Оқулық Астана-2017 Әож кбж қ Баспаға Е. А. Бөкетов



бет6/44
Дата12.03.2024
өлшемі1.3 Mb.
#495053
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Okulik XX kazak adebiet

Қосымша әдебиеттер:


  1. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – Алматы: Жазушы, 1986. – 400 б.

  2. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.

  3. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары жинағы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.

  4. Қазақ фольклорының типологиясы. – Алматы: Ғылым, 1981. – 308 б.;

  5. Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклор. 1 том. – Алматы: Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы, 1948. – 440 б.;

  6. Қазақ фольклористикасы тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988. – 430 б.

  7. Толыбеков С. Е. Кочевое общество казахов в ХVІІ-нач.ХХ в. – Алматы: Наука, 1971. – 634 с.

  8. Cидельников В. М. Устное народное творчество казахского народа. –Ал- ма-Ата: Наука, 1969. – 174 с.




  1. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптары тарихынан. – Алматы: Қазақстан, 1971. – 179 б.

  2. Крупчанов Л. М. Культурно-историческая школа в русском литературо- ведении. – М.: Просвещение, 1983. – 223 с.

  3. Баландин А. И. Мифологическая школа //Академические школы в рус- ском литературоведении. – М.: Высшая школа, 1975. – С. 514.

  4. Николаев П. А., Курилов А.С., Гришунин А. Л. История русского лите- ратуроведения. – М.: Высшая школа, 1980. – 349 с.




І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің
негізгі арналары


2-ТАРАУ. Ғұмырнамалық зерттеулер мен өлең сөздің теориялық мәселелері





Әдебиет туралы ұлттық ғылымы- ның тарихы жан-жақты зерттелген, туу, қалыптасу жолындағы ізденістер мен іркілістерден тұратын зерттеу әдістері ғылыми тұрғыда саралан- ған елдердің ғылыми-зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-пікірінің даму жолына көз салсақ, әдеби мұраны игеру үдерісінде әдебиет тарихы мен теориясының мәселелері де қоса қарастырылып отырылатыны байқа- лады. Әрбір елдің әдебиеттану ғы- лымы өзіндік ұлттық ерекшелікпен дамитыны белгілі болса да, қазақтың ұлттық ғылыми-зерттеушілік, әдеби- теориялық ой-пікірі ғылыми өркен- деудің бұл жолын бастан кешірмей қалмады. Әдебиет туралы ғылымның туу дәуірінің алғашқы жылдарында негізгі арналар табуға ұмтылған бұл кезеңге тән ізденістерде әде- биет тарихы мен теориясының мәсе- лелері кейде арнайы түрде, кейде жанама мәнде айтылып қалып оты- рылды. Ғылыми тұрғыда арнайы зерттеу мақсатты түрде қойылмаса да ғылыми-зерттеушілік, әдеби-тео-
риялық ой-пікір әдебиет тарихы мен теориясын тексеру мәселесін көтеріп, болашақ зерттеулерге апаратын ше- шуші қадамдар жасады.
Әдеби мұраны игеру саласындағы қандай да болсын мәселені сөз ет- кен мақалалар мен еңбектер қазақ әдебиеттану ғылымының алғашқы бастаулары болып саналатын кезеңде белгілі бір мән атқарғанымен, әде- биет тарихы мен теориясының күр- делі проблемаларын бірден жан- жақты әрі терең сөз ете алған жоқ. Дамудың эволюциялық кезеңдерін бастан өткере отырып, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға қарай тексеру заңдылықтарына орай ғы- лыми сапасы арта түсті. Сондық- тан әдебиет тарихына тікелей бай- ланысты жұмыстар мен еңбектерді бір бөлек, теориялық мәселелерге арналған зерттеулерді бір бөлек алып қарастыру керек.
Ұлттық әдебиетті тарихи тұрғы- дан тану мәселесін классикалық мұ- раны игеру жұмыстары деп шартты түрде атасақ, ғылыми-зерттеушілік




ой-пікір айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін байқауға болады. Оны анықтау үшін әдебиет тарихына, оның көрнекті өкілдерінің шығарма- шылығына қатысты жинау-жария- лау, зерттеу саласындағы еңбектер- ді ұлттық әдебиеттану ғылымын тудыруға тигізетін ықпалына орай бірнешеге бөліп, қандай бағыттар- да жүргізілгенін білудің мәні зор. Бұл біріншіден, әдебиет тарихын зерттеудің арғы бастауларының қай- дан өріс алғандығын танытса, екін- шіден, ұлттық әдебиеттану ғылымы туу дәуіріне классикалық мұраны игеру барысында қандай дайындық- пен келгендігін дәлелдейді. Біздің ойымызша, классикалық мұраны иге- руде ғылыми-зерттеушілік ой-пікір үш түрлі бағытта танылды.

  1. Ғылыми бағалаушылық мәні ба- сым зерттеушілік ой-пікірлер.

  2. Әдеби мұраны жинап-жариялау, бастырып шығарудағы ізденістер.

  3. Ғұмырнамалық сипаттағы зерт- теулер (биографизм).

Фольклорлық аңыз, әпсана, хикаят, тарихи жылнамалар мен шежіре- лерде бірлі-жарым болса да әдебиет өкілдерінің аталуы, халық ауызында авторы белгілі ән-өлең, жыр-тол- ғаулардың жүруі бағалаушылық мән- дегі ой-пікірдің оянуына себеп бол- ды, олар туралы қызығушылықты, өнерпаздық тұлғасын танытуға деген ізденісті туғызды. Бұл келіп олар- дың халық тарихындағы, әдебиет пен
мәдениетіндегі орны қандай деген бағыттағы түсіндірмелік зерттеулер жасауға әкелді. Ең маңыздысы бұл – бағыттағы ізденістер қазақ халқының фольклордан бөлек әдебиеті бар екені туралы танымдық мәні бар ұғым тудырды. Рас, бұл бағыттағы ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің фольклор мен әдебиеттің айырмасын анықтау- ға өресі жете бермеді. Оған әлі ерте де еді. Сондықтан фольклор мен әде- биет тарихының мәселелері араласа жүрді. Бұл бағыттағы мақалаларда тарихи-этнографиялық сипаттың ба- сым болуы және сыншылдық-эсте- тикалық ой-пікір мен ғылыми-зерт- теушілік көзқарастың қатар жүруі де сондықтан. Алайда, қазақ әдебиеті тарихының көрнекті өкілдері сөз болуы барысында олар туралы ғы- лыми бағалаушылық мәндегі ой- пікір айтылмай қалмады. Әдебиет та- рихының нақты зерттеу нысанасына айналмауынан бұл бағыттағы ой- пікір жалпыламалық мәннен аса алмады. Бұл турасында орыс ғылымы Л. М. Крупчанов: «Однако в истории культурно-исторической школы был период неосознанных, стихийных тенденций, когда преобладала лите- ратуроведическая практика. Эта прак- тика наметилась еще в трудах пи- сателей и ученых XVІІІ века и ха- рактеризовалась двумя моментами. Прежде всего – это был интерес к древ- нему периоду отечественной поэ- зии... Второй момент – интерес к на-




родному творчеству. Тем не менее эти два момента не определяли спе- цифики научной системы в литерату- роведении, так как носили слишком обший характер», – деп жаза ке- ліп, әдебиет тарихын зерттеуде та- рихилық принципін туғызуға себеп болатын ұлттық поэзияның ерте ке- зеңіне көңіл аудару керек екенін атап көрсетеді [7, 12].
Ғылыми бағалаушылық мәні ба- сым мақалалардың жазылуы, ұлт- тық әдебиеттану ғылымының тарих алдындағы кезеңі үшін өте қажетті проблеманы қолға алуға қозғау сал- ды. Ол ұлт әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларының баспа жүзін көруі, яғни кітап етіп шығару, әдеби жинақтар шығару мәселесі еді. Ол баспасөз бетінде: «Ұзақ жақсы әңгімелерді кітап бастыратын орынға жіберіп, кітап қылып бастырған жа- рар еді. Газетке өлең мен ертегінің қысқарақ, ғибрат алуға лайықтысын жазса жарар еді», – деген сипатта айтылмай да қалмады.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жинақтары, лиро-эпостық жырлар, батырлық жырлар, қиссалар, шежі- релер, аңыз-хикаялар баспа жүзін көруі кітап бастыру жұмысының бір- шама жолға қойылғанын байқатады. ХІХ ғасырда жарық көрген 260 кі- таптың бірнеше мың данамен жа- рық көруі эстетикалық талап-тал- ғамның өсе түсуіне әсер етумен қатар, филологиялық білімнің тара-
ла бастауына ықпал жасады. Өйт- кені, бұлардың қатарында таза әдеби үлгілермен қатар әртүрлі хресто- матиялар, сөздіктер, оқып-жазуға үй- рететін құралдар, әліппелер мен оқу құралдары т.б. бар еді. Сонымен қа- тар, әдебиет тарихына тікелей қатыс- ты классикалық мұрадан жеке ақын- жыраулар шығармаларының кітап болып шығып, оқырман қолына тиюі құптарлық құбылыс болды. Әсіресе, XІX ғасырдағы бұл үрдіс ХХ ғасыр басында ерекше қарқын алды. Қазақ әдебиетінің ерте дәуірінің өкілдері- нің шығармаларының шығуы тарихи танымның өсе түскенін көрсетеді. С. Бақырғанидің шығармалары «Ха- кім ата» (1846, 1857, 1858, 1888),
«Тағы ғажап» (1856), «Әулие Мария туралы кітап» (1878) деген атпен, Абу Әли ибн Сина шығармалары
«Хикмет сөздер» (1864, 1886, 1889),
«Ибн Сина қиссасы» (1881) деген атпен және Қожа Ахмет Яссауидің
«Диван и Хикметі» (1893, 1901), софы Аллаярдың «Мұрад алғарифині» (1859, 1895), Ш. Баһауддиннің «Тән азығы кітабы» (1865), Нәсреддиннің
«Қисса Рубғұзы» (1859, 1891) шығуы оған айқын дәлел. Әдебиеттің ке- йінгі дәуірлеріндегі шығармалар да назардан тыс қалған жоқ. Ғабдолла Мұштақтың (Ғ. Қарашев) «Көк- селдір», «Шайыр яки қазақ ақын- дарының басты жырлары» (шыққан жылдары белгісіз) жинақтарында Шалкиіз, Жанұзақ жырау, Асан қайғы,




Қазтуған жырау, Байтоқ ақын, Шәң- герей Бөкеев өлеңдерінің жарық кө- руі, оларды танытуды ғана емес, зерт- теу мақсатында жинастыру жұмыс- тары да жүре бастағанын көрсетеді. Ғасыр соңында Д. Бабатайұлының
«Өсиетнаме» (1880, 1897), Ш. Қанай- ұлының «Шортанбайдың бала зары» (1888, 1890, 1894, 1897) қайта-қайта басылуы сол кездегі отаршылдық саясатқа сай саяси-әлеуметтік жағ- дайға байланысты халық сұраны- сын бір байқатса, екіншіден, ұлт әдебиетінің көрнекті өкілі ретінде танылулары да біршама жоғары болғаны көрінеді. Ақын-жазушылар шығармаларының кітап болып шы- ғуына орай нақты зерттеушілік ой- пікірдің туа бастауына бұлар туралы жазылған сын мақалалар, рецен- зиялар жетекші роль атқарды. Олар классикалық мұраны жариялаған әдеби жинақтарды немесе ақын-жы- раулар кітаптарын сыншылдық тұр- ғыдан қарап бағалаушылық мәндегі пікірлер де білдіріп отырды. Негізі- нен ХХ ғасыр басында сыншыл- дық-эстетикалық таным ғылыми- зерттеушілік, әдеби-теориялық ой- пікірмен тығыз араласып, бұлар бір- бірін толықтыра, сабақтаса дамыға- ны байқалады. Оның ішінде туу дә- уірінде тұрған сыншылдық ой-пікір өзінің жетекшілік ықпал жасауымен ерекшеленеді. Өйткені, «бұл кезеңде- гі әдеби сын элементтері әлі де болса жалпы саяси-экономикалық, тарихи-
әлеуметтік мәселелермен қабаттаса айтылып, мәнді арна табуға ыңғайы бар екендігін» танытқан болатын. Осы жалпы мәселелермен қоса, сын- шылдық ой-пікір әдеби мұраны ғы- лыми тұрғыда қарастыру жайына жиі-жиі барып тұруы заңды екені айтпай-ақ түсінікті. Себебі, ғылыми- зерттеушілік, әдеби-теориялық ой- пікір секілді, әдеби сынның да басты сөз етер нысанасы әдеби мұра еді.
Классикалық мұраны игерудегі ендігі бір игі қадам ақын-жазу- шылардың өмір жолын жазу арқы- лы шығармашылық мұрасына бару болды. Бұл бағыттағы алғашқы бас- таманы «Түркістан уалаятының газеті» салған еді. Газет редакторы Шаһмардан Ибрагимов Жетісу ге- нерал-губернаторы фон Кауфман- ның Ш.Уәлиханов басына құлпытас орнату туралы жарлығын жариялау барысында ұлы ғалымның кім еке- нін қазақ еліне танытуды өзінің па- рызы деп білген де ол туралы ғұ- мырнамалық сипаттағы мақала жа- риялаған. Рас, мақалада Шоқан ең- бектеріне ғылыми-зерттеушілік тұрғы- дағы көзқарастан гөрі, оның орыс пен қазақ ортасына бірдей сый- лы екендігін тілге тиек ету арқылы ғалымдық, өнерпаздық тұлғасын таныту басым. Мақала авторының ұлы ағартушының өмірін жақсы бі- летіні айқын танылып тұрғанымен, еңбектерінің ғылыми мәні туралы нақты ой-пікір білдіре қоймаған.




Егер де орыс ғалымдардың Шоқан- ды шығыстанушы ғалым ретіндегі бағалаған пікірлері сәл кейінірек айтылғанын еске алсақ, мақала шо- қантану саласының тұңғыш ізаша- ры деп ойлау керек. Сонымен қатар, оны тек шоқантануда ғана емес, ұлт- тық әдебиеттану ғылымының клас- сикалық мұраны ғұмырнамалық ба- ғытта тексерудің алғашқы соқпағын салған еңбек деп те бағалауымыз қажет.
Бұл мақалаға қарағанда Шоқан өмірбаянын толық және жүйелі түрде бере алған зерттеу «Дала уалаятының газетінде» «Ш. Ш. Уәлиханов» деген атаумен жарияланды. Мақала ұлы ға- лымның туғанына 60 жыл толуына байланысты жазылғандықтан өмір- баянына қатысты деректер түгелге жуық қамтылған десе де болады. Шоқанның туған жері мен оқуы ту- ралы қысқаша таныстыра келіп, орыс ғалымдарымен, әсіресе, П. П. Се- менов-Тянь-Шанскиймен танысқан соң шығыстану ғылымына келуіне, қазақ даласын зерттеу ісіне белсене араласуына басты себеп болғанына тоқталып өтеді. Саяхатшы ғалым ретінде Жоңғарияға, Ыстықкөлге, Құлжаға, Қашқарияға барған сапар- ларындағы зерттеулерін орыс ға- лымдары жоғары бағалағанын, шы- ғыстану ғылымы үшін орасан зор үлес болып қосылғанын айта отырып, ғалымдық тұлғасын танытуға ерекше ден қояды. Мысалы, Қашқарияны
зерттеу жолында өлтірілген А. Шла- гинвейт пен М. Полодан басқа еш- кім бұл өлкені зерттеу ісіне тәуекел ете алмағанына тоқтала келіп: «Сол заманда мұндай жайларға бармақ- тың өзін таңғажайып ертегі деп бі- луші еді», – деп жазады. Сол се- кілді Петербургтегі өмірі, ғылыми- білімді молынан игеру жолындағы ізденгіштігі, ыждағаттылығы, уни- верситеттерден өз еркімен барып дәріс тыңдап тұрғандығы сол кезде жоғары бағаланып, «Ресей бұл пара- сатты қазақтың жиһатына жаны ашып, ықылас қойып, тәрбиелеп ба- сып шығарып отырғанына» ерекше көңіл аударады. Шоқан еңбектерінің басты сипаты «бұрынғы өткен ха- барларды жазатұғын ғылымға һәм халықтардың мінез-ғадеттерін баян ететін ғылымға» (тарих пен этногра- фия. Ж.С.) арналғанын айтып, өмі- рінің қысқа болғанына өкініш біл- діреді де, бұл секілді еңбектер әр түрлі ғылымды меңгерген адамның қолынан ғана келеді деген тұжырым жасайды. Бұдан Шоқанның энци- клопедист-ғалым ретіндегі тұлғасын бағалау анық көрініп тұр. Газеттен бұл мақаланы басу арқылы Шоқан салған жолды, оның ғылымдағы ісін және қазақ халқына жасаған қызметін басқа оқыған азаматтарға үлгі-өнеге етуге деген идеясы анық танылады.
Ұлт әдебиетіндегі көрнекті тұл- ғаларды ғұмырнамалық бағытта зерттеуде осы газетте жарияланған




«Минақиб Ибраһим Алтынсарин» аталатын азасөз (№33, 1889) ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің әдебиет та- рихы мәселелеріне шындап көңіл аудара бастағандығын байқатады.
«Оренбургский листок» газетінде басылған некрологтың (1888) ау- дармасы болғанымен, бұған дейін жоғарыда айтылғандай тек ғылы- ми бағалаушылық мәндегі ой-пікір білдіру мақсатында тек сөз ара- сында ғана айтумен шектеліп келген Ы. Алтынсарин өмірі мен шығар- машылығын, педагогтық қызметін қазақ жұртшылығына алғаш рет жү- йелі түрде таныстыра алуымен құн- ды болды. Ұлы педагогтың өмір жо- лы мен атқарған қызметтерін, мек- теп ашудағы жанқиярлық еңбегінен хабардар ете келіп: «Алтынсарин орыстардың әр ғылым-білімдерін бі- ліп, қазақтан бір мінезді, ақылды, данышпан, қазақ халқына һәм Ре- сейге пайдалы бір қызметтегі адам еді. Жақсылығын айтқанда, Алтын- сарин қазақ арасына әуел Еуро- паның білім-ғылымын шашқан һәм халықтың Ресейге ықыласын аш- қан бір артық жан болды», – деген пікірдің қазақ баспасөзінде жария- лануы Ыбырай мұрасын ғылыми тұрғыда тану жолындағы зерттеу ісіне қозғау салмады деп айта алмай- мыз [10, 153]. Минақиб орысша жа- зылып, алғаш орыс тілді баспасөз бетінде жарық көргенімен, оның авторы қазақ ұлтынан екені анық
байқалады. Ол Ыбырайдың педа- гогикалық көзқарасының қалып- тасуына В. Григорьев, Н. Ильмин- ский, Л. Толстойлардың әсер етуі мен қазақ елін оқу-білімге, өнер-ғы- лымға үндеген ағартушылық қыз- метін бағалаған тұстарында айқын танылады. «Дала уалаятының га- зетін» шығарушылар оны аударып басуды өздеріне парыз санаған. Бұл минақибке Н. Ильминскийдің
«Ы. Алтынсарин туралы естелік» атты кітабының қатысы жоқ. Ол ке- йін Қазанда 1891 жылы шыққан.
«Акмолинские ведомости» газетінде
«Ы. Алтынсарин – қазақ ауыз әдебие- тін жинаушы және зерттеуші» (№33, 1889) деген мақала да жарияланған. Осы үш газетте де мақалалар бір номерде, яғни 1889 жылғы №33 са- нында жариялануында бір сыр бар. Негізінен қазақ оқығандарының ара- сында Ы. Алтынсарин тұлғасы ке- ңінен танымал болған. Оны «Қазақ хрестоматиясының» (1879), оның
«Мақтубат» деген атпен шыққан нұс- қасының (1899) және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құ- ралы» (1897), «Шарият әл-ислам» секілді оқулықтарының қазақ-орыс мектептерінде үздіксіз пайдалануы толық дәлелдейді.
Ұлт әдебиетінің тарихи даму жолына көз сала бастаған алғаш- қы қадамдарда ғұмырнамалардың, яғни биографизмнің танымдық си- паты – белгілі бір ақын-жазушы




шығармашылығын тарихи тұрғыда зерттеудегі жолашар боларлық ма- ңызымен құнды. Орыс әдебиеттану ғылымында да әдебиет тарихына барар жолды Державин, Фонвизин, Пушкин туралы биографиялық очерк- терден басталады деп санайтыны да сондықтан. Егер ғұмырнамалық сипаттағы мақалаларды әдебиеттану ғылымының туу дәуіріне әкелер жолдағы бір саты десек, ол ХХ ға- сыр басында Абай ғұмырнамасын жазудан басталған үлкен жолға жал- ғасқан ізденістердің алғашқы соқ- пағы еді. Әрине, оларда сол кездегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің дә- режесіне сай таныстырмалық, халық мәдениеті мен әдебиетіндегі орнына қарай бағалаушылық көзқарас басым жатты. Бірақ мәселе – олардың ғы- лыми сапасында емес, ұлт әдебиетінің өкілі туралы тарихи танымдық ба- ғыттың басталуын дәлелдеуінде.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр ба- сында ақын-жазушылардың шығар- малары баспасөзде жариялануы, әде- би жинақтар мен кітап болып жарық көруі, әр түрлі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді сөз еткен мақалалар- да ғылыми бағалаушылық мәндегі пікірлердің айтылуы, ғұмырнамалық сипаттағы зерттеулердің шығуы көне жазба ескерткіштер кезеңінен бас- тау алған эстетикалық таным-білік- тің ғылыми-зерттеушілік мәндегі ой-пікір дәрежесінде толық оянып, ұлттық әдебиеттану ғылымының
тарих алдындағы кезеңінде әдебиет тарихын тексеруде болашақ іргелі зерттеулерге апаратын өзекті пробле- маларға бара алғандығына куә бо- ламыз.
Ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой- пікір классикалық мұраны игеруде оның тарихының мәселелеріне ба- рып, көрнекті өкілдерін зерттеуде осындай дәрежедегі алғашқы ғы- лыми тұрғыдағы барлаулар жасап жатқанында, әдеби-теориялық ба- ғыттағы ізденістер де көрінбей қал- мады. Бұған дейін әдебиеттің сөз өнері ретіндегі сипатын ашу мақ- сатында тек жалпылама мәнде айты- лып келген бірді-екілі көзқарас пен практикалық дәлелдеулер енді нақты талдау жасау мен жанрлық түрлерін анықтау жолында соны қадамдар жасай бастауға ұмтылыс танытты. Әдебиеттің тарихы мен теориясының бірін-бірі толықтыра, сабақтаса отырып қалыптасатыны жалпы өнерге тән құбылыс. Бұл Н. Г. Чернышевский: «История ис- кусства служит основанием теории искусства, потом теория искусства помогает более совершенной, более полной обработке истории его; луч- шая обработка истории послужит дальнейшему совершенствованию теории, и так далее, до бесконеч- ности... Без истории предмета нет теории предмета; но и без теории предмета нет даже мысли о его истории, потому что нет понятия




о предмете, его значении и гра- ницах», – деп жазған болатын [11, 265]. Ендеше әдебиетке тарихи тұр- ғыда қарау көзқарасы туындаған уақытта әдеби-теориялық ой-пікірдің кенже қалуы мүмкін емес еді.
Кез келген халықтың ұлттық әде- биеттану ғылымының туу кезеңіне дейінгі тарих алдындағы дәуіріне көз жіберсек, әдеби-теориялық көз- қарастың оянуы әдеби-тарихи ой- пікір мен эстетикалық таным про- цесінің басты құралы саналатын ғылыми ұғымдардың өріс алуына, әдеби білімдер системасының қалып- тасуына жол ашу арқылы ғылыми сипат алуына әсер ететінін байқай- мыз. Себебі «теория становится научной только тогда, когда в ее основе лежат научные понятия». Олай болса, әдеби-теориялық көзқарас әдебиетті өнердің бір түрі ретінде танып, оның жанрлық ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын ашуда тұрақталған ғылыми ұғымдарды тудырып, тео- риялық білімдер системасын құ- райды. Алғашқы айтылған ғылыми теориялық көзқарастағы пікірлер бір- те-бірте толыса келіп, әдебиет атты сөз өнерінің барлық болмысы мен құрылысын, жанрлық табиғаты мен стильдік ерекшеліктерін ғылыми- зерттеушілік сипатта түсінуге ықпал жасайды. Мысалы, орыс әдебиет- тану ғылымында ХVІІІ ғасырдағы әдеби-теориялық көзқарастың өріс алуын алсақ та жеткілікті. Орыс
әдебиеттану ғылымының бастаула- ры болып саналатын Лаврентий Зи- занийдің «Грамматика словенска», Милетий Смотрицкийдің «Грамма- тика», Макарийдің «Риторика», Фео- фан Прокоповичтің «Поэтика» және
«Риторика» деп аталатын еңбекте- рінен басталған әдеби-теориялық көзқарас Ресейде орыстық ғылыми теориялық ой-пікірдің өріс алуына себепкер болып, Ф. Прокопович, В. К. Тредиаковский, М. В. Ломоно- сов, А. Д. Байбаковтар поэзияны тек пен түрге бөлудің алғашқы поэти- калық жүйесін жасады. «Теорети- ческие вопросы решались тогда в ос- новном на стихотворных текстах... и в наибольшей мере отразили интен- сивный рост теоретико-литературной мысли», – деп атап көрсетілгенін- дей, орыс әдебиеттану ғылымының тууына өлеңтану жұмыстарының қатты әсері болды [3, 17].
Әдеби-теориялық ой-пікірдің ал- ғашқы кезде әдебиеттің поэзия сала- сына, оның жанрлық түрлеріне байла- нысты көрініп, өркен жаюы әрбір ұлттық әдебиеттану ғылымының туу кезеңіне тән құбылыс десе де болады. «Стиховедение всегда сос- тавляет сердцевину науки о лите- ратуре» деген нақты айтылған пі- кірге сүйенетін болсақ, қазақ әде- биеттану ғылымында әдеби-тео- риялық ой-пікірдің оянуы да осы өлеңтанушылық көзқарасқа тікелей байланысты болғанын байқар едік.




Оған ХІХ ғасырда қазақ даласында әлеуметтік, қоғамдық ой-сананың өсуі мен халық творчествосы үлгілерін жинау, жариялау жұмыстары, қазақ баспасөзінің жолға қойылуы шешу- ші ықпал жасады. Қазақтың халық поэзиясының жанрлық табиғаты ту- ралы теориялық тұрғыдан алғаш ғылыми пікір білдірген алдыңғы қатарлы орыс ғылымының көрнекті өкілдері, ориенталист-этнограф ға- лымдар болды. И. Березин, В. Рад- лов, Г. Потанин, А. Васильев, Н. Пан- тусов, А. Алекторов және тағы бас- қалар қазақ ауыз әдебиетінің асыл мұраларын жинап, жариялау про- цесі барысында қазақ халқының өнерпаздық дарындылығы, әсем ән мен келісті мақамға, өрнекті ыр- ғаққа құмарлығы, поэтикалық қа- сиеті, жеке ұлттық поэзия ретіндегі жанрлық табиғаты, аңыз-ертегілері мен эпикалық жырларында тарихи деректердің мол болатыны туралы түсіндірмелік мәндегі пікірлер біл- діріп отырды. Осы ғалымдардың қазақтың халық поэзиясы үлгілері жайында таныстырушылық мақса- тында келтірген аз да болса салыс- тырмалық мәндегі ойларында сөз етіп отырылған әдеби-көркем ма- териалдың қазақ фольклоры екенін қосатын болсақ, бұлар қазақтың оқыған, көзі ашық адамдарының әдеби-теориялық ой-пікірін қалып- тастыруға игі ықпал еткен жетекші факторлардың бірі болды. Орыс фольклористерін халық поэзиясы-
ның саф алтындай тазалығы мен көркемдігі, жанрлық түрлерінің мол- дығы қатты таң қалдырғаны белгілі. Қазақ поэзиясының табиғаты мен өлең құрылысы жайындағы алғашқы теориялық пікірді В. В. Радлов айтты. Қазақ поэзиясы үлгілерін салыс- тыра қарай отырып, өлең және жыр деп бөледі. Қазақ өлеңіне сипаттама және ең алғаш анықтама бере келіп:
«Қазақ өлеңі төрт жолды шумақтан құрылады. 1, 2, 4 жолдары ұйқасып келеді. Әр жол үш ырғақтан тізіледі, екпін ырғақтың басы мен аяғына түседі», – деп нақты мысалдар кел- тіреді. Қазақ өлеңінің жанрлық сыр-сипатын ғылыми терең ашып бермесе де В. Радлов бұл пікірі ар- қылы басқа фольклористерге қара- ғанда теориялық тұрғыдан алғанда жаңа қадам жасады. Себебі, Қазан төңкерісіне дейін орыс фольклорис- терінің басты мақсаты халық твор- чествосын жинау, жариялау болғаны мәлім.
Фольклорлық мұраны игеру са- ласындағы осы тәріздес игі қадам- дардың жасалуы нәтижесінде ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікір фоль- клортану саласындағы келешек ізде- ністерге кең жол ашатын үлкен бір мәселені шешіп алды. Ол – халық ауыз әдебиетін жанрға және түр- ге бөлуде жасалған алғашқы клас- сификацияның тууы еді. Бұл Ә. Ди- ваев пен М. Ж. Көпеевтің еңбектері- нен көрінді.




Қазақ фольклорын жинап-жария- лау мен зерттеуде орасан зор еңбек сіңірген Ә. Диваев өзінің жинаған материалдарын баспаға әзірлеу ба- рысында оларды жанрлық сипатына орай 8 топқа бөліп орналастырады.

  1. Животный эпос (үлгі сөздер);

  2. Былинный эпос (дастандар);

  3. Сказочный эпос (ертегілер);

  4. Легенды, сказания, предания (аңыз-әңгіме);

  5. Пословицы и поговорки, загад- ки (мақал сөздер мен мәтелдер, жұм- бақтар);

  6. Демонологические рассказы;

  7. Свадебный ритуал (үйлену сал- ты өлеңдері);

  8. Похоронный ритуал (жерлеу салты өлеңдері).

Бұл қазақ фольклорына жанр- лық тұрғыда классификация жасау- дағы алғашқы жоба еді. Бұған де- йінгі фольклористер қазақ ауыз әдебиетінде екі-үш жанр түрі бар екенін айтудан аса алмай, жанрлық жіктеулерге бара қоймаған еді. Кей- бір жанрлар араласа жүргенімен Ә. Диваевтың осы алғашқы класси- фикациясы фольклорлық мұраны игеру жұмыстарын ғылыми мақсатта жүйелі түрде жүргізуге жасаған мәнді қадам болды. Фольклорлық мұраны жанрлық сипатына орай жүйелегенде Ә. Диваев оны ішкі жанрлық түрлерге бөлуді жинаған материалдарды орналастыру бары- сында жүзеге асырған. Мысалы, жерлеу салтына байланысты өлең-
дерді көңіл айту, жоқтау, жылау деп бөліп, әрқайсысының бірнеше үл- гілерін келтірген. Фольклорист өз еңбектерінде академиялық бағыт ұстап, тарихи-этнографиялық зерт- теулерге ден қойғандықтан, өзі жүйе- леген кестедегі жанрлардың басты сипатын ашу жағына бара берме- ген. Сол сияқты халық поэзиясын эпикалық, көңіл күй өлеңдері және драмалық деп үшке бөлген уақытта да алғашқы екеуіне мысал келтіріп, халық поэзиясының табиғатын баға- лаумен шектелген. Кейбір жанрлар- ды тақырыпқа бөлуді де Ә. Диваев алғашқы боп қолданды. Ол ертегілер- ді тақырыптық жағынан 5-ке бөлсе, мақал-мәтелдерді 50 тақырыпшаға жіктейді. Бұлар ғасыр басындағы фольклортанудағы соны ізденістер мен тың қадамдар екенінде дау жоқ. Біз бұл жерде Ә. Диваевтың кеңес дәуіріне дейінгі еңбектерін ғана сөз етіп отырмыз. Кейінгі зерттеулерінде бұл бағыттағы ғылыми ойларын те- реңдетіп әкеткені мәлім. Сол кездегі қазақ баспасөзі бетінде Ә. Диваевтың зерттеулеріне жоғары баға беріліп, бірнеше мақалалар арналуы да ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірге қосқан үлесінің мәнділігін көрсете түседі.
Өзі жинастырған фольклорлық
үлгілерді хатқа түсіру барысында бір жүйеге келтіруге талап жасаған М. Ж. Көпеев болды. М. Ж. Көпеев қалдырған «Қара мес», «Қара кітап» аталатын қолжазбалардың таным- дық құндылығы бүгінге дейін маңыз-




ды екені ақын мұрасы ақталғаннан кейін тіпті де сезіле түсті. Әдеби мұраны жинап хатқа түсіруде сара- лап-сұрыптап, зерттеушілік тұрғы- сындағы бағалаушылық көзқараста түсініктемелер жаза отырып, үлкен жауапкершілікпен қараған.
М. Ж. Көпеев ауыз әдебиеті мұ- раларын жинастыру барысында оны жанрлық сипатына байланысты топ- тастыру арқылы жүйелеуді арнайы мақсат етіп қойып, ғылыми-зерттеу- шілік көзқараста қараған. Оны, яғни фольклорлық мұраға классификация жасауға деген өз жобасын, жинаған материалдарын орналастыру тәртібі барысында жүзеге асырған. Сонда ақынның фольклорды жүйелеген нұсқасы төмендегідей болып шық- қан:

    1. Үлгі сөз. 2. Бата. 3. Жар-жар.

4. Беташар. 5. Сыңсу. 6. Жоқтау. 7. Қа- ра өлең. 8. Қайым өлең. 9. Айтыс.
10. Бақсының сөзі. 11. Өтірік өлең.
12. Жақсылардың мысал сөзі. 13. Тақ- пақ. 14. Мақал-мәтелдер. 15. Шешен- дік сөз. 16. Лиро-эпос. 17. Батырлар жыры. 18. Шежіре. 19. Тарихи аңыз- дар.
Әрине, бұл жіктеуде белгілі бір ғылыми жүйелілік пен Ә. Диваев
жасаған нұсқадағыдай әдет-ғұрып, тұрмыс-салт түріне қарай ортақ тақырыпқа біріктіру жоқ. Сол се- бептен де жеке жанрлар мен түр- лер араласып отырған. Бірақ, сол кездегі фольклорлық мұраны жинау жұмыстарында оны тақырыптық жә- не айтылу мазмұнына сай осылай- ша топтастыра отырып жүйелеу ісі сирек кездеседі. Ендеше М. Ж. Кө- пеевтің фольклорды әр түр мен жанрға жіктеген осы нұсқасын сол кездегі зерттеушілік ой-пікірдің дә- режесінде бағалап, алғашқы клас- сификациялардың бірі деп санау ке- рек. Өкінішке орай, ақын жинаған фольклорлық мұраның қол жазбасы сол кезде жарыққа шықпай, тіпті бертінге дейін М. Ж. Көпеев шы- ғармашылығына деген кереғар көз- қарастың әсерінен өз бағасын ала алмады.
Тұжырымдай келгенде, әдеби мұраны ғылыми тұрғыда зерттеуде кейінгі іргелі еңбектерге табан ті- рер негізгі арналардың сыр-сипаты осындай дәрежеде болды. Бұл «Қа- зан төңкерісіне дейін қазақ халқы сауатсыз, мәдениетсіз ел болды» де- ген секілді нигилистік пікірлердің тү- бегейлі қате екенін дәлелдесе керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет