12
жасау, кешендi педагогикалық зерттеулер жүргiзу үшiн әртүрлi
оқу- тәрбие жүйелерi қызмет етуiнiң мақсатты бiлiм мазмұны,
формасы, әдiстерi мен құралдары мәселелерiн шешу, оқу
әрекетiнде олардың ӛзара әсерi мен сабақтастығын жүзеге
асыру
үшiн қажет.
Әрдеңгейлi бiлiм беру жүйелерi, олардың қызметiндегi
сабақтастық- бұл үздiксiз бiлiм берудiң бiртұтас жүйесiнiң белгiсi.
Мұндай жүйенi жасауға деген қажеттiлiк бүгiнгi күнi ерекше
кӛкейтестi және қоғамның әлеуметтiк- экономикалық дамуынан
туындап отыр. Рухани, әлеуметтiк, мәдени аймақта даму
тенденциясы адамның жеке бiлiмдiк
қажеттiлiгiнiң динамикасына
байланысты пайда болуда. Ғылым аралық ӛзара байланыс- үздiксiз
бiлiм беру жүйесiнiң теориялық дәлелдi тұжырымдамасын
жасаудың қажеттi шарты.
Педагогиканың ғылым ретіндегі зерттеу пәні – адам, яғни жеке
тұлға, оның дамуы, қалыптасуы, әлеуметтенуі, білім алуы, тәрбиесі.
Сондықтан ғылыми тұрғыда адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде,
оның дамуын дұрыс болжауда тұлға дамуының құрылымы мен
заңдылықтарын, оның құрылымының жеке бӛлімдерінің ӛмір сүру
ерекшелігіне, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортадағы алатын орны
және т.б. ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеп меңгеруге
мүмкіндік береді. Тұлға
– бұл сезімнің, әсердің, ішкі күйініш,
сүйініштің бойға жинақталған
және жан-жақты психикалық
құрылым.
Ол
шындықтағы
адамның
әлеуметтік
негізін
сәулелендіруші. Танымның, ерік жігердің жаңа субъектісі, ӛмірдің
белсеңді қайта құрушысы деп айта алмыз. Адамды, яғни жеке
тұлғаны зерттеуде ғылыми танымның, білімнің,
ғылыми-зерттеу
әдістерінің алатын орны ерекше. Теория мен эмпирика, тарих пен
логика, индукция мен дедукция, анализ және синтез ӛзара бір-
бірімен тығыз байланыста жүре отырып, осы ғылыми теорияның
қалыптасуына негіз болады. Осы әдістердің негізінде белгілі бір
қорытындыға келуде абстрактілі
пайымдаудан нақты логикалық
ойлауға, нәтижеге келеміз.
Ғылымның шыңына қол жеткізу оның негіздерін меңгеруден
басталады. Олар оқу пәндерінде жинақталған.
Ғылым және оқу
Достарыңызбен бөлісу: