Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Жоба аясындағы бизнес-жоспарды презентациялау



бет108/111
Дата22.11.2023
өлшемі2.02 Mb.
#484052
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Жоба аясындағы бизнес-жоспарды презентациялау
Жоспар:
Жеке жоба аясындағы бизнес-жоспарды презентациялау.


Магистранттың оқытушы басшылығымен жүргізілетін өздік жұмысы бойынша тапсырмалары

1. Жобалаудың негізгі сызбасы: ситуацияны талдау, жоба ойын тұжырымдау, жобаның мақсатын белгілеу, жобаны жүзеге асыру.


2. Ұйымдастыру – басқару тәжірибесінің түрі ретінде.
3. Талдау – басқару тәжірибесінің түрі ретінде
4. Жобалау – басқару тәжірибесінің түрі ретінде
5. Зерттеу – басқару тәжірибесінің түрі ретінде
6. Ұйымдастыру-басқару жұмысының «бастапқы» ресурстары.
7. Жеткілікті деңгей принципі–бастапқы ресурстарды талдау принципі.
8. Үйлесімділік принципі–бастапқы ресурстарды талдау принципі.
9. Басқару әрекетіндегі стратегиялық ресурстар.
10. Жобалау әрекетінде талдау және проблеманы анықтаудың алатын орны.
11. SWOT–талдау. Жобаның әлсіз және күшті жақтары.
12. Бастапқы ресурстар мен стратегиялық мақсаттардың сәйкестігі.
13. Жобаның болжамын (идеясын) құрастыру.
14. Жобалау әрекетіндегі мақсат-міндеттерді белгілеу.
15. Стратегиялық жоспарлаудағы жаңа тұрғылар.
16. Басқару әрекетіндегі көшбасшы моделі.
17. Жаңа менеджер тұлғасы. Моделі.
18. Жобаны презентациялауға дайындық.
19. Жоба аясындағы бизнес-жоспар.
20. Жеке жобаны қорғау.

Магистранттың өзіндік жұмысын ұйымдастыру тапсырмалары


1. Белгілі бір ұйымда (мысалы, жоғары оқу орны, мектеп, жеке кәсіпорын және т.б.) болып жатқан процестердің қайсысы қызмет ету және қайта өндіру тәртібіне, қайсысы даму тәртібіне, дамуды басқару тәртібіне жататындығын анықтаңыз. Талдау кестесі.
2. Белгілі бір ұйымның (мысалы, жоғары оқу орны, мектеп, жеке кәсіпорын және т.б.) қай бөлімдеріне (департаменттеріне) қызмет ету, қайта өндіру, даму, дамуды басқару қызметтері жүктелген? Бұл қызметтер бөлімдердің/департаменттердің жалпы басқару тәжірибесімен (ұйымдастыру, талдау, прожект, зерттеу) қандай байланыста болып отырғандығын анықтаңыз. Талдау. Қорытынды.
3. Болашақ даярлайтын жобаңызға қажетті ресурстардың түрлерін көрсетіңіз.
4. Сіздің жобаңыз үшін «бастапқы» ресурстардан (қаржы, техникалық база, кадрлар және т.б.) басқа қандай жобалау ресурстары маңызды болып табылады.
5. Сіздің жобаңыз үшін сыртқы ортаның қандай экономикалық және саяси факторлары (процесстер, даму бағыттары, ағымдар, жағдайлар) анықтаушы мәнге ие? Неліктен? Дәлелдеңіз.
6. Сіздің жобаңыз үшін сыртқы ортаның қандай білім беру факторлары (процесстер, даму бағыттары, ағымдар, жағдайлар) анықтаушы мәнге ие? Неліктен? Дәлелдеңіз.
7. Сіздің жобаңызды білім беру саласына қатысты жоба ретінде қарастыруға мүмкіндік беретіндей қандай себептерді көрсете аласыз? Дәлелдеңіз.
8. Жобаны жүзеге асырудың мүмкін болатын нәтижелері жайындағы мәселе сіздің жобада қаншалықты ойластырылып, үйлестірілген? Дәлелдеңіз.
9. Сіздің жобаңыздың жүзеге асырылатын аймақтағы, қаладағы қазіргі мәдени процесстер жайындағы түсініктерге қалай әсер етуі мүмкіндігі жайында түсіндіріңіз. Неліктен?
10. Сіздің жобаның жаңалығы неде? Жоба тәжірибеде бар модельдерден несімен ерекшеленеді?
11. Төменде берілген анықтамалардың қайсысы, сіздің пікіріңізше, «мақсат» ұғымының мәніне сәйкес келеді? Неліктен?
Мақсат – бұл білім беру желісінің әрекетін сақтау және қолдау.
Мақсат – бұл білім беру ұйымының қолда бар (қалған) адами, ақпараттық және материалдық ресурстарын қаланың даму технологияларын тәжірибеге негіздеу үшін пайдалану.
Мақсат – бұл білім беру ұйымдарын ақпараттандыру.
12. Сіздің жобада белгіленген мақсаттарға қарай отырып, ситуацияның даму бағыттарының қайсысы проблемалық екендігін және оларға жоба аясында қалай әсер жасалатындығын түсінуге болады ма?
13. Сіздің жобаның жасалған тұжырымдамасын және белгіленген мақсаттарын салыстырыңыз. Белгіленген мақсаттарды ситуацияны тұжырымдамалық тұрғыдан ұғыну және оған саналы-сыни көзқарастың нәтижесі деп айта аласыз ба? Неліктен?
14. Сіз таңдаған стратегия жүйелік, протекционистік, провокациялық немесе басқа тұрғылар аясында ма?
15. Сіздің жобаны қай типке жатқызуға болады? Неліктен сіз осы типті таңдадыңыз.
16. Сіздің стратегиялық таңдауларыңыз қандай негізде жасалды: әлеуметтік-мәдени ситуацияға байланысты ма немесе сіздің дүниетанымдық көзқарастарыңыз негізінде ме?
17. Сіздің жобаңызды жүзеге асыруға қажетті негізгі субъектілерді және олардың қызығушылықтарын белгілеңіз.
18. Сіздің жобаңызды жүзеге асыруда серіктестер қажет пе? Оларды жобаға қатыстыру стратегияларын ойластырдыңыз ба?
19. Сіздің жобаңызды жүзеге асыруда жобаның мақсаттық тобы және жобаны презентациялайтын мақсаттық топ арасында айырмашылықтарды белгілейсіз бе? Сіздің пікіріңізше, осы айырмашылықтар жобаларды модернизациялауда қандай мәнге ие?
20. Сіздің жобаңызға қандай инвесторлар қажет? Сіздің бизнес-жоспардың мақсаттық тобы кімдер болып табылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет