп туралы ойын қорытындылай келе З. Қабдо- лов: «Қазақ әдебиеті кафедрасында туып-қалыптасқан әдебиеттанудың үш (тарих, теория, сын) саласындағы үш түрлі ғылыми мектебінің сыр- сипаты осындай», – деген ой қоры- тады. Бұған алып-қосарымыз жоққа тән. Негізінен алғанда, осы ғылыми мектептердің қалыптасу тарихын зерттеп-зерделеудің уақыты жетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет