Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет77/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   144
Ұйымдық құрылымның 
жүйелі тәсілдемесі
Басқарудың ұйымдық құрылымын ғылыми негізде құру барлық 
уақытта да экономиканы басқаратын жүйенің көкейтесті міндеті 
болып келді.
Жүйелі тәсілдеме сандардың нормативтерін және басқарудың 
міндетті істерін ғылыми негізде анықтау шартын тудырады. Ол 


166
ұйымдық-басқарудың құрылымын қалыптастырушы жалпы үрдістің 
бір бөлігі ретінде қарастырылады. Жүйелі тәсілдеме ұйымдастыру 
ісін жобалаудың әлдеқайда жалпы қағидаларына бағдарланған.
Жүйелі тәсілдеме ең алдымен ұйым мақсаттарының жүйелерін 
бірінші кезекте анықтауды ұйғарады. Өйткені олар басқару 
аппаратының міндетті істерінің мазмұнын әрі міндеттерінің 
құрылымын тудырады. Бұл кезеңнің маңызы өте зор.
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыратын әр түрлі 
әдістер біртұтас жүйеде қарастырылуы керек.
Бұрындары басқару іс-тәжірибесінде ұйымдық құрылымды 
қалыптастыратын негізгі төрт әдіс болатын:
1. Мақсаттарды құрылымдау;
2. Сараптық-талдамалық;
3. Ұйымдық үлгілеу;
4. Ұқсастықтар (аналог).
Бұлардың әрбіреуі ұйымдық жобалау міндетін шешуде әр түрлі 
мәнге ие бола алады.
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырушы барлық 
үрдісті үш ірі сатыға бөлуге болады:
1. Басқару аппаратының жалпы құрылымдық сызбаларын 
қалыптастыру («композиция» сатысы).
2. Негізгі бөлімшелердің құрамы мен олардың арасындағы 
байланысты әзірлеу («құрылымдау» сатысы).
3. Басқару қызметінің процедурасы мен басқару аппаратының 
сандық сипатын әзірлеу («регламенттеу», реттемелеу сатысы).
Осы сатылардың әрқайсысының мазмұны басқару объектісінің 
ерекшеліктері мен оның жұмыс істеу шарттарына байланысты 
болды.
«Композиция» сатысының бастапқы сәтіне басқарудың ұйымдық 
құрылымының мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру жатады. 
Мақсаттық тәсілдеменің ұйғаруы бойынша, әрбір мақсаттың 
жетістікке жетуін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ететін 
бөлімшесі (функциялық блок, басқару, бөлім, мақсатты бағдарлама) 
көрсетіліп беріледі.
Ұйымдық құрылымның бұл сатысында басқару жүйесіндегі 
деңгейлердің қанша екені анықталады әрі шешім қабылдауды 
орталықтандыру және орталықсыздандыру, міне, осы екеуінің 
негізгі арақатынасы анықталады.


167
Басқарудың ұйымдық құрылымын жобалаудың екінші 
сатысының («құрылымдау») негізгі ерекшелігі – басқару аппараты 
бөлімшелерінің ұйымдық шешімдерін әзірлеуді әрі ұйым ішінде 
байланыстарды орнатуды көздейтін басқару аппаратындағы негізгі 
бөлімшелердің құрамын анықтайды.
Басқару аппаратының «құрылымдау» сатысы жалпы 
құрылымдағы жекелеген блоктардың (желілік-функциялық 
бағдарламалы-мақсатты) нақты сипатын анықтайды әрі дербес 
бөлімшелердің оңтайлы құрамын да анықтайды.
Басқару аппаратының «құрылымдау» сатысы жалпы 
құрылымдағы жекелеген блоктардың (желілек-функциялық, 
бағдарламалы-мақсатты) нақты сипатын әрі дербес бөлімшелердің 
оңтайлы құрамын да анықтайды.
«Құрылымдау» сатысын жүзеге асырудың нәтижесінде басқару 
аппараты қосалқы жүйелерінің ұйымдық схемалары әзірленуі керек.
Үшінші саты – ұйымдық құрылымды «реттемелеу» – басқару 
қызметінің процедурасы мен басқару аппаратының сандық 
сипаттамасын әзірлеуді қарастырады.
Мұнда екі негізгі реттемелеуші құжат бекітіледі – 
бөлімшелердің штаттық кестесі (оның саны осыдан шығады) және 
базалық бөлімшелердің ішкі құрылымының сызбалары. Олар 
кәсіпорындарда, өндірістік бірлестіктерде тікелей әзірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет