Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет272/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   295
Экономикалык теория

Жалпы ішкі өнім дефляторы – атаулы жалпы ішкі өнімнің нақты 
жалпы өнімге қатынасы; нақты жалпы ішкі өнімді өлшеу мақсатында 
ақшалай (атаулы) жалпы ішкі өнімді түзетіп отыру үшін қолданы-
латын барлық дайын тауарлар мен қызметтерге деген бағалар индексі.
Жалпы ұлттық өнім – әдетте, бір жыл ішінде белгілі елдің ұлттық 
ресурстарын қолданумен өндірілген дайын барлық тауарлар мен 
қызметтердің жалпы нарықтық құны.
Жалпы шығындар – тұрақты және өзгермелі шығындардың 
сомасы.
Жаңа енгізілім (инновация) - өндіріске жаңа өнімді енгізу, жаңа 
өндіріс-тік әдісті немесе бизнесті ұйымдастырудың жаңа нысанын 
қолдану.
Жеке қызығушылық – әрбір фирманың, әрбір меншік иесінің, 
жұмыскердің, тұтынушының өзі үшін қол жеткізілуі тиіс ең жақсы 
деп саналатын мақсаттарының орындалуы.
Жеке меншік – жеке тұлғалар мен фирмалардың жерді, капиталды 
және басқа активтің түрлерін иемденуге, пайдалануға, бақылауға, 
басқаруға, сатуға және мұраға қалдыруға деген құқығы.
Жеке сектор – елдегі үй шаруашылықтары мен фирмалардың 
жиынтығы.
Жеке табыс – жеке табыс салықтарын төлегенге дейінгі 
азаматтардың алатын жиынтық табыстары.
Жеке фирма – бір ғана тұлға иемденетін және басқаратын 
корпоративтік емес фирма.
Жер – тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қолданылатын табиғи 
ресурстар.
Жетілмеген бәсеке – нарықта монополия, монополистік бәсеке, 
олигополия, монопсония, олигопсония сияқты құрылымдардың орын 
алу жағдайы.
«Жетпіс шамасы» (70) ережесі – 70 санының инфляцияның 
жылдық қарқынына бөлінуі; бағалар деңгейінің екі еселенуіне қажетті 
жылдар санын анықтау үшін қолданылатын әдіс.
Жинақтау – салықтарды төлегеннен кейінгі тұтыну тауарларын 
сатып алуға жұмсалмайтын табыстың бір бөлігі; қолда бар табыс пен 
тұтыну шығындары арасындағы айырма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет